Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
torgovyi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
170.01 Кб
Скачать

13.Ео аясындағы сауда ынтымақтастығы

ЕуропалықОдақ

27 еуропалық мемлекеттің саяси және экономикалық бірлестігі.

Аймақтық интеграция үрдісінің ең жоғарғы деңгейінің бірден-бір мысалы.

Халықаралық ұйым мен мемлкет белгілерін бойына сіңірген халықаралық құрылым.

Ұраны: “Әртүрлілікте де келісімге келу.” Әнұраны: “Шаттыққа арналған Ода” . Саяси орталықтары: Брюссель, Люксембург, Страсбург. Ресми тілдер саны – 23 . Валюта түрлері – 11. Халық саны: 501 млн. ЕО аумағы-4,3 млн. км².

ЕО мақсаттары ̶ құрылымның қалыптасуы мен әрекет етуінің негізгі бағыттары. ЕО мақсаттары түрлі аяларды қамтиды:

  • Адам құқықтары мен бостандықтары аясы. Мақсаттары: бейбітшіліктің, халықтардың құндылықтарының қалыптасуына жәрдемдесу. Сыртқы қатынастардығы мақсаты өз мүдделері мен құндылықтарын қорғау.

  • Экономика аясы. Мақсаттары: ортақ ішкі нарықты қалыптастыру және еркін әрі адал бәсекелестікті қамтамасыз ету; экономиканың көтерілуін қамтамасыз ететін прогрессивті және тұрақты даму; халықты жұмыспен қаматасыз ету мен әлеуметтік дамуға жәрдемдесу; қоршаған орта жағдайын жақсарту және қорғау; ғылыми-техникалық прогрессті қолдау.

  • Әлеуметтік ая. Мақсаттары: әлеуметтік кемсітумен күрес; әлеуметтік қорғау мен әділдік орнауына жәрдемдесу; гендерлік теңдікті қамтамасыз ету; ұрпақтардың ниеттестігі мен бала құқықтарын қорғау. Сонымен қатар ЕО-тың бірден-бір мақсаты болып ұлттық тілдер мен мәдениеттердің байлығы мен түрлілігіне құрметпен қарау, жалпыеуропалық мәдениет игіліктерін қорғау және дамытуды қамтамасыз ету жатады.

ЕО-ның өз ішіндегі шекті бағдарламалары - Еуропалық Одақ мүше мелекеттеріндегі техникалық және ғылыми ізденістерін дамыту және қолдаудың негізгі қаржылық құралы – ЕО-тың шекті бағдарламалары. 1984 жылдан бастап бес жылдық мерзіммен әрекет етеді. Еуропалық Кеңестің Жетінші рамалық программасы 2007 жылдың 1 қаңтарында басталды. Ұзақтығы 7 жылды құрайды (2007-2013ж.ж.), ал бюджеті 53 млрд. евро.

  • ТРАСЕКА - 1993 жылы ЕО-мен ұсынылған көпжақты ынтымақтастық бағдарламасы. Бағдарламаның құқықтық мәртебесі 1998 жылы аймақтың 12 мемлекеті “Еуропа-Кавказ-Азия халықаралық көліктік коридорды дамыту туралы» Негізгі халықаралық келісімшартқа қол қойғаннан кейін тіркелді.

  • Үкіметаралық комиссия 2000 жылы құрылды. Бір жылдан кейін Комиссияның атқарушы органы – Тұрақты хатшылық (штаб-пәтері Баку қаласы) құрылды.

  • Қазақстан, 2008 жылдың ақпаны. ТРАСЕКА-ның мүше-мемлекеттері көлік аясындағы ең ірі жобаны, яғни Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік коридорының ашылуын жүзеге асыруды бастау туралы жариялады. Қазақстандық бөлігі – 2,309 км-ді құрайды, ал жобаның жалпы құны – 2,37 млрд. АҚШ доллары болмақ.

  • Болжамдарға Орай, бұл бағдарламаның іске қосылуы Орта Азия елдерінен тасымал ағымдарының көбеюіне және құрлықтық көлік түрлерімен тасымалданатын жүк көлемінің 900 мыңнан 3,5 млн тоннаға дейін өсуіне мүмкіндік береді.

