
- •Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихының пəні, əдісі жəне оның заң ғылымдары жүйесінде алатын орны.
- •Ежелгі Египеттегі орталық жəне жергілікті басқару.
- •Ежелгі Вавилон халқының құқықтық жағдайы. Құлдық жəне оның ерекшеліктері.
- •Ежелгі Вавилонның мемлекеттік құрылысы. Орталық жəне жергілікті басқару.
- •Хаммурапи заңы бойынша қылмыс жəне жаза. Талион жəне композиция. Сот ісін жүргізу.
- •Хаммурапи заңы бойынша неке, отбасы жəне мұрагерлік.
- •Ежелгі Үндістан халқының құқықтық жағдайының ерекшеліктері: Варналар жүйесі. Құлдық.
- •Ежелгі Үндістанның мемлекетік құрылысы. Орталық жəне жергілікті басқару. Сот жүйесі.
- •Ману заңдары бойынша қылмыстық құқық жəне сот ісінің жүргізілу тəртібі.
- •Ежелгі Қытайда мемл және құқықтың қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
- •Афиныда мемлекеттің пайда болуы. Тезей реформалары.
- •Ежелгі Афиныдағы Солонның және Клисфеннің реформалары.
- •Ежелгі Спартаның қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.
- •Римде мемлекеттің пайда болуы. Патрицийлер мен плебейлердің күресі. С.Туллийдің реформасы.
- •Рим республикасының мемлекеттік құрылысы. Сенат жəне магистраттар.
- •Империя кезеңіндегі Римнің қоғамдық-саяси құрылысы. Принципат жəне доминат.
- •3.Затты сақтау шарты.
- •4.Тасу ж/е көшіру шарты.
- •Меровинг жəне Каролинг монархиялары тұсындағы франктардың мемелекеттік құрылысы.
- •Францияның абсолюттік монархия кезеңіндегі мемлекеттік құрылысы.
- •Франциядағы мемлекетті орталықтандыру процессі. Людовик іх-ның реформалары.
- •Сеньориалдық монархия кезеңіндегі Францияның қоғамдық-саяси құрылысы. Сословиелердің қалыптасуы.
- •Салийлік правда бойынша қылмыстық жəне неке-отбасылық құқық .
- •Нормандықтардың жауап алуы жəне оның хі-хіі ғғ. Англияның қоғамдық құрылысына тигізген əсері. Генрих іі-нің реформалары.
- •Ағылшын феодалдық құқығының ерекшеліктері. Жалпы құқық жəне əділеттілік құқығы.
- •Абсолюттік монархия кезеңіндегі Англияның мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері.
- •Феодалдық Германиядағы қылмыстық құқық жəне кылмыстық іс жүргізу. 1532 ж. Каролина.
- •Германия феодалдық мемл/ң п.Б мен дамуының ерекшеліктері. Герман ұлтының қасиетті Рим империясы.
- •Германиядағы сословиелік-өкілдік монархия. Рейхстаг жəне ландтагтар.
- •Ерте феодалдық орыс мемлекетінің қалыптасуы: қоғамдық және мемлекеттік құрылымы. Орыс правдасы.
- •Ерте феодалдық Орыс мемлекетінің пайда болуы. Қоғамдық және мемлекеттік құрылысы.
- •Ерте феод/қ Орыс мемл/де құқықтың дамуы. Орыс правдасы
- •34.Араб халифатының пайда болуы. Теократиялық монархия.
- •35.Мұсылман құқығының қайнар көздері.
- •36.Мұсылман құқығы бойынша неке-отбасылық жəне мұрагерлік қатынастарды реттеу.
- •37.Хүіі ғ. Ағылшын революциясы кезеңіңде шығарылған заңдар: 1628 ж. Құқық туралы петиция, 1641 ж. Үш жылдық акт, 1641 ж. Ұлы ремонстрация.
- •38.Хүіі ғ. Соңы - хүііі ғ. Бас кезіндегі конституциялық актілер (Хабеас корпус акт, Құқық туралы билль, Тақ мұрагерлігі туралы заң). Англияда конституциялық монархияның қалыптасуы.
- •40.Англиядағы 19 ғасырдағы сайлау реформасы.
- •41.Тəуелсіздік үшін соғыс жəне ақш-тың 1776 ж. Тəуелсіздік Декларациясы.
- •42.Құқық туралы билль – ақш Конституциясына енгізілген алғашқы 10 түзету.
- •43.1787 Жылғы Конституция б/ша ақШтың мемл/к құрылысы.
- •45.20Ғ 1 жартысында ақш мемл/ң дамуы. Рузвельттың жаңа бағыты.
- •46.18 Ғ Ұлы Француз буржуазиялық революциясы. 1789 ж Адам және азамат құқықтарының Декларациясы. 1791 ж Конституция.
- •47. Наполеон Бонапарттың төңкерісі ж/е республиканың 8-ші жылының Конст/сы.(1799ж)
- •48.Якобиндіктердің революциялық актілері. 1793 ж. Конституция.
