Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
examen.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
392.19 Кб
Скачать

3.Балалар жасын кезеңдерге топтастыру: қазақ халқының балалар жасын топқа бөлуі

9 БИЛЕТ

1.Психикалық даму және оқыту туралы жалпы түсінік.

 

Психологтардың пікәрінше, орта – дамудың қайнар көзі, қоғаммен қарым-қатынасқа түспей субьект  бүкіл адамзаттың рухани игілігі  болып табылатын сапалық қасиеттерді  өз бойында дамыта алмас еді. Осыған байланысты, бала дамуының заңдардың  ықпалына емес, қоғамдық – тарихи заңдар ықпалына бағынады. Дамудың биологиялық  жолы түрдің (вид) қасиеттеріне тұқым  қуалаушылық заідылығымен ие болуы  және жеке тәжіребие арқылы жүзеге асады. Адам бойында қрошаған ортада өзін-өзі ұстау мәнерінің туа  біткен формасы жоқ. Оның дамуы іс-әрекеттің  тарихи қалыптасқан формалары мен  ідңстеріне ие болу арқылы алға басады. Бала қоршаған ортаға бейімделмейді, оны  иемденеді. Иемдену – адамның  тарихи қалыптасқан қасиеттерін, және іс-әрекеттін әдістерін өз бойына сіңіру арқылы нәтиже беретін үрдіс. Адамның билолгиялық ерекшеліктері  психикалық дамудың детерминанты ретінде  сақталады, бірақ оның негізгі мәні – осы дамудың қажетті шарты.

2.Балалар жасын кезеңдерге топтастыру: ғылым тұрғысынан бала психикасының дамуын кезеңдерге бөлу.

Ғылыми тұрғыдан бала психикасының дамуын кезеңдерге топтастыру. Баланың ақыл-ойының өріс алуы тек білімге тәуелді емес. Жасты ғылыми тұрғыдан тиісті кезеңдерге бөлу, сол кезеңге тән баланың есеюіне әсер ететін себептер: үлкендердің балаға қоятын талабы мен баланың өзбеттілік ұмтылуының арасындағы қайшылық «дағдарыс» кездеседі. Психологиялық тұрғыдан осы процестерді зерттеп жасөспірімдер жасын мына кезеңдерге бөледі: Туғаннан 1 жасқа дейін – нәресте жасы. Бұл кезең әр нәрсені сезуден және қозғалудан (еңбектеу) тұрады. Ж. Пиаженің жүйесінде сезу-қозғалу интеллектісінің бастапқы кезеңі. 1-ден 3-ке дейін алғашқы балалық, яғни бөбек кезі. Бұл кезде баланың тілі шығып, әсіресе, тілдің лексикасын және грамматикалық ережелерін меңгере бастайды. 3-тен 7-ге дейінгі кезең мектепке дейінгі жас. Баланың қимыл-қозғалысы ойын үстінде қалыптасып қалған. Тіл қабілеті кеңінен өріс алады. 7-ден 11-ге дейінгі кезең – бастауыш мектеп жасы. Бұл жаста баланың сөйлеу қабілеті үлкен дәрежеге жетеді, нақты бейне ойы күрделі болып дамиды. 

11-16 жасөспірім кезеңі Көптеген психологиялық және физиологиялық өзгерісте дамиды 16-18-жоғары сыныптар, яғни ересектер жасы. Жастың бұл кезеңін кейбір зерттеушілер 19-20 жасқа дейін апарады. Себебі, 16-ға толғандар ересек болғанымен, бұлардың балаға да ұқсас жақтары бар. Сондықтан ересек бала мен үлкендердің аралығында кездеседі. Бірақ ересек жаста «балаға» тән қасиеттер бірте-бірте азая бастайды. 

3.Оқыту мен тәрбиелеудің негізгі психологиялық теориялары

10 БИЛЕТ

1.Баланың ана құрсағында жүйке жүйесінің дамуы және биогенетикалық заңдылық.

