Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макфуза радио жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.45 Кб
Скачать

34. Бүгінгі бақ-тың аумақтық аудиториясындағы қайшылықтарды анықтаңыз.

Бүгінгі БАҚ-тың тағы бір ерекшелігі — аумақтық аудиториясындағы қайшылықтар. Жергілікті баспасөз де, телерадиохабарын тарату ісі де баяу дамып келеді, республикалық БАҚ-тан көп кейін қалып қойды. Соның ішінде, жергілікті радиостанциялар саны өте мардымсыз, хабар тарату сапасы өте төмен, жарнамасы аз болғандықтан, экономикалық ахуалы да сын көтермейді. Ал, әлемдік тәжірибеде, керісінше, жергілікті БАҚ-тың тез даму үрдісі аңғарылады. Тыңдармандар да көбіне жергілікті радиостанцияларға құлақ түріп, соның таратқан ақпаратына көбірек сенетін болған. Міне, Қазақстанда осы үрдісті қолдап кететін экономикалық алғышарттар таяу уақытта жасалатынына сенімдіміз. Еліміздің қазіргі дамуы БАҚ-тың дамуына да жол ашатыны сөзсіз.

35. Радиохабар таратудың міндеттерін саралаңыз.

Радиохабар таратудың міндеттері (функциясы) дегенде бұқаралық ақпарат құралдарына ортақ ұстанымдар туралы сөз болады. «Функция» сөзін сөздіктер міндеттері, қызметтік мақсаты мен шеңбері деп түсіндіреді. Осы ұғымды басшылыққа ала отырып, радиохабарын таратудың міндеттерін айқындайтын болсақ, оның ауқымы кең екендігіне және қоғамдық сипаты басым екендігіне назар аударамыз. Өйткені, радионың аудиториясы кең, оның тыңдармандары қоғамның әртүрлі әлеуметтік топтары, хабардың өзі түрлі жағдайда тыңдалады. Радиохабар таратудың сан қырлы міндеттерін үш топқа топтастыруға болады.

І. Ақпараттық- барлық ақпарат құралдарының ең негізгі басты міндеті жеке адам, қоғам және мемлекет мүддесіне сай ақпараттық сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Радио басқалармен салыстырғанда ақпаратты жедел, нақты және эмоциялық бояумен жеткізе алады. Осы артықшылығына сай ақпараттық міндетіне баса назар аударуы заңды. Дегенмен, кейбір радиостанциялар осы басымдықты тасада қалдырады, өздерін музыкалық форматпен шектеп, эфирді тек әуенмен толтырады, толыққанды ақпараттық қызметі жұмыс істемейді, жаңалықтар жүйелі берілмейді. Бір жылдары штатында радиожурналисі жоқ арналар да эфирге хабар тарататын мемлекеттік лицензияға ие болған келеңсіздіктер де орын алды. Радиожарнаманы да осы топқа жатқызамыз. Жарнама да ақпараттық міндетпен ұқсас, тек өзіндік ерекшелігі бар. Жарнаманың міндеті айқындау, ол — белгілі бір тауар, болмаса кәсіпорын туралы құлағдар ету, оның жағымды имиджін қалыптастыру және тұтынушы ретінде назарын аудару болып табылады.

ІІ. Қоғамды әлеуметтік топтастыру міндеті - тұрғындарға қолайлы ақпараттық қызмет көрсететін радио сол қоғам мүшелерін әлеуметтік басқарудың тетігі ретінде де бағаланады. Әңгіме жүр, тұр деген ұрандармен мыңдаған адамдардың қоғамдық қылығын реттеу туралы емес, таратылған ақпарат арқылы белгілі бір іс-әрекетке ұмтылдыру, жігерлендіруде болып тұр. Мысалы, ертең мына мәселеге байланысты шеру өтеді деп ақпарат таратсаңыз, орнын хабарласаңыз, оны естігендердің бәрі болмаса да, көкейінен шыққандардың бір тобы сол шеруге қатысады, болмаса сенбілік өткізу туралы үндеу қолдау табады, басқа да көпшілік іс-шаралар осылай жүзеге асып жатады.

Радионың қоғамдық пікірді білдіру мен қалыптастыру міндеті көбіне саяси науқандар кезінде айқынырақ көрінеді. Сайлау мен референдум сияқты шараларда радио маңызды рөл атқарады және пәрменді құрал болып бағаланады. Қоғамдық пікірді қалыптастырудағы маңызды буын - ақпараттандыру, ақпарат неғұрлым көп болса, жиі берілсе және әр қырынан қамтылса, соған қызығушылық туындайды және ықпалды болады.