- •49.Францияның 1804 ж. Азаматтык Кодексі.
- •51.Франциядағы Төртінші ж/е Бесінші Республикалар
- •52.Герман империясының 1871 ж. Конституциясы.
- •53.Германияның 1900ж. Азаматтык зандар жинағы
- •54.Германияда нацистік партияның билік басына келуі. Нацистік Германияның 1933-34 жылы шығарған негізгі заңдары.
- •55.Германиядағы 1919 жылғы Веймарлық Конституция.
- •56.Италияда 1919ж фашистік партия диктатурасының заңды түрде орнауы.
- •57.1889Ж. Конституция бойынша Жапонияда формасы жағынан конституциялық, ал мазмұны жағынан абсолюттік монархия орнағандығын дəлелдеңіз.
- •58.Жапонияның 1947 ж Конституциясы.
- •60.Хх ғасырдың екінші жартысындағы Қытай мемлекеті. 1954 жылғы Конституция. Үлкен секіріс және Мәдени революция.
- •73 Есеп
- •75 Есеп.
- •78 Есеп
- •80 Есеп
- •81 Есеп
- •84 Есеп
Шетелдердің мемлекет жəне құқық тарихының пəні, əдісі жəне оның заң ғылымдары жүйесінде алатын орны.
Шет елдердің мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихының пəні:
1) мемлекет пен құқықтың мемлекеттік құқықтық жүйенің пайда болу мен даму процесін;
2) адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде қоғамдық өмірдегі мемлекет пен құқықтың алатын орны мен атқаратын ролін зеттейді. Яғни – ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзат өркениетіндегі маңызды мемлекеттік құқықтық қалыптастырған мемлекеттік құрлымдармен құқықтық жүйелердің пайда болуының қалыптасуының ортақ заңдылықтарын зерттейтін іргелі, тарихи құқықты зеттейді..
ШМҚТ пәні екі әдіске бөліп зеттейді: 1) салыстырмалы құқықтық әдіс б/ша түрлі елдерде мемл пен құқықтың п.б дамуындағы жалпы заңдылықтар мен ұқсас белгілерін анықтаймыз; 2) жүйелілік әдіс мемл/к құқықтық құбылыстың өзара тығыз байланысты құрылымынан оның жекелеген маңызды белгілерін н/е мемл пен құқықтық жүйенің қайталанбас ерекшеліктерін бөліп анықтайға мүмкіндік береді
ШМҚТ пәнінің мақсаты – мемл пен құқықтың п.б және дамуының тарихи заңдылықтарын анықтау.
Шет елдердің мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихының заң пəндерінің жүйесіндегі орны. Заң пəндері жүйесінде ШМҚТ пəнінің орны ерекше. Ол мемлекет пен құқықтық құбылыстардың ортақ заңдылықтарын тануға бағытталған дүние танымдық көзқарастар жүйесін қалыптастырады.Сонымен қатар адамзат өмірінде ерекше рол атқарған мемлекеттік, құқықтық құрылымдар туралы мәлімет береді
Ежелгі Египеттегі орталық жəне жергілікті басқару.
Египет мемлекет өзара соғыс үстінде пайда болды. Ғалымдардың бір тобы Египет мемлекеті Жоғары ж\е Төменгі Египет арасындағы соғыс арқылы құрылды деп санады. Екінші тобы Жоғарғы Египет әскери күшін қолданып, жергілікті аңшылар егін шаруашылығымен айналысатын Төменгі Египетті жеңіп алды дп есептеді. Үшінші тобы Египет мемлекетінің пайда болуын шетелдік күштің араласуына байланысты деген пікір білдірді.
3200 ж өзара соғыстың нәтижесінде ортақ Египет мемлекеті құрылды. Ең бірінші патшасы – Менес болды. Алғашқы астанасы – Тинис, 4 ғ. бойы перғауындардың резиденциясы болды. Одан кейін ол Мемфис қаласына көшірілді.
Орталық басқару
Перғауын. Перғауындық билік Египеттік үлгілі шығыстың тағылық түріне жатады. Ол бақылаудың қатал жолын ұстанды, салық жинады, сот қызметін басқарды ж\е құдайлар мен адамдардың арасын байланыстырушы деп есептеді. Патшалар сарай құрылысын, діни салтты басқарып, абыздарды тағайындады. Әрбір діни салтты тек патша ғана өзгерте алатын. Ол басына екі түсті бас киім киді, бұл символ Жоғары ж\е Төменгі патшалықты қосып басқаратынын көрсетеді. Перғауынның қолында дін билігі де болды, ол Күн құдайдың баласы деп саналды. Патшаның негізгі күшінің басы экономикалық функция, Египетте қашаннан келе жатқан үш: қоғамдық жұмыстарды басқаратын, әскери және салық жинау ведомствалары болатын. Перғауынның жеке әскері өзіне бағынды. Перғауынның басқа да биліктері шексіз болатын. Ол қоғамнық жұмыстарды басқарды, жоғарғы лауазымды адамдарды тағайындады, заң шығарды, сот билігін басқарды, бейбітшілік және жұмсауды басқарды. Тек оған жақын адамдар ғана аяғының ізін сүйе алатын.
