Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макфуза радио жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.45 Кб
Скачать

3.Түрік роста пайдаланған насихат жұмысының формасы ауызша газет болғанын дәлелдеңіз.

Қазақ радиожурналистикасының пайда болуы дамуы, нақты қызмет көрсетуі, хабарлар таратуы, тікелей РОСТАНЫҢ жұмысымен байланысты өрбіді. Патшалық Ресей саясатының ықпалымен Қазақ даласында Түрік РОСТАНЫҢ құрылуы үлкен жаңалық болды.Сол тұста үстемдік еткен қоғам көсемі В.И.Ленин Шығыс халықтары арасындағы үгіт-насихаттың рөлін күшейту жөнінде нұсқаулық беріп,радионың даму жолына жол ашты.Сол себептен де Түрік РОСТА-ның міндеттері арта түсіп, радиохабарлары кең қанат жайды.Ресейдегі радиоқозғалыс ұлғайған сайын Түрік РОСТА-ның қызметі де жандана түсті.Алғашқы РОСТА радиогазеті 1924 жылдың 24 қарашасында эфирге шықты. 1928 жылдың ортасына қарай 80 радиогазет, 1930 жылы- 300-дей, бұдан басқа фабрика-заводтан-179, колхоздан-100 деген радиогазетер 29 халық тілінде шығып тұрды,-деген деректер келтірілген еді. Әуе толқынында Қазақ радиосы атты еңбекте. Түркістанды журналист кадрлармен қамтамасыз етудегі жүргізген жұмысты сараптап, үш аспектіге бөлуге болады: біріншіден, үкімет органдары өлке халқының дәстүрі мен тілін білетін, журналистік тәжірибесі мол өз өкілдерін жіберді; екіншіден, алдыңғы қатарлы ұлттық интеллигенция өкілдерін баспасөз органдарын құруға қатыстырды; үшіншіден, журналист кадрларының мамандығын көтеру мақсатымен кәсіби оқуға көңіл бөлді.

ТүркРОСТА-ның радиоқабылдағыштары бар барлық атқару комитеттеріне қысқартылған радиожаршы жаздырып алуды және атқару комитеті үйіне арнайы тақтаға соңғы күн жаңалықтарынан жалпылама мағлұмат беретін ақпарат ілінуін міндеттеген қаулының қабылдануы баспасөз ісі нашар дамыған шалғайдағы Түркістанда "Плакатты жаршының" тууына жеткізді. Сонымен қатар қысқартылған жаршыны өзбек және қазақ тілдерінде беру туралы да шешім болды.

ТүркРОСТА журналистері пайдаланған насихат жұмысының тағы бір түрі "ауызша" және "жарық" газеттерінің пайда болуы – қағаз тапшылығы, транспорт жайының нашарлығы, ең бастысы – қалың бұқараның қаріп танымаушылығы салдарынан еді. Ауызша газеттердің өзіндік ерекшелігі тыңдаушылардың хабарды толық түсінуіне және өздерін қызықтырған сұраққа жауап алуына, аудиторияның қалыптасуына ықпал етті.

ТүркРОСТА репортерлері жұмысындағы басты міндет – тыңдаушыға ақиқат фактіні жеткізу, шыншыл хабар беру болатын. Жұртты жаңылдыратын материалдан гөрі тексеруден өткен дүниені тарату негізгі принципке айналды. Өйткені Телеграф Агенттігі өзінің ақпарат алу қызметінде жиі ағаттық жіберіп алуына байланысты, РОСТА беделіне нұқсан келтірмеу үшін мұндай принципті ұстау орынды да еді.

4.Қазақстанда хабардың тұрақты беріле бастауы қай жылдан екенін айтыңыз және неліктен олай болғанын дәлелдеңіз.

«Қазақ АКСР Халық комиссарлар Кеңесінің 1921 жылғы 29 қыркүйектегі шешімінің республикалық радионың дүниеге келуіне тікелей әсері болды. Онда Орынбордағы радиостанция арқылы күн сайын 1600 сөзден тұратын өздері дайындаған радиобюллетеньді республикаға таратуға құқық берілді. Бұл республика әуе толқыны арқылы көпшілікке арналып берілген алғашқы радио хабарлары еді»,- деп түсініктеме берілген Қазақ радиосының 80 жылдығына арналған «Әуе толқынында – Қазақ радиосы» деген еңбекте. Міне, ғылыми жүйеленген, тиянақты зерттеу қорытындысы бойынша айтылған осы пікір Қазақ радиосының тарихи бастау алған күнін белгілейді.

90 жылға жуық тарихы бар Қазақ радиожурналистикасы жақсы зерттелген, жүйелі мектебі қалыптасқан ғылым деп те айта аламыз. Әр жылдары зерттеушілер: Р. Сағымбеков, М. Барманқұлов, С. Қозыбаев, Н. Омашев бұған өзіндік үлесін қосты. Қазақ журналистикасын зерттеушілер: Б. Кенжебаев, Қ. Бекхожин, Т. Амандосов, Т. Қожакеевтер радиоға қатысты да тұжырымдар айтқан. Әсіресе, осы оқулық авторы Қазақ радиожурналистикасын зерттеуде айтарлықтай еңбектенді. Ол радиофельетонды теориялық тұрғыда талдап, ғылыми айналымға алғаш рет қосты. “Қазақ радиожурналистикасы” атты монографиясында елімізде радиохабар тарату ісінің қалыптасуы мен дамуын тарихи деректер негізінде жүйелеп, кезеңдерін айқындап, жанрлар мен пішіндер эволюциясын көрсетіп береді. Бұл еңбек радиожурналистика ғылымындағы іргелі концептуальды дүние ретінде тиісті бағасын алды. Соңғы жылдары ол жаңа деректер негізінде Қазақ радиохабарын бұрынғыша 1931 жылдан емес, 1921 жылдан хабар тарата бастаған Орынбордағы өлкелік радиостанциядан бастау алатындығын дәлелдеп шықты.

Тәуелсіздік жылдары радиожурналистиканы зерттеу ісі жаңаша сипатқа ие болды. Егемен Қазақстанда радио дамуында болған іргелі өзгерістермен қоса, оқулық авторының төрағалығымен 10.01.10-журналистика мамандығы бойынша Диссертациялық кеңестің ашылып, жұмыс істеуі де тың серпін берді. Радиожурналистика проблемалары, теориясы мен тәжірибесі тиянақты зерттеле бастады. Аталған ғалымның жетекшілігімен ізденушілер: А. Бейсенқұлов радиохабар таратудағы технологияның ықпалын, Р. Бегімтаева қазақ тілінде хабар тарататын шетелдік радиостанцияларды, К. Қабылғазина Қазақ радиосы тарихының бір кезеңін, С. Велитченко форматтық принциптерді, Т. Көпбаев Қазақ радиодраматургиясы табиғаты мен ұлттық сипатын, Ж. Әбдіжәділқызы тікелей эфир табиғаты мен кәсіби шеберлік мәселелерін, О. Ошанова әдеби-драмалық хабарлар дамуын зерттеп, ғылыми айналымға енгізді. Сөйтіп, ғылымда жаңа бағыттар дүниеге келіп, тың ойлар айтыла бастады, радиожурналистика ғылымы сала-сала бойынша дами түсті, болашақ зерттеулер үшін жаңа тақырыптар айқындалды.