- •1. Халықаралық сауда құқығының түсінігі.
- •2. Халықаралық сауда құқығы тарихы.
- •3. Халықаралық сауда құқығы курсының жүйесі.
- •4. Халықаралық сауда құқығының басқа құқық салаларынан айырмашылығы.
- •6. Халықаралық-құқықтық шарттар Халықаралық сауда құқығының қайнар көзі ретінде.
- •7. Халықаралық сауда құқығындағы заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі
- •13. Сыртқыэкономикалық мәмілелер
- •15.Инкотермс-2010
- •16.Аккредитивтің құқықтық реттелуі
- •14. Аукциондар
- •17.Инкассоның құқықтық реттелуі
- •18.Хеджирование
- •19.Хекшер-Олин теориясы
- •20.Кедендік тариф
- •6.Франчайзинг түсінігі.
- •7. Сақтаныдру(кепілдік)
- •9. Мемлекеттік сауда саясаты.
- •10. Электрондық сауда.
- •11.Халықаралық әуе тасымалы.
- •12.Тарифтік емес реттеу шаралары.
- •13.Халықаралық көлік тасымалы
- •15.Сауда өкілдігі
- •8. Шетел инвестицияларының режимі.
- •2..Протекционизм саясаты
- •3.Евразэс аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •4.Нафта қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •8.Лаг аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •5.Еуропалық еркін сауда қауымдастығы
- •1992 Жылғы Еуро экономикалық Кеңестің келісіміне сәйкес еесқ-ның екі ұйымы құрылды:
- •6.Асеан аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •7.Меркосур-дың қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •9.Қайта құру және даму банкінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •10.Хвқ қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •11.Халықаралық қаржы корпорациясының қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •13.Ео аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •14.Портер теориясы
- •9. Стратегией не являются:
- •10. Стратегия – это:
- •15.Рыбчинский теориясы
- •16.Халықаралық теңіз тасымалдауы.
- •1994 Жылы Қазақстан республикасы хтұ-на мүше болды. Қр-сы келесідей құжаттарды ратификациялады:
- •17.Теміржол көлігі арқылы тауар және жолаушыларды халықаралық құқықтық тасымалдау.
- •18.Факторинг қызметінің құқықтық реттелуі
- •19.Лизингтік қызметті реттеу
- •20.Тримс- саудаға қатысты инвестициялық саясат саласында шаралар бойынша келісім.
- •21. Трипс мазмұнына талдау
- •22. Гатс мазмұны
- •23. Еркін сауда аймағы
- •56. Адам Смит теориясы
- •57. ҚРның дсҰға кіру процесі
- •58. Хсқ арнайы субъектілері.
- •59. Хсқ арнайы субъектілері.
- •60.Хеджирование
22. Гатс мазмұны
ГАТС Сауда қызметтері бойынша Бас келісім (General Agreement on Trade in Services) – Уругвай раунды нәтижесінде қабылданған алғашқы көпжақты сауда қызметтері бойынша мемлекетаралық келісім. ГАТС сауда қызметтерін реттейтін көпжақты құқық жүйесінің негізін қалаушы қағидалардан тұрады. Жалпы бұл келісім 6 бөлімнен, 29 баптан тұрады: Кіріспе және терминдерге түсініктеме; Жалпы міндеттемелер мен дисциплиналар; Арнайы міндеттемелер; Қызметпен алмасуды прогрессивті либерализациялау; Процедуралық жағдайлар; Қорытынды бөлім; ГАТС келесідей үш құқықтар мен міндеттерден тұрады:
-барлық қызмет түрлеріне қатысты базистік құқықтық нормаларға бейімделеді;
-белгілі бір салалық қызмет түрлеріне қатысты нормалар ( көбінесе аса қолайлырақ режиміне сай);
-ВТО мүше мемлекеттерге міндеттелетін басқа қызмет түрлеріне қатысты нормалар;
«І ГАТС» ГАТС пәні болып орталық, аумақтық және жергілікті билік органдарымен, сондай-ақ үкіметаралық мекемелермен іске асырылатын сауда қызметтеріне әсер ететін шаралар табылады.
