
- •Радио туралы ілімнің Қазақстанда жүзеге асуына белсене араласқан қайраткер кім және оның еңбегін дәлелдеңіз.
- •2.Қазақ жеріндегі алғашқы радиостанция қайда, қай жылдары жұмыс істегенін дәлелдеңіз.
- •3.Түрік роста пайдаланған насихат жұмысының формасы ауызша газет болғанын дәлелдеңіз.
- •4.Қазақстанда хабардың тұрақты беріле бастауы қай жылдан екенін айтыңыз және неліктен олай болғанын дәлелдеңіз.
- •5. Қазақ тілінде берілген алғашқы радиогазеттің "Еңбекші Қазақ" екеніне дәлелдер айтыңыз.
- •6."Ауызша газеттің" тілін неге әдеби тіл дейтінін түсіндіріңіз.
- •6. 1931 Жылы Қазақстанда құрылған комитет қалай аталды және оның қазіргі таңдағы рөлін қандай екенін дәлелдеңіз.
- •7.Роста-ның өлкелік бөлімшесі не үшін КирРоста болғанына мысал келтіріңіз.
- •8.Қазақ радиокамитетінің алғашқы төрағасы кім екенін анықтаңыз.
- •9. Шалқар бағдарламасы қай жылы ашылды және қалай жұмыс істегеніне мысалдар келтіріп дәлеледеңіз.
- •10. Радиогазетті алмастырған редакция не үшін "соңғы хабарлар" болғанына анықтама беріңіз.
- •11. Радиохабарының өте танымал жанры репортаж екеніне мысалдар келтіріңіз.
- •12. Қазақ радиосының жастарға арналған танымал болған бағдарламасы қандай еді?
- •13. Қазақ радиосынан берілген студенттік бағдарлама қандай, оның қызметін бағалаңыз.
- •14. Реверберация дегеніміз не? Тәжірибеде қолданылуын мысалдармен дәлелдеңіз
- •15. Қазақ радиосынан берілетін таңертеңгілік бағдарлама қалай аталады және қызметін бағалаңыз
- •16.Радиохабардың қоғамдық мәнін анықтаңыз
- •17.Бұқаралық ақпарат құралы ретінде радионың табиғаты сипаттаңыз
- •19.Радионың қоғамдағы мүмкіндігін сипаттаңыз
- •20.Радио ең жедел, икемді, әрі аз шығынмен жұмыс істейтін бұқаралық құрал екендігін мысалдармен дәлелдеу.
- •21.Радионың ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңіз
- •22.Радионың тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығын мысалдармен дәлелдеу.
- •23.Радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатын қабілетін мысалдармен дәлелдеу
- •24.Радиохабардың акустикалық табиғатын сипаттаңыз
- •25.Радиохабардағы сценарийлық жобаның маңызына мысалдар келтіру
- •26.Радиохабары – дыбыс өнері екендігін мысалдармен дәлелдеу
- •27.Радиоаудитория ықыласын игерудің кезеңдері, мысал келтіру.
- •28.Радиохабардың бейнелеу құралдарын сипаттаңыз.
- •30. Радионың тарихына шолу, деректі мысалдар арқылы дәлелдеу.
- •30. Қазақ радиосының алғашқы хабарларына мағлұмат беріңіз
- •32. Радионың басқа ақпарат құралдарымен өзара байланысын анықтаңыз.
- •33. Дәстүрлі бақ пен радио арасындағы байланыстарды зерделеу.
- •34. Бүгінгі бақ-тың аумақтық аудиториясындағы қайшылықтарды анықтаңыз.
- •35. Радиохабар таратудың міндеттерін саралаңыз.
- •36. Радионың ақпараттық міндетін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •37. Радионың демалыстық міндеттерін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •38. Радионың ағартушылық қырын айқындаңыз.
- •39. Табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдарға мысал келтіріңіз.
- •40. Сөздің әсер ету күші. Сөздің оқу мақамы, екпіндердің дұрыс қойылуы, тыныс алудың реттілігін мысалмен дәлелдеу.
- •41.Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктерін атаңыз.
