Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макфуза радио жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.45 Кб
Скачать

46. Радио аудиториясы және радиохабар таратудың экономикалық негізін дәлелде.

Аудитория дегеніміз - бұқаралық ақпарат кұралдарымен қарым-қатынаста болатын: ақпаратты тұтынатын, өңдеуге және бағалауға қатысатын қоғамның бір бөлшегі, тұрғындардың бір тобы болып табылады. Аудитория ұғымының сипаты кең, ол бірнеше қырынан қарастырылады. Ақпаратты тарату сипатына қарай электронды құрал, яғни телевизия, радио және Интернет аудиториясы, немесе баспасөз аудиториясы болып бөлінеді. Қамту аумағына қарай радио республикалық, облыстық, аудандық немесе қалалық және ішкі тораптық болып жіктеледі. Сол сияқты әр бағдарламаның, радиожурналдың, айдардың, радиостанцияның, тіпті жүргізушінің өз аудиториясы қалыптасады. Сонымен бірге әлеуметтік демографиялық белгілеріне қарай да аудитория белгілі бір сипаттарға ие болады. Мысалы, жастар аудиториясы, зейнеткерлерге арналған бағдарлама, діни бағдарламалар, әйелдер аудиториясы, неміс немесе кәріс тілді тыңдаушылар, әскери қызметкерлерге арналған топтама сияқты жіктеле береді. Тіпті соңғы жылдары әлемдік тәжірибеде ер мен әйелдер аудиториясын ажырату да бел алуда. Яғни, белгілі бір арнада әйелдердің сұраныстарына, қызығушылығына арналған хабарлар басым болады. Радиотыңдаушылардың табысына қарай бағытталған хабарлар, сол арқылы байлық пен кедейлікті ескеретін арналар да кездеседі. Сол сияқты кейбір станциялар тыңдармандардың өмір салтын, кәсібін де ескереді, өз бағдарламаларын үй шаруасындағыларға немесе автомобилистерге арнайды. Аудиторияның қызығушылығына қарай спорттық хабарлар және діни бағыттағы арналар да өміршеңдігін дәлелдеуде.

Радио - толыққанды бизнес көзі. Қазір негізінен барлық радиостанциялар жекеменшік объектісі және нарық заңдылықтарына бағынады. Яғни, кез келген арна шығынсыз жұмыс істеуге жұмылған, өз қажеттерін толық өтеп еңбек етуге, өз өнімін сатуға бейімделген. Бәсекелестікке бейімделуіне қарай пайда да тауып жатыр.

Радионың табыс көздері: құрылтайшының инвестициялық қаражаты, жарнамадан және түрлі ақылы қызметтер көрсетуден түскен табыс. Негізгі шығын көздері: радиоүйін ұстау немесе жалға алу, техника мен жабдықтар сатып алу және солардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету, өндірістік шығындар, жалақы қоры және қаламақы, музыка сатып алу, авторлық құқықты өтеу, радиокүшейткіштердің тарату шығындары, инженерлік-техникалық қызметтер, көлік, байланыс, сақтандыру және салықтар.

қажыр-қайрат жұмсар сала - жарнама бизнесі. Әлемдік БАҚ-тың мақтаны да, қызғанышы да, тайталасы да, табыспен қатар құлдырауы да осы ұғымға әкеп тірейтін көрінеді. Олар үшін ақпарат пен жарнама тек ұғым, жарнаманың өтімділігі үшін де ақпараттың жедел, қызықты, тартымды болуы тиіс.

47.Бір радиожурналистің шығармашылық шеберханасын мысалдармен талдау.