Келісімнің кіріспе бөлімі барлық сала бойынша сауда қызметі түрлерін қамтиды. ГАТС тек трансшекаралық сауда қызметтерін ғана емес, сонымен қатар ұлттық сауда қызметтерін де реттейді. ГАТС трансшекаралық сауда қызметтін анықтайды, яғни басқа мемлекет аумағында «коммерциялық қатысу» жолымен жеткізу.
ГАТС негізгі бөлімінде ГАТТ туралы көп айтылады, мысалы: ұлттық режим (қызметтің шетел жеткізушілері және қызметтердің өздері де ұлттық режимде қолданылуы керек); аса қолайлырақ режим (Келісімнің мүшелері арасында ешқандай кемсітушілік орын алмауы тиіс); жариялылық; барлық сауда қызметтері аясында келіссөздер жүргізу арқылы либерализациялау.
Уругвай раундында сауда пәні бола алатын барлығы 161 қызмет түрлеріне классификациялық схема жасады. Бұл схема «ВТОның классификациялық схемасы» деп аталынды. ВТО аясында ГАТСтың барлық әрекеттерін қамтитын сауда қызметтері бойынша Кеңесі құрылды. Сауда қызметтерін либерализациялауға қатысты келіссөздердің жаңа алғашқысы 2000 жылы бастау алған еді. Әлем бойынша қызметтерді экспорттау шамамен алғанда бір триллион доллар, ол барлық әлемдік экспорттаудың 20 пайызын құрайды. Ақпараттық технологияның талпынып дамуының нәтижесінде халықаралық қызмет саудасы қарқынды дамып келе жатыр және оның деңгейі алдағы он жылда тауар саудасынан он есе асып түскелі отыр.
23. Еркін сауда аймағы
Еркін сауда аймағы — ерекше заңды дәрежесі бар, шетелдік кәсіпкерлерге жеңілдік берілген шектелген аумақ. белгілі бір аймақ территориясының әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету үшін шетелдік инвестицияны, озық технология мен басқару тәжірибесін тарту мақсатымен құрылатын, нақты айқындалған әкімшілік шекарасы және ерекше заңды режимі бар арнайы территория. ЕСА-ның шаруашылық мәселелерін шешуде кеңейтілген дербестігі болады, шетелдік және отандық кәсіпкерлердің экон. қызметі үшін жеңілдіктер жасалады. ЕСА кейде мемлекеттің жалпы кедендік шеңберінен шығарылады. Сыртқы экон. қызметінің, кәсібінің, берілген еркіндіктің және шаруашылық жағынан мамандануының сипатына қарай еркін сауда аймақтары: экспорттық-өнеркәсіптік аймақ, технол. аймақ және кешенді аймақ болып ажыратылады. Еркін сауда аймағының негізгі мақсаты сауданы дамыту болып табылады. Сондықтан тауарларды сыртқа шығарып, шеттен әкелуге кеден салығынан босату, саудаға шек қоюшылықты алып тастау, тауарларды қоймада сақтауға және олардың жергілікті рынокқа бейімделуіне барлық жағдай жасау көзделген. Экспорттық-өнеркәсіптік аймақтар экспорттық өнімдерді шығаруды дамыту үшін құрылады. Олардың территориясында тиісті өнімдер шығаратын кәсіпорындар үшін кедендік баж салығы мен басқа да салықтар бойынша жеңілдіктер беретін арнайы кедендік режим қабылданады. Технологиялық аймақтарда зерттеу, жобалау және ғыл.-өндірістік фирмалар шоғырланады, олар салық және қаржы жағынан жеңілдіктердің бірыңғай жүйесін пайдаланады және тех., қаржылық және қаржылық емес сипаттағы әр түрлі қызмет атқарады. Кешенді аймақтар жекелей әкімш. құрылымдардың территорияларында шаруашылық қызметке ерекше жеңілдіктер беру тәртібімен құрылады.
