
- •Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі
- •Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері
- •Азаматтық құқық объектісі,түрі
- •Азаматтық құқықтық қатынас түсінігі, түрі
- •Aзаматтың құқықтың қайнар көздері
- •Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы жіне түрлері.
- •Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.
- •10) Жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртiбi; 11) өтемақылар төлеу мен кепiлдiктер беру тәртiбi; 12) тараптардың жауапкершілiгi көрсетiлуге тиiс.
- •Жәрдемақы түсінігі
- •Жер санаттары. Жер дауларын шешу. Жер ресурстарын басқару
- •Жер ресурстарын басқару
- •Қазақстан Республикасының зейнет ақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері
- •Құқық негіздері пәнінің түсінігі, жүйесі мен мақсаты.
- •Құқықтық мәртебенін түрлері
- •Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.
- •Қазақстан Республикасы демократиялық, тәуелсіз, егеменді, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы – мемлекет.
- •Құқықтың түсінігі мен негізгі белгілері
- •Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •Қылмыстық жаза: түсінігі белгілері мен мақсаты
- •Қылмыстың (қылмыстықжазалау әрекеттің) түсінігі мен белгілері
- •Қылмыстық заң,оның шеңбері,жүйесі мен құрылымы
- •Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері
- •Қылмыстық құқық міндеті, қағидасы
- •Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері
- •Жазаның түрлері
- •Қылмыстың құрамы
- •Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің алатын орны.
- •Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
- •Мемлекеттің функциясы
- •Мемлекет ұғымы мен белгілері
- •Мемлекеттің п.Б.Тур теориялар
- •Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары
- •Мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің түсінігі және түрлері
- •Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
- •Салық төлеушілер,олардың құқықтары мен міндеттері
- •Салық қызметінің органдары. Салықтық бақылау нысандары.
- •Экологиялық құқығының объектілері.
Салық төлеушілер,олардың құқықтары мен міндеттері
13-бап. Салық төлеушінің құқықтары
1. Салық төлеуші:
1) салық қызметі органдарынан қолданылып жүрген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы, ҚР салық заңнамасындағы өзгерістер туралы ақпарат, салықтық нысандарды толтыру тәртібі бойынша түсіндірмелер алуға;
2) ҚР салық заңнамасында реттелетін қатынастарда жеке өзі не өзінің өкілі арқылы немесе салық консультантының қатысуымен өзінің мүдделерін білдіруге;
3) осы Кодексте белгіленген жағдайларда салықтық бақылау нәтижелерін алуға;
4) салық органында уәкілетті орган бекіткен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын, салықтық өтініштердің белгіленген нысандарының бланкілерін және (немесе) электрондық түрде салық есептіліктері мен өтініштерін беру үшін қажетті бағдарламалық қамтамасыз етілімді тегін алуға;
5) өтініш бойынша салық органында бұрын өзі тапсырған салық есептілігінің көшірмесін алуға;
6) салық қызметі органдарына салықтық бақылау нәтижелері бойынша салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі түсіндірмелерді табыс етуге;
7) салық органы салықтық өтініш алған кезден бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей салық міндеттемесін, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және аудару, әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу бойынша міндеттемелерді орындау бойынша бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы жеке шоттан үзінді көшірме алуға;
8) салықтық өтініш бойынша осы Кодексте белгіленген тәртіппен және мерзімде мынадай:
салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі туралы;
салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің жоқ екендігі (бар екендігі) туралы;
резидент еместің ҚР көздерден алынған табыстар мен ұсталынған (төленген) салықтардың сомасы туралы анықтама түрлерін алуға;
9) салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесін орындау мақсатында төлем құжатын толтыру үшін қажетті деректемелер туралы мәліметтер, сондай-ақ салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу тәртібі туралы ақпаратты салық органына көрсетілген ақпарат үшін өтініш жасалған кезден бастап бір жұмыс күні ішінде алуға;
10) осы Кодексте және ҚР басқа да заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) салық қызметінің жоғары тұрған органының хабарламаға жасалған шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарған шешіміне, сондай-ақ салық қызметі органдарының лауазымды адамдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
11) салықтық құпияның сақталуын талап етуге;
12) осы Кодекске сәйкес салық қызметі органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді тегін алуға;
13) салықтық тексеру жүргізу барысында салық қызметі органдарының лауазымды адамында туындаған сұрақтарды жазбаша тіркеуге және осы сұрақтар көрсетілетін құжатты онымен келісуге;
14) берілуі ҚР салық заңнамасында, ҚР трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында, сондай-ақ ҚР акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіру мен олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасында тікелей көзделген ақпарат пен құжаттарды қоспағанда, салық салу объектілеріне және (немесе) салық салуға байланысты объектілерге жатпайтын ақпарат пен құжаттарды бермеуге құқылы.
2. Салық төлеуші ҚР салық заңнамасында реттелетін қатынастарға осы Кодексте белгіленген тәртіппен электрондық тәсілмен қатысуға құқылы.
3. Салық төлеушінің ҚР салық заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.
14-бап. Салық төлеушінің міндеттері
1. Салық төлеуші:
1) осы Кодекске сәйкес салық міндеттемелерін уақтылы және толық көлемде орындауға;
2) салық қызметі органдары лауазымды адамдарының ҚР салық заңнамасын анықталған бұзушылықтарды жою туралы заңды талаптарын орындауға, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін атқаруы кезіндегі заңды қызметіне кедергі жасамауға;
3) нұсқама негізінде салық қызметі органдары лауазымды адамдарының салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылатын мүлікті зерттеп-тексеруіне жол беруге;
4) ҚР трансферттік баға белгілеу туралы заңнамасында көзделген ақпарат пен құжаттарды беруге;
5) бақылау-кассалық машиналарды қолдануға және оларды қолданудың осы Кодексте белгіленген тәртібін сақтауға;
6) дара кәсіпкердің (осы Кодекстің 43-бабында белгіленген жағдайларды қоспағанда) кәсіпкерлік қызметті, жекеше нотариустың, адвокаттың, тұрақты мекеменің, резидент емес заңды тұлғаның қызметін тоқтатуына, заңды тұлғаның бөліну жолымен қайта ұйымдастырылуына және (немесе) таратылуына байланысты құжаттық тексеруді жүргізу туралы салық органына салықтық өтініш беруге міндетті.
2. Салық төлеуші осы Кодексте көзделген өзге де міндеттерді орындайды.