- •Радио туралы ілімнің Қазақстанда жүзеге асуына белсене араласқан қайраткер кім және оның еңбегін дәлелдеңіз.
- •2.Қазақ жеріндегі алғашқы радиостанция қайда, қай жылдары жұмыс істегенін дәлелдеңіз.
- •3.Түрік роста пайдаланған насихат жұмысының формасы ауызша газет болғанын дәлелдеңіз.
- •4.Қазақстанда хабардың тұрақты беріле бастауы қай жылдан екенін айтыңыз және неліктен олай болғанын дәлелдеңіз.
- •5. Қазақ тілінде берілген алғашқы радиогазеттің "Еңбекші Қазақ" екеніне дәлелдер айтыңыз.
- •6."Ауызша газеттің" тілін неге әдеби тіл дейтінін түсіндіріңіз.
- •6. 1931 Жылы Қазақстанда құрылған комитет қалай аталды және оның қазіргі таңдағы рөлін қандай екенін дәлелдеңіз.
- •7.Роста-ның өлкелік бөлімшесі не үшін КирРоста болғанына мысал келтіріңіз.
- •8.Қазақ радиокамитетінің алғашқы төрағасы кім екенін анықтаңыз.
- •9. Шалқар бағдарламасы қай жылы ашылды және қалай жұмыс істегеніне мысалдар келтіріп дәлеледеңіз.
- •10. Радиогазетті алмастырған редакция не үшін "соңғы хабарлар" болғанына анықтама беріңіз.
- •11. Радиохабарының өте танымал жанры репортаж екеніне мысалдар келтіріңіз.
- •12. Қазақ радиосының жастарға арналған танымал болған бағдарламасы қандай еді?
- •13. Қазақ радиосынан берілген студенттік бағдарлама қандай, оның қызметін бағалаңыз.
- •14. Реверберация дегеніміз не? Тәжірибеде қолданылуын мысалдармен дәлелдеңіз
- •15. Қазақ радиосынан берілетін таңертеңгілік бағдарлама қалай аталады және қызметін бағалаңыз
- •16.Радиохабардың қоғамдық мәнін анықтаңыз
- •17.Бұқаралық ақпарат құралы ретінде радионың табиғаты сипаттаңыз
- •19.Радионың қоғамдағы мүмкіндігін сипаттаңыз
- •20.Радио ең жедел, икемді, әрі аз шығынмен жұмыс істейтін бұқаралық құрал екендігін мысалдармен дәлелдеу.
- •21.Радионың ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңіз
- •22.Радионың тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығын мысалдармен дәлелдеу.
- •23.Радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатын қабілетін мысалдармен дәлелдеу
- •24.Радиохабардың акустикалық табиғатын сипаттаңыз
- •25.Радиохабардағы сценарийлық жобаның маңызына мысалдар келтіру
- •26.Радиохабары – дыбыс өнері екендігін мысалдармен дәлелдеу
- •27.Радиоаудитория ықыласын игерудің кезеңдері, мысал келтіру.
- •28.Радиохабардың бейнелеу құралдарын сипаттаңыз.
- •30. Радионың тарихына шолу, деректі мысалдар арқылы дәлелдеу.
- •30. Қазақ радиосының алғашқы хабарларына мағлұмат беріңіз
- •32. Радионың басқа ақпарат құралдарымен өзара байланысын анықтаңыз.
- •33. Дәстүрлі бақ пен радио арасындағы байланыстарды зерделеу.
- •34. Бүгінгі бақ-тың аумақтық аудиториясындағы қайшылықтарды анықтаңыз.
- •35. Радиохабар таратудың міндеттерін саралаңыз.
- •36. Радионың ақпараттық міндетін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •37. Радионың демалыстық міндеттерін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •38. Радионың ағартушылық қырын айқындаңыз.
- •39. Табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдарға мысал келтіріңіз.
- •40. Сөздің әсер ету күші. Сөздің оқу мақамы, екпіндердің дұрыс қойылуы, тыныс алудың реттілігін мысалмен дәлелдеу.
- •41.Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктерін атаңыз.
- •42. Музыка мен шулардың хабардағы рөлін мысалдармен дәлелдеу.
