Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макфуза радио жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.45 Кб
Скачать

44. Радиожурналистика жанрлары мен пішіндерінің эволюциясын сараптаңыз.

Радиожурналистиканың жанрлары радиогазет шеңберінде дамыды. Жалпы газет жанрлары радиоға өзінің бастапқы күйінде емес, бірқатар аралық буындар арқылы келді. Жанрлар радиогазетте радиоға бейімделу процесін бастап, қарқынды түрде дамыды. Сөйтіп, газет жанрлары дыбыстық сипат алып радиожурналистика жанрларына айналды.

Қазақ радиохабарларындағы радиогазеттер біршама уақыт өмір сүрді, сол кезде олар хабарламалық және насихаттық хабарлардың негізгі түрі болып есептелді. Сол уакыт аралығында көптеген өзгерістерге ұшырай отырып, радиожурналистика жанрларының эволюциясын бейнеледі. Қазақ радиогазеттерінде дыбысты журналистика негізінен газет жанрларын ауызша жеткізуге және қабылдауға бейімделу жолымен дамыды. Радио қызметкерлері 1930-1940 жылдары ақпараттық хабарлар, газет мақалаларынан бастап, баспа мәтіндерін дайындау дағдыларын игерді. Соның нәтижесінде, сөйлемдердің құрылымын жеңілдетуді, сандық мәліметтерді қысқартуды және қабылдауға қиын сөздерді азайтуды, халықтың бейнелі сөз тіркестері бар сөйлеу тілінің элементтерін, әдеби тіл нормаларын пайдалануды, ресми ақпараттарды әдеби, музыкалық хабарлармен алма-кезек беруді көздеді. Сол жылдары радиохабарының негізгі пішіндері: радиогазеттер, радиожурналдар, баяндамалар, лекциялар, консультациялар, радиотыңдаушылардың сұрақтарына жауаптар, диспуттардан, концерттерден, спектакльдерден берілетін хабарлар, радиомитингілер, радиоүндесулер, радиожиналыстар, радиоуниверситеттер, ал радиожурналистиканың негізгі жанрлары: ақпарат, хроника, әңгіме, сөйленген сөз (выступление), комментарий, корреспонденция, очерк, фельетон, шолу, ішінара сұхбат және репортаж болды.

Тарихи дамуды ескере отырып, радиожурналистика жанрларын мынадай үш топқа бөлуге болады.

а)Газеттен келген жанрлар (қысқаша ақпараттар).

ә)Радионың ерекшелігіне бейімделген газет жанрлары (радиолекциялар).

б)Радионың өзіне тән ерекше жанрлар (репортаж, сұхбат, әңгіме).

Радиожурналистика жанрларының өзіндік ерекшеліктері радионың бейнелеуші құралдарынан келіп туындайды. Олар: жанды сөз (оны пайдалану әдісі; монолог пен диалог), дыбыстық дерек (өмір шындығының дыбыстық көшірмесі), музыка (радиохабардың әуенмен әрленіп, сазбен көмкерілуі, монтаж) сөз, музыка, дыбыс эффектілерінің астастырылып, көркемдік деңгейге жетуі.

45.Қазіргі форматтық радиохабар тарату, мысалдармен дәлелдеу.

Бұқаралық ақпарат құралдары халықтың айнасы тәрізді. Ол мемлекеттің тыныс-тіршілігінен, мәдениет, әдебиетінен, тарихы мен салт-дәстүрінен, тілінен, дінінен т.б. хабардар етеді. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сол елдің, халықтың бет-бейнесімен танысуға, өзіндік пікір қалыптастыруға болады. Ондай ақпараттық ұйымдар мемлекеттік дәрежеден басталып, шағын елді-мекендік дәрежеге дейін жұмыс істей береді. Әрине, баспасөз де сол елдің әлеуметтік, тарихи, демографиялық жағдайларына байланысты қалыптасады. Халықаралық эфирде 160-тан астам елдің радиостудиялары жұмыс істейді. Олардың тыңдарман саны 200 миллионнан асатынын социологиялық институттар анықтаған.

