
- •Радио туралы ілімнің Қазақстанда жүзеге асуына белсене араласқан қайраткер кім және оның еңбегін дәлелдеңіз.
- •2.Қазақ жеріндегі алғашқы радиостанция қайда, қай жылдары жұмыс істегенін дәлелдеңіз.
- •3.Түрік роста пайдаланған насихат жұмысының формасы ауызша газет болғанын дәлелдеңіз.
- •4.Қазақстанда хабардың тұрақты беріле бастауы қай жылдан екенін айтыңыз және неліктен олай болғанын дәлелдеңіз.
- •5. Қазақ тілінде берілген алғашқы радиогазеттің "Еңбекші Қазақ" екеніне дәлелдер айтыңыз.
- •6."Ауызша газеттің" тілін неге әдеби тіл дейтінін түсіндіріңіз.
- •6. 1931 Жылы Қазақстанда құрылған комитет қалай аталды және оның қазіргі таңдағы рөлін қандай екенін дәлелдеңіз.
- •7.Роста-ның өлкелік бөлімшесі не үшін КирРоста болғанына мысал келтіріңіз.
- •8.Қазақ радиокамитетінің алғашқы төрағасы кім екенін анықтаңыз.
- •9. Шалқар бағдарламасы қай жылы ашылды және қалай жұмыс істегеніне мысалдар келтіріп дәлеледеңіз.
- •10. Радиогазетті алмастырған редакция не үшін "соңғы хабарлар" болғанына анықтама беріңіз.
- •11. Радиохабарының өте танымал жанры репортаж екеніне мысалдар келтіріңіз.
- •12. Қазақ радиосының жастарға арналған танымал болған бағдарламасы қандай еді?
- •13. Қазақ радиосынан берілген студенттік бағдарлама қандай, оның қызметін бағалаңыз.
- •14. Реверберация дегеніміз не? Тәжірибеде қолданылуын мысалдармен дәлелдеңіз
- •15. Қазақ радиосынан берілетін таңертеңгілік бағдарлама қалай аталады және қызметін бағалаңыз
- •16.Радиохабардың қоғамдық мәнін анықтаңыз
- •17.Бұқаралық ақпарат құралы ретінде радионың табиғаты сипаттаңыз
- •19.Радионың қоғамдағы мүмкіндігін сипаттаңыз
- •20.Радио ең жедел, икемді, әрі аз шығынмен жұмыс істейтін бұқаралық құрал екендігін мысалдармен дәлелдеу.
- •21.Радионың ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңіз
- •22.Радионың тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығын мысалдармен дәлелдеу.
- •23.Радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатын қабілетін мысалдармен дәлелдеу
- •24.Радиохабардың акустикалық табиғатын сипаттаңыз
- •25.Радиохабардағы сценарийлық жобаның маңызына мысалдар келтіру
- •26.Радиохабары – дыбыс өнері екендігін мысалдармен дәлелдеу
- •27.Радиоаудитория ықыласын игерудің кезеңдері, мысал келтіру.
- •28.Радиохабардың бейнелеу құралдарын сипаттаңыз.
- •30. Радионың тарихына шолу, деректі мысалдар арқылы дәлелдеу.
- •30. Қазақ радиосының алғашқы хабарларына мағлұмат беріңіз
- •32. Радионың басқа ақпарат құралдарымен өзара байланысын анықтаңыз.
- •33. Дәстүрлі бақ пен радио арасындағы байланыстарды зерделеу.
- •34. Бүгінгі бақ-тың аумақтық аудиториясындағы қайшылықтарды анықтаңыз.
- •35. Радиохабар таратудың міндеттерін саралаңыз.
- •36. Радионың ақпараттық міндетін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •37. Радионың демалыстық міндеттерін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •38. Радионың ағартушылық қырын айқындаңыз.
- •39. Табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдарға мысал келтіріңіз.
- •40. Сөздің әсер ету күші. Сөздің оқу мақамы, екпіндердің дұрыс қойылуы, тыныс алудың реттілігін мысалмен дәлелдеу.
- •41.Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктерін атаңыз.
- •42. Музыка мен шулардың хабардағы рөлін мысалдармен дәлелдеу.
- •44. Радиожурналистика жанрлары мен пішіндерінің эволюциясын сараптаңыз.
- •45.Қазіргі форматтық радиохабар тарату, мысалдармен дәлелдеу.
- •46. Радио аудиториясы және радиохабар таратудың экономикалық негізін дәлелде.
- •47.Бір радиожурналистің шығармашылық шеберханасын мысалдармен талдау.
- •48. Аудиторияны зерттеу әдістерін сипаттаңыз.
- •49. Қазақстандағы радиохабар тарату үрдістерін түсіндіріңіз.
