Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
torgovyi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
170.01 Кб
Скачать

18.Хеджирование

Хеджирлеу – тиісті қаржы құралдары арасындағы анық корреляция жағдайында бастапқы қолданыстағы құралдарға қатысты қарама-қарсы орынға ие болуды болжайды. Хеджирлеу қаржы құралдары: фьючерс, опциондар, своптар, форвардтар, олардың базалық активтері зейнетақы активтерінің есебінен сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдары болып табылады.

Хеджирлеу - бұл валюта немесе пайыздық бағамның өзгеруі барысында туындайтын шығындарды болдырмай, тәуекелдерді жоюға септігін тигізетін құрал. Тәуекелдерді сақтандыру арқылы компаниялар сенімді түрде ұзақ мерзімге жоспарлар құрай алады. Дегенмен, оның кері жағы да жоқ емес. Мәселен, бағамның жағымды өзгеруі барысында компаниялар одан жоғары пайда көру мүмкіндігінен айрылмақ.

Ал теңге-доллар валютааралық нарықта ұзақ мерзімді келісімдердің жоқтығы туындауы мүмкін валюталық тәуекелдерді хеджирлеу, сақтандыру тәсілдерін қолдануға мұрша бермейді. Қазақстандық банктер теңге бағамының шетелдік валюталарға салған айырмашылықтарына қатысты валюталық тәуекелдерді хеджирлеуді тек бір жыл көлемінде ғана келісім жасау тетіктерін ұсынады. Осы себептен компанияларға валюталық тәуекелдерді хеджирлеудің қажеттілігі туындап тұрған жоқ.

Портфельдік инвестициялаудағы хеджирлеу — портфельге қаржы құралдарын енгізу, негізгі позициялар бойынша шығынды тең ететін негізгі актив құнының өзгеруінен түсетін кіріс. Мәселен, инвестор 120 теңгеден 100 акция сатып алды. Ол оны ұзақ уақыт портфельде сақтауды ойластырды. Алайда аталған акциялар құнының төмендеп кету тәуекелі бар. Сондықтан хеджирлеу, яғни болуы мүмкін шығын түрлерінен сақтандыру мақсатында инвестор фьючерс немесе осындай акцияларға опцион алады. Мысалы, 7 айдан кейін 100 акцияны 125 теңгеден сату құқығы туынды қағаздар шарттары болып табылады, ал аталған келісім үшін инвестор 15 теңге төлейді. Осылайша, егер 7 айдан кейін акциялар құны 120 теңгеден 110 теңгеге төмендеп кетсе, инвестор өз құқығын іске асыру арқылы, акциясына 15 теңгені құрайтын жалпы шығынды (туынды бағалы қағаз құны) өтеп, әрбір акцияны 125 теңгеден сата алады.

Хеджирлеу құралдары: Әртараптандыру – кірістері өзара әлсіз корреляцияланатын активтерді іріктеу есебінен тәуекелді бақылау процедурасы. Актвитерді әртараптандыру арқылы тәуекелдерді басқару мемлекет белгісі, салалық қажеттілік, қаржы құралдарының түрлері және басқа белгілер бойынша инвестициялау шекарасын белгілеу болып табылады. Сценарийлерді талдау - немесе модельдеу ағымдағы жағдайды дамытудың мүмкін жолдарын бағдарлау. Сценарийлерді талдау барысында сыртқы жағдайлардың қолайсыз өзгеруіне әсер ету тәсілдері пайда болады. Ерекше қолайсыз сценарийлер әлсіз жерлерін анықтау және экстремалды жағдайларда әрекет ету жоспарын қалыптастыру үшін тұрақты негізде жүргізілетін стресс-тестілеу және кезекті бэк-тестілеу көмегімен талданады. Тәуекелді біріктіру – кездейсоқ шығындарды жоғары емес тұрақты шығындар қатарына жатқызу арқылы тәуекелді азайтуға бағытталған процедура. Тәуекелден бас тарту – онымен байланысты тәуекелдерді ескеріп, операцияны жүргізу мақсатсыздығы туралы шешім қабылдау.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]