- •2.Изотропия анизатропия түсінігі.
- •3. Құймалар. Литейлік құймалардың қасиеті Құймалар классификациясы.
- •5.Ұшталған деффектілер. Сызықтық деффектілер.
- •8.Құмдық формаға құю. Өндірісі.
- •13. Темір көміртек күй диаграммасы.
- •14. Қабықтық формаға құю. Технологиялық процессі. Әдістің ерекшелігі.
- •19. Ұнтақтық материалдардан деталь жасау.
- •22. Ковка(Соғу) инструменттері. Соғу операциялары.
- •30.Флюсь қолданатын автоматтық доғалық дәнекерлеу.
- •31. Жұқа жазық бетті материалдарды суық штамптау Штамптау операциялары.
- •33. Токорлық өңдеу(жону). Токорлық өңдеу кезінде жасалатын операциялар.
- •35,38. Түсті металдар мен олардың негізіндегі құймалар.
- •37,40 Пресстеу. Инструменттері. Әдісі ерекшелігі, жетіспеушілігі, артықшылығы.
- •39. Кокильді литье. Әдісі ерекшелігі, жетіспеушілігі, артықшылығы.
- •42) Ақ, сұр, құйылатын, соғылған шойындардың құрылымы мен қасиеті.
39. Кокильді литье. Әдісі ерекшелігі, жетіспеушілігі, артықшылығы.
Құймалардың
сапасы мен шығарылуының артуына құю
өндірісінде құюдың арнайы әдістерінің
дамуы мен кең қолданылуы едәуір
мөлшерде әсерін тигізді. Олар: кокильге
құю (металл қалып), балқытылатын және
күйдірілетін үлгілерге құю, қабықшалы
қалыпқа құю, центрден қашырып құю,
қысыммен құю және т.б. Кокильге
құю.
Металдан жасалған құймаға арналған
қалыптарды кокиль деп атайды. Кокильде
құйманы алудың
технологиялық
процесі келесі операциялардан тұрады:
кокильді дайындау; құю үшін кокильді
жинау; кокильге балқыманы құю; құйманы
кокильден алу; құйманы кесу, тазалау
және қажет болған жағдайда термиялық
өңдеу. Кокильдерді
дайындау.
Кокильдер сұр шойыннан, болаттан және
алюминийден дайындалатын затты
механикалык өңдеу немесе керамикалық
қалыптарға құю әдістерімен жасалады.
Кокильдің қызмет ету мерзімін арттыру,
балқытылған металдан желінуден және
металды кокиль қабырғасына пісіруден
сақтау, құйманың жеке бөліктерінің
қату уақытын реттеу мақсатында кокильдің
жұмыс бетіне отқа төзімді жабын қабатын
( қаптау және бояу түрінде ) жағады.
Қаптау және бояу дайындау үшін толтырғыш
ретінде шаң таріздес кварц, тальк,
графит, асбест, ол байланыстырғыш
ретінде сұйық әйнек, балшық, сульфит
қолданылады.
Кокильдерді
құю.
Кокиль қуысының балқымалары жақсы
толтырылуы үшін оны құюдан бұрын
кокильді қыздырады: шойынды құю кезінде
200-400
С-ге
дейін, болатты құю кезінде 150-300
С-ге
дейін, алюминий қорытпалары үшін
200-400
С-ге
дейін. Қалыптарды құю көбінесе өзекте
жасалған, балқытып құю жүйесінде жүзеге
асады.
Центрден қашырып құю.
Егер балқыған металды белгілі бір
жылдамдықпен айналмалы қалып қуысына
құйсақ, онда оның бөлшектері центрден
қашыру күштері әсерінен қалыптың айналу
өсінен қашықтай береді және қалыптың
қабырғасына кездесіп, қалыптың центрде
қуыс құрып, қалаған пішін қабылдайды.
Бұл құбылыс құймаларды центрден қашырып
құю өндірісінде қолданылады.