- •42. Музыка мен шулардың хабардағы рөлін мысалдармен дәлелдеу.
- •44. Радиожурналистика жанрлары мен пішіндерінің эволюциясын сараптаңыз.
- •45.Қазіргі форматтық радиохабар тарату, мысалдармен дәлелдеу.
- •46. Радио аудиториясы және радиохабар таратудың экономикалық негізін дәлелде.
- •47.Бір радиожурналистің шығармашылық шеберханасын мысалдармен талдау.
- •48. Аудиторияны зерттеу әдістерін сипаттаңыз.
- •49. Қазақстандағы радиохабар тарату үрдістерін түсіндіріңіз.
- •50. Қазақстандық радиохабар таратудың қазіргі жайын анықтаңыз
- •51. «Шалқар» радиосының хабарлары жайлы мағлұмат беру. Мысалдармен дәлелдеу.
- •52. Көрермен көңілінен шығатын жаңалық жасау тәсілдерін көрсетіңіз.
- •53. Ақпаратты алуда кездесетін қиындықтарға мысал келтіріңіз.
- •54.Журналистер құқығы бұзылуы дегенді қалай түсінесіз?
- •55. Журналист ақпарат беруді неден бастауы керек екенін дәлелде .
- •56.Жаңалықтардағы тақырып мәселесі жөнінде пікір білдіріңіз
- •62.Ойлануға итермелейтін сұрақтар
- •63.Ақпарат алудағы журналист шеберлігіне мысалдар
- •64.Қазақ радиосындағы жастар бағдарламаларына пікір айтыңыз
- •65.Қазақ радиосындағы әдеби хабарларға пікір айтыңыз
5. Қазақ тілінде берілген алғашқы радиогазеттің "Еңбекші Қазақ" екеніне дәлелдер айтыңыз.
Бұл жаңа пішін Қазақ радиожурналистикасында алғаш рет 1931 жылдың 4 мамырында "Еңбекші Қазақ " және орыс тілінде "Советская степь" болып эфирге шықты.Оның тұңғыш редакторы филология ғылымдарының докторы, профессор Абайтанушы ғалым Бейсенбай Кенжебаев болды.Сол тұста шығып жатқан газеттер беттерінен даярланатын ақпараттардың дыбысты түрде берілуінің тиімділігі орасан болатын.Сонымен қатар баспасөзде істейтін журналисттердің радиоға көптеп тартылуы радиомәтіннің сапасын жақсарта түсті, сауатты, жақсы жазылған сценарлық жобаның жақсы хабар кепілі екендігіне сол кездердегі радиожурналистер де мән бере бастаған. «1931 жылы көктемде Қазақстан өлкелік партия комитеті «хабар-ошарлар радиогазет түрінде берілсін, оның қазақшасы «Еңбекші қазақ» деп аталсын» деген қаулы қабылдады. Радиогазеттің редакторлығын қосалқы қызмет етіп маған жүктеді. Онда үш кісі қызмет істеді: редакцияның жауапты хатшысы болып – жазушы Айтпай Хангелдин, редакцияның хабаршы-дикторы болып – журналист Насыр Ногаев істеді. Газет екі бөлімнен тұратын. Оның біріншісі — жалпы саяси бөлім, екіншісі – ойын-сауық бөлімі деп аталады. Бірінші бөлімде шағын материалдар, мақалалар, хабар-ошарлар болды. Газеттің ойын-сауық бөлімі түгелдей музыка, ән-күй, өлең-тақпақ болып келетін. Оларды астанадағы театр артистерін шақырып айтқызатын болған.«Еңбекші қазақ» күніне үш мезгіл: таңертең, түсте және кешке оқылатын. Әр оқылғанда шамамен бір сағатқа созылады.Қазақтың тұңғыш радиогазеті: «Еңбекші қазақ» осылайша бір жылға жуық шығып тұрды
6."Ауызша газеттің" тілін неге әдеби тіл дейтінін түсіндіріңіз.
