
- •2.Изотропия анизатропия түсінігі.
- •3. Құймалар. Литейлік құймалардың қасиеті Құймалар классификациясы.
- •5.Ұшталған деффектілер. Сызықтық деффектілер.
- •8.Құмдық формаға құю. Өндірісі.
- •13. Темір көміртек күй диаграммасы.
- •14. Қабықтық формаға құю. Технологиялық процессі. Әдістің ерекшелігі.
- •19. Ұнтақтық материалдардан деталь жасау.
- •22. Ковка(Соғу) инструменттері. Соғу операциялары.
- •30.Флюсь қолданатын автоматтық доғалық дәнекерлеу.
- •31. Жұқа жазық бетті материалдарды суық штамптау Штамптау операциялары.
- •33. Токорлық өңдеу(жону). Токорлық өңдеу кезінде жасалатын операциялар.
- •35,38. Түсті металдар мен олардың негізіндегі құймалар.
- •37,40 Пресстеу. Инструменттері. Әдісі ерекшелігі, жетіспеушілігі, артықшылығы.
- •39. Кокильді литье. Әдісі ерекшелігі, жетіспеушілігі, артықшылығы.
- •42) Ақ, сұр, құйылатын, соғылған шойындардың құрылымы мен қасиеті.
30.Флюсь қолданатын автоматтық доғалық дәнекерлеу.
Флюстер-шихта құрамындағы бос жыныс,отын күлі мен зиянды қоспаларды шлакқа айналдыру мақсатымен домна пешінің шихтасына қосылатын заттар. Кейде флюс шихтаға белгілі құрамы мен қасиеті бар шлак алу үшін қосылады. Әдетте темір рудаларының құрамына бос жыныс түрінде SiO2 кездесетіндіктен,флюс ретінде тұтас CaCo3 қолданылады. Шихтаға қосылатын флюстің мөлшері рудадағы бос жыныстың,кокс күлінің,руда тазалығының,алынатын шойынның түріне қарай есептеліп шығарылады.
31. Жұқа жазық бетті материалдарды суық штамптау Штамптау операциялары.
Суық штамптаудың мәні мен түрлері. Қыздырылмаған дайындаманы өңдеуді суық штамптау деп атайды. Суық штамптаумен машина жасау, аспап жасау, электротехникалық, радиотехникалық және т.б. өндірістерде жоғары сапалы дайындамаларды прогресті тәсілдермен жасауға болады. Мұнда өңделетін дайындаманың дәлдігі жоғары, кедір-бұдырсыз, еңбек шығыны төменірек және өзіндік құны арзан болады. Автоматты суық штамптаудың өндіріс өнімділігі минутына жүздеген детальдарға жетеді. Суық штамптау көлемдік және табақ темір штамптау болып бөлінеді. Көлемдік суық штамптау арқылы жасалған дайындамаларды механикалық өңдемеуге де болады. Соны мен қоса еңбек шығыны 30-80%-ке төмендеп, материалды пайдалану коэффициенті 50%-ке артады. Суық көлемдік штамптаудың негізгі түрлері: сығып шығару, көлемдік пішіндеу және калибрлеу. Табақ темір штамптаумен негізінен жайпақ, тілім немесе рулонды материалдар өңделеді. Штамптаудың бұл түрінің мынадай артықшылығы бар: Штамптаудың дәлдігі жоғары, механикалық өңдемеуге де болады; Өндіріс өнімділігі жоғары(бір ауысымда 40 мыңға дейіндеталь жасалады);
Мұздатып штамптаудың өнімділігі халық шаруашылығының әр түрлі салаларында (облыстарында) және күнделікті тұрмыста қолданылады. Ол машина жасауда ең кеңінен пайдаланылады, әсіресе автомобиль және трактор құрылысында, тоқыма машиналары және ауыл шаруашылығында, аспапты жасауда, электротехникалық өндірісте және т.б. бөлшектердің жасап шығарылу номенклатурасы өте жоғары, олардың размерлері 1мм-ден бірнеше метрге дейін өзгереді.
32.Легірленген болаттар. Легирлеуші элементтердің болаттың өзгерісіне әсері. Болатқа енгізілген белгілі концентраццияда оның құрылуыын және қасиетін өзгеруіне байланысты элементтер легірленген элементтер, ал болаттар легірленген деп аталады. Легірлеуші элементтер құрамы өзгеруы мумкін: хром және никель‑1%‑тен көп, 0,1% легірлеуші элементтер—икролегірленгендер. Конструкциялық болаттарға легірлеушілер механикалық қасиетін (пластикалық, беріктік) жақсарту үшін қолданылады. Сонымен қатар физикалық, химиялық, эксплуатациялық қасиеттерді өзгертеді. Легірленген элементтер болаттардың сапасын жақсартады. Легірленген элементтердің артықшылықтары:ерекшеліктері термиялық өңдеудің кезінде табылады, сондықтан термиялық өңдеуге төзімді детальдар жасалады; Легірленген болаттарда өте жоғары пластикалық деформация болады; Легірленген элементтер аустенитті қалпына келтіреді, сондықтан легірленген болаттардың қызару төзімдігі жоғары; аустениттің ыдырауы тоқтаған кезде жұмсақтау суыту қолданылуы мүмкін; тұтқырлықтың артықшылығы жоғарылайды және суық сынғыштыққа қарсы машина детальдарының сенімділігін туғызады. Кемшіліктері: 2‑ші түрлі жұмсарту сынғыштығы ие; жоғары легірленген болаттарда шыңдалудан кейін аустенит қалдығы қалады, ол қаттылығын төмендетеді, сондықтан қосымша термиялық өңдеуден өткізеді; темірде легірленген элементтердің диффузиялық жылдамдығы аз, сондықтан дендрит ликвациясына ықтимал. Дендриттер материалдар арасындағы шекаралары легірлеуші элементтер байытылады. Флокендер‑сынған жердің көлденең қимасының ұсақ жарылу кезінде ақшыл дақтар, әр түрлі бағытқа ие. 2000С температурада тез суыту кезінде болатта қатты ерітіндіден бөлініп көміртек қалады және флокенге әкелетін үлкен ішкі қысымды шақырады.