Джати (Везир). Перғауын өзінің билігін жүзеге асыруда көптеген шенеуліктерге сүйенді. Осы шенеуліктерді басқарған джати болды. Джати – басқарушы бюрократиялық аппарттың басында тұрған ж\е оның қолында әкімшілік билік те, соттық билік те болған. Джати қызметі IV династияның тұсында пайда болды. Басында бұл қызмет тек перғауынның жақын туыстарына ғана берілсе, кейіннен басқа да адамдарға берілді. Дін джатидің жоғарғы билігін қолдады. Ол «әділеттіліктің пайғамбары» ж\е Тоты құдайының жоғарғы абызы деп саналды. Оған барлық шенеуліктер есеп берді ж\е нұсқаулар алды. Сондай ақ джати сот жүйесіне де араласты. Египетте сот орталық басқарудан бөлінбеді, сондықтан джатиға жоғарғы соттық билік тиесілі болды. Жаңа Патшалық кезінде джати жоғарғы қолбасшы ролін атқарды.
Абыздар. Египет мем–тінде абыздар ерекше орын алды, сондықтан перғауындар оларды жоғарғы орынға тағайындайтын. Әсіресе Жаңа Патшалық кезінде олардың беделі күшейді. Сәтті соғыстардың нәтижесінде патшамен қатар абыздардың қазынасы да өсіп отырды.
Қазынашы. Сондай–ақ мөрді сақтаушы мен қазынашының да ролі маңызды болды.
Египетте азаматтар азаматтар айналысқан шаруашылығына байланысты төледі яғни бидаймен, малмен, өсімдік өнімдерімен, металл құймаларымен төледі. Қазынашы мем–тік қойманы басқарды. Олардың міндеттері патшаға арналған құрылыстарға құрылыс материалдарын жеткізу ж\е басқа елдерге экспедицияға шыққан кемелерді жабдықтау.
Әскер. Ежелгі ж\е орталық патшалық кезеңінде Египете тұрақты әскер перғауынның жек басының кауәпсіздігін қорғау үшін ж\е мем–т ішіндегі ұсақ көтерілістер мен басқыншылытарды басып отыру үшін болды. Египетте нубиялық негрлерден құралдар полиция болды. Соғыс басталған жағдайда барлық азаматтар әскерге жақырылды. Әрбір ном өзіне тиісілі мөлшердегі сарбаздарды шығарды. Оларда теңіз әскері, ал құрылықта атты арба әскері жақсы жабдықталды. Сондай–ақ жалдамалы әчъскер болды, бірақ ол елге өз зиянын келтірді, өйткені шетел интервенциясы жалдамалы әскерге сүйеніп, елдегі билікті қолдарына алмақ болды.
Сот. Сот ісі әкімшілік істен бөлінбеді. Жоғары биліктегі тұлғалар сот билігін. Бірақ Джади сот ісін жалғыз өзі ғана емес, сот колегиясмен бірге жүргізді. Жаңа патшалық кезеңінде дәулетті азаматтардан құралған 30 соттан тұратын жоғарғы соттық колегия болды. Орталық сот кенбет болды. Сондай–ақ храмдық соттар болды. Олардң басында абыздар тұрды және храм мен оның қызметкерлеріне байланысты істерді қарады. Негізінде барлық сот органдары патшаға бағынатын болы. Патша кез келген істі шеше алатын және кешірім жариялайтын.
Жергілікті басқару
Ежелгі патшалық– шағын ауылдық қауымның бірігу нәтижесінде пайда болды. Ж/е олардың басшылары старосталар болды, ал қауымдық кеңес– джаджат деп аталды. Ежелгі патшалықтың қауымдық кеңесінде, сотта, шаруашылық ж/е әкімшілік органдарында бай, дәулетті шаруалар мүшелік етті.Олар жерді беру акттарын заңдастырды, жерді дамуын бақылады.Орталық патшалықта қауымдық кеңес өздерінің құндылығын жоғалтты, ал старосталар орталықтанған мемлекеттік аппараттың шенуніктеріне айналды. Номархтар– шағын мемлекеттердің басшылары. Орталық патшалықта нормахтар өздерінің ықпалы мен байлығына б/ты әскерді басқарды, абыздардың рөлін атқарды ж/е жергілікті храмдарға иелік етті.Жаңа патшалықта номдық әкімшілік толығымен орталыққа бағынды. Әр номға патша өзі шенеуніктерді тағайындап отырды.Және олардың хатшылары мен әкімшілік палаталары болды.Мемлекет тек облыстарға ғана емес, сондай–ақ үлкен округтерге (Солтүстік ж/е Оңтүстік).Бұл әкімшілік бөлініс перғауынның ерекше титулын айқындады. Ол «Жоғарғы ж/е Төменгі Египеттің патшасы» деп аталды.