Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макфуза радио жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.45 Кб
Скачать

28.Радиохабардың бейнелеу құралдарын сипаттаңыз.

Бүгінгі радиожурналист эфирдегі бейнелеу құралдарының қыр-сырын жетік меңгеріп, өзгеше табиғаты - акустикалық ерекшелігіне қанық болуы аса қажет. Себебі, Эстония ғалымдарының зерттеулері бойынша радиохабарлардың көпшілігіне тән олқылықтар осы ерекшелікті білместіктен, немесе оған дұрыс мән бермегендіктен туады екен.

Радиохабардың бейнелеу құралдары аз зерттеліп жатқанымен, талас пікірлер аз емес. Мысалға алғашқы кезде оның дыбыстық эффектілерін тым асық бағаласа, келесі зерттеушілер бейнелеуші құралдардың барлығы бірдей деп дәлелдеуге тырысты. /А.А. Музыря/. Ал, Ю.Д. Баранеевич сөз бен музыка-негізгі, шулар-қосалқы құралдар деп қарастырады.

Біздіңше, радионың бейнелеу құралдарын шатастырмау үшін екі топқа бөліп қараған жөн. Бірінші топқа - құбылыстың акустикалық көшірмесі сөз бен шу және музыка кіреді. Бұлар - табиғи бейнелеу құралдары. Екінші топқа - техникалық бейнелеу құралдары: түрлі монтаж, жаңғырық, сөзді жылдамдату, баяулату т.б. жатады. Радиожанрларын зерттеуші В.Н. Ярошенко да осы бағытты ұстайды.

Мәселен, сөз бен монтажды қатар қоюға болмайтындығын дәлелдеудің қажеті шамалы. Өйткені, олардың табиғаты да, радиохабарындағы орны мен ролі де екі бөлек, ерекше. Сол сияқты бейнелеу құралдарының да қызметі бірдей емес. Мысалы, радиоочерктің идеясын тек музыка мен шу арқылы толық жеткізу мүмкін емес. Олар сөзбен байланыста ғана міндетін атқара алады. Яғни өзінің түрлі дыбыстық эффектілерімен негізгі идеяны толықтырып, дамытып отырады. Сонымен, бұл бейнелеу құралдары /музыка мен шу/ сөзге бағыныңқылы.

Дәлелдеу үшін екі команданың арқан тартысы жарысынан жүргізілген репортажда бейнелеу құралдары қалай қызмет бөліскендігіне тоқталайық. Хабардың басында репортер немесе диктор түсініксіз шуларды ұғындыратын қажетті сөздерді айтады. Әрі қарай оның фонында естіліп тұрған шулар сюжет желісін жалғастырып кетеді. Ондай кезде комментарий беру де міндет емес. Қайта тартыс кезіндегі табиғи шу арқылы “көріп”, тамашалап отырған тыңдаушының елестету творчествосы іске қосылады. /Егер осы жарысты телевизиядан берсе, көрініс нақты болғандықтан көрерменнің қиялы, фантазиясы өз-өзінен сейіліп, жұмыс істеуді қояды, ой еріншектігі басады. М.Баринов/. Жарыстың аяқталғанын оркестр орындауында туш жеткізеді.

Бірақ қай команданың жеңгенін, қандай жүлде алғанын репортердің сөзінсіз анық білу мүмкін емес. Ендеше, радиохабарындағы музыка мен шу автор идеясын өз бетінше толық жеткізе алмайды. Тіпті олардың түсініксіз дыбыстар жиынтығы ғана болып қалуы әбден мүмкін. Олай болса, радиода да негізгі рольді адамдардың қатынас құралы - сөз орындайды. Ал, музыка мен шу тек сөзбен байланысты ғана өз міндетін атқара алады екен. Әрине, бұл эфир журналистикасындағы музыка мен шудың қызметін бағаламау немесе шектеу деген сөз емес.

30. Радионың тарихына шолу, деректі мысалдар арқылы дәлелдеу.

