
- •Радио туралы ілімнің Қазақстанда жүзеге асуына белсене араласқан қайраткер кім және оның еңбегін дәлелдеңіз.
- •2.Қазақ жеріндегі алғашқы радиостанция қайда, қай жылдары жұмыс істегенін дәлелдеңіз.
- •3.Түрік роста пайдаланған насихат жұмысының формасы ауызша газет болғанын дәлелдеңіз.
- •4.Қазақстанда хабардың тұрақты беріле бастауы қай жылдан екенін айтыңыз және неліктен олай болғанын дәлелдеңіз.
- •5. Қазақ тілінде берілген алғашқы радиогазеттің "Еңбекші Қазақ" екеніне дәлелдер айтыңыз.
- •6."Ауызша газеттің" тілін неге әдеби тіл дейтінін түсіндіріңіз.
- •6. 1931 Жылы Қазақстанда құрылған комитет қалай аталды және оның қазіргі таңдағы рөлін қандай екенін дәлелдеңіз.
- •7.Роста-ның өлкелік бөлімшесі не үшін КирРоста болғанына мысал келтіріңіз.
- •8.Қазақ радиокамитетінің алғашқы төрағасы кім екенін анықтаңыз.
- •9. Шалқар бағдарламасы қай жылы ашылды және қалай жұмыс істегеніне мысалдар келтіріп дәлеледеңіз.
- •10. Радиогазетті алмастырған редакция не үшін "соңғы хабарлар" болғанына анықтама беріңіз.
- •11. Радиохабарының өте танымал жанры репортаж екеніне мысалдар келтіріңіз.
- •12. Қазақ радиосының жастарға арналған танымал болған бағдарламасы қандай еді?
- •13. Қазақ радиосынан берілген студенттік бағдарлама қандай, оның қызметін бағалаңыз.
- •14. Реверберация дегеніміз не? Тәжірибеде қолданылуын мысалдармен дәлелдеңіз
- •15. Қазақ радиосынан берілетін таңертеңгілік бағдарлама қалай аталады және қызметін бағалаңыз
- •16.Радиохабардың қоғамдық мәнін анықтаңыз
- •17.Бұқаралық ақпарат құралы ретінде радионың табиғаты сипаттаңыз
- •19.Радионың қоғамдағы мүмкіндігін сипаттаңыз
- •20.Радио ең жедел, икемді, әрі аз шығынмен жұмыс істейтін бұқаралық құрал екендігін мысалдармен дәлелдеу.
- •21.Радионың ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңіз
- •22.Радионың тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығын мысалдармен дәлелдеу.
- •23.Радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатын қабілетін мысалдармен дәлелдеу
- •24.Радиохабардың акустикалық табиғатын сипаттаңыз
- •25.Радиохабардағы сценарийлық жобаның маңызына мысалдар келтіру
- •26.Радиохабары – дыбыс өнері екендігін мысалдармен дәлелдеу
- •27.Радиоаудитория ықыласын игерудің кезеңдері, мысал келтіру.
- •28.Радиохабардың бейнелеу құралдарын сипаттаңыз.
- •30. Радионың тарихына шолу, деректі мысалдар арқылы дәлелдеу.
- •30. Қазақ радиосының алғашқы хабарларына мағлұмат беріңіз
- •32. Радионың басқа ақпарат құралдарымен өзара байланысын анықтаңыз.
- •33. Дәстүрлі бақ пен радио арасындағы байланыстарды зерделеу.
- •34. Бүгінгі бақ-тың аумақтық аудиториясындағы қайшылықтарды анықтаңыз.
- •35. Радиохабар таратудың міндеттерін саралаңыз.
- •36. Радионың ақпараттық міндетін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •37. Радионың демалыстық міндеттерін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •38. Радионың ағартушылық қырын айқындаңыз.
- •39. Табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдарға мысал келтіріңіз.
- •40. Сөздің әсер ету күші. Сөздің оқу мақамы, екпіндердің дұрыс қойылуы, тыныс алудың реттілігін мысалмен дәлелдеу.
- •41.Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктерін атаңыз.
- •42. Музыка мен шулардың хабардағы рөлін мысалдармен дәлелдеу.
- •44. Радиожурналистика жанрлары мен пішіндерінің эволюциясын сараптаңыз.
- •45.Қазіргі форматтық радиохабар тарату, мысалдармен дәлелдеу.
- •46. Радио аудиториясы және радиохабар таратудың экономикалық негізін дәлелде.
- •47.Бір радиожурналистің шығармашылық шеберханасын мысалдармен талдау.
- •48. Аудиторияны зерттеу әдістерін сипаттаңыз.
- •49. Қазақстандағы радиохабар тарату үрдістерін түсіндіріңіз.
- •50. Қазақстандық радиохабар таратудың қазіргі жайын анықтаңыз
- •51. «Шалқар» радиосының хабарлары жайлы мағлұмат беру. Мысалдармен дәлелдеу.
- •52. Көрермен көңілінен шығатын жаңалық жасау тәсілдерін көрсетіңіз.
- •53. Ақпаратты алуда кездесетін қиындықтарға мысал келтіріңіз.
- •54.Журналистер құқығы бұзылуы дегенді қалай түсінесіз?
- •55. Журналист ақпарат беруді неден бастауы керек екенін дәлелде .
- •56.Жаңалықтардағы тақырып мәселесі жөнінде пікір білдіріңіз
- •62.Ойлануға итермелейтін сұрақтар
- •63.Ақпарат алудағы журналист шеберлігіне мысалдар
- •64.Қазақ радиосындағы жастар бағдарламаларына пікір айтыңыз
- •65.Қазақ радиосындағы әдеби хабарларға пікір айтыңыз
13. Қазақ радиосынан берілген студенттік бағдарлама қандай, оның қызметін бағалаңыз.
