Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
examen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
392.19 Кб
Скачать

2.Үш жастағы дағдарыс

А.Валлон концепциясында түлға  дамуының келесі сатылары көрсетіледі:

1. Ана құрсағындағы өмір сатысы, бала ана организміне толық тәуелді.

2. Моторлық импульсивтілік  сатысы (туғаннан 6 айға дейін), баланың  қоректену мен қозғалыс белсенділігіне  деген қажеттілігмен сипатталады,  оның негізінде қарапйым шартты  рефлекстер қалыптасады.

3. Эмоционалдық сатысы (6 айдан 1 жасқа дейін), қоршаған  адамдармен, ең алдымен анасымен  қатынас қалыптастырумен сипатталады,  бұл – дамудың негізгі стимулы.

4. Сенсомоторлық саты (1-3 жас), сыртқы ортаға қызығушылықпен сипатталады.Жүру және сөйлеу арқылы баланың қарым-қатынас аясы кеңейеді.

5. Персонализм сатысы (3-5жас), үш жас дағдарысы орын алады,  «Мен» сезімінің пайда болуы,  әрекеттеріндегі дербестік, көпшілік  назарында болуға деген ұмтылыс.

6. Айырмалау сатысы (6-11жас), өзара қатынастар шеңберінің  кеңеюі, өзінің статусын саналау,  өзін мойындатуға ұмтылыс, ақыл- ой қабілеттерінің дамуымен сипатталады.

7. Жыныстық жетілу және  жасөспірімдік сатысы ішкі қайшылықтар,  қоршаған адамдарға деген қарама-қайшы  сезімдердің пайда болуы, өзіндік  бағалаудың дамуымен сипатталады.

 

 

3.Геронтогенез кезеңі

Әдетте адам өмірінің соңғы  кезеңін кәрілік деп атайды. Көптеген  ғалымдар 60 жастан жоғары кезеңді  геронтогенез деп атайды. Ал бұл  жасты зерттеумен геронтология  ғылымы айналысады. Геронтология  – адамның қартаю үрдісін зерттейтін  ғылым. Кәрілік психологиясына  тән нышандарға мыналар жатады:

  • уайымшылдық,

  •  мақтаншақтық,

  • өткен  өмірінің мәнсіз сәттеріне өкіну, 

  • жастарды, шуды жақтырмау, 

  • тыныштық  іздеу, 

  • ұйқының азаюынан мазасыз  болу,

  • сөздері мен істерін қайталай  беру,

  • белгілі бір деңгейде писсимизм,  түңілу.

Кәрілік әр адамда әр  түрлі өтеді. Шығармашылықпен  айналысатын адам өзінің белгілі  идеяларын іске асырып немесе  жазып қалдыру үшін барын салуы  мүмкін. Өмір бойы белсенді қызмет  атқарған адам зейнетке шығуды  ауыр қабылдайды, жанталасып мамандығы  бойынша жұмыс істей бергісі  келеді. Ал көп азап көріп, бейнеті  мол еңбек еткендер зейнетке  шығуды қанағатпен қабылдап, күнделікті  тіршілікпен өмір сүре береді. Кәрілік адам өмірінің ең соңғы  кезеңі болып табылады. Осы жасқа  жеткен адамдар үш топқа бөлінеді:

  • Кемел жастағы адамдар.

  • Қартайған адамдар.

  • Ұзақ өмір сүретіндер.

Қарттық кезеңді Ф. Гизе былай  деп көрсеткен:

  • Қарт – негативист. Өз бойында байқалатын қандайда қарттық белгілерін мойындамайды.

  • Қарт – экстравер. Сыртқы ықпалдар және айналысындағы шындықты бақылау жолымен, әсіресе зейнеткерлік демалысқа шығу (жастардың өсуі, көзқарастары мен қызығушылықтарындағы айырмашылықтар, дос және жақын адамдарының қайтыс болуы, техникалық және әлеуметтік өмірдегі жаңалықтар, отбасындағы жаңа орны) арқылы қарттық кезеңді мойындайды.

  • Қарт – интраверт. Қартаю үрдісін қатты уайыммен қарсы алады. Жаңңаға қызығушылық танытпайды, өткенін көп ойлайды, есіне түсіреді, эмоциясы әлсірейді, тыныштыққа ұмтылады.

19 БИЛЕТ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]