Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
examen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
392.19 Кб
Скачать

1.Жеткіншектің «Мен» қасиеті және үлкендермен байланысы.

2.Кіші мектеп жасындағы оқушының жеке басының дамуы.

В.В.Давыдовтың айтуы бойынша, «бастауыш сынып оқушысы» атану  бала өмірінде ерекше орын алады.Бастауыш сынып оқушылары жөнінде терең  және мазмұнды  тұжырымдар  Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов және олардың  ізбасарлары  (А.К.Дусавицкий, В.В.Рубцов,А.К.Маркова, Ю.А.Полулонов, В.В.Репкин, В.В.Рубцов, Г.А.Цукерман т.б.) еңбектеріне берілген.

Мектепке дейінгі кезеңнен бастап мектеп табалдырығын алғаш аттаған  оқушы қандай күйде болады?деген  сұраққа Д.Б.Эльконин: бала өмірінде көптеген өзгерістер болатынын айта келіп, мектепке дейінгі кезеңде  балада қарым –қатынастың екі  аймағы болады: баланың ересектермен және құрбыларымен қарым-қатынас деп  түйіндейді.Бұл қарым-қатынас негізінен  ойын арқылы іске асырылады:

 Бастауыш сыныптық кезеңде, оқу үлгерімінің мәселесі, балалардың оқу жұмыстарының нәтижесінің бағасы болып табылады.Оқу мотивациясының дамуы бағаға байланысты.Сонымен  қатар, баға өзіндік бағалаудың қалыптасуына ықпалын тигізеді.Балалар мұғалімнің қойған бағасына бағдар жасай отырып, өздерін және өз құрбыларын үздік, нашар, орта оқитынын оқушылар деп санайды.

Оқу-тәрбие барысында оқушылардың  өзін-өзі бағалауы қалыптаса бастайды. Мысалы, С.Юлдашева мұғалімнің бағасымен  оқушының өзін-өзі бағалау арасындағы  алшақтықтың дәрежесімен сипатын  қарастырып, олардың өзін-өзі бағалауына  байланысты негізгі үш топты  көрсеткен:

- өзін-өзі бағалағанда  педагогтың бағасына сүйенетін  оқушылар;

- өзін-өзі, негізінен ата-аналарының  бағасына сүйеніп бағалайтын  оқушылар;

- өзін-өзі мүмкіндігінен  жоғары бағалайтын оқушылар.

Мінез-құлқы қиын оқушыларда өзіндік бағалау әлі де болса, Мінез-құлық мотивінің үстемді  түрінде көрінбейді: бұл балалар  өз іс-әрекеттеріне өзіндік бағалауға  иек артпайды, жасаған істеріне баға бере алмаушылықтарымен көзге түседі.Қорыта айтқанда, бастауыш мектеп оқушы тұлғасы мен санасының  дамуы , қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбас кезең..Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім  беріп қана қоймай, мінез-құлқының дұрыс  қалыптасуына ықпалын тигізеді.

3.Мектеп жасына дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түрлері. Сенсорлық даму.

Мектепке дейінгі балалық  шақта (3-7 жасқа дейін) ағзаның қарқынды жетілуі жалғаса түседі,бойы,салмағы, көлемі ұлғайады сүйек-бұлшықет жүйесі қатайады, тежеу процестері күшеиеді . Ми салмағы 1110-1350 грамға өседі. Үлкен  ми сыңарлары қабықтарының реттегіш рөлі

Мен оның ми қабығы астындағы  орталықтарды бақылауы арта түседі, шартты рефлекстердің пайда болуы жылдамдығы арта түседі,әсіресе екінші сигналдық  жүиесі дамиды.

Д.Б.Элькониннің айтуы  бойынша алғашқы даму кезеңінің  соңында бала әлеуметтік ортамен  тығыз байланысқа түседі,негізінде  үлкендермен қарым-қатынас жасау  шарты іштей қалыптасады. .Мектепке деиінгі  кезеңің елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен  жасайтын арнайы өзара қарым қатынысның пайда болуы. Мекткп жасына дейінгі  баланың басқа адамдарға қатынасы өзіндік ішкі позициясы өз << менін>> және өз қылықтарының  маңызын аңғарудың  арта түсуімен, үлкендкрдің ішкі дүниесіне, олардың іс әректіне мен өзара  қарым қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады .

Мектеп жасына деиінгі  бала дамуының әлуметтік жағдаят  ерекшеліктері оған тән іс әрекет түрлерінен,алдымен сюжеттік рөлдік ойындардан көрініп отырады.Рөлдік немесе шығармашылық ойын, мектепке дейінгі  кезеңде пайда болды. Бұл әрекетте балалар үлкендердің рөлін ойнап,ойын барысында олардың қарым-қатынасын  және әрекеттерін жаңғыртады. Бала белгілі бір рөлді таңдап,оны  орындайды: ана, дәрігер, жүргізуші, қарақшы  және олардың  әрекеттерінің үлгісін  келтіріп, сол образға кіреді.

А.Валлон концепциясында түлға  дамуының келесі сатылары көрсетіледі:

1. Ана құрсағындағы өмір сатысы, бала ана организміне толық тәуелді.

2. Моторлық импульсивтілік  сатысы (туғаннан 6 айға дейін), баланың  қоректену мен қозғалыс белсенділігіне  деген қажеттілігмен сипатталады,  оның негізінде қарапйым шартты  рефлекстер қалыптасады.

3. Эмоционалдық сатысы (6 айдан 1 жасқа дейін), қоршаған  адамдармен, ең алдымен анасымен  қатынас қалыптастырумен сипатталады,  бұл – дамудың негізгі стимулы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]