Қазақстанда 115 телерадио арналары жұмыс істейді. Олардың бәрі атқаратын қызметіне орай мемлекеттік, жеке меншік, коммерциялық, аралас болып бөлінеді. Ұстанған бағыттарына орай тәуелді, тәуелсіз болып та аталады.

Мемлекеттік арналар деген - үкімет идеологиясын насихаттайтын, мемлекет бюджетінен қаржыландырылатын, тәуелді арна. «Әр жұрт, әр мемлекет мәдениет майданында ілгері-кейінгінің қатасыз бір өлшеуіші – баспасөзі болады. Қай жұрттың баспасөзі күшті болса, сол жұрттың өзі де күшті, өзі де өнерлі екендігі көрінеді», - деген Міржақып Дулатов пікірі, әсіресе электронды бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты айтылған сияқты. Өйткені, дүние жүзіне ақпарат алмастыратын, елді, мемлекетті таныстыратын осы электорнды БАҚ.

Радиохабар тарату құрылымына орай – республикалық, облыстық, қалалық, аймақтық, аумақтық болып бөлінеді. Халықаралық, республикалық арналар республика көлеміндегі болып жатқан жаңалықтарды, оқиғаларды қамтып, өз хабарларын Қазақстан аумағына таратады. Облыстық арналардың хабарлары тек өздері қамтитын облыстық аумаққа таралатын болса, қалалық арналар қала көлемінде ғана хабар таратады. Ал, аймақтық арналар бірнеше облыс аумағын қамтиды.

Алты миллионнан астам тыңдарманы бар Қазақ радиосы 101 – FM жиілігінен беріледі және заман талабына орай қызмет істеуде. Радионың ішкі құрылымы да, хабар тарату бағыттары да тәуелсіз Қазақстанның даму тенденцияларына қарай өзгеріске түскен. Қазақ радиосының редакциялары хабарлар барысына орай құрылған. Ақпараттар бас редакциясы, әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясы, музыкалық хабарлар бас редакциясы, насихаттық хабарлар бас редакциясы, балалар мен жасөспірімдер және жастарға арналған хабарлар бас редакциясы болып бөлініп келді. Бөлімдердің ішінде хабарлардың түрлеріне қарай да журналистер топтары жұмыс істейді. Мысалы, ақпараттық хабарлар бас редакциясының ішінде қоғамдық-саяси хабарлар, халықаралық хабарлар бөлімдері бар. Республикалық радиохабарлары жоспарлы түрде жүргізіледі. Алдымен тақырыптық жоспарлауға тоқталсақ: бұл күнтізбедегі айтулы күндерге, тарихи оқиғаларға, кезеңдерге байланысты жасалатын жоспарлар. Оның жасалу жолдары мынандай: алдымен күндік, апталық, айлық межелер белгіленеді, яғни хабарлар сеткасы жасалады. Онда жанрлық-тақырыптық айдарлардың күні, сағаты көрсетіледі. Бұл көбінесе тұрақты, жүйелі. Келесі кезекте осы хабарлар сеткасы толтырылады. Алдымен жалпы халықтық мерекелер, атаулы жас мөлшеріне келген қоғамның біртуар азаматтарының туған күндері т.б. жайлар ескеріледі. Мысалы, Наурыз мерекесі, Конституция күні, Ұландар күні немесе Сайлау күні сияқты қоғамдық-саяси шаралар да жазылады. Мысалы, «Мүсінші Наурызбаевтың 80-жылдығына орай ұйымдастырылған сұхбат 20 сағат 30 минутта”, немесе “ Конституция күніне арналған саясаткер Қ. Сұлтановтың әңгімесі”, “Наурыз мерекесіне арналған жайна, жаса Наурыз” атты радиокомпозиция т.б. сияқты жанрлық-тақырыптық хабарлар легі өз ретімен орналастырылып, эфирлік хабарлар алдын-ала дайындалып қойылады.