Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-2блок е-бизнес готовый.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

3) Қазақстандағы қолма-қол жасалмайтын төлемдер нарығының даму перспективасын бағалаңыз:

А) 2013 жылда Қазақстанда қолма-қол жасалмайтын төлемдердің даму қарқыны түсіндіретін себептер:

1. ақша айналымында бақылауды күшейту және қолма-қол ақшаның көленкелі айналымын азайту;

2. жалақы, зейнетақы, жәрдемақы төлеудің тетігін жетілдіру;

3. коммуналдық төлемдер жинау, көлік, байланыс қызмет көрсетулеріне ақы төлеу процестерін оңтайландыру;

4. бюджеттік (салық, кеден) және өзге де міндетті алымдарды қолма-қол емес нысанда жүзеге асыру үшін микропроцессорлық карточкалар технологиясын қолдану;

5. қолма-қол ақша эмиссиясына жұмсалатын шығыстарды қысқарту.

Же­келеген мемлекеттерде жүргі­зіл­ген зерттеулер бойынша қол­ма-қол емес нысан­дағы төлемдер са­нының ұлғаюы ел­дің ІЖӨ-сінің 1%-на дейін үнемдеуге мүмкіндік бе­реді.

Қазіргі уақытта тауарлар мен қызметтердің қолма-қол жасалмайтын ақысын, салықтар мен айып­пұлдарды төлеудің заманауи, қолай­лы және қауіпсіз әдістері мен арна­ларының бар екендігін көрсету мақсатында ақпараттық бөлікті күшейту жұмыстары жасалып жатыр. Олардың ішінде интернет арқылы: төлем карточкалары, ин­тер­нет-бан­кинг­ті пайдалану, мобиль­ді банкинг, электрондық ақ­ша. Көптеген карточка иеленушілер үшін оларды бірден-бір пайдалану орны жақын жердегі банкомат болып табылады. Қолма-қол ақша алу төлем карточкалары бойынша жасалатын барлық қаржылық операциялардың 97%-на жуығын құрайды. Және барлық «операциялар» шоттағы қалдықты білумен және жалақы, зейнетақы немесе стипендия алумен шектеледі. Төлем карточкаларын қабылдайтын сауда нүктелері әлі де өте аз  (4%-ын ғана қамтиды). Есеп айырысудың қолма-қол жасалмайтын нысанын дамыту мақсатында ҚР-сы Үкіметінің қаулысымен  «Микропроцессорлық карточкалар негізінде Төлем карточкаларының ұлтық банкаралық жүйесін дамыту бағдарламасы» (ТКҰБЖ) бекітілді.

В) Бүгінгі таңда төлем карточкаларын тұтынушылардың саны 10,6 млн адамға жетіп, іс жүзінде Қазақстан тұрғындарының 63 %-н құрап отыр. Карточка жүйесінің тиімділігі оны қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін пайдалану деңгейіне байланысты. Біріншіден, банкноттар әзірлеуге, оларды инкассалауға, сақтауға, есептеуге, ескі ақшаларды жойып отыруға кететін шығындарды, айналымға шығарылған ақша құнына татитын шығындарды кемітуге мүмкіндік береді. Екіншіден, қаржы ағындары неғұрлым ашық қалыпқа түсіп, «қара ақша» проблемасы өздігінен жоғалады да, салық жиналымын арттыруға мүмкіндік береді. Үшіншіден, ақшаны жұмыс істеуге «икемдейтін» банктің түсімі ұлғаяды. Карточкаларды қолдану аясының кеңейе түскеніне қарамастан, операциялардың көбісі шотта қанша ақша қалғанын білуге және еңбекақы, зейнетақы немесе шәкіртақы алуға байланысты жасалады. Мәселен, өткен айда карточка тұтынушылар терминал арқылы қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды 13 % ғана жүзеге асырған, ал, бірақ, қолма-қол ақша алу операциясы жалпы төлем карточкаларын пайдаланып жасалатын операциялардың 87%-н құрап, 480,1 млрд теңгеге жетіпті. Осылайша, банктер банкоматтарға қызмет көрсетуден пайда тапқанымен, арзан ақша жасау мүмкіндігімен қағылып отыр.  Ал, бұл, жалпы алғанда, банк жүйесін дамытуға, жекелей алғанда, несиелеу ісіне кері әсерін тигізетіні белгілі. Төлем терминалын орнатуға балық, ауылшаруашылық өнімдерімен және өз тауарларымен сауда жасаушылардың, сондай-ақ ортақ пайдаланылымдағы телекоммуникация желілері жоқ сырғыма сөрелер, автодүкендер, шатырлар мен дүңгіршектер, контейнерлер мен базар аумағы арқылы зат сататын кәсіпкерлердің қолы жетер емес.

4) ҚР Президенті Ұлттық банкке электрондық төлемдер мен банкоматтарды біріктіретін бірыңғай процессингтік орталық (БПО) құру жөнінде ұсыныстарды жасап шығаруға тапсырма берді.

А) БПО құру идеясын қолдайтын екі аргумент атаңыз.

Процессингтік қызметтердің негізгі жеткізушілері АО «Казтелепорт» және ТОО «Процессинговая компания» болып табылады.

Қазақстан Республикасы бойынша төлем картасымен жұмыс барысында процессингті іске асыру тек сол банктің берген карточкасы арқылы іске асырылады. Әр түрлі банктер арасында төлем карточкалары арқылы орындалатын процессинг процессингдік организация/ ақылы жүзеге асырылады.

Қазақстандағы прлцессинг қазметіне Кейс Анализ

БПО құрудың жағымды жақтары:

1) Төлем карталарының тарифтік қызметтерінің бағасының төмендеуі;

2) Кедергісіз бірегей қызмет көрсету желісі (банкоматы, POS-терминалы) және төлем карточкалары арқылы іске асатын бірыңғай тарифтер;

3) Банктік іскерлік жұмысын әрі қарай жалғастыру;

4)транзакция/ б/ша халықаралық төлем жүйе/іне коммиссиялық ақыны төмендету;

5) процессингтік қызмет ақысын төмендету.

Процессингтік қызметтің Кейс Анализі Қазақстанда жоғары бағаланады, себебі:

- біріншіден, профильсіз істен «бас тартады»,

-екіншіден, аутсорсингті компанияға IT-жүйені тұрақты модернизациялау ж/е PCI DSS стандарты б/ша сәйкес сауал/ға жауап тауып береді.

-үшіншіден, банктің операциялық қаупі және құқықтық кепілдеме төмендейді.

В) БПО құру идеясының 2 жағымсыз салдарын атаңыз.

1)Карточкалы жүйенің әрі қарай дамыуына оның ішінде жаңа технологияларды енгізуге бірден бір кедергі болып банктердің бір платформасының техникалық мүмкіншілігінің шектелуі болып табылады.

2) Барлық мәліметтерді бір процессингтік орталыққа интеграциалау кезінде операциялық қауіптер (процессингді жаңа орынға ауыстыру барында болатын қателіктер); Барлық орындалатын операциялар БПО жұмыс істеуіне байланысты болады. Мәселелер туып қалған болса, бір де бір банк жұмысын дұрыс істеп шығаруға кепілдік бермейді, және мұндай жағдайда барлық операциялар уақытша тоқтатылады.

3) берілген қызметтің сапасының төмендігі, қолданушылардың администраторлығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]