- •Радио туралы ілімнің Қазақстанда жүзеге асуына белсене араласқан қайраткер кім және оның еңбегін дәлелдеңіз.
- •2.Қазақ жеріндегі алғашқы радиостанция қайда, қай жылдары жұмыс істегенін дәлелдеңіз.
- •3.Түрік роста пайдаланған насихат жұмысының формасы ауызша газет болғанын дәлелдеңіз.
- •4.Қазақстанда хабардың тұрақты беріле бастауы қай жылдан екенін айтыңыз және неліктен олай болғанын дәлелдеңіз.
- •5. Қазақ тілінде берілген алғашқы радиогазеттің "Еңбекші Қазақ" екеніне дәлелдер айтыңыз.
- •6."Ауызша газеттің" тілін неге әдеби тіл дейтінін түсіндіріңіз.
- •6. 1931 Жылы Қазақстанда құрылған комитет қалай аталды және оның қазіргі таңдағы рөлін қандай екенін дәлелдеңіз.
- •7.Роста-ның өлкелік бөлімшесі не үшін КирРоста болғанына мысал келтіріңіз.
- •8.Қазақ радиокамитетінің алғашқы төрағасы кім екенін анықтаңыз.
- •9. Шалқар бағдарламасы қай жылы ашылды және қалай жұмыс істегеніне мысалдар келтіріп дәлеледеңіз.
- •10. Радиогазетті алмастырған редакция не үшін "соңғы хабарлар" болғанына анықтама беріңіз.
- •11. Радиохабарының өте танымал жанры репортаж екеніне мысалдар келтіріңіз.
- •12. Қазақ радиосының жастарға арналған танымал болған бағдарламасы қандай еді?
- •13. Қазақ радиосынан берілген студенттік бағдарлама қандай, оның қызметін бағалаңыз.
- •14. Реверберация дегеніміз не? Тәжірибеде қолданылуын мысалдармен дәлелдеңіз
- •15. Қазақ радиосынан берілетін таңертеңгілік бағдарлама қалай аталады және қызметін бағалаңыз
- •16.Радиохабардың қоғамдық мәнін анықтаңыз
- •17.Бұқаралық ақпарат құралы ретінде радионың табиғаты сипаттаңыз
- •19.Радионың қоғамдағы мүмкіндігін сипаттаңыз
- •20.Радио ең жедел, икемді, әрі аз шығынмен жұмыс істейтін бұқаралық құрал екендігін мысалдармен дәлелдеу.
- •21.Радионың ерекшеліктеріне мысалдар келтіріңіз
- •22.Радионың тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығын мысалдармен дәлелдеу.
- •23.Радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатын қабілетін мысалдармен дәлелдеу
- •24.Радиохабардың акустикалық табиғатын сипаттаңыз
- •25.Радиохабардағы сценарийлық жобаның маңызына мысалдар келтіру
- •26.Радиохабары – дыбыс өнері екендігін мысалдармен дәлелдеу
- •27.Радиоаудитория ықыласын игерудің кезеңдері, мысал келтіру.
- •28.Радиохабардың бейнелеу құралдарын сипаттаңыз.
- •30. Радионың тарихына шолу, деректі мысалдар арқылы дәлелдеу.
- •30. Қазақ радиосының алғашқы хабарларына мағлұмат беріңіз
- •32. Радионың басқа ақпарат құралдарымен өзара байланысын анықтаңыз.
- •33. Дәстүрлі бақ пен радио арасындағы байланыстарды зерделеу.
- •34. Бүгінгі бақ-тың аумақтық аудиториясындағы қайшылықтарды анықтаңыз.
- •35. Радиохабар таратудың міндеттерін саралаңыз.
- •36. Радионың ақпараттық міндетін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •37. Радионың демалыстық міндеттерін мысалдармен дәлелдеңіз.
- •38. Радионың ағартушылық қырын айқындаңыз.
- •39. Табиғи немесе пішін тудырушы бейнелеуші құралдарға мысал келтіріңіз.
- •40. Сөздің әсер ету күші. Сөздің оқу мақамы, екпіндердің дұрыс қойылуы, тыныс алудың реттілігін мысалмен дәлелдеу.
- •41.Радиодағы диалог құрудың өзіндік ерекшеліктерін атаңыз.
- •42. Музыка мен шулардың хабардағы рөлін мысалдармен дәлелдеу.
- •44. Радиожурналистика жанрлары мен пішіндерінің эволюциясын сараптаңыз.
- •45.Қазіргі форматтық радиохабар тарату, мысалдармен дәлелдеу.
- •46. Радио аудиториясы және радиохабар таратудың экономикалық негізін дәлелде.
- •47.Бір радиожурналистің шығармашылық шеберханасын мысалдармен талдау.
- •48. Аудиторияны зерттеу әдістерін сипаттаңыз.
- •49. Қазақстандағы радиохабар тарату үрдістерін түсіндіріңіз.
- •50. Қазақстандық радиохабар таратудың қазіргі жайын анықтаңыз
- •51. «Шалқар» радиосының хабарлары жайлы мағлұмат беру. Мысалдармен дәлелдеу.
