
- •Атқару органдарының түсінігі және құқықтық мәртебесі
- •Азаматтық құқықтың субъектісі және оның түрлері
- •Азаматтық құқық объектісі,түрі
- •Азаматтық құқықтық қатынас түсінігі, түрі
- •Aзаматтың құқықтың қайнар көздері
- •Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы жіне түрлері.
- •Жеке еңбек шарттары. Ұжымдық еңбек шарттары және келісімдер.
- •10) Жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу және ұзарту тәртiбi; 11) өтемақылар төлеу мен кепiлдiктер беру тәртiбi; 12) тараптардың жауапкершілiгi көрсетiлуге тиiс.
- •Жәрдемақы түсінігі
- •Жер санаттары. Жер дауларын шешу. Жер ресурстарын басқару
- •Жер ресурстарын басқару
- •Қазақстан Республикасының зейнет ақымен қамтамасыз етудің құқықтық негіздері
- •Құқық негіздері пәнінің түсінігі, жүйесі мен мақсаты.
- •Құқықтық мәртебенін түрлері
- •Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.
- •Қазақстан Республикасы демократиялық, тәуелсіз, егеменді, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы – мемлекет.
- •Құқықтың түсінігі мен негізгі белгілері
- •Құқықтық сана және құқықтық мәдениет.
- •Қылмыстық жаза: түсінігі белгілері мен мақсаты
- •Қылмыстың (қылмыстықжазалау әрекеттің) түсінігі мен белгілері
- •Қылмыстық заң,оның шеңбері,жүйесі мен құрылымы
- •Қылмыстық құқықтың түсінігі мен белгілері
- •Қылмыстық құқық міндеті, қағидасы
- •Қылмыстық жазаның жүйесі мен түрлері
- •Жазаның түрлері
- •Қылмыстың құрамы
- •Қоғамның саяси жүйесінде мемлекеттің алатын орны.
- •Мемлекем құрылымы бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
- •Мемлекеттің функциясы
- •Мемлекет ұғымы мен белгілері
- •Мемлекеттің п.Б.Тур теориялар
- •Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары
- •Мемлекеттік меншік пен жеке меншіктің түсінігі және түрлері
- •Мемлекеттің пайда болу себептері, белгілері
- •Салық төлеушілер,олардың құқықтары мен міндеттері
- •Салық қызметінің органдары. Салықтық бақылау нысандары.
- •Экологиялық құқығының объектілері.
Қылмыстық жаза: түсінігі белгілері мен мақсаты
Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері:
жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,
жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);
жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырады.
XV—XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері болған:
а) рудан қуып жіберу;
ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;
б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін айыппұл тағайындау;
в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құң тағайындау;
г) өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды;
ғ) әке-шешесін сыйламаған, құрметтемеген балаларға және антты бұзғандарға тен жазасы мен масқаралау жазалары қолданылды.
Қылмыстың (қылмыстықжазалау әрекеттің) түсінігі мен белгілері
Қылмыс — бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатері мен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет — қылмыс деп танылады».
Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.
Қылмыс әрқашан іс-қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін. Әрекет — бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.
Қылмыс — бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.
Қылмыс — әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық—бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кодексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
Жазалалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.
Қылмыстық заң,оның шеңбері,жүйесі мен құрылымы
Қылмыстық заң дегеніміз — ҚР Парламенті қабылдаған нормативтік құқықтық акт.Қылмыстық заңның міндеттері — бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, ҚК-тің 2-бабында көрсетілген басқа да құндылықтарды қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылатындығын зерттеу болып табылады. Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция. Гипотеза – бұл құқық нормаларын қолдану жағдайлары. Мысалы, белгілі бір адам занда көрсетілген жасқа толып, қылмысты қасақана немесе абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде жауаптылыққа қабілетті болып танылса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Диспозиция — нақты қылмыстық қол сұғушылықтың белгілеріне сипаттама береді. Диспозиция өзінін құрылым ерекшеліктеріне байланысты жай, сипаттамалы, бланкеттік және сілтемелі болып негізгі төрт түрге бөлінеді. Санкция — ерекше бөлім баптарында белгіленген жазаның түрі мен мөлшерін анықтайды. Қылмыстық заңның баптарында санкцияның екі түрі қолданылады: салыстырмалы-айқындалған және балама.
Қылмыстық заңның ережелері міндетті болып табылады. Оларды орындау немесе сақтау лауазымды адамдардың сондай-ақ барлық азаматтардың міндеті.Қазақстан Республикасындағы қылмыстылықпен күрес қылмыстық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша тағайындалған қылмыстық жазаның орындалуы қылмыстық-атқару кодексімен реттеледі