Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
torgovyi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
170.01 Кб
Скачать

6. Халықаралық-құқықтық шарттар Халықаралық сауда құқығының қайнар көзі ретінде.

Халықаралық шарттар екіжақты,көп жақты болып бөлінеді.Көпжақты шарттар:1980ж. 11 қаңтар Тауарларды Халықаралық сатып алу сату шарттар туралы Вена Конвенциясы 1988ж. 1 қаңтарда күшіне енді. Мағынасы: тауарларды сатып алу сатудағы материалдық-құқықтық нормаларды унификациялау, Халықаралық аренадағы азаматтақ-құқықтық шарттардың кең тараған түрі б.т.БҰҰ Халықаралық сауда құқығы туралы комиссияның негізінде қалыптасқан конвенция.Конвенцияда тауарларды жеткізу және сәйкес құжаттарды беру,сатушымен шартты бұзған жағдайдағы құқықтық көмек көрсету,сатушы мен сатып алушының міндеттері ж/е т.б. Тауарларды Халықаралық сатып алу сатудағы ескіру мерзімі туралы 1974ж. Нью-Йорк Конв. Тауарларды Халықаралық сатып алу сатудағы бірыңғайландырылған заңдары туралы 1964ж. Гаага Конв. Тауарларды Халықаралық сатып алу сатудағы өкілдіктері туралы 1983ж. Женева Конв. Кодекс Бустаманте 1928ж. Гаванада қаб.Халықаралық көрмеге қатысты Конв.,1928ж. 22 қараша.

7. Халықаралық сауда құқығындағы заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі

 Общая характеристика субъектов международного торгового оборота Международное торговое право практически не имеет специального регулирования субъектов международной торговли. Это объясняется тем, что субъекты международной торговли (юридические и физические лица – предпринимательские субъекты) приобретают право совершения сделок в международном торговом обороте в соответствии с применяемым к ним национальным законодательством. Т.е. субъекты международного торгового оборота ничем не отличается от субъектов гражданского (торгового) оборота того или иного государства, т.к. лицо, получая право самостоятельного совершения сделок в соответствии со своим национальным правом, по законодательству большинства государств автоматически получает право совершения сделок в международном торговом обороте. Поэтому практически все субъекты, признаваемые субъектами гражданского и торгового права в соответствии с национальным законодательством (частный предприниматель, полное товарищество, коммандитное товарищество АО, ООО, ТНК и др.), могут являться и субъектами международного торгового оборота.  Вместе с тем фактический круг данных субъектов может быть сужен по следующим причинам: 1) не любая гражданско-правовая сделка между субъектами разных государств является сделкой, относящейся к МТП (например, приобретение имущества для личного пользования);  2) некоторые субъекты национального права не являются предпринимательскими субъектами (благотворительны фонды, церкви и т.п.);  3) законодательство некоторых государств не наделяет автоматически всех субъектов национального права правом на совершение сделок в сфере международного торгового оборота. Законодательство практически всех государств устанавливает обязательное требование по регистрации субъектов предпринимательской деятельности. Обычно такая регистрация осуществляется в торговых реестрах, которые ведутся судебными или административными органами. Так, во Франции такие реестры ведутся торговыми судами, в ФРГ - гражданскими судами первой инстанции, в Англии - Министерством торговли, в США - административными или судебными органами штатов. В Российской Федерации государственный реестр предприятий ведется Регистрационной палатой при Министерстве экономики Российской Федерации. В рамках документов, принимаемых международными региональными организациями можно встретить ряд актов, направленных на унификацию национального законодательства о предпринимательских субъектах. Так, право Европейского Сообщества содержит ряд директив, направленных на создание единообразных норм законодательства государств - участников EС о торговых обществах. В связи с этим в ЕС уже разработана и принята первая единая форма европейского торгового общества - европейское объединение с общей экономической целью. Основные виды субъектов МТП: частный предприниматель, полное товарищество, коммандитное товарищество, акционерное общество,общество с ограниченной ответственностью. 8. Халықаралық сауда құқығының объектілерінің түсінігі және түрлері

Халықаралық сауда құқығының объектісі- тауар.Тауар ретінде сатуға өндірілген азық-түлік деп түсіндіріледі.Нарықтық экономикаға байланысты тауар деп өзара келісімге келуге болатын барлық объектілер танылады.Тауар статусын мекеме,жұмыс күші де иеленді. Сауда құқығының негізгі объектісі ретінде заттай формаға ие материалдық предметтер.

