- •Радио туралы ілімнің Қазақстанда жүзеге асуына белсене араласқан қайраткер кім және оның еңбегін дәлелдеңіз.
- •2.Қазақ жеріндегі алғашқы радиостанция қайда, қай жылдары жұмыс істегенін дәлелдеңіз.
- •3.Түрік роста пайдаланған насихат жұмысының формасы ауызша газет болғанын дәлелдеңіз.
- •4.Қазақстанда хабардың тұрақты беріле бастауы қай жылдан екенін айтыңыз және неліктен олай болғанын дәлелдеңіз.
- •5. Қазақ тілінде берілген алғашқы радиогазеттің "Еңбекші Қазақ" екеніне дәлелдер айтыңыз.
- •6."Ауызша газеттің" тілін неге әдеби тіл дейтінін түсіндіріңіз.
- •6. 1931 Жылы Қазақстанда құрылған комитет қалай аталды және оның қазіргі таңдағы рөлін қандай екенін дәлелдеңіз.
- •7.Роста-ның өлкелік бөлімшесі не үшін КирРоста болғанына мысал келтіріңіз.
- •8.Қазақ радиокамитетінің алғашқы төрағасы кім екенін анықтаңыз.
- •9. Шалқар бағдарламасы қай жылы ашылды және қалай жұмыс істегеніне мысалдар келтіріп дәлеледеңіз.
- •10. Радиогазетті алмастырған редакция не үшін "соңғы хабарлар" болғанына анықтама беріңіз.
- •11. Радиохабарының өте танымал жанры репортаж екеніне мысалдар келтіріңіз.
- •12. Қазақ радиосының жастарға арналған танымал болған бағдарламасы қандай еді?
- •13. Қазақ радиосынан берілген студенттік бағдарлама қандай, оның қызметін бағалаңыз.
- •14. Реверберация дегеніміз не? Тәжірибеде қолданылуын мысалдармен дәлелдеңіз
- •15. Қазақ радиосынан берілетін таңертеңгілік бағдарлама қалай аталады және қызметін бағалаңыз
- •16.Радиохабардың қоғамдық мәнін анықтаңыз
- •17.Бұқаралық ақпарат құралы ретінде радионың табиғаты сипаттаңыз
- •19.Радионың қоғамдағы мүмкіндігін сипаттаңыз
- •20.Радио ең жедел, икемді, әрі аз шығынмен жұмыс істейтін бұқаралық құрал екендігін мысалдармен дәлелдеу.
- •21.Радионың ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңіз
- •22.Радионың тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығын мысалдармен дәлелдеу.
- •23.Радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатын қабілетін мысалдармен дәлелдеу
- •24.Радиохабардың акустикалық табиғатын сипаттаңыз
- •25.Радиохабардағы сценарийлық жобаның маңызына мысалдар келтіру
- •26.Радиохабары – дыбыс өнері екендігін мысалдармен дәлелдеу
- •27.Радиоаудитория ықыласын игерудің кезеңдері, мысал келтіру.
- •28.Радиохабардың бейнелеу құралдарын сипаттаңыз.
- •30. Радионың тарихына шолу, деректі мысалдар арқылы дәлелдеу.
- •30. Қазақ радиосының алғашқы хабарларына мағлұмат беріңіз
- •32. Радионың басқа ақпарат құралдарымен өзара байланысын анықтаңыз.
- •33. Дәстүрлі бақ пен радио арасындағы байланыстарды зерделеу.
- •34. Бүгінгі бақ-тың аумақтық аудиториясындағы қайшылықтарды анықтаңыз.
- •35. Радиохабар таратудың міндеттерін саралаңыз.
- •36. Радионың ақпараттық міндетін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •37. Радионың демалыстық міндеттерін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •38. Радионың ағартушылық қырын айқындаңыз.
- •39. Табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдарға мысал келтіріңіз.
- •40. Сөздің әсер ету күші. Сөздің оқу мақамы, екпіндердің дұрыс қойылуы, тыныс алудың реттілігін мысалмен дәлелдеу.
- •41.Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктерін атаңыз.
- •42. Музыка мен шулардың хабардағы рөлін мысалдармен дәлелдеу.
- •44. Радиожурналистика жанрлары мен пішіндерінің эволюциясын сараптаңыз.
- •45.Қазіргі форматтық радиохабар тарату, мысалдармен дәлелдеу.
- •46. Радио аудиториясы және радиохабар таратудың экономикалық негізін дәлелде.
- •47.Бір радиожурналистің шығармашылық шеберханасын мысалдармен талдау.
- •48. Аудиторияны зерттеу әдістерін сипаттаңыз.
- •49. Қазақстандағы радиохабар тарату үрдістерін түсіндіріңіз.
- •50. Қазақстандық радиохабар таратудың қазіргі жайын анықтаңыз
- •51. «Шалқар» радиосының хабарлары жайлы мағлұмат беру. Мысалдармен дәлелдеу.
- •52. Көрермен көңілінен шығатын жаңалық жасау тәсілдерін көрсетіңіз.
- •53. Ақпаратты алуда кездесетін қиындықтарға мысал келтіріңіз.
