Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макфуза радио жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.45 Кб
Скачать

36. Радионың ақпараттық міндетін мысалдармен дәлелдеңіз.

Радионың ақпараттық міндеті - барлық ақпарат құралдарының ең негізгі басты міндеті жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесіне сай ақпараттық сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Радио басқалармен салыстырғанда ақпаратты жедел, нақты және эмоциялық бояумен жеткізе алады. Осы артықшылығына сай ақпараттық міндетіне баса назар аударуы заңды. Дегенмен, кейбір радиостанциялар осы басымдықты тасада қалдырады, өздерін музыкалық форматпен шектеп, эфирді тек әуенмен толтырады, толыққанды ақпараттық қызметі жұмыс істемейді, жаңалықтар жүйелі берілмейді. Бір жылдары штатында радиожурналисі жоқ арналар да эфирге хабар тарататын мемлекеттік лицензияға ие болған келеңсіздіктер де орын алды.

«Ақпарат» сөзінің бірнеше баламасы бар, біз тар және нақты мағынасында қолданып отырмыз. Адамдарды әлемде және елімізде болып жатқан оқиғалар және жаңалықтармен таныстыруды ақпараттық қызмет деп танимыз. Ол арқылы тыңдарман өмірде болып жатқан құбылыстармен танысып, баға береді, білімін толықтырады, кеңестер алады, бағдар жасайды, түйсіктейді, қуанады, болмаса ренжиді. Радиобағдарламалар ішкі элементтері арқылы бірін-бірі толықтырып сол күннің оқиғаларынан толыққанды ақпарат береді. Мысалы, таңертеңгілік сол күні жүзеге асуға тиісті маңызды оқиғаларға назар аударады, түске қарай оның барысынан ақпарат таратады, әдетте, кешкісін қорытындыларын шығарып, түйіндейді.

Кез-келген адам үшін әлеуметтік мәні бар ақпаратты ұдайы естіп отыру қазіргі өмірдің қажеттілігіне айналған, сол арқылы қоғамдық процестерге де араласады. Сондықтан радиостанциялар жаңалықтар топтамасына баса назар аударады, олар хабар тарату кестесінде турақты уақытқа ие болып, жүйелі тарап отырады. Бірақ, ішкі ақпарат әртүрлі орналасуы мүмкін. Мысалы, бір топтамада шетел, екіншісінде ел жаңалықтарына назар аударылса, таңертеңгісін ауа райына, жұлдыз жорамалға, ақша бағамдарына ықылас ауады, мәдениет, спорт жаңалықтары да тұрақты сұранысқа ие болады. Соңғы уақытта жетекші радиостанциялар тәжірибесінде оқиғалар ортасынан тікелей репортаж жүргізу кең қолданыс табуда. Қазақстанда бұл тәжірибені жандандыратын уақыт келді. Қазір радиоарналар қаржылық жағынан аяғынан тұрды, енді шығармашылық өсудің жолдарының бірі ретінде тікелей репортаждарды жиірек қолдануға болады. Одан радиостанция да, тыңдарман да ұтады. Радиоақпараттың жеделдігі артады, имиджі жақсарады, тыңдарман еш боямасыз оқиға ортасынан берілген хабарға құлақ түріп, қиялымен жаһанды кезеді.

Халықтың ақпаратты еркін алуы, оның мазмұнының әр түрлі көзқарас тұрғысынан бағалануы, әр түрлі көздердің қамтылуы қоғамның дамығандығынан, өркениеттілік дәрежесінен хабардар етеді. Әсіресе, төтенше оқиғалар жағдайында, саяси науқандар кезінде дәл және сенімді ақпарат берудің маңызы артып отыр. Адамдар табиғатынан күмәншіл, бір ақпаратты бірнеше көзден естіген соң ғана барып, сенім ұялайды. Мысалы, жапондықтар жиі болып тұратын жер сілкіністері жағдайында ең алдымен NHK (Ен-ейч-кей) телерадиокорпарациясының хабарларына назар аударып, соған байланысты өз іс әрекеттерін жоспарлап отыратын көрінеді. Жапондықтарда бұқаралық ақпарат құралдарына деген сенім мықты. Қазақстан жағдайында оны айтуға ертерек. Мысалы, Алматы қаласы жер сілкіну мүмкіндігі жоғары аймақта орналасқан және осыған байланысты түрлі қауесеттер жиі естіліп қалады. Жергілікті БАҚ көп жағдайда кешігіп, ақпаратты кеш түсіндіреді, көбіне материальдық жағдайы мәз емес болжау мекемелерінен сұхбат ұйымдастырады. Ал, тұрғындар оған аса сене қоймайды. Мәселенің екінші қыры, балама ақпарат көздері көп жағдайда назардан тыс қалады.