Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Макфуза радио жауаптар.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
126.45 Кб
Скачать
  1. Радио туралы ілімнің Қазақстанда жүзеге асуына белсене араласқан қайраткер кім және оның еңбегін дәлелдеңіз.

Намазалы Омашев. Ол ғалым, филология ғылымдарының докторы (1992), профессор (1993), публицист. 2003 жылдан Қазақстан жоғары мектебі Ұлттық Ғылым Академиясының толық мүшесі (академик), 2002 жылдан Қазақстан журналистикасы академиясының толық мүшесі (академик), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының лауреаты. Қазақстан Жазушылар Одағы мен Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

Намазалы Омашев:

Қазақ журналистикасы. Қазақ радиосы. 3-том. Алматы: Таймас баспа үйі, 2008ж

Ұзынқұлақтан Қазақ радиосына дейін: Монография. Алматы: Санат, 2007ж

Радиожурналистика: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005ж

Радиожурналистика: Оқу құралы. – Алматы, 1995ж

Қазақ радиожурналистикасы: Оқулық. – Алматы: Қазақ университеті, 1992ж

Радиожурналистика негіздері: Оқу құралы. – Алматы, 1983ж.

Радиофельетонның қалыптасуы және даму тенденциялары: Оқу құралы. – Алматы, 1981ж

Радиожурналистика жанрлары мен формалары: Оқу құралы. – Алматы, 1978ж

90 жылға жуық тарихы бар Қазақ радиожурналистикасы жақсы зерттелген, жүйелі мектебі қалыптасқан ғылым деп те айта аламыз. Әр жылдары зерттеушілер: Р. Сағымбеков, М. Барманқұлов, С. Қозыбаев, Н. Омашев бұған өзіндік үлесін қосты. Қазақ журналистикасын зерттеушілер: Б. Кенжебаев, Қ. Бекхожин, Т. Амандосов, Т. Қожакеевтер радиоға қатысты да тұжырымдар айтқан. Әсіресе, осы оқулық авторы Қазақ радиожурналистикасын зерттеуде айтарлықтай еңбектенді. Ол радиофельетонды теориялық тұрғыда талдап, ғылыми айналымға алғаш рет қосты. “Қазақ радиожурналистикасы” атты монографиясында елімізде радиохабар тарату ісінің қалыптасуы мен дамуын тарихи деректер негізінде жүйелеп, кезеңдерін айқындап, жанрлар мен пішіндер эволюциясын көрсетіп береді. Бұл еңбек радиожурналистика ғылымындағы іргелі концептуальды дүние ретінде тиісті бағасын алды. Соңғы жылдары ол жаңа деректер негізінде Қазақ радиохабарын бұрынғыша 1931 жылдан емес, 1921 жылы хабар тарата бастаған Орынбордағы өлкелік радиостанциядан бастау алатындығын дәлелдеп шықты.

2.Қазақ жеріндегі алғашқы радиостанция қайда, қай жылдары жұмыс істегенін дәлелдеңіз.

Қазақ радиожурналистикасының қалыптасу кезеңдері зерттеле келіп, Қазақ радиосының жұмыс істей бастағанына бұрынғы деректердегідей 70жыл емес екендігін, атап айтсақ, 80 жыл болғаны дәлелденді. Қазақ жеріндегі радиостанциялар 1913 жылдан бастап жұмыс істеді, делініп келген болатын, бұған дейінгі ғалымдар еңбектерінде.Енді деректі нақты уәждермен дәлеледеніп, алғашқы радиостанциялардың 1912 жылдан бастап жұмыс істегендігі анықталды.Қазқ жеріндегі Ақтау қаласындағы радиостанцияның 1912 жылдан жұмыс істеуі де отарлау саясатын жүзеге асыру жолындағы шаралардың бірі екендігі айқын.Қазақ телерадиожурналистикасының тарихын зерттеуші ғалымдар-М.Барманқұлов, Р.Сағымбеков, С.Қозыбаев пікірлеріне сүйене отырып, қазақ жеріндегі радиостанциялардың 1913 жылдан емес , яғни 1912 жылдан жұмыс істегенін Н.Омашев кітабынан айқындауға болады.Сонымен Ұлы Қазан революциясына дейін Александр Форты мен Түркістанда радиостанциялар жұмыс істеді. Мұрағаттық деректерге сүйенсек 1920 жылдары-ақ Семей губерниясында, Орынбор, Қызылжар, Көкшетау, Ақмола, Кереку, Өскемен қалаларында қабылдаушы таратушы радиостанциялар жұмыс істеп тұрған.Тіпті шағын елді мекендерде радиостанциялар ашып, мемлекеттік тұрғыдан ұлттық тілдерде хабарлар тарату көзделген.