- •44. Радиожурналистика жанрлары мен пішіндерінің эволюциясын сараптаңыз.
- •45.Қазіргі форматтық радиохабар тарату, мысалдармен дәлелдеу.
- •46. Радио аудиториясы және радиохабар таратудың экономикалық негізін дәлелде.
- •47.Бір радиожурналистің шығармашылық шеберханасын мысалдармен талдау.
- •48. Аудиторияны зерттеу әдістерін сипаттаңыз.
- •49. Қазақстандағы радиохабар тарату үрдістерін түсіндіріңіз.
- •50. Қазақстандық радиохабар таратудың қазіргі жайын анықтаңыз
- •51. «Шалқар» радиосының хабарлары жайлы мағлұмат беру. Мысалдармен дәлелдеу.
- •52. Көрермен көңілінен шығатын жаңалық жасау тәсілдерін көрсетіңіз.
- •53. Ақпаратты алуда кездесетін қиындықтарға мысал келтіріңіз.
- •54.Журналистер құқығы бұзылуы дегенді қалай түсінесіз?
- •55. Журналист ақпарат беруді неден бастауы керек екенін дәлелде .
- •56.Жаңалықтардағы тақырып мәселесі жөнінде пікір білдіріңіз
- •62.Ойлануға итермелейтін сұрақтар
- •63.Ақпарат алудағы журналист шеберлігіне мысалдар
- •64.Қазақ радиосындағы жастар бағдарламаларына пікір айтыңыз
- •65.Қазақ радиосындағы әдеби хабарларға пікір айтыңыз
42. Музыка мен шулардың хабардағы рөлін мысалдармен дәлелдеу.
Радиохабар құрылымында музыка мен шу композицияның жеке элементі ретінде орын алады және сөзбен, бір-бірімен тең дәрежеде қолданылады. Олар аудиоәңгіменің сюжеттік желісін, атмосферасын, өзіндік мазмұнын жеке дара таныта алады.
Музыка мен шулар радиохабар құрылымында адам сөзін алмастырып тұрса, онда олар төмендегідей қызметтер атқарады:
1) Оқиғаның болған жері мен мерзімін білдіреді. Мысалы, спорттық шолуда гонг дыбысы, ат тұяғының дүрсілі, көрермендердің көтеріңкі және бәсеңдеген дауыстары репортаждың ипподромнан беріліп тұрғанын көрсетеді. 2) Оқиғаның уақыт пен кеңістіктегі қозғалысын таныту. Бүгінгі таңда репотаждың соңғы дайындық жұмысы монтаж бөлмесінде өтетіні шындық, репортер әр алуан мерзімде және әр жерлерде жазылып алынған хабар үзінділерінің басын құрап, хабар құрылымын өзгертеді, міне осы жағдайда музыка хабар бөліктерін біріктіру, жымдастыру ролін атқаратын және бір мезгілден келесі мерзімге өтудің таптырмас құралы болып табылады.
Эстондық радиожурналист И.Триккель екі балықшылар ұжымының жарысы туралы әңгімелей келіп, мұхиттан жағалауға ауысқан оқиғаның арасын жымдастыру үшін музыкалық лейтмотив ретінде Вагнердің “Летучи голландец” әнінің әуенін пайдаланған, осылайша ол сәтті хабар жасап, музыканың ролін басқа қырынан танытқан.
3) Суреттеп отырған оқиғаның эмоционалдық мінездемесін ашып көрсету. Дыбыстық элементтерді дәл, әрі сабақтастыра қолдану оқиғаны толық болмысында және өз мәнінде көрсетуге мүмкіндік береді. Мәселен, жазылып алынған, үнтаспаға түсірілген деректі шулар мен көшедегі сапырылысқан, дағдарған адамдардың сөздері, олардың бет-жүздеріндегі үрей арқылы жер сілкінісінен кейінгі трагедиялық картинаны көрсетуге болады.
4) Журналистің немесе оқиғаға тікелей қатысқан адамдардың психологиялық жағдайын суреттеу. Кейіпкерледің сезімі мен ой тебіреністерін, жан-дүниесіндегі толқуларды жеткізуде музыка мен шуды астарлап қолдану.