Материалдық объектілерге адамдардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған тұтынушылық тауарлыр және өндірісте қолданылатын өндірістік бағыттағы тауарлыр-шикізат, материал, қондырғылар т.б. Бірақ барлық заттар сауда айналымының объектілеріне жатпайды.

1980ж. 11 қаңтар Тауарларды Халықаралық сатып алу сату шарттар туралы Вена Конвенциясы объекті ретінде қарастырмайды, Конвенцияның 2 бабында көрсетілгендей:жеке,отбасылық,тұрмыстық тұтыну үшін алынған әуе және су көліктеріне қолданылмайды.

9. Бағалы қағаздар түсінігі және оның негізгі түрлері

Құнды қағаздар, бағалы қағаздар — мүліктік құқықты куәландыратын, дивиденд және пайыз түрінде белгілі бір ақша сомасын алуға құқық беретін құжат. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне (15.1. 2001) сәйкес құнды қағаздардарға “облигация, коносамент, акция және заң актілерінде немесе соларда белгіленген тәртіппен құнды қағаз қатарына жатқызылған басқа да құжаттар” жатады (130-бап). құнды қағазға өтімділік, кірістілік бағамының өзгеріп отыратындығы, сенімділік, дербес айналымдылық сияқты жалпы экономикалық сипаттамалар тән. Құнды қағаз ұсынбалы (мүліктік құқықтар құнды қағазды тапсыру жолымен басқа біреуге беріледі), ордерлік (құнды қағаз мүліктік құқықтардың берілгенін куәландыратын жазба жолмен табысталады) және атаулы (мүліктік құқықтар құнды қағазда аталған адамға беріледі) болуы мүмкін. Құнды қағазда заңда белгіленген деректемелер болуға тиіс және құнды қағаздағы мүліктік құқықтар осы құнды қағаз көрсетілгенде ғана іске асырылады, сондай-ақ құнды қағаздың эмиссиясы және айналысы заңмен белгіленген ережелер мен нормаларға бағындырылады. Құнды қағаз реттеушілік, ақпараттық міндеттер атқарады, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларын, соның ішінде нақты экономика мен қаржы саласын байланыстыру тетігі ретінде қолданылады.

Қазақстан Республикасының “Бағалы қағаздар рыногі туралы” заңында (10.7. 2003) эмиссиялық құнды қағаздың шығарылуы, таратылуы, айналысқа жіберілуі және өтелуі барысында туындайтын қоғамдық қатынастар реттелген, сондай-ақ құнды қағаздың инвесторлары мен ұстаушыларының құқықтарын,құнды қағаз рыногінің қауіпсіз, ашық, тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жолдары белгіленген.

Бағалы қағаздар - 1. Мүліктік кұқықты куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да белгілердің жиынтығы.2. Бағалы кағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы кағаздардың Азаматтық кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған өзге де түрлері жатады.3. Бағалы кағаздар шығарылым нысаны бойынша:1) құжатты және құжатсыз;2) эмиссиялық, және эмиссиялық емес;

3) атаулы, ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар болып бөлінеді

 Акция - акционердін қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.

Акцияны шығару мына жағдайларға байланысты жүргізіледі: -жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда; -меншікті акцияландырғанда, яғни жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда; -қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда.

