Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
examen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
392.19 Кб
Скачать

1.Қиял және оның балалық шақта дамуы

2.Кеміс балалардың психологиясы

Кеміс балалардың психологиясы мен педагогикасы. Дене кемістігінің қай түрі болса да, мейлі ол соқыр, не саңырау, не туғаннан кем ақыл болса да онын өмірге деген көзқарасы өзгеріп қана коймай, айналасындағы адамдармен де қарым-қатьшас жасауын қиындатады. Дене кемістігімен ауру адамның әлеуметтік өміріңдегі мінез-құлқының ауьпқуына әкеп соқтырады. Әулеттегі кеміс балаға көбірек қамқорлық көрсетіп, оған басқа балаларға қарағанда ерекше көңіл бөлінеді. Бала басындағы бақытсыздық бәрінен бұрын оның маңындағы жақын адамдардың жанашырлық сезімін оятып, оған деген көзқарасты өзгертеді. Кез келген семьяда кеміс балаға деген көзқарас оны басқа түскен масыл, не тағдыр жазасы деп санамай, қамқорлық пен мейірімділік құшағында болады. Балаға деген мұңдай қамқорлық оған күішгі әсер етіп, ол өзін басқа балалардан бөлексіткендей сезінеді.

В.Г.Короленко өзінің «Соқыр музыкант» деген шығармасында соқыр баланың семьяда ерекше саналып, оның айтқандарын екі етпей бұлжытпай орындал отыратындықтары туралы жазады. Одан әрі дене кеміст ігі бар адам, сау адамға қарағанда, өзіне деген ерекше әлеуметгік көзқарасты қажет етеді. Табиғи кемістік адам тіршілігінде ақау туғызады, ол кәдімгі адам денесінін буынынан сүйегі тайғандай ауыр сезінеді, немесе тамақ ішуі мен зәрге отыруы қиындаған ауыр жағдайдың жанына батып, қиналуды басынан кешіреді. Осы уакытқа дейін ғылыми-педагогикалық әдебиетгерде және жалпы түсінік бойынша кеміс балалардың жан дүниесінің сырын зерттеу биологиялық мәееле деп саналып келгені өкінішті-ақ. Адамның кемістігі тек биологиялық тұрғыдан іздестіріліп, оның дене құрылысы мен айналасындағы табиғи нәрселермен қалайша қатынас жасайтындығы зерттеледі. Ал педагогтар ұзақ жылдар бойы тәрбие ісін жандандыру арқылы дене мен ақыл-ой кемістігінің орнын толтыруға болады деген ұшқары пікірді қолдап келді. Мысалы, адамның бір бүйрегін алып тастаса, екінші бүйрегі жүмыс істейді және ол екі бүйректің де жұмысын атқарады деп санады-. Қысқасын айтқанда дене кемістігіне қатысты психологиялық, педагогикалық мәселелерге ат үсті қарап, оларға тек медициналық тұрғыдан ғана жауап берді. дүниедегі болмыс пен адамның тіршілігін байланыстырушы әлеуметтік орта. Сондықтан адамның құлағы мен көзі оның дене мүшелері ғана емес, сонымен бірге бұл мүшелер әлеуметтік органдар деп те аталады. Әлеуметтік ортадан алынатын мағлұматтар адамға әсер етіп, онан сыртқы ортаға, онан қайтып адамның өзіне оралады. Адамның қарым-қатынасы әлеумет ортасы болмаса жалаң күйінде жүзеге асуы мүмкін емес.

3.Жас ерекшелік психологиясының зерттеу әдістері

1) Салыстыру жолы:

Кесiндi тәсiл – әр жастағы баланың психикасын, мысалы, 7, 11, 15, 18 жастағылардың психикасын зерттеп, әр жас туралы табылған мағлұматтарды статистика амалын қолданып салыстырады

2)Генетикалық жол:

Лонгитюд” тәсiл – баланың бiр қасиетiн алады да, соны ұзақ уақыт зерттейдi. Мысалы, психология тарихында А.Гезеллдің 165 баланы 12 жыл көлемінде бақылаған ұзақ лонгитюдтік зерттеуі бар екендігі белгілі. Осындай құндылықтардың қатарына ата-аналардың күнделіктерін, әрбір жас кезеңіндегі адамдардың психологиялық ерекшеліктерін тереңірек түсінуге мүмкіндік беретін тарихи мемуарларды жатқызуға болады.

