Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макфуза радио жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.45 Кб
Скачать

32. Радионың басқа ақпарат құралдарымен өзара байланысын анықтаңыз.

Радио-қазіргі заманғы қуатты бұқаралық ақпарат құралының бірі; тұрмыста кеңінен қолданылатын, адамдардың өмір сүруіне, ақпарат алуына жәрдемдесетін қалыптасқан жүйе. Радионың басқа да бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы туралы сөз қозғалғанда, алдымен оның міндеттері сараланып шығады. Бүгінгі БАҚ жүйесі жетіліп, қалыптасқан жағдайда оны былайша тұжырымдауға болады.Радио-ақпарат таратады, құлақтандырады.Телевизия-оқиғаны, болмысты көрсетеді.Газет-журнал-деректі, оқиғаны талдап түсіндіреді.Интернет- ақпаратты сан қырынан көрсетеді, мәтін мен дыбыс, бейне тұтастығынан да тұруы мүмкін. Ал бұқаралақ ақпарат құралдарының өзара байланысын айтқанда мына жайларға баса көңіл аударамыз. 1. Бірін-бірі мамандармен толықтырып отырады. Мысалы, радиода ұзақ уақыт жұмыс істеп микрофонға машықтанған журналист кейін телеэкранда жақсы хабарлармен танылады. Немесе газет тілшісі телеарнаға ауысып, терең де салиқалы сараптамалық бағдарлама жүргізуі мүмкін. 2. Ұдайы ақпараттық алмасу жүріп жатады. Радиожурналист те телеарнаның немес баспасөз беттерінің материалдарын пайдаланып хабар жүргізе алады. Қазіргі кезде де радио баспасөзден қызықты материалдар алып көпшілікке жеткізіп отырады. Дерек пен мақсат бір, тек ақпаратты тарату жолдары ғана әртүрлі. Мысалы, «Қазақстан» ұлттық телеарнасындағы «Үзеңгі жолдас» бағдарламасы Қазақ радиосының эфирінде де сол күйінде тарап жатады.

3. БАҚ жүйесінде жанрлар м ен пішіндер ортақ, бір-біріне ықпалдасып дамыған. Телевизиялық жанрлар бастауын газеттен алды. Радионың пішіндері де үлкен жволюциялық жолдан өтіп барып, қалыптасып, өз кезегінде телевизиядан көрініс тапты. Яғни, осының өзінен журналистік ізденістер мен әдіс-тәсілдердің ортақтығы анықталады.

4. Жалпы қоғамдық, саяси науқандарды, жарнама мен мәдени шараларды өткізу тәжірибесі ортақ. Билік органдарын сайлау болсын, музыканы жарнамалау болсын – БАҚ ортақ міндет-ақпаратты қамтамасыз етуге бір кісідей жұмылады. Әрқайсысы бірін-бірі толықтырып, ортақ мүддеге қызмет етеді. Бұл арқылы әр БАҚ түрі дербес өмір сүре алатындығын, ал өзара ынтымақтасудан тек нәтиже жақсартатындығын дәлелдейді.

33. Дәстүрлі бақ пен радио арасындағы байланыстарды зерделеу.

Радионың басқа да бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысы туралы сөз қозғалғанда, алдымен оның міндеттері сараланып шығады. Бүгінгі БАҚ жүйесі жетіліп, қалыптасқан жағдайда оны төмендегідей тұжырымдауға болады: радио — ақпарат таратады, құлақтандырады; телевизия — оқиғаны, болмысты көрсетеді;газет-журнал — деректі, оқиғаны талдап, түсіндіреді;Интернет — ақпаратты сан қырынан көрсетеді, мәтін, дыбыс пен бейне тұтастығынан тұруы да мүмкін.

Осы жағдайларды ескеріп, дәстүрлі БАҚ пен радио арасындағы байланыстарға баса назар аударамыз. Жоғарыда аталған міндеттер көп жағдайда араласып кетеді. Радиодан да қызықты да мазмұнды талдамалық хабарларды кездестіреміз, жанды да жалынды портреттер мен очерктерді тыңдаймыз, радиокеңестерге құлақ асатындардың да қатары көп. Телевизия да кейде оқиға туралы бейнекөрініс түсірілмегендіктен құрғақ хабар таратады, немесе тілшінің үнін телефон арқылы береді. Болмаса, кейбір газет очерктерінің жақсы жазылғандығы сонша, қиялыңды шарықтатып, өзіңді кейіпкер қасында жүргендей сезіндіреді, тұшынып оқисың, қуанасың, қамығасың, танымдық, әрі эмоциялық күш-жігер аласың. Радионың айрықша бір бітімі музыкалық хабарлардан танылады. Жақсы ән мен әуенді танытуда радионың алдына ешбір ақпарат құралы шыға алмайды.

Сонымен қатар сайлау науқаны сияқты қоғамдық-саяси оқиғалар кезінде де БАҚ құралдары өзінше әрекет етеді, әртүрлі нәтижеге қол жеткізеді, біреулер тек радио тыңдайды, қалаларда теледидарға көп назар аударылады, ал біреулердің газеттің астын сызып оқымаса, көңілі көншімейді. Бәсекелестік пен пікір саналуандығы жағдайында бұл қалыпты құбылыс. Әлеуметтік ақпараттың еркін тасқыны БАҚ-тың қоғамдық жауапкершілігін арттырды, ақпарат биліктің маңызды тетігіне айналды. Міне, осы жағдайда ақпараттық топтар, концерндер мен медиахолдингтер өмірге жолдама алды. Әлемдік тәжірибеден Қазақстан да тыс қалған жоқ. Бізде де белгілі бір қаржы-өндірістік топтары теле және радиоарналарға ие болып, өз газеттері мен журналдарын ашуда, интернет-сайттарын құрған. Бір орталықтан басқарылатын мұндай ақпараттық құрылымдардың тиімді жақтары да бар. Ең бастысы дерек көздері ортақ болғандықтан, неғұрлым кең ауқымды ақпарат аз шығынмен жинақталады және көп арналар арқылы таратылады.