Радионың ендігі бір маңызды міндеттерінің бірі — ол адам мен адам арасында қарым-қатынас орнатуы, қарапайым әңгімелесу, шүйіркелесу. Адамның күні адаммен және сәт сайын табиғатымыздан біреумен сөйлесуге, жауап алуға, пікір білдіруге, ой таластыруға бейім тұрамыз, осындай қарым-қатынасқа мұқтажбыз. Қоғамдағы осындай қажеттілікті қанағаттандырудағы радионың орны орасан. Әсіресе, өтпелі қоғамда, жаңа ортада, саяси, болмаса экономикалық күйзелістер кезеңінде адамдар бір-бірімен әңгімелесуге, тұмшалаған ойы мен күдігін сыртқа шығаруға, өзгелермен бөлісуге, жоспарларын ортаға салуға бейім. Мұндай қарым-қатынас эмоциональдық көңіл-күйіне әсер етеді, жеңілдегендей сезіндіреді, қолдау мен демеу қанат бітіреді, жігерлендіреді.

Радио пәрменді тәрбие құралы екендігін айтып жатудың өзі артық. Тәрбие ісі табиғатынан күрделі, әрі сан қырлы міндет, радиода да бұл процесс өз ерекшелігіне байланысты жүзеге асады. Көптеген хабарлар мен ақпараттар өздігінен тәрбиелік мәнге ие болады, әрі тыңдарманға жағымды әсер етеді. Сонымен қатар, радионың маңызды үгіт-насихаттық және ұйымдастырушылық міндеттерін естен шығаруға болмайды. Кез-келген ақпаратқа сәйкес іс-әрекет күтіледі. Радиохабар таратудың алдында нақты саяси, экономикалық және мәдени міндеттер тұрады. Мысалы, сайлау науқанында дауыс беруге, сөйтіп, белгілі бір бағдарламалар мен көзқарастарды қолдауға шақырамыз, сенбілікті жариялау арқылы қоршаған ортаны күтуге, тазалыққа үндейміз, болмаса мәдени мұраны қорғауға жұмыламыз, не болмаса жолдағы тосын апаттардан сақтандырамыз

ІІІ. Мәдени-ағартушылық міндеттері- Радиохабар тарату көп қырлы мәдени-ағартушылық мақсатты жүзеге асыруда бірнеше кешенді міндеттерді қатар орындайды. Соның негізгілеріне жеке тоқталайық.

Эстетикалық міндеті. Қазіргі заманғы хабар тарату ісіндегі оның үш қыры назар аударуға тұрарлық.

1. Радиожурналистиканың үздік үлгілері эстетикалық талапқа жауап беріп, мәдениеттіліктің бір қыры болып табылады. Яғни, жүргізушінің жалынды сөзі, диалогтардың психологиялық ширығуы, жанды пікірталас, тосын қисын мен жаңа идеялардың айтылуы, тыңдарманның қиялын қозғап, оқиғаны көз алдына елестететін дыбыстық бояулар, өзін оқиға ортасында сезінуі, хабардың ішкі байланысы мен өрбу динамикасы, жып-жылмағай құрастырылуы, сөз, саз бен табиғи шулардың өзара үйлесімділігі — осының бәрі эстетикалық талғамды қалыптастыратын, сананы өсіретін әдіс-тәсілдер. 2. Радио өмірге келген кезден бастап өнердің әр саласын: музыка, театр, әдебиетті насихаттап, танытып келеді. Көркем шығармаларды радиоэфирге шығаруда көптеген ізденістер жасалынып, небір пішіндер мен жанрлар дүниеге келді және олар шығарманың әрін кіргізіп, эстетикалық талғамын көтеруге тікелей ықпал етті. 3. Аудиомәдениеттің үздік үлгілері жылдар бойы қалыптасты және оның өзіндік дәстүрі бар. Әдебиет пен театрдағы барлық түрлер мен жанрлар дерлік түрленген күйінде радиоэфирге жолдама алып жатты, сөйтіп, бірін-бірі байытты. Радио қай уақытта болмасын білім мен таным көзі, әлемдік мәдениеттің озық үлгілерін тарататын тиімді құрал. Сондықтан оның ағартушылық міндетін де назардан тыс қалдыра алмаймыз. Қазақ даласында жаппай сауаттылыққа жол салған, ұлттық інжу-маржандарымызды насихаттап, келешек ұрпаққа жеткізген радио екендігін, ұлттық кадрлар мен зиялы қауымның өсуіне ықпал еткен күш болғандығын ұмытпаймыз. Радионың демалдыру-ойын-сауықтық міндеттері қазір алдыңғы қатарға шығып отыр. Көп радиостанциялар музыкалы, ойын-сауықтық форматта жұмыс істейді және ол заңды да. Радио көбіне жеңіл ақпаратпен көтеріңкі көңіл күй сыйлайды, сөйтіп, тыңдармандардың демалуға деген сұранысын қанағаттандырады. Осы мақсатта түрлі ойындар ойналады, жүлделер үшін сұраққа жауап береді, музыкалық жұмбақтар шешіледі, бірін-бірі құттықтап, қуаныш сыйлайды, күлдіргі әңгімелер айтып, жарысады, өмірдегі қызықты жайларды әңгімелейді. эстетикалық, ағартушылық және демалдыру — ойын-сауықтық функциялары.

Радиохабарларының міндеттерін білу хабар тарату кестесін сауатты жасау, станцияның бағыт-бағдарын, форматын анықтау, бағдарламалардың ішкі мазмұнын айқындауға және тыңдарман аудиториясының талап-тілектерін ескеру үшін қажет.