20 ғ-дың 90-жылдарының ортасына қарай әлемде 1200-ге жуық әр түрлі еркін (арнаулы) эконом аймақтары болды, оның ішінде: 400-і еркін сауда аймағы, 400-і ғыл.-өнеркәсіптік парк, 300-ден астамы экспорттық өндірістік аймақ және шамамен 100 шақтысы арнайы мақсаттағы аймақтар (офшорлық аумақтар, экология-экон. аймақтар, туристік орталықтар және т.б.).
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Түркіменстанды қоспағанда, ТМД басқа елдері және арасында тиісті екі жақты келісімдер негізінде еркін тауар саудасы режимі әрекет етеді.ТМД шеңберінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығының көп жақты еркін сауда аймағын құруды болжайтын 1994 жылғы 15 сәуірдегі Еркін сауда аймағы туралы келісім жасалғанын атап өткен жөн. бүгінгі күні біздің үш мемлекет – Кеден одағының мүшелері (Беларусь, Ресей және Қазақстан) Жаңа Зеландиямен және Швейцария, Норвегия, Исландия және Лихтенштейн жататын Еуропалық Еркін Сауда Қауымдастығы (ЕЕСҚ) елдерімен еркін сауда аймақтарын құру жөнінде келіссөздер жүргізуде.
54. РФЦА.«Алматы өңірлік қаржы орталығы» Акционерлік қоғамы (РФЦА) — Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылдың 29-қаңтарындағы № 65 қаулысымен құрылған. Қоғамқызметі "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту, қолдауға және инфрақұрылымына әкімшілік етуге бағытталған.
«АӨҚО» АҚ қызметінің негізгі мақсаттары халықаралық стандарттарға жауап беретін және қазақ қаржылық секторының халықаралық капитал нарықтарына ойдағыдай кіруін қамтамасыз ететін бағалы қағаздардың қазақстандық нарығын дамыту, оның капиталдануы мен өтімділігін арттыру, Қазақстан экономикасына инвестицияларды тарту, соның ішінде жеке тұлғаларды инвесторлар ретінде бағалы қағаздардың нарығында жұмысқа тартуға жағдайлар жасау болып табылады.
Негізгі міндеттері:
Халықаралық стандарттарға жауап беретін және шетелдік қатысушыларды тартуға септігін тигізетін қаржы орталығын институциялық дамыту;Қаржы орталығында жұмыс істеу үшін брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың атынан эмитенттер мен кәсіби қатысушыларды және институциялық инвесторларды тартуҚор нарығының көмегімен бағалы қағаздарға және басқа қаржы құралдарына тұрғындардың ішкі жинақталған қаражатын тарту;Жаңа қаржы құралдары мен қор технологияларын дамыту және енгізу;Қағаздардың нарығын және қаржы орталығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру;Алматы қаласы инвестициялық тартымдылығын арттыру және шетелде Қазақстан Республикасының қолайлы инвестициялық келбетін қалыптастыру;
Қаржы орталығы қызметін ұйымдық -техникалық жағынан қамтамасыз ету;
ҚР тұрғындарының инвестициялық мәдениеті мен сауаттылығын арттыру бағдарламасын іске асыруға қатысу.
Осы міндеттердің аясында «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» АҚ Арнайы Сауда Алаңының, АӨҚО Рейтингтік агенттігі, Клиринг палатасы, АӨҚО -Медиа Холдингі және «АӨҚО» Академиясының құрылтайшысы болып әрекет етеді. РФЦА аясында жергілікті және шетелдік эксперттермен Халықаралық кеңес құрылды, ол қаржылық орталықты дамыту стратегиясының консультативті-кеңес беруші органы болып табылады. РФЦА-ның қатысушылары заңды тұлға ретінде тіркелгенін растайтын құжаты бар қазақстандық және шетелдік компаниялар бола алады. РФЦА-ның арнайы сауда алаңындағы бағалы қағаздар саудасы ең алғаш 2007 жылдың 27 ақпанында KASE-те өтті. Бірінші күні саудаға Қазақстандық 7 эмитенттің 24 бағалы қағазы ұсынылды. РФЦА-ның листингісінде 14 эмитент бар. Нарықтық акция капитализациясының мөлшері-5,3 млрд. 2010 жылғы РФЦА-ның даму бағдарламасы бойынша Клирингтік палата құру жобаланды. РФЦА-ның жобаларының бірі 50-ге жуық шетелдік танымал қаржылық институттардың өздерінің офистерін біздің республикада ашу.
