Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
examen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
392.19 Кб
Скачать

2.Мектепке дейінгі жастағы баланың психо-физиологиялық сипаттамасы.

Мктепке дейінгі балалық  шақта (3-7 жасқа дейін) ағзаның қарқынды жетілуі жалғаса түседі,бойы,салмағы, көлемі ұлғайады сүйек-бұлшықет жүйесі қатайады, тежеу процестері күшеиеді . Ми салмағы 1110-1350 грамға өседі. Үлкен  ми сыңарлары қабықтарының реттегіш рөлі

Мен оның ми қабығы астындағы  орталықтарды бақылауы арта түседі, шартты рефлекстердің пайда болуы жылдамдығы арта түседі,әсіресе екінші сигналдық  жүиесі дамиды.

Д.Б.Элькониннің айтуы  бойынша алғашқы даму кезеңінің  соңында бала әлеуметтік ортамен  тығыз байланысқа түседі,негізінде  үлкендермен қарым-қатынас жасау  шарты іштей қалыптасады. .Мектепке деиінгі  кезеңің елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен  жасайтын арнайы өзара қарым қатынысның пайда болуы. Мекткп жасына дейінгі  баланың басқа адамдарға қатынасы өзіндік ішкі позициясы өз << менін>> және өз қылықтарының  маңызын аңғарудың  арта түсуімен, үлкендкрдің ішкі дүниесіне, олардың іс әректіне мен өзара  қарым қатынасына ерекше қызығуымен сипатталады .

Мектеп жасына деиінгі  бала дамуының әлуметтік жағдаят  ерекшеліктері оған тән іс әрекет түрлерінен,алдымен сюжеттік рөлдік ойындардан көрініп отырады.Рөлдік немесе шығармашылық ойын, мектепке дейінгі  кезеңде пайда болды. Бұл әрекетте балалар үлкендердің рөлін ойнап,ойын барысында олардың қарым-қатынасын  және әрекеттерін жаңғыртады. Бала белгілі бір рөлді таңдап,оны  орындайды: ана, дәрігер, жүргізуші, қарақшы  және олардың  әрекеттерінің үлгісін  келтіріп, сол обрызға кіреді.

3.Жеткіншек жасындағылардың психикалық дамуы

  Жеткіншек жастың  өткір фазасының жаңа құрылымы- жасөспірімдік сананың ерекше  формасы- « есею  сезімінің  » пайда болуы. Бұл- жеткіншек  жастың келгендігінің психологиялық  белгісі. Ескеретін жағдай, жеткіншек  жасының басталуының физиологиялық  және психологиялық көрсеткіштері  уақыт бойынша сәйкес келейді:есею  сезімі жыныстық жетілуден ерте  басталуы мүмкін.Д.Б.Эльконин анықтамасы  бойынша,есею сезімі жеткіншектердің  өзін басқалармен (ересектер мен  құрбылары ) салыстыруға, еліктеу  үлгілерін анықтауға,басқа адамдармен  қарым- қатынас  жасауға, өз  іс-әрекетін қайта құруға негіз  болатын,сананың жаңа құрылымы.

11 БИЛЕТ

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық дамуы мен жеке басының қалыптасуы.

мектепке дейінгі мекеме педагогтарының негізгі міндеті. Бүгінгі күні мектепке дейінгі жастағы балалардың толық интеллектуалды даму мәселесі әлі де өзекті болып отыр. Интеллектуалды толық дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, айналасындағылармен тез тіл табысады. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ұйымдастырылған оқу – тәрбие үрдісінде зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамытатын және жаттықтыратын жұмыстарға көп көңіл бөлінеді. Дидактикалық ойындар арқылы балалардың ойлау қабілеттері дамиды, сабаққа деген қызығушылықтары артады. Ойын барысында балалар педагогпен бірлесіп ереже бойынша қызықты тапсырмалар орындап,жағымды қарым – қатынас жасауы балалардың эмоционалды көңіл – күйлерін көтереді, сондықтан да дидактикалық ойынға қажетті құрал – жабдықтар,атрибуттар айшықты, мазмұнды безендірілуі де өте маңызды. Балалардың интеллектуалдық дамуына әсер ететін жаңа ойын технологиялары да біздің балаларға танымал. Мысалы: Логикалық тізбек ойындары. Логикалық ойлау арқылы бала саралау, салыстыру, жинақтау сияқты өз бетімен іс – қимылдар жасауды үйренеді. Баланың логикалық ойлауы өздігінен қалыптаспайды, оның дамуына мақсатты түрде білім беру мамандарының, ата - аналардың, балалардың бірлескен жүйелі жұмысы қажет. Балалар ойыны заттық – қол қимылының (пирамида жинау,текшелерден үй құрау) даму жолынан бастап интеллектуалды даму ойынына дейін жетеді. Логикалық ойлауды дамытудың негізгі рөлі математикалық ойындарға жатады.Бұл ойындар арқылы баланың интеллектуалды дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес, жалпы тәлім-тәрбиелік іс-әрекеттерді игерумен бірге, ойлау, қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық қасиеттерінің дамуын қамтиды Мысалы, «Суреттерді есте сақта», «Керекті фигураны тап», «Қызықты геометрия»,«Лабиринт ойындары»және т.б.. «Ойы саяздың, тілі саяз» деген ұлғатты сөз бекер айтылмаған. Ойлау негізі баланың сөйлеу тілін де қалыптастырады. Қорытып айтқанда, балаларды интеллектуалды дамыту тәрбиесі білімді тереңдетуге,бекітуге,оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]