Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макфуза радио жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.45 Кб
Скачать

8.Қазақ радиокамитетінің алғашқы төрағасы кім екенін анықтаңыз.

Қазақ радиокомитетінің құрылымы 1939 жылы штаттық кестеге сәйкес мынадай болды: Басшылық; Үгіт және насихат секторы; «Соңғы хабарлар» редакциясы; Музыкалық хабарлар редакциясы; Әдеби-драмалық хабарлар редакциясы; Балалар хабарлары редакциясы; Шығару секторы; Тақырыпты жоспарлау және кесте секторы; Бұкаралық жұмыс және радиотыңдаушылар хаттары секторы; Радиоландыру бөлімі; Радиоәуесқойлар секторы; Бақылау инспекторлық топ; Механикалық хабарлар бөлімі; Тораптық хабарлар секторы; Атқарушы адамдар; Қызмет көрсетуші адамдар; Кадрлар секторы; Арнаулы бөлім. Сол кездегі дәстүр бойынша Қазақстанда да одақтық радиокамитет ашылып, оның тұңғыш төрағасы болып Айтбай Хангелдин тағайындалды, содан бері Б.Кенжебаев, Е.Арысұлы,Қ.Орманов, М.Жантикин, Б.Даулетбаев, М.Сағатов т.б сынды көптеген ардагер-радиожурналистер ұлттық радионың дамуына ат салысты.Есімдері аталған адамдар сол тұстағы қоғамдық өзгерістерге араласып жүрген қайраткерлер болатын.Осы кездері алғашқы радиоүндесулер өткізіліп, радиоочерктер беріле бастады. Радиодраматургия дүниеге келді, радиоуниверситеттер ашылып,ғаламның сан-салаларын қамтыған хабарлар әуе толқынына тарады.

9. Шалқар бағдарламасы қай жылы ашылды және қалай жұмыс істегеніне мысалдар келтіріп дәлеледеңіз.

1964 жылдан ақпаратты музыкалы "Маяк " радиостанциясы жұмыс істей бастады.Кейіннен осы радионың қазақша пішіні "Шалқар" болып Қазақ радиосында ашылды.Ұлттық бояуға қанық, ұлттық музыка, мәдениет, салт-дәстүр, тағылым т.б арқылы ерекшеленетін бұл радио халықтың сүйікті арнасы болды.Алайда, арна жабылып, шығармашылық ұжым таратылып, басшылар тарапынан үлкен қателік жасалды.Кейіннен қайта ашылуға рұқсат етілген-ді , бірақ арна тыңдарман аудиториясын жоғалтып алды.Ал, "Шалқардың" құрдасы болып өмірге келген Ресейдегі "Маяк" радиосының 40 жылдығы ұлттық мереке ретінде тойланып өткендігі баршаға мәлім. Шалқар арнасында 23 сағат 05 минуттан 23.55-ке дейін "Жұлдызды түн" хабары жүргізіледі.Әрине, қазақ тіліндегі хабарлар ұлттық болмысқа сай жүргізілуі тиіс.Өйткені, жергілікті ұлт менталитеті өз тыныс тіршілігінен, әдебиет мәдениетінінен, салт-дәстүрінен сезіліп тұруы тиіс.Әр елдің соны әйгілейтін, дәріптейтін арнасы болады.Сол үдеден көріне білген БАҚ ғана уақыт керуеніне ілесе алмақ.Тәуелсіз Қазақсан радиостанциялары мемлекеттің тұғыры таймауы жолында, халықтардың достығы шайқалмауы мақсатында, ел ахуалын жақсартуға ат салысуда, бейбіт өмір сүру мәселесінде өз биігінен көріне алуда.Шалқар радиосы радио қызметінің ақпараттар арнасы ғана емес өнер өрісі болуы үшін қызмет етіп отырған арна.Шалқар тек қана қазақ тілінде хабар тарататын форматты радио.Шалқар нарықтың қыспағына шыдай алмай,ұлтынан ұлағат көре алмай бір кезде жабылып та қалды.Қазіргі кезде шағын ғана ұлтжанды ұжымның қызмет етуімен хабар беруде. Таңғы сағат 6-да жұмысын Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастайтын арна күнделікті өз тыңдармандарына "Қайырлы таң" тілеп, шағын концерт беретін.

10. Радиогазетті алмастырған редакция не үшін "соңғы хабарлар" болғанына анықтама беріңіз.

Уақыт өте келе технология дами бастады. Сонымен қатар жаңа радио хабарлар мен радиожурналистер көбейе бастады. Осыған орай әр радионың журналистері оқиға орнына барып ақпарат ала алатын болды. Енді бұрынғыдай радио бағдарламалар алдымен газетке содан соң эфирге емес, керісінше бірден эфирге шығатын деңгейге көтерілді. Радио газеттің алдына шықты. Оның үстіне радиогазет шығару біршама уақыт алатын. Яғни, оны баспаға беру, оған хабарлар дайындап бас редакторға көрсету қиындық туғызатын. Ал енді адамдар ақпаратты тікелей радиодан тыңдайтын болды. Осылайша соңғы хабарлар пайда болды. Оны қазір «ақпараттық бөлім» деп атайды. Сол кездері қазақ радиосына да ақпараттар тасқынынан қажетті мағлұматын алуға мүмкіндік жасады. Оңтайландыру кезінде Қазақ радиосының да бюджеті мен штаты барынша қысқартылып, тұтастай бір “Шалқар”, “Ауыл өмірі” арналары жабылып қалған еді. Қазіргі мемлекеттік тапсырыс бойынша тәулігіне 15 сағатқа дейін әуе толқынына хабар таратса, тәулік бойы 16 рет ақпараттық хабарлар топтамасы қазақ және орыс тілдерінде беріліп отырады, оның 8-і тұтастай жаңа мағлұмат-деректерден түзіледі. Жедел ақпарат орталығының 15 шығармашылық қызметкері оларды өңдеу, даярлау және эфирге беру міндеттерін атқарады. Ал бірнеше жыл бұрын ақпараттық хабарлар әр сағаттың басында беріліп, “Соңғы хабарлар” редакциясында 200-ге тарта адам қызмет атқаратын. Міне, осы журналистер қатарының қысқарғанына қарамастан ақпаратты дайындау мен өңдеудің сапасы кеміген жоқ.