Қазақ халқының мәдениеті мен тілін, діні мен тарихын, т.б. ұлттық құндылықтарын ғасырдан-ғасырға жеткізіп отырған радиохабарларының маңызы зор. Журналистиканың басқа түрлері сияқты радионың тарихи қалыптасу кезеңдері бар. Тәуелсіздік алған тұсқа дейінгі қоғамдық дамуымыз Ресеймен байланысты болғандықтан, әрі радионың отаны да сол мемлекет екендігі ескеріліп, қазақ радиохабарының дамуын төмендегідей кезеңдерге бөліп қарастырамыз:

1. Қазақ жеріндегі радиоландыру ісі 1921-1927 жж.

2. Радиохабарының жаппай дамуы 1927- 1941 жж.

3. Отан соғысы жылдарындағы кеңестік радио 1941-1945 жж.

4. Соғыстан кейінгі жылдардағы радио 1946-1950 жж.

5. Тоталитарлық мемлекет тұсындағы радио 1950-1985 жж.

6. Қайта құру және жариялылық радиосы 1985-1991 жж.

7. Жаңа кезең радиосы 1991- 2009 жж.

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы кеңестік радио (1941-1945 жж)Отан соғысының басталуымен көптеген хабар таратушы радиостанцияларды батыстан шығысқа қарай эвакуациялау міндеті жүктелді. Бұл шараның әсерінен радиостанциялар жұмысы қысқа толқынға және үш арнадан бір арналық хабарға көшті."Соңғы хабардың" ең алғашқы әскери саны неміс фашистерінің Ресейге шабуылы жөнінде үкімет хабарламасынан кейін 45 минуттан соң эфирге шықты. Осындай жедел ақпарат тарата білген ресейлік радиостанциялар 1943 жылы соғысқа дейінгі дәрежесінен асып түскен. Осы алғашқы ақпараттан бастап соғыс аяқталғанға дейін "Совинформбюроның" 7 мың корреспонденциясы берілген. 1941 жылдың 7 қарашасында жау Мәскеудің түбінде тұрғанда Ұлы Қазан мерекесіне арналған парадтың өткізілуі жайында репортаждың радиодан берілгені ел қорғаушыларының қайратын қамшылап, рухын көтеріп, жаңа ерліктерге бастағаны тарихтан мәлім. Яғни, радиоэфирдің қуатты күші, мықты әсері, жүргізер тәрбиесінің ықпалдылығын баян етеді. Тіпті, радиохабардың маңыздылығына, әсерлілігіне көңіл бөлінгендігі соншалықты, Бүкілодақтық радио ақпараттарынан басқа арналарды тындауға рұқсат берілмеген. Сымдық хабар таратушы репродукторлардан басқа радиоқабылдағыштардың бәрін үкіметке өткізу жөнінде шаралар қолданған, өткізбегендерді жазалауға дейін барған. Мұның өзі бір ғана идеологияның үстемдік құруын, басқа насихаттың жүрмеуін қадағалау негізінде, Қызыл армияның даңқына нұқсан келтірмеу жолындағы әрекеттер екені аян.

Бүкілодақтық радионың шығысқа эвакуацияланған себебінен және күшті радиостанциялардың көшірілуінің әсерінен Қазақ жеріндегі радио қызметі де жандана түсті. Қазақстандағы халық майдандағы хабарларды жиі әрі сапалы тыңдап отырды. Жамбыл ақынның "Ленинградтық өрендерім" өлеңінің сонау Ресей қаласының аспанында қалықтауы да осы таратушы станциялар жұмысының әсерінен деуге болады. Мәскеуде Левитанның дауысы қалай саңқылдап, жауды түршіктірген болса, қазақ жерінде Әнуарбек Байжанбаев дауысының құдіретті әсері елді ерлікке, еңсесін түзеуге шақырды.

Отан соғысынан кейінгі кезеңдегі радио (1946 – 1950 жж). Халық шаруашылығын қалпына келтіру және дамыту жылдарындағы радиохабарлардың даму бағыттарына әсер еткен мынандай жағдайлар болды: осы мәселені дәйекті зерттеп қабылдаған тарихи ақпан пленумының шешімдері, ленинградтықтардың өнеркәсіп өнімдерін арзан, тез әрі сапалы өндіруді ұйымдастыру саласындағы үндеуі және қазақстандық колхозшылардың Сталинге хаты. Міне, осы үш құжаттан туындайтын міндеттерді негізгі межеге алып, бағыт ұстаған жергілікті, облыстық, республикалық радиокомитеттер соғыстан кейінгі халықшаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамыту ісіне өз үлесін қосып отырды.