Облигация деп   эмитенттің   белгілі   бір   шартты   орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны   (мүддені)   төлеуді   міндеттенген   жазбаша арыз құжатын айтады. Ол корпорацияның    активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал  акционерлік   капитал   деп   есептелмейді.    Облигация    шығару   -қосымша капитал тартудың бір нысаны.  Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруга жұмсаған жылдық шығынға тең болады. Чек[1] (ағылш. cheque‚ cheсk — тексеру‚ бақылау‚ кедергі жасау) — қатаң түрде белгіленген нысандағы бағалы қағаз, ақшалай құжат. Онда чек берушінің чекте көрсетілген pқшалай соманы чек ұстаушыға төлеу жөнінде банкіге берген жазбаша өкімі баяндалады. Чек қызметін банкілер клиент ашқан Чек салымындағы депозиттелген ақшалай сома шегінде көрсетеді. Чекті өтеу көзі — клиенттің меншікті қаражаты немесе банк несиесі. Ақшалай Чекті банкіден қолма-қол ақша алу үшін, несиелік Чекті қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін пайдаланады. Несиелік Чекті жоғалған, ұрланған немесе қолдан жасалған жағдайда қорғау үшін кроссолау әдісі қолданылады, яғни оның бет жағында екі қатар сызықпен қиғаш сызу тартылады (мұның мәнісі оны пайдалануға белгілі бір шектеу қойылды дегенді білдіреді). Чек төлем айналымында пайдаланылады және онда міндетті түрде “чек” деген атау‚ Чек берушінің тапсырмасы (өкімі)‚ берушінің атауы және оның төлем төленуге тиіс шоты‚ төлем төленетін валюта‚ чектің жазылған күні мен мекені‚ Чек берушінің қойған қолы болуға тиіс. Чекте деректемелердің ең болмаса біреуінің жоқ болуы‚ құжатты заңды күшінен айырады.ҚР 05.03.97 ж. № 80-I Заңымен 129-бап өзгертiлді; ҚР 16.05.03 ж. № 416-II Заңымен 129-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

129-бап. Бағалы қағаздар

1. Бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлердiң жиынтығы.

1-1. Бағалы қағаздар борыштық және үлестік болуы мүмкін.

Борыштық бағалы қағаз – эмитенттің (борышкердің) осы бағалы қағаздарды шығару шарттарында борыштың негізгі сомасын төлеу жөніндегі міндеттемесін куәландыратын бағалы қағаздар.

Үлестік бағалы қағаз – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда мүлік иесінің мүлікке белгіленген үлесіне иелік ету құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

2. Бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен айқындалған өзге де түрлерi жатады.

3. Бағалы қағаздар шығарылым нысаны бойынша:

1) құжатты және құжатсыз;

2) эмиссиялық және эмиссиялық емес;

3) атаулы, ұсынбалы және ордерлiк бағалы қағаздар болып бөлiнедi.

Құжатты бағалы қағаздар - құжатты нысанда (бағалы қағаздың мазмұнын арнаулы техникалық құралдарды пайдаланбай-ақ тiкелей оқу мүмкiндiгi болатын қағаз немесе өзге материалдық жеткізушi) шығарылған бағалы қағаздар.

Құжатсыз бағалы қағаздар - құжатсыз нысанда (электрондық жазбалар жиынтығы түрiнде) шығарылған бағалы қағаздар.

Эмиссиялық бағалы қағаздар - бiр шығарылым шегiнде осы шығарылым үшiн бiрдей жағдай негiзiнде орналастырылатын және айналымда болатын, бiртектi белгiлерi мен реквизиттерi бар бағалы қағаздар.

Эмиссиялық емес бағалы қағаздар - осы тармақтың төртiншi бөлiгiнде көрсетiлген белгiлерге сәйкес келмейтiн бағалы қағаздар.

Атаулы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

Ұсынбалы бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың бағалы қағазды ұсынушыға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

Ордерлiк бағалы қағаз - ол куәландырған құқықтардың онда аталған тұлғаға, ал оларға осы құқықтар осы Кодекстiң 132-бабының 3-тармағында көзделген тәртiппен берiлген жағдайда, басқа тұлғаға тиесiлiгiн растайтын бағалы қағаз.

4. Осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерімен бағалы қағаздардың белгiлi бiр түрiн қайсыбiр нысанда шығару мүмкiндiгiне жол берiлмеуi мүмкiн.

10. Қызмет көрсету нарығы.

