Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макфуза радио жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.45 Кб
Скачать

11. Радиохабарының өте танымал жанры репортаж екеніне мысалдар келтіріңіз.

30-жылдардың бас кезіндегі хабарларды тек қана радиожурналистикаға тән жанрлар мен пішіндер пайда болды дедік. Олардың арасында бірінші орынды, сөз жоқ радиорепортаж иеленді.Зерттеушілердің көпшілігі алғашқы радиорепортаж 1925 жылғы қарашада эфирге шықты деп санайды. Әрине, ол эксперимент болды және сапасы жөнінен 1928 жылғы радиорепортаждан нашар еді.Бұл жанрдың алғашқы анықтамасы былайша тұжырымдалды: "Радиорепортпаж дегеніміз – уақиға болып жатқан жерден берілген хабар, немесе репортердің микрофон алдында болып жатқан уақиға туралы алған әсерін баяндауы". Бұл анықтаманың өте дәл және ықшамды екенін айта кету керек. Репортаж радиожурналистиканың неғұрлым ерекше жанрларының бірі болды. Ол әртүрлі жағдайда оқиға болып жатқан жерден хабар беруге, сол сәтте әңгімелесуге радионың барлық бейнелеуші құралдарын: сөзді, шуды, музыканы пайдалануға мүмкіндік берді. "Өмірдің ортасынан берілетін хабарлар" деп біршама бұрыс аталған - алғашқы радиорепортаж, студиядан кеңістікке шыққан микрофонның таңқаларлық мүмкіндіктері 1928-1929 жылдары радиохабарының жұмыс принциптерін өзгеше ой елегінен өткізуге мәжбүр етті. "Өмірдің ортасынан берілген хабарлар" радиолық шығармалардың ең таңдаулы түрі ретінде көрінді.Репортаж бен интервью, атап айтқанда, республикалық радионың осы жанрлары басқа да газет жанрлары сияқты радиода бейімделудің әртүрлі фазаларынан өтті және өз табиғатын өзгертті. 30-жылдары респубикалық радиохабарда интервью жанрының көп орын алмағаны белгілі. Өйткені, әр жанрдың өзіндік орны бар. Олардың әрқайсысы қайталанбас дәстүрге, тұрақты белгіге ие болған. Әлбетте, жанр өмір шындығын әр қырынан көрсетуге, оған әртүрлі дәрежеде әсер етуге байланысты туындаған үлгі болып табылады. Интервью – диалог адамдардың өзара сұхбаттасуы, сөйлесіп, пікір алысуының қоғамдық құралы болып саналады. Жалпы, радиоинтервьюдің негізінде фактіні хабарлау және оның диалогпен ашылуы, түсіндірілуі жатады. Бұл жерде түсінік беру талқыланып отырған фактіге талдау жасау қажеттілігінен туындайтын элемент ретінде көрінеді. Ол интервьюдің мәні мен шекараларын айқындайтын тілші көтеріп отырған мәселелер төңірегінде өрбиді. Бұл жанрдың құрылымы негізгі екі элементті: журналисттің компетентті адамға қоятын сұрақтарын және ол адамның журналистке қайтаратын жауаптарын қамтиды. Олардың жаңа белгілерінің қатарына: сөзді, музыканы, шуды, адам даусының мол мүмкіндіктеріне бейімделуін, сөйлеу стиліне ұмтылысты жатқызуға болады. Бірқатар ерекше белгілердің болуы репортаж бен интервьюді газет жанрының жай ғана бейнесін өзгерткен түрі емес, жанрдың жалпы журналистикалық өлшемдері мен радиоға тән өзіндік қасиеттері негізінде қалыптасқан сапалық жағынан ғана құрылым болуына жеткізді.

12. Қазақ радиосының жастарға арналған танымал болған бағдарламасы қандай еді?

1957 жылы радио Мәдениет министрлігінен бөлініп, Радио және телевизия жөніндегі мемлекеттік комитет болды. 1960 жылдың қазанынан бастап Бүкілодақтық радио тәулік бойы жұмыс істеп, 77 сағат 15 минут хабар тарататын болды. 1961 жылы радиодан дүниені дүр сілкінткен ақпарат таратылды. Ол 12 сәуір күні космосқа тұңғыш рет адамның ұшқаны туралы болатын.

1962 жылы Қазақ радиосында «Юность» атты жастар бағдарламасы ашылды. 1964 жылдан ақпаратты-музыкалы «Маяк» радиостанциясы жұмыс істей бастады. Кейіннен осы радионың қазақша пішіні «Шалқар» болып қазақ радиосында ашылды. Ұлттық бояуға қанық, ұлттық музыка, мәдениет, салт-дәстүр, тағылым т.б. арқылы ерекшеленетін бұл радио халықтың сүйікті арнасына айналды. Алайда, арна жабылып, шығармашылық ұжым таратылып, басшылар тарапынан үлкен қателік жасалды. Кейіннен қайта ашылуға рұқсат етілген-ді, бірақ тыңдарман аудиториясын жоғалтып алды. Ал, Ресейдегі «Маяк» радиосының 40-жылдығы ұлттық үлкен мереке ретінде тойланып өткендегі баршаға мәлім.