- •52. Көрермен көңілінен шығатын жаңалық жасау тәсілдерін көрсетіңіз.
- •53. Ақпаратты алуда кездесетін қиындықтарға мысал келтіріңіз.
- •54.Журналистер құқығы бұзылуы дегенді қалай түсінесіз?
- •55. Журналист ақпарат беруді неден бастауы керек екенін дәлелде .
- •56.Жаңалықтардағы тақырып мәселесі жөнінде пікір білдіріңіз
- •62.Ойлануға итермелейтін сұрақтар
- •63.Ақпарат алудағы журналист шеберлігіне мысалдар
- •64.Қазақ радиосындағы жастар бағдарламаларына пікір айтыңыз
- •65.Қазақ радиосындағы әдеби хабарларға пікір айтыңыз
22.Радионың тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығын мысалдармен дәлелдеу.
Радионың үшінші бір қасиеті — тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығы. Адамның есту қабілетіне құрылған радио тыңдарманның қиялы мен сезіміне де өзгеше әсер етеді, басқа БАҚ құралын еш қайталамайды. Адам табиғатынан естіген жағдайларды көрініс ретінде елестетіні белгілі. “Көңіл жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе” дейтін қазақ үшін ой-санаға әсер етудің мәні айрықша. Оның үстіне, көбіне көшпенді-отырықшылықты кәсіп еткен қазақ үшін оның өзіндік тарихи жетілу эволюциясы мен дәстүр-салты бар, ол ұлттық гендік қорымызда сақталып, ұрпақ арқылы атадан балаға беріліп келеді. Далалық қазақтың табиғат құбылыстарын жетік меңгергендігін, аса зерек және сезімтал болғандығын, физиологиялық мықты болғандығын күрделі қоршаған ортада табиғи сұрыптаудан өтіп, жетілгендігімен түсіндіруге болады. Дала абыздары том-том кітапқа пара-пар дастандарды жатқа оқып, ауызша ұрпағына жеткізген, жаңа ғана дүниеге суырып салу жолымен келген күйді екіншісі сол заматта қағып алып, қайта тартып беру үрдісі қалыптасқан.
23.Радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатын қабілетін мысалдармен дәлелдеу
Жаһандану мен нарық жағдайында адамдар тұрмыста болсын, жұмыс орнында болсын күрделі мәселелермен бетпе-бет кездеседі, әр түрлі қайшылықтарды тез шешуіне тура келеді, соның қатарында стрестік жағдайларды бастан өткізеді. Яғни, әр адамның эмоционалды көңіл күйі мен күш-қайраты да өзгеріп отырады. Мысалы, жұмыстан шаршаған адам үйіне жеткенше, көлік тауқіметін, жол нашарлығын, қала жағдайындағы кептелмелерді, қызмет көрсету мәдениетінің төмендігін көрді дейік. Үйде де бәрі қолайлы болмауы мүмкін. Бір сәт көңілін аулау үшін, теледидар қараса, онда да тосын оқиғалар, бітпейтін тауқіметтер, бет жыртысқан адамдар, көлгірсіген саясаткер мен жүйкеге тиер жарнамалар, қантөгіс фильмдер мен бітпес көбікті сериалдар. Мұндай жағдайда адамның жүйкесіне үлкен салмақ түседі, сезімі тежеледі, көңіл хошы төмендейді, өмірге құштарлығы бәсеңсиді. Міне, осы көңіл ахуалын өзгерте алатын, эмоциялық тепе-теңдікке жеткізетін күштің бірі — радио. Радио табиғатынан агресшіл емес, керісінше жұмсақ та жағымды, жайлы. Радиоақпарат көбіне оптимистік болып келеді, өмірлік жақсы тонус қалыптастырады. Әлеуметтік психологтар тосын қайғылы оқиғаның телевизиямен салыстырғанда радиодан естілгенде санаға жұмсақтау жететіндігіне назар аударған. Өйткені, телеақпарат жүйкеге тікелей әсер етсе, радиодан естілген жаманат хабар психологиялық қорғаныс факторына тап келетін көрінеді. Мұның өзі радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатындығына көз жеткізеді.
24.Радиохабардың акустикалық табиғатын сипаттаңыз
Радиохабарын есту арқылы қабылдайтын болғандықтан, текстің немесе сценарийдің айтылатын әңгімеге, сөйленетін сөзге айналу процесіне аса зор мән беріледі.
Бұл мәселе қазір кең көлемдегі ғылыми кеңестерге, үлкен пікір алысуларға, теориялық және экспериментальдық зерттеулерге негіз болып отыр. Соңғы уақыттағы осындай зерттеулерге сүйенетін болсақ, радиотыңдаушылар ықыласын игерудің бір-бірімен тығыз байланысты үш кезеңін атайды. Оның алғашқы кезеңінің өзін үш түрге бөліп қарау керек:
Біріншісі — біраз үнсіздіктен кейін естілген диктор үні, немесе музыка. Сол сияқты сөз арасында жасалған тосын пауза да аудитория көңілін он-жиырма секундқа аударады екен. Ал дауыстың бірқалыпты емес, әлсін-әлсін бірде төмен, бірде жоғары шығуының тигізетін ықпалы одан да мол.