1946 жылдың басында ҚК /б/ Орталық Комитетінің XIV Пленумы Қазақстан ауылшаруашылығының 1946 жылғы міндеттерін белгілеп берді. Осы жылдың 24 июлінде Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің IX сессиясы «Қазақ ССР-ның халық шаруашылығын қалпына келтіру және одан әрі дамытудың 1946-50 жылдарға арналған бесжылдық жоспары туралы заңды» қабылдады. Соғыстан кейінгі колхоздарды қалпына келтіру мерзімінде тәжірибелі, беделді колхоз басшылары, колхоз өндірісінің озаттары өсіп шықты. Ауыл, селоларда жергілікті партия органдары күш алды.

1950 жылдың екінші жартысынан бастап 1960 жылдың алғашқы жартысына дейін колхоздардың біразын совхозға айналдыру процесі жүзеге асырылды. Осы тарихи оқиғалар - тарихшылар арасынан әлі күнге дейін өз бағасын ала алмай келе жатқан мәселе. Біраз тарихшылар бұл жайды жақтады, біразы қарсы болды.Одан колхоз өзінің өмірін сүріп бітті деген ұғым қалыптаспауы тиіс, қайта колхоз құрылысы әрі қарай нығая түсті деген орынды сияқты.

Тоталитарлық мемлекет тұсындағы радио (1950 – 1985 жж). Соғыстан кейінгі күйреген халық шаруашылығын қайтадан қалпына келтіру кезеңінің ойдағыдай аяқталуы бүкіл кеңестік бұқаралық ақпарат құралдарының тілге тиек еткен мәселесі ретінде күн тәртібінде тұрды. Сол тұстағы қалыптасқан дәстүр бойынша қоғам дамуының көрсеткіштері процентке шағылып, ол артығымен орындалды деп есеп беру дағдыға айналған болатын. Міне, осындай даурықпалы, дақпыртты хабарлар беру қазақ радиосының да жұмысынан орын алады. Сондықтан күйзелген халықты «енді сол күйреген құрылысты қалпына келтірген соң қалыпты өмір сүресіңдер», - деп титықтатқан иделогия тіпті дендей бастады. Толыққанды социализмді орнатып, сонан соң «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман орнайды, ол – «коммунизм», соған жету үшін халық шаруашылығының жоспарларын артығымен орындау қажет деген ұран тасталды. Жұмыс уақытынан тыс сенбіліктер, жексенбіліктер ұйымдастырылып, міндетті сегіз сағаттан кейін қалып жұмыс істеу сияқты бүкілхалықтық қозғалыс басталып кетті. Енді партияның осы саясатын насихатттау барлық БАҚ-ында, оның ішінде радиода да белең алды.

1954 жылдың наурызынан бастап Орталық радиода ғылыми-көпшілік хабарларды беру жолға қойылды. Бұның өзі біркелкі «социализм, коммунизм» тақырыбындағы хабарларды тыңдаудан жалыға бастаған тыңдарманды бір серпілткендей болды. «Күн планетасы», «Айда тіршілік бар ма?» деген сияқты хабарларға қосымша медицина, биология, астрономия, химия т.б. ғылымдар жөнінде танымдық дүниелер көптеп беріле бастады. Қоғамдағы құбылыстарды жан-жақты қамтитын бағдарлармалар ұйымдастырылды.

Қайта құру мен жариялық радиосы (1985-1991 жж.).1985 жылы БАҚ-тың даму кезеңіндегі өзгеріске толы жыл болды. М.С.Горбачевтің үкімет басына келуіне байланысты қайта құру саясаты басталды. Қоғамда жариялылық басталып, халық демократияға бет бұрды. Бұл қозғалыс жылдар бойы қалыптасқан тоталитарлық жүйеге, оның идеологиясына наразылықтан туындаған болатын. Бұрынғы бір жүйеге мойынсұнған одақтас мемлекеттер ыдырап, КПСС-тің құлауына әкеп соқты. Бұл өзгерістер алдымен БАҚ-ына әсер етіп, тек қана социалистік қоғамның сойылын cоғатын таеларадио және баспасөз еркіндік алуға ұмтылыс жасай бастады. Дегенмен, бұл тұста бүкілодақтық радио компартияның ХХVII – съезінің шешімдерін насихаттаумен болды. Осы уақытқа сай келген жастар мен студенттердің дүниежүзілік ХII фестивалі, Стахановтық қозғалыстың 50 жылдығы және Қазан төңкерісінің 70 жылдығы тілге тиек болды.

