Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кукык алфавит.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
529.92 Кб
Скачать

Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері

Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. 1)Қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы – ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам мен мемлекет арасында пайда болады; 2) Қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тиым салған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі; 3) Қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтірілгенде олардың одан қорғануға байланысты қатынастарын ретке келтіреді.

Қылмыстық құқық жалпы және ерекше бөлімнен тұрады. Жалпы бөлім қылмыстық жауаптылықтың негіздерін, міндеттері мен принциптерін, жекелеген жаза түрлерінің қолдану шегін, оларды тағайындау тәртібін белгілейтін нормалардан, шартты түрде жаза қолдануды, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босатуды, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруды реттейтін институттарды орнықтыратын нормалардан, сондай-ақ, сотталғандарды түзеу ісін қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің қатысу нысандарын көрсететін нормалардан тұрады. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларды жазалаудың ерекшеліктері де, соттылықты жою мен алып тастау шарттары да жалпы бөліммен реттеледі. Қылмыстық құқықтың ерекше бөлімінің нормалары жаза түрлері мен оның қолдану шегін көрсете отырып, нақты жекелеген қылмыстарға сипаттама береді.

Қылмыс дегеніміз – қылмыстық заңдармен тиым салынған, қоғамға қауіпті әрекет немесе «рекетсіздікті айтамыз. Қылмыстың белгілеріне мыналар жатады:1) Қоғамға қауіптілігі;2) Заңға қайшылығы;3) Айыптылығы;4) Жазаланатындығы. Қылмыстық құқықтың қағидалары деп – қылмыстық құқықты басшылыққа алатын оның нормаларының негізгі мазмұны мен бағытын анықтайтын бастауларды айтамыз. Қылмыстық құқықтың негізгі принциптеріне мыналар жататады:заңдылық,жеке жауаптылық,ізгілік,азаматтардың заң алдындағы теңдігі,кінәлі жауаптылық,әділеттік,қылмыстық жауаптылықтан құтылмайтындық.

Қылмыстық құқық міндеті, қағидасы

ҚҚ-жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқ\ры мен бостандықтарын,қоғамды ж\е мем\ті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастар

ды реттейді.ҚҚміндеті-оның пайда болуы-мен тікелей байланысты б.т\ды. ҚР Қылмыс

тық Кодексінің 2-бабында:«Адам мен аза- маттың құқ\рын,бостандықтары мен заңды мүдделерін,меншікті,ұйым\р\ң құқ\ры мен заңды мүдделерін,қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау»міндеттері көрсетілген

ҚҚқағида\ры-заң шығарушыға,ғылымға, құқық қорғау ж\е қолдану орган\ры мен аза

маттарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті,негізгі ж\е міндетті ереже\р\ң көрінісі б.т\ды.Оған: 1)заңдылық; 2)жеке жауаптылық; 3)ізгілік; 4)азамат\р\ң заң алдындағы теңдігі;5)кінәлі жауаптылық 6)әділеттілік 7)қылмыстық жауаптылықтан құтылмайтындық.

Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері

Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері:

жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,

жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);

жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.

XV—XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:

а) рудан қуып жіберу;

ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;

б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;

в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау;

г) өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;

ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.