Бала психологиясындағы эксперименттер:

  • Констатациялау – тексерiлетiн мәселенi алдын-ала бiлу. Мысалы, баланың сабаққа үлгермеуiнiң себебiн бiлiп “диагноз” қояды.

  • Оқыту – балаға констатациялау арқылы қойған диагноздың түрiне қарай оқытуға кiрiседi.

  • Бақылау - баланың тиiстi мiнез-құлқын (сөзiн, iciн) тексеру. Бақылау бiр жағдайда “кесiндi” ретiнде жүргiзiледi. Себебi, бақылау үздiксiз жүргiзiлмейдi, керек деген мезгiлде жүргiзiледi.

  • Балалар iciнiң қорытындысына талдау жасау арқылы зерттеу әдiсi – баланың психикалық ерекшелiгiн байқау

  • Әңгiмелесу – бала психикасының сырын бiлудiң бiр түрi. Көптеген дұрыс сұрақтар қою арқылы баланың аңдамай шындықты ғана айтқызу мақсатында қолданылады.

Австрияның психиаторы Я.Морено ұсынған Социометрия тәсiлi. Бұл тәсiл арқылы балалардың достығын не дос еместiгiн бiлiп, социограмма ретiнде көрсетiп, солардың себептерiне талдау жасайды.

Жас ерекшелік психологиясындағы эксперименталды әдістердің мынадай түрлері бар: егіздер әдісі, сауалнама, іс-әрекет нәтижелерін сараптау, өмірбаяндық әдіс.

Егіздер әдісі - гомозиготтық және геторозиготтық егіздер арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды зерттеу, бұл адамның психикасы мен тұлғалық дамуының қалыптасуындағы тұқым қуалаушылық пен ортаның рөлін түсіну үшін маңызды ғылыми материал береді. Туылған соң бір-бірінен ажыратылған 48 жұп монозиготтық егіздерді зерттеу нәтижесінде Т.Бушар қызықты мәліметтер алды. Ғалымдар бөлек-бөлек тәрбиеленген гетерозиготтық егіздердің шағын тобымен, сондай-ақ бірге тәрбиеленген моно және гетерозиготтық егіздердің үлкен тобымен салыстырды.

Сауалнама - респонденттің өмірбаяндық деректерін, құндылықтар жайлы бағыт-бағдарларын ұстанымдарын және жеке қасиеттерін анықтау әдісі.

Өмірбаяндық әдіс - жеке тұлғаның өмір жолын зерттеудің, болжамдаудың, түзетудің және жобалаудың әдісі. Бастапқы кезде өмірбаяндық әдіс адам өмірінің өткен кезеңдерін суреттеу ретінде қолданылды, кейіннен оған адамның сол кезеңдегі өзекті жағдайларын, алдағы уақытта болуы мүмкін оқиғаларды, сондай-ақ субъективтінің қарым-катынастық ортасын зерттеу қосылды.

Тестілеу — қысқа, стандартталған, әдетте уақыт жағынан шектелінген сынақ. Ол салыстырылатын өлшемдер бойынша дербес айырмашылықтарды анықтау үшін қолданылады. Жас кезеңдері психологиясындағы тестілеудің нақты дәуірі шамамен 1895 жылы А.Бине мен оның қызметтестерінің балалар интеллектісін зерттеу және оның критерилерін айқындау жөніндегі жұмыстарынан бастау алған.

Интеллектуалдық даму коэффициенті төмендегі формуламен анықталады.

IQ=  Төлқұжаттық жас  

        

21 БИЛЕТ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]