Қ.К – тұрғындар мен қоғамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталғын кәсіпорынның н/е жекеленген адамның өндірістік емес қызметінің нәтижесі.Субъектілері: резидент, резидент емес болып бөлінеді.белгілері:сезілмейді,көзге көрінбейді,

сапаның бір текті еместігі.Ерекшелігі: материалдық-заттық түрде болмайды, Кедендік бақылауды қажет етпейді, көп жағдайда мемлекет шетелдік бәсекелестіктен қорғайды. Қ.К сатылатын:көлік,жол жүру, байланыс, құрылыс,сақтандыру,бизнес.Сатылмайтын:тұрмыстық,комуналдық,әлеуметтік ж/е қонақ үй.ГАТС бойынша 4 тәсіл:трансшекарадық сауда,шетелде тұтыну, Қ.К мемлекетте сауданың қатысуы,Қ.К жеке тұлғаның қатысуы. ГАТС б/ша Қ.К классы:Көлік,Жол жүру, Байланыс, Құрылыс, Сақтандыру, Қаржы қызметтері,Компьютерлік ж/е ақпараттық қызмет, Роялити ж/е лицензия төлемдері, Мәдениет,реакреация қызметі. Қазіргі заман адамының өмірі, қалай дегенмен де,қызмет көрсетумен байланысты. Себебі қызмет көрсету саудасына коммуналдық игілік те, байланыс та, банктік бизнес те, көтерме және бөлшек сауда да, көлік тасымалы да, сондай-ақ сақтандыру, заңды, медициналық, білім беру қызметтері және т.б. жатады. Қызмет көрсету сапасына мемлекет табысы да, фирма пайдасы да, қолайлылық, тұтынушылардың қауіпсіздігі де, әл-ауқаты да байланысты болады.Қызмет көрсету саласын дамыту қажеттілігі халықтық тұтыну құрылымында біршама қайта құруды, қызмет үлесінің едәуір өсуі мен материалдық тұтынудың меншікті салмағының талап етеді. Қызмет көрсету сапасы мен мәдениетін түпкілікті жақсарту, сәйкес кәсіпорындар желісін кеңейту, қызмет көрсету көлемін арттыру, олардың жаңа түрлері мен формаларын енгізу қаже Конвенциялар:1956 ж.Х.жүк тасмалдау туралы Конвенция/ Қазақстан 1995 ж. қосылды/.1929ж. Х.әуе тасымалының кейбір ережелерін бірыңғайландыру Конв.ж/е хаттама 1995ж./Қаз.2001ж/. 1978ж. БҰҰЖүк тасмалдауы,1960ж.Теміржол.Қ.Р. Заңы: 1994 ж.21 қыркүйек Көлік туралы. 2003ж. 4 щілде Автомобиль көлігі туралы. 2004ж. 6 щілде Ішкі су көлігі туралы.2001ж. 8 желтоқсан Теміржол көлігі. 2010ж. 15 шілде Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы.

12. ДСҰ-дағы дауларды шешу тетіктері

Дауларды шешу үшін Дауларды шешу Органы құрылған. Тәжірибеде ДШО – ВТО-ның Бас Кеңесі.

Для разрешения споров создан Орган по разрешению споров (ОРС), уполномоченный обеспечивать соблюдение правил и процедур, установленных ДРС. На практике ОРС - это Генеральный Совет ВТО, который сол арнайы дауларды реттеуге байланысты сұрақтарды қарастыруға жиналады. Әдетте ол айына бір рет және арбитражды комиссияны құру , арбитражды комиссияның баяндамасын қабылдауға, сот шешімдерін орныдауды қадағалауға өкілеттігі бар.

Сауда дауларын шешудің үрдісі

Кеңес беру

– бұл ВТОдағы дауларды шешудің басты әдісі.кеңес беру әдетте дипломатиялық каналдар арқылы жүргізіледі. .егер кеңес беруде 6 күнде келісімге келмесе , онда тараптар арбитражды комиссияны шақыртуға құқығы бар.

Арбитражды комиссияны құру

Егер кеңес өткізу туралы өтініш өткізгеннен бастап 60 күн ішінде тараптар келісімге келмесе , ДШО-нан сауда саласында 3 тәуелсіз сарапшыдан тұратын арбитражды комиссияны құру туралы сұрай алады. Комиссияның мақсаты - даудың пәні бойынша сотқа тән шешімдер шығару.

Арбитражды комиссияның үрдісі

Әдетте, арбитражды комиссия құрылған кезден бастап 2 ай ішінде жазбаша нысандағы арыздармен танысады. Содан кейән 2 аптада арбитражды комиссия тараптармен кездесіп, оларға сұрақтарын қояды. Әр тарап өз позициясын ұстанып, өзін ақтайды.содан кейін комиссия аралық есеп береді. Яғни , осы кезде тараптар келісіп, өзара келісімге келе алады. Егер келісімге келмесе, онда комиссия нақты соңғы доклад жасайды.