Ұзақ жылдар қазақ теледидары мен радиосында өнімді еңбек етіп, ел есінде қаларлықтай талай хабарлардың авторы болған қаламгер, тәжірибелі журналист ретінде де қазақ журналистикасына қызмет етіп жүрген бірнеше буынға ұстаз бола білді. Өмірінің соңына дейін қаламы қолынан түспеген Дүйсенбек Қанатбаев 1940 жылы 27 қазанда Түрікменстанның Красноводск ауданы Сүмен ауылында ту­ған. Орта мектепті бітірген соң медици­­на училищесін тамамдап, фельдшерлік қызмет атқарған. Алайда сол кездегі жас дарын Дүйсенбектің әдебиетке деген ынтасының қуаты оны рухани кеңістікке жетелей берді. Ақыры әдебиет пен өнерге ден қойған ол Қазақ мемлекеттік уни­вер­ситетінің философия факультетін бітіріп, 1965-1973 жылдары республика­лық те­ле­дидарда аға редактор, 1973-1978 жыл­дары «Жазушы» баспасында редактор қыз­метін атқарады. Талғам мен таланты ерте байқалған жас қаламгер осылайша қа­зақ руханиятында өз орнын айқындай бас­тайды. Шығармашылық-ұйымдастыру­шы­лық жұмыстарға белсене араласып жү­ріп, ол 1978-1982 жылдар аралығында «Қа­­зақфильм» киностудиясында бас ре­дак­торлық қызмет атқарады. Кейін «Жазу­шы» баспасына қайта оралып, сонда бөлім мең­герушісі болады. Бұдан соң республи­ка­лық радиода әдебиет, мәдениет және өнер бөлімінің бас редакторы қызметін ат­қарған. Соңғы жылдары «Қазақстан» теле­ар­насы мен Қазақ радиосында авторлық жо­баларын жүзеге асырып, өмірден ерте оз­ған тұғырлы тұлғалар жайында, әдебиет пен өнер турасында бірнеше тамаша ха­барлар жүргізді. «Адыраспан», «Адай» деп аталатын алғашқы өлеңдері сонау 1960 жылдардың басынан бастап жарық көріп, қазақ өлеңінде өз қолтаңбасын қалдырған Дүйсенбек ақынның «Жазира», «Жол ба­сы», «Серпер», «Аспан асты, жер үсті», «Таң­ның атысы, күннің батысы», «Жатаған ымырт, биік таң» деп аталатын 15-тен астам кітаптары жарық көрген. Өлеңдері орыс, түрікмен, әзірбайжан, башқұрт, ук­раин тілдеріне аударылып, алыс-жақын шетелдерде де лайықты бағасын алған. Ақындық пен журналистиканы қатар алып жүрген ол аударма саласында да сүбелі еңбектер жасады. Дүйсенбек Қанатбаев әлемдік әдебиеттің классикалық үлгілері саналатын жауһарлардың ішінен Мақтым­құ­лыны, Франческо Петрарканы, Саят-Нова­ны, Лермонтовты тәржімалады. Со­ны­мен қатар кезінде түрлі саяси тартыс­тар­ға өзек болған түрікменбашы Сапар­мұ­рат Ниязовтың «Рухнама» кітабын қазақ ті­ліне аударған. Осы аудармаларының ішін­дегі ең бір шоқтығы биігі – шығыстың ұлы ақындарының бірі, түрікмен халқының да­нышпан ұлы, сөз зергері Мақтымқұлы Фра­гидің жыр мұрасының қазақ тіліндегі аудар­масы болды. Өмірде барынша қарапайым әрі шын­шыл, әдебиетке адал қызмет еткен қалам­гер азамат Дүйсенбек Қанатбаевты соңғы са­парға шығарып салу рәсімі кеше Қазақ­стан Жазушылар одағының ғимаратында өтті. Алаштың аяулы перзентінің денесі қа­зақтың арда туған азаматтары жерленген Кең­сайдан орын тапты. Осылайша тағы бір қа­ламгеріміздің екінші мәңгілік ғұмыры бас­талып кетті... Туған топырағынан екі елі ажы­рамайтын, адыраспан жырдың құнары мен қасиетінен нәр алып өскен көрнекті ақын, шебер журналист Дүйсен­бек Қанат­баев­тың бай әдеби мұрасы хал­қымыздың рухани қазынасын толықтырып, әлі де талай ұрпақтың игілігіне жарай­тыны­на кәміл сенеміз.