Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-2блок е-бизнес готовый.docx
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
3.16 Mб
Скачать

10) Amazon.Com

A. Майклом Раппа (Michael Rappa)  ұсынған классификация негізінде табысқа бағытталған модельдердің қайсысы Amazon қызметіне тән

Amazon.com бұл интернет-дүкен. Бастапқыда кітаптар сатты, кейін mp3-жазбалар, программалық жабдықтар, бейнеойындар, электроника, киім, жиһаз, ойыншықтар сата бастады. Қазіргі таңда тауарларды 34 категориясын құрайды. Amazon қызметіне сатушы моделі тән. Сатушы моделі (Merchant Model) – бұл классикалық онлайн-дүкендер болып табылады.

В. Amazon негізінде қандай фундаментальды модельдер жатыр?

Клиенттер интернет-дүкенге Amazon компаниясына тапсырыс жасайды. Оған сәйкес келетін Business-to-Consumer (B2C) моделі.

B2C моделі компаниялар және жеке тұлғалар арасындағы транзакцияларды қамтиды. Бұл компаниялардың тауарларды клиенттерге тікелей интернет арқылы сату сияқты көрініске ие. Мұндай сайттар онлайн каталогтағы тауар не қызмет жөніндегі ақпаратты ұсынады. B2C моделі онлайн-банкинг, саяхат жасау сервистері, денсаулық сақтау жөніндегі ақпаратпен қаматмасыз ету сияқты бизнес түрлеріне ие. 

Шағын кәсіпкерлер де көп мөлшерде тапсырыс жасай алатындықтан, бұл Business-to-Business (B2B) моделіне сәйкес келеді.

B2B моделі компаниялар арасындағы тапсырыс жасау, сатып алу және де басқа әкімшілік тапсырмаларды орындайтын электронды транзакцияларды қамтиды. B2B моделі тауарлар саудасы, бизнес жаңалықтарын жазылу, мамандырылған кеңес,өндіріс,сауданық толық циклі сияқты көріністер табады. B2B моделі виртуалды, яғни физикалық түрде болмысы жоқ, компаниялар арасында да болуы мүмкін. Мұндай жағдайда Бизнес тек интернет арқылы жасалынады.

C. One-click (Amazon дүкенінде тапсырысты жылдам өңдеу және жүргізу / Система быстрого подтверждения и оплаты заказа у магазина) технологиясы қалай жүзеге асатынынын сипаттаңыз.

1 - Click, тінтуірдің бір тықлы н/е сатып алу тінтуірінің бір тықлы деп те аталады , техника клиенттерге қолданушы енгізген төлемдік ақпаратты онлайн сауданы бір кликтен жасауға мүмкіндік береді. негізі бұл технология қоржын программалық жабдығынсыз-ақ сауда жасауға мүмкіндік береді. Тауарды жеткізу туралы ақпаратты және есепшотты қолмен енгізудің орнына, пайдаланушы сауданы бір кликпен мекенжай және несие картаның нөмірін бір н/е бірнеше заттар сатып алу үшін қолданады.

Amazon.com-да басқа елдердің сауда жасауы:

1. Форвардингті компания көмегімен. Осы компанияда тіркеліп, мекен-жайды алып, өзіміздің аккаунтымызды жазып, сауда жасай береміз.

2. Өзіміз тікелей халықаралық жеткізу арқылы. Бұл үнемді болмаса да жедел қызмет.

3. Делдал компания арқылы. Мұнда тіркеліп, есеп-шотымызды осы компанияда толтыру.

11) Электроннды Сауда Алаңшалары

 A. Жабдықтау процестерінде (Supply Chain Management ) және компанияның ақпараттық жүйесінде ролін және орнын схема түрінде анықтаңыз. 

«Supply Chain Management» –– Бұл жеткізушіден ақырғы сатып алушыға дейінгі тауарды жеткізудің логикалық схемасы.

B. Электронды сатып алу жүйесінің қандай артылықшылақтары бар?

Электрондық мемлекеттік сатып алудың басты артықшылықтары мыналар:

1. Жемқорлықпен тиімді күрес тәсілі; 2. Бюджеттік қаражаттың үнемделуі; 3. Мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыстың ыңғайлылығы; 4. Салауатты бәсекелестік үшін тиімді жағдайлар туғызу; 5. Отандық шағын және орта бизнесті дамытуды қолдау.