Арбитражды комиссия 6 айдан артық жұмыс істей алмайды.

Апелляциялық орган

Комиссяның шешімін апелляциялық орган бекітілдеі, өзгертіледі немесе жойылады.

Апелляциялық орган халықаралық сауда құқығы саласында өз күштерін көрсеткен 7 адамнан тұрады. Олар 4 жыл мерзімге тағайындалады.

Негізі , апелляция үрдісінің ұзақтығы 60 күн.

Докладты қарау және мақұлдау

Комиссияның ұсынысынң заңи күші жоқ. Жауапкер ДШО бекіткеннен кейін ғана орындауға міндетті.

11. ДСҰ-ның қалыптасу және дамуының тарихы

ДСҰ пайда болу тарихы  1.1.СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы  СТЖК- халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін шешумен айналысатын, қазіргі кезде Бүкіләлемдік банк және Халықаралық валюталық қор атымен танымал «Бреттонвудтық» ұйымдармен қатар екінші дүниежүзілік соғыстан кейін уакытша пайда болған.  СТЖК құрамына алғаш мүше ретінде енген жиырма үш мемлекет БҰҰ- ң жаңа арнайы ұйымы- Халықаралық сауда ұйымының (ХСҰ) уставы бойынша келісімге келген елу елдің құрамына кірді. Бұл уставта тек халықаралық сауда нормаларын дамыту мақсаты ғана көзделген жоқ, сонымен қатар жұмысбастылық, шикізат тауарлары бойынша келісімдер, кәсіби тәжірибені, халықаралық инвестициялар мен қызметтерді шектеу сияқгы мәселелер туралы ережелер болған.  Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін протекционистік шаралардың әсерінен арылып, сауданы либеризациялау мақсатында 1946 жылы СТЖК- ң негізін калаған 23 «келісімге келуші мемлекеттердің» арасында тарифтер бойынша келісім сөздері басталды. Келісім сөздердің бірінші раундынын нәтижесі- 45000 тариф бойынша 10 миллиард АҚШ доллары көлемінде, немесе әлемдік сауда көлемінің бестен бірі бөлігіндегі кемітулер. Бұл кемітулердің соммасы ХСҰ Уставына кейбір сауда ережелердің енгізілуімен нақтыланады делінген. Бұл тарифтік кемітулер мен ережелердін жиынтығы Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім атына ие болып, 1948 жылдың қаңтарында күшіне енген.  ХСҰ уставы 1948 жылдың наурызында Гаванада өткен БҰҰ Конференциясында толық негізделгеніне карамастан. оның ұлттық заң шығарушы мүшелерімен ратификациялануы мүмкін болмай шықты. АҚШ-ң басшылығы 1950 жылы Гаванада кабылданған уставты конгресстің ратификациясына ұсынбайтынын ресми түрде пайымдағаннан кейін, ХСҰ өз қызметін тоқтатты. СТЖК өзінің уақытша сипатына қарамастан. ДСҰ пайда болғанына дейін халықаралық сауданы реттеуші жалғыз құрал болып қалды.  СТЖК-ң қүқықтық мәтіні 1948 жылдан бері 47 жыл бойы өзгермегенімен, шектелген мүшелер санымен келісімге келу, және тарифтерді азайтуға шаралар қолданылған. «Сауда келімсім сөздері раундтарының» жиынтықтары арқылы көптеген алға басушылықтарға қол жеткізілді.Сауда келісім сөздерінің раундтары- бумалық келісімдер арқылы алға басушылыққа жол ашу.  СТЖК бастауымен жүргізілген көпжақты сауда келісімсөздері немесе «сауда келісім сөздерінің раундтары» нәтижесінде халықаралықсауданы либеризациялауға қол жеткізілді, олардың ішінде ең ұзағы және ақырғысы Уругвайлық раунд болды.  Сауда келісім сөздерінін раундтары үзакка созылганымен, сауда келісімсөздеріне кешенді негіз қалайды. Жеке мәселелер бойынша жүргізілетін келісімсөздерге қарағанда, раундтардың бірқатар артықшылықтары бар. Біріншіден, раундарға қатысушылар көптеген мәселер топтарын қарастыру мүмкіндігіне ие болады. Екіншіден, ішкі саясат тұрғысынан қарағанда жағымсыз кемітулерді бумаларда болатын экономикалық және саяси артықшылықтар есебінен қабылдау оңайырақ болады. Үшіншіден, дамушы мемлекеттердің келісімсөздер раундары шеңберінде, басты екі сауда мемлекеттері арасында жүргізілетін келісімсөздерге қарағанда, көпжақты жүйеге әсер ету мүмкіндігі артады. Ақырғысы, саяси түрғыдан «сезімтал» салалардың жалпы реформасы ғаламдық бума шеңберінде мүмкін болады, бұған мысал ретінде Уругвайлық раунд нәтижесінде қол жеткізілген ауылшаруашылық өнімдермен сауда реформасы мысал бола алады.  СТЖК бастапқы келісім сөздерінің көбісі тарифтерді кемітуге бағытталған. Алайда 60- шы жылдардың ортасында жүргізілген Кеннеди раундтарының нәтижесінде СТЖК-ң жаңа антмдемпингтік келісіміне қол жеткізілді. 70- ші жылдары жүргізілген Токиолық раунд жүйені жақсарту және кеңейтуге әрекет жасалды. 