Қазақ радиосынан студенттерге арналған "Студенттік баспана" атты бағдарлама берілген. Бағдарламада Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студент жастары зор қуанышқа бөленгендігі жайында айтылған. Шаһарда «Студенттік баспана» бағдарламасы аясында бой көтерген №5 студенттік жатақхана пайдалануға берілгендігі жайында қозғалған. Ғимараттың ашылу салтанатына аймақ әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова, университет ректоры Қылышбай Бисенов қатысқан. 5 қабатты жаңа нысанда 400 студент, магистрант пен докторанттар орналасатындығы жайында айтқан. Кешен медпункт, асхана, оқу залы, кітапхана, интернет желісіне қосылған компьютерлік класспен барлық жағдаймен қамтылғандығы жайында айтылған. 1962 жылы Қазақ радиосында «Юность» атты жастар бағдарламасы ашылды. 1964 жылдан ақпаратты-музыкалы «Маяк» радиостанциясы жұмыс істей бастады. Кейіннен осы радионың қазақша пішіні «Шалқар» болып қазақ радиосында ашылды. Ұлттық бояуға қанық, ұлттық музыка, мәдениет, салт-дәстүр, тағылым т.б. арқылы ерекшеленетін бұл радио халықтың сүйікті арнасына айналды. Алайда, арна жабылып, шығармашылық ұжым таратылып, басшылар тарапынан үлкен қателік жасалды. Кейіннен қайта ашылуға рұқсат етілген-ді, бірақ тыңдарман аудиториясын жоғалтып алды. Ал, Ресейдегі «Маяк» радиосының 40-жылдығы ұлттық үлкен мереке ретінде тойланып өткендегі баршаға мәлім.1965 жылы Гитлерлік Германияны жеңудің 20 жылдығы барлық ақпарат майданы жауынгерлерінің тіліне тиек болды. Соғыс ардагерлерін марапаттайтын деректі-көркем циклды хабарлар көбейді. Бағдарламалар көптеп ашылды. Деректі әңгіме, радиокомпозиция, радиоочерк, радиофильмдер деген сияқты жанрлар молая түсті. Әрі қарай қоғамдық саяси науқандар белең алды. Ұлы қазан революциясының 50 жылдығы, В.И.Лениннің 100 жылдығы сияқты мерекелер бірінен кейін бірі хабарлар желісіне айналды. Концерттер мен спектакльдерді радио арқылы трансляциялау жолға қойылды. Халықты рухани демеуге арналған көңіл көтеру бағдарламалары ашылды, жастар мен балаларға арналған хабарлардың уақыт мөлшері көбейе бастады. Осы жылдары Қазақ радиосында «Ұшқын» атты жастар хабары беріле бастады, ол кейін жастардың сүйікті хабарына айналды. «Мәдениет радиоуниверситеті» жұмысы рухани әлемді байытуға үлес қосты. Ал, 1967 жылдан бастап 3 каналды радиохабар тарату дамыды. Тыңдармандар алуан түрлі хабар тыңдау мүмкіндігіне қол жеткізді. Одақтас республикаларда радио мен телевизияны дамытуға көңіл бөліне бастады. Бүкілодақтық радиоға қатысты республикаларда 162 комитеттер құрылды, оның ішінде одақтас республикалық 14, автономиялық –20, өлкелік- 6, 109 облыстық және округтік комитеттер құрылды. Бұның бәрі радио жұмысын жандандырып, дамыта түсу үшін атқарылған шаралар болатын.
14. Реверберация дегеніміз не? Тәжірибеде қолданылуын мысалдармен дәлелдеңіз
Реверберация (кейінгі лат. reverberatіo — шағылу, лат. reverbero — лақтырып тастаймын) — жабық бөлмедегі дыбыс көзі ажыратылғаннан кейінгі дыбыстың біртіндеп өшу процесі. Бөлмедегі ауа көлемін (кеңістігін) меншікті жиіліктерінің саны өте көп тербелмелі жүйе деп қарастыруға болады. Меншікті тербелістердің әрқайсысы өшу коэфф-мен сипатталады. Сондықтан дыбыс көзінен шыққан әр түрлі жиілігі бар меншікті тербелістер бір мезгілде өшпейді. Реверберацияның бөлмедегі сөздің және музыканың жақсы естілуіне едәуір ықпалы бар. Дыбыс баяуырақ өшкен сайын Реверберацияның әсері күштірек білінеді. Реверберацияның ұзақтығы Реверберация уақыты деп аталатын шамамен сипатталады. Реверберация уақыты — бөлменің акуст. сапасын анықтайтын басты фактор.
Кедергіге ұшыраған дыбыс толқындары эхосигнал деп аталады. Реверберацияны дыбыстың, әннің, басқа да музыкалық құралдар үнінің тұнық болуы үшін пайдаланады. Мысалы, музыкалық бағдарламалар акустикалық мүмкіндігі төмен ғимараттарда жазылып, үн мен әуен арасында алшақтық болып қалды делік. Сол кезде жасанды реверберацияны пайдалану арқылы музыкалық бағдарламаның сапасын арттыруға болады. Сондай- ақ дауысқа түрлі дыбыс береді: драмалық, қуанышты, лирикалық, т.б.
Реверберация- дауыстың немесе аспаптың қажетті акустикасын қоюшы әдіс. Ең алғашқы реверберециялық құрал- пружиналы ревербераторлар болды.