Музыка – шындықты дыбыстық көркем образда бейнелеуші өнердің түрі, дыбысталған жанды сөз болғандықтан тыңдаушылардың эмоциясына әсер етеді, сонымен қатар радиокоммуникацияның уақытшалық мінездемесіне сәйкес келеді.
Радиода музыка мәтінді механикалық тұрғыда әсерлеуді көздемейді, әр түрлі жанрлық шығармаларды ұйымдастыруда белсенді роль атқарады. Нақтырақ тоқталар болсақ: Ақпараттық блоктардың арасын бөлу; Бағдарламаның музыкалық шапкасы;
Дыбыстық декорация – тарихи ортаны анықтау, қозғалыстың, оқиғаның болған жерін таныту; Дыбыстық фон ретінде қолдану, мәтіннің дыбыстық ырғағын айқындау (ақпараттық хабарларды жиі қолданылатын тәсіл);Дыбыстық атмосфераны бейнелеу, кейіпкердің көңіл-күйін, жан толғанысын, оқиғаның жалпы болмасын аша түсу;
Дыбыстық образ жиынтығын қалыптастырудың көркемдік тәсілі;Хабарда суреттелетін оқиғалардың арасын бір-бірімен жымдастыра байланыстыру.Табиғи бейнелеуші құралдардың хабарды ұйымдастыру барысында көп қолданылатын түрі – шу. Шу дегеніміз әр түрлі дыбыстық белгілердің жиынтығы және музыкамен, сөзбен жымдастырыла, сабақтастыра пайдалана отырып оқиғаның негізгі болмысын өз мәнінде суреттеудің, бейнелеудің бір тәсілі. Сонымен қатар адамдардың түсініксіз сөздері, гуілдер, музыкалық тіркестердің микрофонға кездейсоқ жазылуын да шуға жатқызуға болады.
Радиохабарда шулар төмендегідей қызметтерді атқарады:
– журналистің баяндап отырған оқиғасының, көрінісінің, құбылысының дыбыстық мінездемесін ашуға көмектеседі. Сөзбен қатар үнтаспаға түскен деректі шулар шындықтың дыбыстық бейнесін сомдайды, ақпараттың дәйектілігіне негіз болады;
– дыбыстық фон құрайды, акустикалық иллюстрация ролін атқарады, оқиғаның негізгі деген тұстарын айшықтап, даралап көрсетеді;
– әдеби контексте айқындаушы белгі ролін атқарады, әрі көркем, образды мінездеменің мән-мазмұнын аша түседі, әдеби деталь және оның дыбыстық бояуы болып эстетикалық қырын танытады.
музыка мен шудың көркем хабарлардан алатын орнын мына мысалдан айқын көруге болады. Яғни, 1971 жылы М.Әуезовтың “Әйел жолы” туындысы бойынша қойылған радиоинсценировканы алайық ._
Рөлдерде Қазақтың драма театрының актерлері ойнаған, режиссері – А.Жолымбетов. Онда жылқышы Сатайдың қызы Алуаның қорғансыз күні және кейіннен Совет өкіметі орнап, жеке басын өзі қорғап, ширыққан өмірі соншалықты шынайы көрсетіледі. Оқиға барысы көбіне кейіпкерлердің сөзі, диалогы арқылы ашылып отырады. “…диалог арқылы кейіпкердің мінез-құлқын көрсету, уақиғаның орнын, уақытын, қимылды білдіруге болады. Орны-орнымен пайдаланса, түрлі дыбыс, шу эффектілері, музыка (музыкалық пауза, қорқынышты, қуанышты, салтанатты жайды білдіретін, т.б. музыка) радиода аса үлкен күшке, шексіз мүмкіндіктерге ие”._ Мәселен, сөз етіп отырған қойылым барымта (сөзбен бейнелеу) көрінісінен басталады. Аттың дүбірі, жылқының кісінегені, адамдардың айғайласып дабырласқаны, сойыл-шоқпардың дыбысы көз алдыңызға осынау көріністі елестетеді.