Ауызша газеттердің өзіндік ерекшелігі тыңдаушылардың хабарды толық түсінуіне және өздерін қызықтырған сұраққа жауап алуына, аудиторияның қалыптасуына ықпал етті. М.Грублин өзінің “Түкпірдегі ауызша газет” деген мақаласында (“Нұсқаушы парақ”, 24, 1921) былай деп еске алады: "Сөйтіп “ауызша газеттің” бірінші нөмірі де жарыққа шықты. Бұл жұрттың бәрін елең еткізді. Келесі нөмірді шығаруға уездік партия комитетінің барлық мүшелері және көптеген жауапты қызметкерлер келді. Тыңдаудан өткізілген соң газет "мақұлданды". Бәрі де "ауызша" газеттің маңыздылығы мен қажеттілігін мойындады.Жергілікті жерден шыққан басқа да "ауызша" газеттердің артықшылығы – жергілікті сипатта болғандығы еді. Нақ осы жергілікті ауқым, бүкіл материалдың газет шығатын жерге, тыңдаушылардың белгілі бір құрамына бейімделуі "ауызша" газеттің бірінші және негізгі белгісі, сондай-ақ оның баспа газеттерден айырмашылығы болды. Баспа газеті ол кезде дерек туралы жалпы себептерді көрсетіп қана қоятын-ды. Жергілікті "ауызша" газет нақты және тек қана жергілікті себептерге тоқталады. Ең бір "сезімтал" тұсты қозғайды. Тыңдаушыны сұрақтар қоюға, өзіне-өзі талап қоюға еріксіз мәжбүр етеді. Хабарларды бір белгісі бойынша сұрыптайды. Одан соң апталық шағын шолу толықтырады, онда да материалдар жекелеген мәселелер бойынша топталып, соңынан сахналық қойылымдр көрсетіледі. Жалпы тәжірибе бойынша “ауызша” газеттің негізгі екі түрі қолданылды: бірінші түрі — дауыстап оқу. Халыққа баспа газеті жетпейтін жерде, сондай-ақ халықтың сауаттылығы төмен жағдайда газетті осылай оқуға тура келді. Мұндай оқу кезінде уақыт, орын, лайықты үй, арнайы оқушылар дайындалды, кәдімгі газет материалдары тыңдаушыларды жалықтырмайтындай және жылдам түсінілетіндей етіп өңделді.Ол тағы бір міндет атқарды: халықтың жергілікті топтарын "газет оқу шеңберіне" тартты және баспа газетінің жаңа, саналы да мұқият оқырманын даярлады.“Ауызша” газеттің екінші түрі – бұдан бөлек. Оны "ауызша" безендірілген журнал деп атаған дұрыс болар еді. Онда өткен оқиғаларға және күн тақырыбына сай безендіру бірінші орында тұрды: музыкалық және әдеби-драмалық безендірулер, суретті, сахналық, карикатуралық безендіру, саяси шарж, памфлет, фельетон, көкейтесті сатиралық әзіл-оспақ берілді. Газеттің өз материалы мұнда екінші орынға ығысты.“Ауызша” газет үгіт театрына, сатира театрына жақын тұрар еді. Сондықтан, бұл газеттің штатында суырып-салма жүргізуші, актер, декламатор, драматург, миниатюрист және куплетистер болды.“Ауызша” газет оқылмайды, тындалады. Оның мазмұны жеңіл, жұрттың бәріне түсінікті де ұғынықты болуы керек. Осыған байланысты, “ауызша” газеттегі хабарлама да баспа газетіне қарағанда басқаша беріледі. Ақпараттың ауқымдылығы шұбалаңқылық пен шамадан тыс көпсөзділікке апарып соғады. Ал “ауызша” газеттегі ақпарат ұғынықты болумен қатар ықшамды, қысқа, қарапайым келеді.“Ауызша” газет үшін ақпарат берудің ең жақсы формасы шолу еді. Біртекті, бытыраңқы, үзік-үзік телеграммалар мен заметкалар біртұтас байланысқан шолуға бірігеді. Мұндай шолудың басына шағын аннотация беріліп, одан кейін таңдап алынған деректі материал кетеді. Сонда хабарлама материал үгіт жүргізуші мақала болып шығады.