- •50. Қазақстандық радиохабар таратудың қазіргі жайын анықтаңыз
- •51. «Шалқар» радиосының хабарлары жайлы мағлұмат беру. Мысалдармен дәлелдеу.
- •52. Көрермен көңілінен шығатын жаңалық жасау тәсілдерін көрсетіңіз.
- •53. Ақпаратты алуда кездесетін қиындықтарға мысал келтіріңіз.
- •54.Журналистер құқығы бұзылуы дегенді қалай түсінесіз?
- •55. Журналист ақпарат беруді неден бастауы керек екенін дәлелде .
- •56.Жаңалықтардағы тақырып мәселесі жөнінде пікір білдіріңіз
- •62.Ойлануға итермелейтін сұрақтар
- •63.Ақпарат алудағы журналист шеберлігіне мысалдар
- •64.Қазақ радиосындағы жастар бағдарламаларына пікір айтыңыз
- •65.Қазақ радиосындағы әдеби хабарларға пікір айтыңыз
37. Радионың демалыстық міндеттерін мысалдармен дәлелдеңіз.
Радионың демалдыру-ойын-сауықтық міндеттері қазір алдыңғы қатарға шығып отыр. Көп радиостанциялар музыкалы, ойын-сауықтық форматта жұмыс істейді және ол заңды да. Радио көбіне жеңіл ақпаратпен көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, сөйтіп, тыңдармандардың демалуға деген сұранысын қанағаттандырады. Осы мақсатта түрлі ойындар ойналады, жүлделер үшін сұраққа жауап береді, музыкалық жұмбақтар шешіледі, бірін-бірі құттықтап, қуаныш сыйлайды, күлдіргі әңгімелер айтып, жарысады, өмірдегі қызықты жайларды әңгімелейді. Сол сияқты түрлі музыкалық кештер мен концерттерден жазылып алынған хабарлар әуе толқынына да жолдама алады. Хабарлардың ендігі бір тобы әзіл-қалжыңға құрылады, түрлі әңгімелер мен актерлік көріністер сөз арқылы сомдалады.
Көбіне, ойын-сауықтық хабарлар журналистика талаптарына толық жауап бере алмайды, сондықтан оның аралық сипатына назар аударамыз. Яғни, мұнда көпшілік мәдениет, шоу-бизнес, эстрада мен әзіл-сықақ театрлары элементтері басым түсіп жатады. Оны жүргізушілерден журналистік қабілеттен гөрі, әртістік және коммуникабельділік талап етіледі. Дегенмен, радиотыңдармандар қатарын көбейту үшін әртүрлі аудиторияның талаптарын ескеріп, эфир кестесін түрлендіру, қажетті ақпаратты таратып отыруға да көңіл бөлген жөн.
38. Радионың ағартушылық қырын айқындаңыз.
Радио қай уақытта болмасын білім мен таным көзі, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін тарататын тиімді құрал. Сондықтан оның ағартушылық міндетін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақ даласында жаппай сауаттылыққа жол салған, ұлттық інжу-маржандарымызды насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізген радио екендігін, ұлттық кадрлар мен зиялы қауымның өсуіне ықпал еткен күш болғандығын ұмытпаймыз. Қазір де оның ағартушылық міндеті шексіз, әсіресе орталықтан алыс елді мекендерге кітаптар, газет-журналдар уақтылы жетпейді, телехабарлар тарамайды. Ал, радионың таралу ауқымы әлдеқайда кең.
39. Табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдарға мысал келтіріңіз.
Радионың бейнелеуші құралдары бір-бірімен тығыз байланысқан екі топқа бөлінеді. Біріншісіне тұрақты, сандық өзгерістерге ұшырамайтын, дыбыстық материалдар жатады: сөз, музыка, шулар. Екіншісі – студиядан тыс жазылған деректі жазбалар. Бұлар табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдар деп аталады.
Табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдар – өзгеріске ұшырайтын, өзіңе қолайлы, әрі ыңғайлы етіп қолдануға болатын, радиожурналистің шығармашылық қажеттілігіне тәуелді техникалық немесе стиль қалыптастырушы бейнелеуші құралдар, яғни монтаж бен дыбыс құүрастырудың техникалық тәсілдері. Ең алдымен дыбыс құрудың өзіндік әдіс-тәсілдеріне тоқталамыз: бірінші – реверберация, яғни дыбысжазу процесінде басқару тетігінің көмегімен журналист дауыстың және болған оқиға туралы жазбаның дыбысталуына қосымша әр береді, әрі жаңғырық қосады. Бұл тәсіл тыңдаушының ынтасын, назарын кейіпкердің сөзіне, журналистің сөз қолданысына аударту және оқиғаның дыбыстық бейнесін айшықтау мақсатында қолданылады.