Метал қалыптар (кокильдер)
40. Пресстеу. Инструменттері. Әдісі ерекшелігі, жетіспеушілігі,артықшылығы. Қалып жасау үшін престегіш, сілкігіш, құм лақтырғыш машиналары қолданылады. Престеу арқылы қалып жасайтын машина қалып қоспасын таптау, үлгіні қалыптан ажырату жұмыстарын орындайды. Престеу үдерісі жоғарыдан престеу және төменен престеу болып екіге бөлінеді. Машинаның үстеліне үлгі бекітілген плитаны қойып оны опокамен жабады. Опоканың үстіне толықтыру рамасы қойылып, опока, рама қалып қоспасымен толтырады. Машинаның үстелі жоғары көтерілегн кезде маңдайша опокадағы қалып қоспасын қысады. Маңжайшаның опока ішіне енуінен қалып қоспасы тапталып, нығыздалады. Үстел төмен түскенде опокадағы қалып, қалып қоспасынан суырылып алынып, жасалған қалып кронштейн арқылы опокасымен қоса көтеріледі де, оның орнына басқа опока қойылады. Төменнен престеу машинасында опока жылжымайтын рамкаға қойылады, ал үлгі машинаның жоғарғы, төмен қозғалып тұратын поршеніне орнатылған плитаның үстіне бекітіледі. Престеу алдында плита рамканың деңгейінен төмен тұрады. Опока қалып қоспасымен толтырылғаннан кейін үстел поршеньмен бірге жоғары қотеріліп, опокадағы қалып қоспасы сығылады. Төменнен престеу машинасында қалып қоспасы үлгінің өзімен қысылатындықтан, қалыптың сапасы жоғары болады.
41. Металдық формалардың ерекшеліктері. Металды қалып қоспасынан жасалған қалыптарға құю арқылы құйма алу жолының көптеген кемшіліктері бар: қалып бір рет пайдаланылғаннан кейін бұзылады, құйылған құйманың сапасы төмендеп, бүйір бетінің тазалығы нашарлайды, сондықтан механикалық өңдеу үшін көп запас қалдыру керек болады және т.с.с. Осы кемшіліктерді азайту және жою мақсатымен құю өндірісінде соңғы кезде құюдың мынандай әдістері қолданылып жүр: металл қалыпқа құю, қысыммен құю, орталықтан тепкіш машинамен құю, балқығыш үлгілер бойынша құю, қабықты қалыптарға құю. Металл қалыпқа құю. Құю өндірісінің бқл әдісінде балқытылған металл ішкі кеңістігінің түрі құйылатын құйманың сыртқы бетінің түріне ұқсас кокиль деп аталатын, металдан жасалған қалыпқа құйылады. Металл қалып шойын, болат немесе түсті металдар мен олардың құймаларынан жасалуы мүмкін. Металл қалыптар оның материалының түріне байланысты 20‑дан 500ретке дейін құйма құюға жарайды. Бұл қалыптарға құйылған құйма үлкен жылдамдықпен суынатын болғандықтан, құйманың құрылымы майдаланып, механикалық қасиеттері артады. Кокильді құю әдісінің: Еңбек өнімділігінің жоғары болуы; Құйма өлшемдерінің дәлдігі жоғары болғандықтан, механикалық өңдеуге қалдырылатын запасы мөлшерінің аз болуы; Құйманың суыну жылдамдығы жоғары болғандықтан, оның сапасының артық болуы; Құю жүйесіне жұмсалатын металл шығынының аз болуы; қалып, өзекше қоспалары мен оларды дайындайтын машиналарды керек етпейтіндігі; Қалыптың құйманың бетіне күйіп жабысуы, құйманың металл емес заттармен былғануы азаятындығы; Құйылған құйманың өзіндік құнынан арзан болуы; Құю өндірісінің тазалығын арттыруға мүмкіндік беретіндігі сиақты артықшылықтары бар. Металл қалыптарға құю әдісінің негізгі кемшілігіне‑қалыптың бағасының қымбаттылығы мен шойыннан құйылған құйманың ағарып кететіндігі жатады.