Журналистерден жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру үшін жұмыс істеулері талап етілді. Жалған ақпарат беру, асыра сілтеу, орынсыз мадақтан гөрі күнделікті, нақты проблемаларға көңіл бөлу жолға қойыла бастады. Осының әсерінен кейбір радиожанрларға деген сұраныс азайды. Әуе кеңістігінде радиоочерк, радиокомпозиция, радиосуреттеме сияқты жанрлардан гөрі қысқа ақпарат беруге бетбұрыс басталды.

Журналистердің өмір құбылыстарын зерттеуге, талдау жасауға және әлеуметтік психологияға қызығушылықтары артты. Жаңа радиопішіндер пайда болды. Бағдарламалар ақпаратты-музыкалық, ақпаратты-публицистикалық немесе музыкалық-ақпараттық болып бөлініп, тыңдармандар сұранысын зерттеуге жете көңіл бөлінді. Тікелей эфир тәсілі көбірек қолданыла бастады. Бұл тәсілдерді мемлекеттік радиолар да, мемлекеттік емес радиолар да қолданды. Радиохабарларда мәдени, эстетикалық, адамдық тәрбие беруден гөрі жеңіл музыка тыңдау, көңіл көтерушілік сияқты бағыт бел алды. Радионың адамдарға азаматтық тәрбие беру, адамгершілік сенімдерін насихаттау сияқты негізгі функциясы назардан тыс қалды.

Жаңа кезең радиосы (1991-2005 жж).Бұл кезеңде мемлекеттік радиолар саны азайып, керісінше форматты радиолар саны көбейді. Бәсекелес радиолар арасында тыңдармандар аудиториясын көбейту үшін тартыс басталды. Адамдардың назарын аудару мақсатында небір әдіс-тәсілдер жүзеге асырылды. Сол себептен де радиожурналистиканың жаңа пішіндері пайда болды. Форматты-коммерциялық арналардың саны Ресейде 1993 жылы 27 болса, 1994-те 33-ке көтерілді. Бір жылғы көрсеткіштің айтарлықтай болуының өзі радионың қоғамдағы рөлінің арта түскендігін көрсетеді. "Европа плюс Қазақстан", "Русское радио", "Авторадио" т.б. сияқты арналар қанатын кеңге жайып, дүниежүзіне таралды. Радио тыңдаудан соңғы жылдардағы зерттеулер бойынша жер шарында Америка Құрама Штаттары алда тұрған көрінеді. Олардың халқының 56 пайызы ақпаратты тек радиодан алады. Жан басына шаққанда күніне әр адам 3 сағат 20 минуттан тыңдайды екен. Әрине, радионың ақпарат таратудағы мүмкіншілігі басқа бұқаралық ақпарат құралдарына қарағанда жоғары. Әрі тыңдарман болған оқиға жайлы айқын пікірді радиожурналист аузынан естігісі келеді. Деректі оқып барып түйіндегеннен гөрі тыңдағанның әсері күштірек екені тәжірибеде дәлелденген. Дүниежүзінде көптеген "өртті нүктелерде" болып жатқан оқиғалардың аудиторияға нақты, шын, бояусыз, әсірелеусіз жеткізілуі талап етіледі. Өйткені, жалған ақпарат берушілер көбейді. Халық өз талғамына қажетті жайларды ғана тыңдауға мәжбүр болды. Ал, бәсекелестік жағдайындағы радиолар өз рейтингтерін тек боямасыз, бірінен-бірі асырып баяндау арқылы жинай алатындығы белгілі. Аудиторияны жаулаудың небір жолдары, тәсілдері қарастырылуда. Тіпті жаңа радиоарна ашудың жолдарын үйрететін "www. radiostation.ru" сайты да ашылды. Мұның өзі күннен-күнге радионың қоғамдағы қажеттілігінің артуынан деп түсінген жөн.