Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макфуза радио жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.45 Кб
Скачать

49. Қазақстандағы радиохабар тарату үрдістерін түсіндіріңіз.

Қоғамда ақпарат туралы өзгеше пікір, бұқаралық ақпарат құралдарына жаңа көзқарас қалыптасуда.БАҚ эволюциясын ақпараттық қоғамдағы өскелең сұраныстармен түсіндіруге болады.Ал, технологиялық төңкерістің қозғаушы күші Интернет желісінің дамып, кең тарауы және компьютерлердің есептеу қуаты шексіз өскендігі,бағдарламалардың кең ауқымдылығы болды. Интернет ақпарат өндіру ,тарату мен тұтынудың құнын едәуір арзандатып , коммуникациялық ландшафты түбегейлі өзгертті.Осыған байланысты журналистерге қазір қатаң талап қойылады.Жаңа ақпараттық технологиялар қысқа мерзім ішінде дүниежүзілік экономикалық саяси және мәдени ортаға зор ықпал етіп, күрделі өзгерістерге бастау болды. Дамыған елдерде ақпарттық қоғам құрудың берік негіздері қаланып, барлық алғышарттары түзілді.Ауқымды технологиялық өзгерістер әсер етпеген мемлекеттер жоқтың қасы.Өтпелі кезеңді бастан кешіріп егемендігін нығайтуға кіріскен Қазақстан да оған еркін араласып , өзінің ашық нарық саясаты мен инвестициялар таратуда, жаңалықтардың өндіріске енуіне кең жол ашуда. Алайда БАҚ-тың басым бөлігі орыс тілінде хабар таратады.Орыс тілді радиостанциялар басымдық танытады. Тілді дамыту жөніндегі бағдарламада эфирдегі мемлекеттік тілдің 50 пайыздан кем болмауы қарастырылған және біртіндеп жүзеге асып келеді. Қазақ радиосы ағылшын, неміс, кәріс, ұйғырғ әзірбайжан,татар, және түрік тілдерінде хабар таратып отырады.Ағылшын тілінде хабар таратудың маңызы зор.Өйткені ағылшын тілін меңгергендердің саны жыл сайын өсе түсуде.Тіпті осы тілдерде хабар тарататын жеке радиостанциялар ашылса, өз тыңдармандарын табар еді.Өйткені,дүниежүзіндегі хабар тарату үрдісі осылай дамуда, қазір шекарамен шектелуге болмайды, мүмкіндігінше ақпаратты еркін таратып, өз көзқарасың мен мүддеңді қорғауың қажет. Радиохабар тарату үрдістері: онлайн, радио жиілігімен, мұрағат арқылы.

50. Қазақстандық радиохабар таратудың қазіргі жайын анықтаңыз

Соңғы жылдары ешқандай ақпарат құралы дәл радиодай өзгеріске түскен жоқ.Кейінгі 15 жылдай уақыт бойы радио тек дамумен келеді. Формат, пішін, стиль мен мазмұн ,мән дегендердің өзгергені радиоарналардың көбейгені соншалықты ақпарат тасқынына толас жоқ.Радионың бұлай дамуына көптеген тарихи әлеуметтік факторлар әсер етіп отыр:

-халықтың жедел өсуі;

-урбанизация және білім деңгейінің көтерілуі;

-міндеті, қызметі азайғанына, жекеменшіктің дамуына байланысты адамдардың бос уақытының көбеюі; басқа региондар мен қатынас жақсарғынына байланысты өзге халықтардың ұлттық этникалық ерекшеліктерге қызығушылығы артуда.

Ұлттық мәдениетке, тарихқа назар аударылуда. Басқа БАҚ-тың көбеюі( теледидар, баспасөз, интернет, кино,т.б)

Қазақстанда форматты радио деген атаудың пайда болып, дами бастағанына біршама жыл өтті. Алайда, форматты радионың жұмыс істеу принциптері, ерекшеліктері, пішіндері, әдіс-тәсілдері, мақсат-міндеттері әлі зерттелінбеген журналистика ғылымының бір саласы болып табылады. Қазіргі заманғы тек ақпарат беру, көңіл көтеру сияқты міндеттерді бетке алған радиоарналар саласы көбейіп отыр. БҰл жағдай тек радиоға қатысты емес, телевизия, баспасөзде де көбірек байқалуда. Осындай алғышарттардан кейін белгілі бір аудиторияның мақсаты талап тілегі үшін форматты радиолар шыға бастады. Бүкіл елді хабармен қамту, бір типтік хабарларды тыңдауға шақыру бұрынғы радиостанциялар қызметін көрсетсе кейінгі кездердегі көптеген радиоарналар коммерциялық радиолар шағын топтарға немесе бір көзқарастағы адамдар яки бір бағыттағы аудиторияға арнап хабар тарататын болды. Міне осындай хабар тарату тәсілдерін радиожурналистер теоретиктері алғашқысын көлденең бағдарламалы соңғысын тік бағдарламалы деп атап жүр. Яғни тік бағдарламалы арнаны формат деп атау да дәстүрге енді. Қазақстандағы форматты радиолар даму үстінде. Алайда, ол радиоларға біртекті анықтама да қалыптаспаған. Дегенмен, шетелдік радиолар тәжірибесіне сүйене отырып эфирді жаңалау үстінде. Жалпы радио бизнестің шарықтау шегіне жеткен адам психологиясын меңгерудің небір қыр-сырларын меңгерген Американдық радиожурналистер эфирді табыс көзіне айналдырып отыр. Қазақстан әуе кеңістігінде жұмыс істеп отырған, «NS», «Русское радио», «31 радио», «Еуропа плюсь», «Hit FM», «Авторадио» т.б. көптеген радиолар формат талаптарымен әуе кеңістігіне шығып отыр. Олардың музыканы қолданудағы ерекшеліктері, ақпарат беру тәсілдері, тыңдармандарды тарту жолдары, өзін-өзі жарнамалау әдістері , түрлі шолулардың , тапқырдық ұйымдардың ұйымдастырылуы , жарнамалық сюжеттердің мәні т.б. көптеген жаңартылған пішіндері қолданылуда. Олардың ең басты мақсаттары –тыңдарман аудиториясын молайту яки болашақ бизнес көздерін өқрау, жарнама берушілер қатарын көбейту.