Жалғыз сүйеніші, қорғаны болған әкесінің қаза болып, Жанат кемпірдің “ендігі күнің не болады” деп зар қағуы, жоқшылықтан байдың есігінде жалшы болған Алуа қыздың мүсәпір күй кешіп, шетқақпай көруі - кейіпкерлердің диалогы, музыка, дыбыстар арқылы жан-жақты ашылған. Радиопьесаның үш компоненті - сөз, дыбыс, музыка бірігіп келіп оқиғаны көз алдыңызға күйініш, қорғансыздық сияқты бар бояуымен жайып салады. Тыңдаушы ретінде оқиға желісімен бірге жасап, елітіп кеткеніңізді сезбей қаласыз.
43.Монтаж түрлерін өз жасаған хабары арқылы дәлелдеу. Алдымен сценарийге қажетті үнтаспа тексеруден өткізіледі. Егер сапасы жақсы болса монтаждау басталады.Сонан соң авторлық мәтінді (подводканы) жазу қолға алынады. Студиядағы студенттің даусын хабар барысына қарай қадағалап, мәнерлі етіп оқылуына мән беріледі.Дауыс жазылған соң, жинау процесі қолға алынадыХабардың беташарын дайындау, музыкалық, техникалық, көркемдік кезеңі басталады. Техникалық өңдеу, компьютерлік монтаж жасауға оператор көмек көрсетеді. Ал, музыкалық көркемдік және дауыстың қойылуы сияқты мәселелерге студенттің өзі жауапты.Міне, осылайша радиохабардың дыбыс жазудан эфирге дейінгі кезеңі жүзеге асырылады. Монтаж. Монтаж сөзі француз тілінен аударғанда екі мағына береді. Техникалық мағынасы – “алдын-ала жасалған жоспар бойынша, жоба, кескіндеме бойынша дайын бөлшектерден, басқа құрал-жабдықтардан машина құрастыру, құрылыстар тұрғызу, жөндеу жұмыстарын жасау”. Екіншісі – “белгілі бір шығарманы жүйелеп жасау үшін әр түрлі бөлімдерді таңдап, оларды құрастыру, мысалы кинода сценарийде жазылған жүйе бойынша түсірілген фильмнің бөлшектерін таңдап алып, құрау”._Монтаж түрлері: 1) Акустикалық – радиохабардағы жеке дыбыстық элементерді және дыбыстық үзінділерді бір құрылымдық жүйемен үнтаспада басын қосып, біріктіріп жазудың техникалық процесі. Сонымен қатар мазмұндық және дыбыстық құрылымдар байланысының біртұтас жүйесі, яғни драматургиялық конструкция қызметін атқарушы жүйе. Монтаж автордың идеологиялық және эстетикалық позициясын көрсетуші, көркем ойын таныту әдісі және шындықты шығармашылық ой елегінен өткізудің көрсеткіші. Монтаж – деректі материалды көркемдеп ұйымдастырудың тәсілі. Бір пікірді бірнеше мағынада қолданып, әр оқиғаның мазмұнын бірнеше қырынан ашу үшін пайдалануға болады. 2) Монтажды тікелей эфирде де іске асыруға болады, яғни жалпыхалықтық, ұлттық сипаттағы хабарларды ұйымдастырудың, бір тақырыпты ашу аясында бірнеше хабарды бір-бірімен сабақтастыра беру. Бұл – монтажды қосақтастырып қатар қолдану түрі. 3) Тізбектелген монтаж – мән-мазмұны, эмоционалдық жағынан тығыз байланысқан дыбыстық фрагменттердің өз дербестігін, ішкі логикалық мазмұнын сақтай отырып бір жүйеге топтастыру. Бұл кинематографиядағы эпизодпен сәйкес келеді, яғни монтаждың жеке элементтері – кадрлар бір ырғақпен кезектесіп монтаждық фразаны құрайды. Ал радиода дыбыстық элементтер құрастырылып, жүйеленіп келіп қана оқиға жөнінде толық баяндалады, эпизодтар бірлесіп бір хабар ұйымдастырылады, бұл жерде ең басты ескеретін нәрсе айтар ойыңды нақты, шынайы деректермен тұжырымдай білу қабілеті. Акустикалық коллаж – әртүрлі фактуралық дыбыстық элементтердің басын қосу, нақты бір тарихи кезеңдегі оқиғаларды бейнелейтін деректі жазбаларды, цитаталарды, лозунгтарды, пікірлерді бүгінгі көзқарас тұрғысынан сөз ете отырып беру.