- •54.Журналистер құқығы бұзылуы дегенді қалай түсінесіз?
- •55. Журналист ақпарат беруді неден бастауы керек екенін дәлелде .
- •56.Жаңалықтардағы тақырып мәселесі жөнінде пікір білдіріңіз
- •62.Ойлануға итермелейтін сұрақтар
- •63.Ақпарат алудағы журналист шеберлігіне мысалдар
- •64.Қазақ радиосындағы жастар бағдарламаларына пікір айтыңыз
- •65.Қазақ радиосындағы әдеби хабарларға пікір айтыңыз
6. 1931 Жылы Қазақстанда құрылған комитет қалай аталды және оның қазіргі таңдағы рөлін қандай екенін дәлелдеңіз.
1931 жылдың бастапқы кезінде үкімент тарапынан "О реорганизация радио" деген қаулы қабылданды.Күрт өзгерістерге толы кезең қабылданды.Сталиннің басшылық етуімен Бұқаралық ақпарат құралдарына , сонымен бірге радиоға да цензура басталды.Бұл цензура Кеңес үкіметі құлағанға дейін созылды.Әйтсе де, қоғамдық өзгерістер қаншалықты болып жатқанымен радиожурналистика дамуын тоқтатқан жоқ. Осы жылдары алғашқы радиорепортаждар беріле бастады.Хабарларда деректілік факторлармен қоса көркемдік элементтер дамыды.Көбінесе жеке басқа табынушылыққа бағытталған.Сталинді мадақтаған хабарларға жол берілді. Аталмыш қаулыдан кейін 1928 жылдың шілде айында еңбек және қорғаныс кеңесі іле-шала "Радиохабар таратуды қайта ұйымдастыру жөнінде'" деп аталатын құжат қабылдады. Соның негізінде 1931 жылы акционерлік қоғам таратылып, оның орнына Бүкілодақтық радиокамитет құрылды. Сол кездегі дәстүр бойынша Қазақстанда да одақтық радиокамитет ашылып, оның тұңғыш төрағасы болып Айтбай Хангелдин тағайындалды, содан бері Б.Кенжебаев, Е.Арысұлы,Қ.Орманов, М.Жантикин, Б.Даулетбаев, М.Сағатов т.б сынды көптеген ардагер-радиожурналистер ұлттық радионың дамуына ат салысты.Есімдері аталған адамдар сол тұстағы қоғамдық өзгерістерге араласып жүрген қайраткерлер болатын.Осы кездері алғашқы радиоүндесулер өткізіліп, радиоочерктер беріле бастады. Радиодраматургия дүниеге келді, радиоуниверситеттер ашылып,ғаламның сан-салаларын қамтыған хабарлар әуе толқынына тарады.
7.Роста-ның өлкелік бөлімшесі не үшін КирРоста болғанына мысал келтіріңіз.
1918 жылы маусымда Түркістан автономиялы Кеңестік Республикасы Большевиктер ұйымдарының Бірінші Съезі Түркістан коммунистік партиясы құрылғанынжариялады. Оның жанынан баспасөз бюросының құрылуы да қажеттіліктен туды,іле-шала ақпараттық бюро құрылды, ол РОСТА-ның Түркістан бөлімі деп аталды.Кейіннен Орынбор бөлімшесінің қырғыз Автономиялы Республикасы жарияланғаннан кейін КирРОСТА болып қайта құрылғаны жөніндегі деректер зерттеуші ғалымдар еңбектерінде айтылған. 1921-1927 жылдардың "радиобағдарламалардың қалыптасу кезеңі" деген атпен тарихта қалғаны мәлім.Бұл мерзімнің қазақ радиобағдарламаларының да қалыптасуына қатысы мол.РОСТА-ның шығыстағы бөлімдері Түрік РОСТА және КирРОСТА халықты ақпаратпен қамтамасыз етуде өз деңгейінде қызмет атқарып, қазіргі заманғы ақпараттық агенттіктердің көшбасшысы болғандығы ақиқат. Алматыда РОСТА бөлімшесінің алғаш рет ашылуы жайында мағлұмат беретін «РОСТА-ның Қазақстан бөлімшесінің қызметіне баға беру» деген материалға кезінде БК(б)П өлкелік комитетінің хатшысы болған Құрамысов қол қояды. РОСТА-ның Қазақстан бөлімшесін ұйымдастыру туралы мәселе алғаш рет РОСТА өкілі Алматы қаласына келген кезде қойылған еді. 1929 жылғы 18 тамызда өлкелік комитеттің Секретариаты РОСТА агенттігін құру уақыты келген және қажет нәрсе деп мойындап, Қазақстан Халық Комиссарлар Кеңесіне аса қысқа мерзім ішінде агенттік құру туралы шешімді жүзеге асыруды ұсынды, сөйтіп, Халық Комиссарлар Кеңесі осылай етті де.26 қыркүйекте өлкелік комитет өзінің хабарламалық аппараты мен РОСТА өкіліне РОСТА-ның Қазақстандағы партиялық-хабарламалық желісін ұйымдастыруды ұсынды. Сөйтіп, РОСТА-ның Алматы бөлімшесінің әрбір округтік комитетінде өз тілшілері болды.
