Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макфуза радио жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.45 Кб
Скачать

51. «Шалқар» радиосының хабарлары жайлы мағлұмат беру. Мысалдармен дәлелдеу.

«Шалқар» радиосы – радио қызметінің ақпараттар арнасы ғана емес, өнер өрісі болуы үшін қызмет етіп отырған арна. "Шалқар" – тек қана қазақ тілінде хабар тарататын форматты радио. Одан сәл-ақ бұрын ашылған, орыс халқының мақтанышына айналған "Маяк" радиосының ұлтына қызмет атқарғанына 45 жыл толғандығы ұлттық мереке ретінде тойланды. Ал, "Шалқар" болса нарықтың қыспағына шыдай алмай, бір кездері жабылып та қалды. Қазіргі кезде шағын ғана ұлтжанды ұжымның қызмет етуімен хабар беруде. Таңғы сағат 6-да жұмысын Қазақстан Республикасының Әнұранымен бастайтын арна күнделікті өз тыңдармандарына "Қайырлы таң" тілеп, шағын концерт береді. Сонан соң "Таңшолпан" атты таңертеңгілік көңілашар бағдарламасы өз жұмысын бастайды. Ол екі сағат бойы беріліп, көптеген мәселелер айтылып, әсем әуендермен өрнектеледі. "Атадан қалған асыл сөз", "Ұлылар өміріндегі арулар", "Біздің күнтізбе", "Жерұйық", "Қазақы түс жору", "Атакем айтады", "Шипа", "Қазақ кәделері", "Қазақ хандары мен билері", "Әйелдерге кеңес" сияқты толып жатқан хабарлар тақырыптары меңзеп тұрғандай, бес минуттың ішінде тыңдарманға қаншама мағлұмат береді. Ал, "Ашық әңгіме" айдарымен берілетін хабарда қоғамның білім беру, денсаулық, спорт, өнер, мәдениет, әлеуметтік мәселе сияқты салалары туралы сөз болады. Ұлттық музыка да "Халық композиторларының ән-күйлері", "Саз сиқыр", "Домбыра сазы", "Ән - әуен", "Халық музыкасы", "Ән - домбыра", "Туған жер әуендері", "Жас орындаушылар", "Ән - бесік", "Ақындар өлеңдеріне жазылған әндер", "Өткен жылдар әндері", "Алтын қор", "Қазақ эстрадасы" т.б. айдарлармен насихатталып отырады. Тек ресейлік, европалық әуендерді ғана пір тұтып, ұлттық музыканы мойындамайтын бағыт белең алып бара жатқан алмағайып кезеңде жастарға мұндай тәсілмен ұлттық мұраны ұсыну – қуанарлық жай. "Шалқар" сияқты бірнеше арна жұмыс істейтін болса, ұлттық мүдде әрқашан жоғары тұратын болса, тыңдармандар сұранысының ең жоғары рейтингіне қазақ тілді хабарлар ие болары сөзсіз.

52. Көрермен көңілінен шығатын жаңалық жасау тәсілдерін көрсетіңіз.

Көрермендердің көңілінен шығатын бағдарлама жасау үшін ең алдымен әр хабардың өз аудиториясы таңдалуы қажет. Ол үлкен зейнеткер ме жоқ әлде жасөспірім оқушы немесе студент пе деген секілді. Тыңдарман аудиториясы анықталған соң барып жас шамасына қарай адамның қызығушылығы анықталады. Яғни олар үшін қандай тақырып қызықты. Мысалы 18-25 жас аралығындағы жастар көбінесе сән әлеміне қызығып жатады. Яғни жаңа хабар жасау үшін алдымен аудиторияның жас шамасы анықталу қажет. Ал Аудитория дегеніміз - бұқаралық ақпарат кұралдарымен қарым-қатынаста болатын: ақпаратты тұтынатын, өңдеуге және бағалауға қатысатын қоғамның бір бөлшегі, тұрғындардың бір тобы болып табылады. Аудитория ұғымының сипаты кең, ол бірнеше қырынан қарастырылады. Ақпаратты тарату сипатына қарай электронды құрал, яғни телевизия, радио және Интернет аудиториясы, немесе баспасөз аудиториясы болып бөлінеді. Қамту аумағына қарай радио республикалық, облыстық, аудандық немесе қалалық және ішкі тораптық болып жіктеледі. Сол сияқты әр бағдарламаның, радиожурналдың, айдардың, радиостанцияның, тіпті жүргізушінің өз аудиториясы қалыптасады. Сонымен бірге әлеуметтік демографиялық белгілеріне қарай да аудитория белгілі бір сипаттарға ие болады. Мысалы, жастар аудиториясы, зейнеткерлерге арналған бағдарлама, діни бағдарламалар, әйелдер аудиториясы, неміс немесе кәріс тілді тыңдаушылар, әскери қызметкерлерге арналған топтама сияқты жіктеле береді. Тіпті соңғы жылдары әлемдік тәжірибеде ер мен әйелдер аудиториясын ажырату да бел алуда. Яғни, белгілі бір арнада әйелдердің сұраныстарына, қызығушылығына арналған хабарлар басым болады. Радиотыңдаушылардың табысына қарай бағытталған хабарлар, сол арқылы байлық пен кедейлікті ескеретін арналар да кездеседі. Сол сияқты кейбір станциялар тыңдармандардың өмір салтын, кәсібін де ескереді, өз бағдарламаларын үй шаруасындағыларға немесе автомобилистерге арнайды. Аудиторияның қызығушылығына қарай спорттық хабарлар және діни бағыттағы арналар да өміршеңдігін дәлелдеуде.Әрине, мұның бәрінде шарттылық басым, көбіне бір тыңдаушының өзі соның бірнешеуін қамтуы да мүмкін ғой. Көлік жүргізеді, спортты жақсы көреді, дінге сенеді, музыкаға да бейім дегендей. Дегенмен, социолог мамандар радиохабар өз аудиториясын мүмкіндігінше дәл анықтап, адресті жұмыс істесе, соғұрлым рейтингі жоғары болатындығын, пәрменділігі өсетіндігін дәлелдеп отыр. Бүгінгі ақпараттық тасқын жағдайында оны ескермесе тағы болмайды.