Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
examen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
392.19 Кб
Скачать

1.Ес және оның балалық кезеңдегі дамуы

Бастауыш сынып  оқушыларының есі.Бастауыш сынып  оқушыларының зердесі екі бағытта  – өз бетімен және саналы  түрде дамиды.Балалар олардың  қызығушылығын тудыратын,көрнекі құралдармен байланыстырып,ойын түрінде өткізілген оқу материалын еріксіз есте сақтайды.Бірақ мектепке дейінгілерге қарағанда,оларға қызық емес материалды да,мақсат бағытталған түрде ерікті есте сақтауға қабілетті.Жыл сайын оқудың көп түрі ерікті есте сақтауға сүйене отырып құрылады.Бастауыш сынып оқушылары да,мектепке дейінгі кезеңдегілердей механикалық түрде есте сақтайды.Олардың көпшілігі бастауыш сыныптық кезеңде оқу мәтіндерін механикалық түрде жаттап алады да,орта сыныптарда материал күрделеніп,көлемі де көбейген кезде қиындықтарға соқтығысады.Олар есте сақтағандарын сөзбе-сөз аударуға қабілетті.Бұл жаста мәнді есте сақтауды игергендерге мнемоникалық заттарды,яғни есте сақтаудың рациональді тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді.Бала оқу материалын меңгеріп,түсінген кезде,ол оны сонымен қатар есінде сақтайды.Ақыл-ой жұмысы мнемоникалық ірекет болып табылады,ойлау және мәнді есте сақтауға бір-бірімен тығыз байланыста болады.Бастауыш сынып оқушылары жақсы есте сақтап және өздеріне түсініксіз мәтінді есіне түсіре алады.Сол себептен үлкендер нәтижесісін қадағалап қана қоймай ,оқушы оны қандай тәсілімен есте сақтағанын,яғни үрдісті қадағалауы керек.

 Бастауышсынып мұғалімінің  міндеттерінің бірі-оқушыларды арнайы  мнемоникалық тәсілдерді қолдана  білуге үйрету.Бұл ең алдымен  мәтінді мәнді бөліктерге бөлу.Нәтижесінде  оқу материалы түсінікті болып,бала  білетін жалпы білімдер жүйесіне  қосылып,ескілерімен байланысады.

2.Жеті жастағы дағдарыс

Л.И.Божовичтің пікірі бойынша 7 жастағы дағдарыс бұлбаланың әлеуметтік «Менінің» пайда болу кезеңі.

        Өзінің  сананың өзгеруі құндылықтарды  қайта бағалауға алып келеді.Бұрынғы  мәні бар нәрселер,екінші деңгейге  түсіп қалады.Ескі қызығушылықтар,мотивтер  өзінің бастапқы күшін жоғалтады,олардың  орнына жаңалары пайда болады.Оқу  әрекетіне қатынасы бар барлық  нәрселер,(бірінші кезекте бағалар)  құнды болады.Кішкентай оқушы  әлі де ойнайды,бірақ ойын оның  өмірінде негізгі әрекеті болудан  қалады.

   Мектепке дейінгі  кезеңнің соңында бала өз уайымдарын  сезе бастайды.Қазір сезілген  уайымдар тұрақты аффекті кешенді  құрайды.

   7 жастағы дағдарыс  Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша,уайымдардың  ортақтасқан кезеңі.

 Сәттіліктер мен сәтсіздіктер  тізбегін (ОҚУДА,ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ КЕҢ  ТҮРІНДЕ)баланың әр кезде уайымдауы  тұрақты аффекті кешенінің қалыптауына  алып келеді (кемсіту,жете білушілік,қатарға  қоспау т.с.с).Әрине,келешекте бұл аффектілер өзгеруі,тіпті жойылып кетуі мүмкін

Сонымен қатар,бала  мінез-құлқындағы өзінділік және  албырттық ерекше көрініс береді.Осы  механизмге байланысты бала әрекет  жасамас бұрын ойланады,өз уайымымен  қобалжуын басқаларға көрсетпеуге  тырысады.Баланың сыртқы келбеті  «ішкі» өмірі сияқты емес,бірақ  бастауыш сыныптық кезеңде эмоциясын  баларға немесе жақын адамдарына  шығаруға ұмтылу,қатты орындағысы  келіп тұрған нәрсені орындау  әлі де байқалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]