Дүниежүзілік сауда ұйымы дегеніміз не?  Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) -көпжақты сауда жүйесінің құқықтық және институционалды негізі болып табылады. Ол үкімет саудаға қатысты ішкі заңнаманы қалай жүзеге асыруға міндетті екендігін көрсететін негізгі келісім міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Осы негізде дауларды басу. келісім сөздер мен жалпы талдау арқасында елдер арасындағы сауда қарым- қатынастары дамиды.  ДСҰ 1995 ж. 1 каңтарда құрылған. Үкіметтер 1993 ж. 15 желтоқсанында Уругвай раундының шеңберінде келісім сөздерді аяктады да, саяси мүдделілігін 1994 ж. Сәуірде Қорьтынды актіге қол қою арқылы білдірді. «Марракеш декларациясы» Уругвай раундының нәіижелері «әлемдік экономиканы тұғырландырып, бүкіл әлемдегі табыстар, жұмысбастылық, капитал салымдарының өсуі мен сауданың кеңеюіне» әкелгендігін дәлелдеді.  Потенциалды ұйым мүшелері- 152 елдер мен территориялардың ішінен 76- лары ДСҰ-ң мүшесі болып бірінші күні жарияланды. Қалған 50 шақты елдер өздерінің ішкі ратификация шараларын жүргізіп жатыр, ал баска елдер өзінің енуі жөнінде келісім сөздер жүргізіп келеді.  ДСҰ СТЖК- ка қарағанда мүшелер саны жағынан ғана емес, сауда қызметі мен саясатының әрекег ету кеңістігі жөнінен де асады. СТЖК тек коммерциялық тауарлар саудасына ғана қолданылды, ал ДСҰ тауарлар, қызметтер, «идеялар саудасын» немесе интеллекгуалды мүлікті қамтиды.(2,45)  ДСҰ Женева. Швейцарияда орналасқан. Оның негізгі қызметтері:  - бірігіп ДСҰ құрайтын көпжақты және шектеулі мүшелер саны бар сауда келісімдерін жүзеге асыру және реттеу;  - көпжақты сауда келісім сөздері үшін форумдар кызметін жүзеге асыру;  - сауда дауларын реттеу жолдарын іздестіру;  - ұлттық сауда саясатын бакылау;  - ғаламдык экономикалық саясатты жүзеге асыруға қатысатын басқа халықаралық ұйымдармен қатынасу;  ДСҰ-ның құрылымына тоқталып кетелік.

Орналасқан жері: Женева, Швейцария

Негізі қаланған уақыты: 1995 ж. 1 қаңтары

Құрылуы:Уругвай раундысы келіссөздерінің қортындылары бойынша (1986-94)

Мүшелігі:149 ел (2005 жылдың 11 желтоқсан айына қатысты)

Бюджеті:175 млн. швейцар франкі (шамамен 145 млн. АҚШ долл.).

Хатшылығының штаты:635 қызметкер

Басшысы:бас директор (Паскаль Лами)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]