Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
examen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
392.19 Кб
Скачать

3.Оқыту психологиясы

20 БИЛЕТ

1.Эмоция және оның балалық шақта дамуы

Мектепке дейінгі кезең - А.Н.Леонтьевтің айтуы бойынша, «Жеке тұлғаның» алғашқы қалыптасу  кезеңі. Дәл осы уақыт негізгі  жеке тұлғалық механизмдер және білімдер қалыптасу кезеңі. Бір-бірімен тығыз  байланысты эмоциялық және мотивациялық аймақтар дамиды, өзіндік санасы қалыптасады.

Мектепке дейінгі кезеңге  жалпы эмоциялық тепе-теңдік, күшті  аффекті жағдайдың және болмашы  нәрсеге дау-дамайдың болмауы тән  қасиеттер. Осындай жаңа, біршама  тұрақты эмоциялық фон бала динамикасын  анықтайды. Образдық елестердің динамикасы - сәбилік кезеңдегі аффективті қабылдау үрдісімен салыстырғанда бос  және жұмсағырақ болады. Бұрын баланың  эмоциялық өмірі ол қосылған жағдай ерекшеліктері меңгерілген: ол қызықтыратын заттарды игеріп немесе оны ала алмайды, ойыншықтармен жақсы әрекет етеді немесе еш нәрсе болмайды, үлкендер көмек береді ме, әлде жоқ па? және т.с.с. Енді елестердің пайда болуы балаға қажеті жоқ алдануына мүмкіндік береді, балада уайымдау пайда болады.

Сонымен, эмоциялық үрдіс  тепе-тең бола бастайды. Мектепке дейінгі  кезендегі бала күні эмоцияларға, толы болғадықтан, кешке оның шаршап шалдығуы мүмкін.

Мектепке дейінгі кезеңде  бала тілегі талаптануы оның елестерімен  беріледі. Талаптарына ыңғайлана  бастайды. Бала әрекеті енді тартымды заттармен тікелей байланысты емес, заттарды елестету, керекті нәтижелер, келешекте оған қол жеткізу негізінде  болады.

Эмоциялық алдын-ала білу механизмі А.В.Запарожец еңбектерінде көрсетілген. Жалпы мінез-құлық құрылымында  аффектінің функцияналды орны қалай  өзгеретіндігі, оның зерттеулерінде көрсетілген. Сәбилік кезеңдегі және мектепке дейінгі кезеңдегі бала мінез-құлқын тағы да салыстырып көрейік. 3 жасқа  дейін жеке әркеттерінің ерекше салдары  уайымдалады, олардың үлкен адамның  бақылауы — яғни, баланың орындағаны үшін мадақтау немесе жазалау. Уайымдау, әрекет мадақтауға немесе жазалауға  ие болады, ол неге алып келеді, деген  пайымдаулар әрекет кезінде де, алдын-ала  пайда болмайды. Бұл жағдайда аффект соңғы орында болады.

Бала өз мінез-құлқының әрекеттерін  жақсы, әлде жаман екендігін алдын-ала  біледі. Егер, ол тиісті мінез-құлық  нормаларына сәйкес келмейтін, нәтижелерді  алдын-ала болжаса, мүмкіндігінше  жазалау немесе мадақтау, балада эмоциялық жағдай - аландаушылық пайда болады және керек емес әрекеттерді тоқтатуға қабілетті болады. әрекеттің тиімді нәтижелері алдын- ала білу және үлкендер тарапынан ынталандыру эмоцияларымен байланысты. Үлкен балаға керекті эмоциялық образды жасауға көмек бере алады. Мысалы, бала-бақшада тәрбиеші балалардан қызу ойыннан кейінгі бөлмені тез арада ретке келтіруді талап етудің орнына, олардан кейін, таза әдемі ойын бөлмесіне келген кіші топ үшін, олардың жинағандары қандай қуаныш әкелетіндігі жөнінде айта алады. Балалардың саналылығынан гөрі, олардың эмоциялық қиялына бағытталған тілектер тиімді болады. Осының негізінде, мектепке дейінгі кезеңде іс- әрекеттің басынан аяғына дейін аффект байқалады. Аффект (эмоциялық образ) мінез-құлық құрылымында алғашқы блімі болады. Іс-әрекет салдарынан болатын эмоциялық механизмнің алдын-ала білу, бала әрекстінің эмоциялық регуляциясының негізінде болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]