Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кукык алфавит.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
529.92 Кб
Скачать

Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары

Мемлекет функциясы Қазақстан Республикасы мемлекетінің функциясы, яғни (миайтын ролі ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттің қызметінің өзі түсініледі. Мемлекет функииясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.    

 ° Ішкі функцияларға еліміздін материалдық-техникалық базасын құрып. дамытуға бағытталған мына қызмет салалары мәдени-тәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар: әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады; құқық тәртібін қорғау Конституцияға сүйене отырып, бақылау арқылы оның талаптарын орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде көрініс табатын функциялар. Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды, мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық функцияларды жүзеге асырады.   

  ° Мемлекеттің сыртқы функциялары оның Конституцияда белгіленген Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын, бөлінбейтіндігін және қол сұғылмайтындығын көздейтін қағиданы қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қамтиды. Отанымызды қорғау, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету — мемлекетіміздің аса маңызды сыртқы функцияларының бірі. Басқа мемлекеттердің аумағында тұратын азаматтардың құқығын қорғау жөнінде Конституцияның 11-бабының 2-тармағында былай делінген: "Республика өзінің одан тыс жерлер-де жүрген азаматтарын қорғауға және оларға камқорлық жасауға кепілдік береді".   

 Мемлекетіміздің маңызды сыртқы функцияларының бірі — басқа мемлекеттердің азаматтарымен және қоғамдық бірлестіктерімен біздің республика азаматтарының және қоғамдық бірлестіктерінің карым-катынастарын нығайтуға ықпал жасайтын саясат, экономика, мәдениет, ғылым саласындағы байланыстарды жүзеге асыру болып табылады.

Мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің түсінігі және түрлері

Меншік : мәні және түрлері.  Қай ел болсын , оның шаруашылық өмірімен жете танысу барысында мынадай сауалдарға тап боламыз: экономикалық билік кімнің қолында? Немесе адамдардың өмір сүру негізі материалдық игіліктерді иемденетін кім? Бұл биліктің мәні өндіріс құрал жабдықтарына және оның нәтижелеріне тиісті меншік қатынатары болып табылады  Ендігі бұл тараудағы басты мәселе меншіқтің мәні және сипаты туралы.Жалпы, меншік дегеніміз не? Міне , осы сұраққа жауап іздеу қажет.  «Меншік» ұғымы әрбір экономикалық жүйенің фундаменті болып табылады. Ол тарихи түрде адаммен , қоғаммен бірге пайда болады. Сонымен, меншік дегеніміз өндіріс құрал жабдықтарын және өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.Ол адам және заттың арасындағы қатынастар болып табылады.Оның өз даму тарихы бар.Онымен адамдардың өте қуатты экономикалық,кәсіпкерлік әрекеттері , мақсатты қозғалыс жүйесі,тағыда басқа әр түрлі экономикалық мүдделері,шаруашылық жүргізу формалары мен тәсілдеріне байланысты.Дүниежүзілік тәжірибенің дәлелдегені меншіктің аса маңыздылығы жалпы адамзаттың маңызды бағалылығына жатады.  Меншік қатынастарының ерекшелігі , ол , бір жағынан өте қарапайым, ал екінші жағынан , өте күрделі де. Қарапайымдылығы әр адам онымен күнделікті кездеседі және оны жиі сезіне отырып , ол туралы белгілі бір деректер алып отырады.Күрделігі оның тасасында тұрған адамдар арасындағы өзара қарым қатынастарды бейнелейтін көп қырлы мазмұны .Бұл қарым қатынастар әлеуметтік экономикалық жүйенің эволюциясында анықтаушы рөл атқаратын адамдардың меншікке қатысты қарым қатынастары.  Күнделікті тәжірибеде меншік қатынастарының экономикалық мазмұны мен оның құқықтық мазмұны арасындағы айырмашылықтарды ажырата білу қажет.  Экономикалық мағынасында меншік бүкіл шаруашылық процесін қамтып,пайдалы игіліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу , айырбастау мен тұтыну қатынастарын білдіреді.Бұл дегеніміз өндіріс процесіндегі адамдар арасындағы күрделі шаруашылық өндіру адамдардың өз қажетіне қарай табиғат байлығы мен жұмыс күшін иемдену болып табылады. Меншік қатынастары : а/иемдену бұл нақты қоғамдық затты иелену әдісі.  б/материалдық ресурстарды тиімді пайдалану мүліктен оның пайдалы қасиеттерін алу, сондай ақ одан пайда табу.  в/ материалдық ресурстарды тұтыну, яғни өз игіліктеріне байланысты жүзеге асырудың экономикалық сипатын анықтау процесіндегі қарым қатынастарды қамтиды. Міне, осылардың барлығы да өндшріс сферасындағы аса маңызды: “адам адам” қарым қАтынастарын бейнелейді.