55. Салыстырмалы артықшылық теориясы.Д.Рикардо «Саяси экономияның және салық салудың принциптері» деген еңбегінде (1817ж.) екі мемлекет арасындағы айырбас қай шектерде тиімді екенін және халықаралық маманданудың критерийлерін айқын көрсете отырып, классикалық теорияны тығырықтан шығарды. Әрбір ел ең әуелде өзіне неғұрлым мол табыс әкелетін, ондағы өз артықшылығын соғұрлым басым немесе бәсеңдеу болып келетін өндіріске мамандануға мүдделілік танытады. Рикардо атап көрсеткендей, елдің ешбір өндірісте абсолютті артықшылығы болмаса да, сауда екі жақ үшін де тиімді. Тіпті сауда болмаған жағдайда да, екі ел арасындағы баға қатынасындағы сәл айырмашылықтың өзі әрбір ел үшін салыстырмалы артықшылыққа қол жеткізеді (егер саудалық қарым-қатынастардың орныққанын есепке алсақ), яғни басқа тауарларға қарағанда, өндірісі анағұрлым тиімді тауар өндіріліп, тап осы тауар басқасына айырбасталынып, экспортқа шығарылуы тиіс. Сонымен, Рикардо салыстырмалы артықшылық заңын ашты: ол бойынша, әрбір елдің белгілі бір тауарды шығаруда салыстырмалы артықшылығы болады және оны сауда кезінде басқа тауарларға айырбастау тиімді. Екі тауар өндіруден абсолютті шығындар деңгейі жоғары елдер де тауар айырбасынан пайда алады.Салыстырмалы артықшылықтар теориясының негізіне әртүрлі жағрафиялық және табиғи ортада өмір сүретін елдер экономикаларының арасындағы табиғи өзгешеліктер идеясы қойылған. Бір елдер өнеркәсіпті дамыту, басқа бір елдер ауылшаруашылық өнімдерін, шикізатты өндіру керек. Өнімдермен өзара айырбас жалпы тұрмыстың жақсаруына әкеледі. Осы шарттардың бұзылуы ұлттық өндіріс шығындардың елеулі өсуін білдіретін болады. Мысалыға: Шотландияда жүзім өсіруге болады, бірақ оның құны айтарлықтай жоғары, ал одан алынған шарап сирек қолданылатын болар еді. Осы және басқа тауарларды өндіруге кететін шығындарды салыстыру мынадай қорытындыға әкеледі: сұранс бар барлық тауарларды өндірудің орнына, шығындарды аз қажет ететін белгілі бір тауарларды өндірудің пайдалы екендігі. Өндірістің осы тауарға мамандануы айырбас арқылы сыртқы нарықта басқа барлық тауарларды иемденуге мүмкіндік береді.
Салыстырмалы шығындар теориясымен белгілі бір тауарды өндіруде маманданудың бір елдің екінші бір ел алдында тек қана абсолютті артықшылық шарттарында ғана емес, бұл шарттар болмаған жағдайда да пайдалы екендігі дәлелденеді.
Егер де халықаралық деңгейден төмен шығындармен бір де бір тауар өндіріле алмайтын болса, онда тауарларды өндіру кезінде біреуінің осы орта деңгейден асуы ең аз болады. Дәл осы тауарды өндіру шығындарын басқа тауарларды өндіру шығындарымен салыстыра отырып, мамандану керек. Осы жағдайдың өзінде де мамандану экономикалық әсер бере алады. Басқа да жағдай ескеріледі: оған жоғарғы артықшылық әкелетін тауарларды шығаруға мамандану керек.