Келесісі — аудиторияның тап сол сәттегі өте қажетсініп отырған мәселесін қозғау. Радионың оперативтілігін пайдаланып тыңдаушылар күткен өзекті тақырыпқа бару.
Соңғысы, әрбір бағдарламаның, радиожурналдың бұрыннан қалыптасқан тәжірибесіне байланысты туындайды. Мәселен, хабардың музыкалық “шапкасын”, немесе атын естісімен-ақ аудитория одан қандай қызықты, әрі ақиқат ақпарат алатындығын шамамен болжалдап отырады.
Бірақ мұндай тәсілмен радиоаудиторияны көп уақыт ұстауы мүмкін емес. Сондықтан ол хабардың алғашқы минутында-ақ, тыңдаушы ықыласын меңгерудің екінші кезеңіне ұласып кеткені дұрыс. Яғни әңгіменің маңыздылығы, ақпараттың қызықтығы тыңдаушылар есіл-дертін одан әрі баурап алады.
Радиожурналистер арасында кез-келген хабарды текстісімен емес, естілуімен бағалау керек деген сөз бар. Бұл, әрине, тегін айтылмаса керек. Өйткені, дикторлық оқу мен жүргізуші шеберлігі арқасында орташа жазылған текстің өзін тым жақсы шығару, керісінше, тәп-тәуір туындыны өз деңгейінде жеткізе алмау тәжірибеде кездесіп жатады.
Олай болса, радиохабарының бастан-аяқ ойдағыдай тыңдалуы үшін тек мазмұнды болу жеткіліксіз. Себебі маңызды деген материалдың өзін бірқалыпты дауыспен /монотонды/ оқу адамның логикалық ойлау жүйесін іске қосқанымен, сезіміне әсер етпейді. Яғни, хабардың эмоциялық ықпалы нольге тең деген сөз. Мұндай хабардың тыңдалуы ауыр болғандықтан тез шаршатады, жалықтырып жібереді. Сондықтан оның мазмұнымен бірге эфирден берілу формасы, естілу ерекшелігі де тыңдаушысын тартып, сезімін үйіріп, көңіл-күйін жетелеп отыруы тиіс. Бұл радиоаудитория ықыласын игерудің үшінші кезеңінде іске асатын процесс.
Адам даусының ырғақтарын, үн реңдерін текстіге толық түсіру мүмкін болмайды. Немесе қағазға жазылған сөз өзінің қосымша бейнелеуші құралы - үннен айырылады, сол арқылы оның мазмұны да кемиді дейді З. Цаперный. Мәселен, сценарийді біз жүргізушінің сөзі, шешеннің әңгімесі күйінде естісек, онда одан алатын ақпарат арта түседі. Біріншіден, жүргізушінің сөйлеу мәнерімен, дикциясымен, шешендік қабілетімен танысамыз. Екіншіден, оның кейбір текстерге, сөздерге ерекше екпін тастауы, интонация жасауы негізінде автор ойын анық түсінеміз, мол мағлұмат аламыз. Әрі адамның логикалық пайымына, сезіміне жазбадан гөрі сөз күшімен, үн “тілімен” әсер ету оңайырақ та, мүмкіндік те мол. Өйткені, сөз бен дыбыс адамға шексіз әсер етуге, көңіл-қошын жасауға болатын өте нәзік құралдар дейді зерттеуші Т. Евгеньева. Адам баласының көру қабілетінен гөрі есту қабілетінің мүмкіншілігі көп екен. Яғни есту кезіндегі қабылдайтын үндегі бояу, көзбен көру арқылы қабылдайтын бояудан мол көрінеді. К.С. Станиславскийдің айтуынша сөз бен дыбыс мүмкіндігінің молдығы соншалық “бар” немесе “жоқ” деген сөзді елу түрлі етіп жеткізе алуға болады.
Ауызекі әңгімеде сөздердің айтылу ретін ауыстыру, түрлі екпін түсіру арқылы оның мәнін арттыра түсуге, бәсеңсітуге болады. Сөз зергері, белгілі шешен Ираклий Андронников “интонация күшімен сөзге тура, болмаса кері мағына беруге әбден болады” деген. Немесе, диктордың, хабар жүргізушінің, корреспонденттің, актердің сөз өнері, сөйлеу шеберлігіне байланысты интонациялық мүмкіншілік те өзгеріп отырады. Біраз зерттеушілердің пікірі ақпараттың 40 пайызға жуығын, тек сөздегі интонацияның өзі ғана жеткізе алады дегенге саяды.
Бүгінгі радиожурналист эфирдегі бейнелеу құралдарының қыр-сырын жетік меңгеріп, өзгеше табиғаты - акустикалық ерекшелігіне қанық болуы аса қажет. Себебі, Эстония ғалымдарының зерттеулері бойынша радиохабарлардың көпшілігіне тән олқылықтар осы ерекшелікті білместіктен, немесе оған дұрыс мән бермегендіктен туады екен.