Екінші – “Буратино” тәсілі. Бұл тәсілді бейнелеуші құрал ретінде ашқан режиссер Роза Иоффе. Магнитафон таспасын жылдам немесе баяу айналдыру арқылы техникалық бракты тиімді көркем тәсілге айналдыру туралы жаңалық Алтын кілт немесе Буратиноның басынан кешкендері атты балаларға арналған радиоспектакльде алғаш қолданылды. Осы аталған тәсілдің көмегімен ағаш адамның құлаққа жағымды с?здері, Қарабастың жуан дауыспен айтылған сөздері, қуыршақ артистердің жіңішке дауыстары, дуэттер, квартеттер құрылды, ең бастысы мұның бәрі бір ғана актердің дауысын әр қырынан құбылтудың жемісі еді.
Үшінші – дыбыстық мизансцена. Эфирде сөз болып жатқан әңгімеге қатысушы адамдарға микрофонды ұсынудың, бағыттаудың тәсілдері. Микрофонды барлық адамдардың сөзі бірдеңгейде естілуі жағдайында орнату және қолдан-қолға ұсыну, жақындату немесе алыстату, яғни оқиғаның жалпылық мәнін ашу үшін қолдану әдісі. Керісінше микрофонды тек бір ғана дауыстың айқын, әрі айрықша естілуі жағдайында орнатуға болады, мұндай жағдайда бір ғана дауыс немесе дыбыс хабардың сюжеттік, мәндік, эмоционалдық негізін құрайды.
Бұл тәсіл журналистің әңгімесінің маңыздылығын арттырып, сонымен қатар шынайылығын танытады, тарихи сипат береді.
Төртінші – дауыстық әрлеу. Мәселен, футболдан репортажды комментатордың кабинасында отырып алып, жай дауыспен баяндауға немесе өзі доп қуып жүрген футболшының немесе шынайы жанкүйердің бейнесіне еніп, бар ынта-шынтаңмен әңгімелеуге де болады, мәселе – осы жарыстың нағыз болмысын сөзбен қаншалықты деңгейде сомдап бере білуіңіз бен тыңдаушыларға қаншалықты дәрежеде жеткізе алғандығыңызда, журналист әр оқиғаның өзіндік баяндау мәнері, сөйлеу мақамы болатынын әрқашанда естен шығармау керек.
Монтаж – хабарды алдын-ала жазу барысында техникалық құрал ретінде танылса, ал тікелей эфирде біртұтас құрылымның өзіндік пішіні деп есептеледі, яғни хабардың жеке бөліктерін жалғау, сабақтастыру мәнінде қолданылады. Сонымен қатар үнтаспаға жазылған хабарды бір жүйеге түсіріп, артық-кемі жоқ толыққанды туындыға айналдыру процесінде іріктеу әдісі үлкен роль атқарады, ғалымның сөзімен айтсақ “іріктеу әдісі –бұл монтаж процесінің бастапқы нүктесі.
Мәселен, ақпараттық хабарлардың құрылымын алсақ, бұл жерде жинақтау процесінің өзі жалпы монтаж деңгейінде түсіндіріледі, яғни ішкі байланыстарын жүйелеп құрастыру жалпы оқиғалардың жиынтығын түзу. Монтаж – ішкі байланыстарды түзудің негізгі жолы.
Монтаж кезінде дыбыс күші (жоғары, төмен, контраст), пауза, бейнелеуші құралдар (сөзді музыкамен көркемдеу, әр түрлі шуларды сабақтастыра пайдалану, олардың ұзақтығы) әр түрлі нұсқада қолданылады.
Монтаж түрлері:
1) Акустикалық – радиохабардағы жеке дыбыстық элементерді және дыбыстық үзінділерді бір құрылымдық жүйемен үнтаспада басын қосып, біріктіріп жазудың техникалық процесі.
2) Монтажды тікелей эфирде де іске асыруға болады, яғни жалпыхалықтық, ұлттық сипаттағы хабарларды ұйымдастырудың, бір тақырыпты ашу аясында бірнеше хабарды бір-бірімен сабақтастыра беру. Бұл – монтажды қосақтастырып қатар қолдану түрі.
3) Тізбектелген монтаж – мән-мазмұны, эмоционалдық жағынан тығыз байланысқан дыбыстық фрагменттердің өз дербестігін, ішкі логикалық мазмұнын сақтай отырып бір жүйеге топтастыру. Радиода дыбыстық элементтер құрастырылып, жүйеленіп келіп қана оқиға жөнінде толық баяндалады, эпизодтар бірлесіп бір хабар ұйымдастырылады, бұл жерде ең басты ескеретін нәрсе айтар ойыңды нақты, шынайы деректермен тұжырымдай білу қабілеті.