Бала ана құрсағында морфологиялық жағынан алып қарағанда едәуір қалыптасып қалады. Ең алдымен жүйке жүйесінің төменгі алаптары (ми бағанасы, мишық, жұлын) дамып қалыптасады. Бұдан соң бас ми сыңарлары күрделі түрде қалыптаса бастайды.  Мидың төменгі алыптарының ана құрсағында ерте дамуы алдыңғы алаптарының шамалы кешірек дамуы биогенетикалық заңдылықтың әсерінен болып табылады. Бұл заңдылық бойынша, бала (бұл жануарларға да тән) анасының құрсағында биологиялық түрге жататын ата-тегінің тарихи дамуын (филогенетикалық дамуын) қайталайды. Жүйке жүйесінің ата-тегінің биологиялық түрдегі дамуын қайталауымен шектелінбейді. Ана құрсағындағы бала миы биогенеткалық дамуда ата-тегінің алғашқы кездегі жүйке жүйесінің дамуын қайталайды. Мысалы, баланың жүйке жүйесі анасының құсағында алғашқа күндері қарапайым жәндіктердің (инфузорияның т. б.) жүйке жүйесі тәріздес келеді. Осы жәндіктердің, әдетте, жүйке жүйесінің орталығы жоқ, жүйке талшықтары тұс-тұсынан таралған жапырақ тәріздес болып келеді. Бұдан кейін сол жапырақ бүктеліп түтік тәріздес болып келеді. Түтік тәріздес жүйке жүйесі көбінесе құрттарда кездеседі. Осыдан соң түтік үш буынға бөлінеді (шеткі, ортаңғы, алдыңғы буындарға). Әрбір буын өзінің қол атындағы дененің аудандарын басқарады. Бірақ осылардың жоғары сатысында алдыңғы буын үстем алып, кейін бас миының негізіне айналады. Бұдан соң бала жүйке жүйесі буындарының қалғандарынан озып, тез дамиды да, бас ми сыңарларын құрады. Ана құрсағында бала миының дамуы орталық жүйке жүйесін қайталайды. Биогенетикалық заңдылықты тұңғыш рет дәлелдеген зоолог Э. Геккель болды (1884-1919). Бұл заңдылық әсіресе ана құрсағында баланың жүйке жүйесінің қалыптасуына қатысты екенін дәлелдеген орыс морфологы А. Н. Северцов (1866-1986) болатын. Балаға тән жүйке жүйесінің негізі – бас миы. Баланың бас миы ана құрсағында едәуір дамып қалса да, туғаннан кейін өз қалпына келіп, толық қалыптаса бастайды. Мысалы, бас ми қабығы және оның микроскоппен көрінетін 6 қабаты туғанда даяр болмай, кейін қалыптасады. Физиологиялық жағынан алып қарағанда, баланың бас миы шартсыз рефлекстер тудырып, тиісті тітіркендірулерге жауап беруге даяр. Бала туғанда көптеген шартсыз рефлекстерімен туады. Әсіресе, балада ему шартсыз рефлексі жақсы дамыған болады. Баланың ана құрсағында психикалық ерекшеліктер көрініс береді ме? Әрине баланың ана құрсағындағы кезеңінде психикалық еркешеліктер көрініс береді. Оған шартсыз рефлекстер дәлел. Ана құрсағындағы орта мен табиғи ортаны салыстыруға болмайды, әрине. Метафорамен айтқанда, бұл екі орта әр түрлі планеталардың өзгешелегімен ұқсастыруға болады. Себебі, бала тамақты да, ауаны да шешесінің тиісті органдарынан ассимиляция ретінде алып тіршілік етеді. Ана құрсағындағы ортаның өзіндік ерекшелігі тек шартсыз рефлекстердің (емшек ему, ауырту т. б.) реттелуіне ғана мүмкіндік береді. Әрине, дамудың осы түрі кейінгі кезде өзінің түрлі нәрселерге үйренуге (шартты рефлекстердің жасалынуы т. б.) дайындықтың бір түрі. 90 жылдары неміс ғалымы Хейнз әйелдің ішіндегі баланы массаж арқылы оқытуға болады деген пікір тастады. Онда бала дүниеге келгеннен кейін физикалық және ақыл-ой жағынан бірнеше есе жақсы дамиды деген қорытындыға келді.  Баланың әр жасындағы көзге түсерлік қозғалыстардың негізі жануарлар дүниесінде де кездесіп отырады. Биогенетикалық заңдылық бала психикасының дамуына әсер етеді. XX ғасырдың соңғы кезіндегі психологтардың пікірінше (С. Холл, Ж. Болдуин) баланың ақыл-ойының дамуы қоғам дамуының тарихын қайталайды, баланың туғаннан кейінгі жас кезеңдерін аңшы, балықшы, малшы, диханшы, индустрия «жастарына» бөлген. Бұл пікірге орыс психологы А. К. Корнилов қарсы шықты.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]