Жыл басында қосылған Электронды сатып алу жүйесі нәтижесін беруде.  «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС компаниялар тобында үнемдеу соммасы 8 млрд.теңгеге жуық.Отандық кәсіпкерлер үшін де сатып алу рәсімдері әлде қайда жариялымды әрі тиімдіболғандай. «Самұрық-Қазына» басқармасы осы жүйені әзірлеуді тапсырып ,барлық мүмкіндіктерді бергені арқасында,бұл жоба іске асты.Алайда электронды анықтаманың өзін енгізген кезде белгілі бір тәукелдер болды,бірақ нәтижесі ойдағыдай.Қазір жүйеге кіріп барлық ақпаратты алуға болады.Қандай сатып алу жоспарда бар,қайсысы өтті және қанша қалды кәсіпкерлерге қажеті де осы.Жобаның тиімділігі де сол-барлығы электронды түрде. Электронды сатып алу жүйесі енді шенеуніктердің назарында ,қаржы министрлігі қызығушылық танытты .Алдағы уақытта жаңа тәжірибе республика бойынша қолданылуы мүмкін.Бұл ретте кәсіпкерлер сұраныс ауқымын әкелінетін және шығарылатын өнімнің көлемін бақылай алады.Батыста ондай жүйелер жоқ,ол тер ірі сауда нүктелерінде болады,мемлекеттік деңгейде емес.Жалпы ақпараттық жүйе істі тездетуге мүмкіндік береді,демек,кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізеді.Сатып алу ережелері электронды жүйенің тетіктері туралы ақпаратпен оқыту материалдары «Самұрық-Қазына Контракт» сайтында бар .Бүгіндері мұнда 10 мыңнан астам әлеуетті жеткізуші тіркелген.200 мыңнан аса өнім тауарлары енгізілді ,ал қауіпсіздік жағынан қарағанда жүйе сенімдігін дәлелдеген көрінеді.Бекітілген бағаларды өзгерту немесе ақпаратты бұрмалау сынды жағдайлар осы уақытқа дейін болмаған.

Электронды сатып алу жүйесінің ерекшеліктері бар. Тапсырыс беруші мен өнімін ұсынушының арасындағы делдалдың қызметін электронды жүйе атқарады. Сыбайласқан жемқорлықтың тамырына бір жола балта шаптық деуге әлі ерте, дегенмен.

Былтырдан бастап елімізде мемлекеттік сатып алулар электронды жүйеде іске аса бастады. Үкіметтің көздегені ақпараттық технологияның көмегіне жүгіне отырып, қазынаның қыруар қаржысын үнемдеу болатын.

Биліктің бұл ойы іске асып, былтыр бюджет қаражатының жиырма пайызы үнемделді. Жаңа жүйенің артықшылығы тек бұл емес. Бұрын тендер қалтасы қалыңдар мен қолы ұзындардың құрығына түсетін майлы шелпек болса, қазір бұл шаруада бармақ басты, көз қыстыға жол жоқ.

Бұл – мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлықты жоюдың бірден-бір тиімді жолы. Себебі бұрынғы қалыптасқан сатып алу жүйесінде тендер өткізетін мекеме тарапынан кәсіпкерлерге көптеген қиянаттар жасалынатын. Мысалы, мемлекеттік мекеме тендерге белгілі бір мүдделі топтарды ғана кіргізіп, басқаларын қатыстырмауға мүмкіндіктері бар еді. Бір телефонды беріп, бірақ оған қоңырау шалсаң, «ертең немесе арғы күні хабарлас» деп, тіпті тендерлік құжаттарды бермей, созбалақтап жүріп алатын. Енді электрондық жүйеге байланысты онда сатып алу туралы ақпарат бірден сайттарда жарияланады. Онда барлығы айқын жазылған, бюджеті де белгілі, сатып алатын тауарлардың сипаттамасы да анық беріледі.  

Мемлекеттік сатып алудың электронды жүйесі мемлекет үшін сөзсіз пайдалы.

Демек, мұнда кез келген мүдделі компания сайтқа кіріп, өзіне қажетті ақпараттарды ала алады. Егер ондағы жарияланған тендерлер сипаттамасы өзіне қажетті болса, онда оған бірден қатысқысы келетінін айтып, өзінің формасы бойынша бағалық ұсынысын айта алады. Бұл жерде барлығы сайтта анық көрсетілген соң, оны ешкім өзгерте алмайды. 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]