Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
examen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
392.19 Кб
Скачать
  1. Бала психикасының дамуындағы сензитивтік кез.

Бала психикасының дамуындағы сензитивті кезең. Балалар психикасының дамуында аса нәтижелі және нәтижесі аз мезгілдері кездеседі. Нәтижелі мезгілді сензитивті кез деп атайды. Осы мәселені тұңғыш рет көтерген Италияның педагогы Мария Монтессори (1870-1952). Бұдан соңғы кездерде біздің елде психологтар Л. С. Выготский, Н. С. Лесгафт осы жөнінде құнды пікірлер таратты. Сензитивті кезге мән беретін себебі, осы кезде аса әсерленгіш келеді, осыны пайдаланып қалу үшін дұрыс тәрбие мен оқыту тәсілдері қолданылуы керек. Сензитивтік кез тек қана бала жасында ғана емес, адамның барлық өмірінде түрліше болып кездеседі.

  • Бастауыш мектеп жасындағыларда (7-10) мұғалімнің айтқанына сын көзбен қарау онша кездеспейді. Аузынан шыққан сөздерінің бәріне сенгіш болып келеді, осыны пайдаланып көп мағлұматтар ұқтыруы тиіс. Ал егер осы кезеңді дұрыс пайдаланбаса, алдағы кезде баланы оқыту қиынға түсуі мүмкін.

  • Осы жастағы балалар келесі кезеңге өткенде (11-16) бұрынғыдай емес, енді ұстаз сөзіне сынмен қарайды. Сондықтан балалар үшін бастауыш мектеп кезеңі өте маңызды, оларды оқу мазмұнымен қызықтыру керек. Бірақ жеткіншектердің өздеріне тән сензитивтік кезеңдері бар: бұлардың күші мен ақылы молайып, қуатын, ептілігін тиісті салаға қолданғысы келіп, өзін-өзі құрбыларының, не үлкендердің алдында көрсеткісі келіп тұрады.

  • Ал ересек жас (16-18) кезеңіне келсек, олар әрі істі ойланып орындауға икемдері көлемді және өзінің келешегі жөнінде ойланып, өзін-өзі тәрбиелеуге құмар келеді. Сензитивтік кезең көбіне тілді меңгеруге және ақылға байланысты келеді.

АҚШ-тың тілшісі Э. Пулгремнің айтуынша, егер баланы шет тіліне 4-5 жастан оқытса, осыған тез үйреніп кетеді. Демек, тіл мен ойдың сензитивтік кезеңі түрлі уақытта кездеседі.  Осы айтылғандардың барлығы музыка, сурет өнерлеріне де тікелей қатысты. Ірі суретшілер мен композитерлер өз саласына қабілеті 10-12 жасында дами бастаған. Әрбір нәрсенің өзіндік және сөнетін мезгілі бар. Осы мүмкіншілікті өз мезгілінде пайдаланып қалу керек.

7 БИЛЕТ

1.Адам жасын кезеңдерге топтастыру

Адамның өмір сүру ерекшелігіне байланысты, психикалық даму ерекшеліктеріне сәйкес жас кезеңдерін былай топтастыруға болады: 1) нәрестелік кезең (туғаннан 1 жасқа дейін); 2) бөбек кезең (1 жастан 3 жасқа дейін); 3) мектепке дейінгі кезең (3 жастан 7 жасқа дейін); 4) бастауыш мектеп кезеңі (7 жастан 11 жасқа дейін); 5) жеткіншек кезеңі (11 жастан 15 жасқа дейін);  6) жоғары сырып кезеңі (16 жастан 17 жасқа дейін); 7) жасөспірімдік кезең (17 жастан 20 – 23 жасқа дейін); 8) жастық шақ (20 жастан 30 жасқа дейін); 9) кемелдік кезең (30 жастан 55 – 60 жасқа дейін); 10) қартаю кезеңі (60 – 70 жас аралығы); 11) кәрілік кезең (70 – тен жоғары).

2.Мектепке дейінгі балалардың жеке басының қалыптасуы

Мектепке дейінгі балалық  шақта (3-7 жасқа дейін) ағзаның қарқынды жетілуі жалғаса түседі,бойы,салмағы, көлемі ұлғайады сүйек-бұлшықет жүйесі қатайады, тежеу процестері күшеиеді . Ми салмағы 1110-1350 грамға өседі. Үлкен  ми сыңарлары қабықтарының реттегіш рөлі

Мен оның ми қабығы астындағы  орталықтарды бақылауы арта түседі, шартты рефлекстердің пайда болуы жылдамдығы арта түседі,әсіресе екінші сигналдық  жүиесі дамиды.

Д.Б.Элькониннің айтуы  бойынша алғашқы даму кезеңінің  соңында бала әлеуметтік ортамен  тығыз байланысқа түседі,негізінде  үлкендермен қарым-қатынас жасау  шарты іштей қалыптасады. .Мектепке деиінгі  кезеңің елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен  жасайтын арнайы өзара қарым қатынысның пайда болуы. Мекткп жасына дейінгі  баланың басқа адамдарға қатынасы өзіндік ішкі позициясы өз << менін>> және өз қылықтарының  маңызын аңғарудың  арта түсуімен, үлкендкрдің ішкі дүниесіне, олардың іс әректіне мен өзара  қарым қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады .

Мектеп жасына деиінгі  бала дамуының әлуметтік жағдаят  ерекшеліктері оған тән іс әрекет түрлерінен,алдымен сюжеттік рөлдік ойындардан көрініп отырады.Рөлдік немесе шығармашылық ойын, мектепке дейінгі  кезеңде пайда болды. Бұл әрекетте балалар үлкендердің рөлін ойнап,ойын барысында олардың қарым-қатынасын  және әрекеттерін жаңғыртады. Бала белгілі бір рөлді таңдап,оны  орындайды: ана, дәрігер, жүргізуші, қарақшы  және олардың  әрекеттерінің үлгісін  келтіріп, сол образға кіреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]