СПЕКА бағдарламасының әрекетінің мақсаты болып әлеуметтік-экономикалық аядағы жобаларды орындау табылады. 1998 жылы Ташкентте 5 бастапқы жобалар анықталды, олар: көлік, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, кіші және орташа бизнестің дамуына жәрдемдесу. Дәл осы 5 бағыт осы аймақ үшән негізгі болып табылады. 5 мемлекеттің әр біреуі 5 жобаның біреуін өз басқаруына алды:

  • Басқарушы елі Түркменстан - құбырлар арқылы көмірсутектік қосылымдарды тасымалдаудың тиімді бағдарларын қарастыру ;

  • Басқарушы елі Қырғызстан - энергетикалық және су көздерін рационалды және эффективті қолдану ;

  • Басқарушы елі Қазақстан - көліктік инфрақұрылым мен шекаралардан өту өту үрдісін жеңілдету;

  • Басқарушы елі Тәжікстан - аймақтық дамудың ортақ стратегиясын құру және шетелдік инвестицияларды тарту;

  • Басқарушы елі Өзбекстан - халықаралық бәсекеге қабілетті өнеркәсіптік мекемелерді құру мақсатымен өнеркәсіптік потенциалды реформалау.

ЕО және ТМД елдері арасындағы ынтымақтастық. 1991 жылдың 15 шілдесі Еуропалық Кеңес Тәуелсіз мемлекеттер достастығына техникалық жәрдем көрсетуді қамтитын ТАСИС бағдарламасының (TACIS -TechnicalAssistancetotheCommonwealthofIndependentStatesandGeorgia) негізін қалаған Регламент қабылдады. 1991 жылдың 22 шілдісінде ЕС-тың барлық мүше-мемлекеттері ТАСИС бағдарламасының 1991 жылғы әрекетін анықтаған индикативті бағдарламаны қолдады. 2 тамызда Брюссельде ТМД елдеріне техникалық жәрдем көрсету бағдарламасының техникалық, құқықтық және әкімшілік аялары жөніндегі үкіметаралық хаттамаға қол қойылды.

"Тасис" бағдарламасының мақсаты – ТМД елдеріне (Балтық жағалауы елдерінен басқа) нарықтық экономикаға өту, демократиялық қоғам қалыптастыру кезеңіндегі қиындықтарды шешуге жәрдемдесу. Бағдарлама қайтарымсыз негізде жұмыс істейді. Оның шеңберінде еуропалық тәжірибе мен жергілікті кәсіби дағды, білімді үйлестіре отырып мемлекеттік және жеке ұйымдарға “ноу-хау” тапсырылады. "Тасис" бағдарламасы тікелей ақшалай қаражат бермейді, бағдарлама кеңесшілер, сарапшылар жіберу, қажетті зерттеулер жүргізу, кәсіби даярлау және оқыту, құқықтық база қалыптастыру, жобалар жасау түрінде, яғни техникалық жәрдем береді. Сонымен бірге бағдарлама өзге халықаралық ұйымдардың инвестициялық ресурстарына жол ашады.

Қазақстан мен Еуропалық одақ 1995 ж. 23 қаңтарда Брюссель қаласынданда Қазақстан мен Еуропалық одақ (ЕО) арасындағы өзара Серіктестік және ынтымақтастық жөніндегі Келісімге қол қойылды. Бұл келісімді мақұлдау туралы заң 1997 ж. 26 мамырда қабылданып, 1999 ж. 1 шілдеде күшіне енді. Келісім Қазақстан мен ЕО арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуға бағытталған негізгі құжат болып табылады. Ол екі тараптың да демократияны, адам құқығының сақталуын, заң үстемдігін және нарықтық экономиканы нығайтуға деген ұмтылысын үйлестіреді. Сондай-ақ жүйелі саяси диалогқа, ашық сауда және инвестициялық режимдерге жол ашады, Қазақстанның халықар. стандарттарға өтуіне септеседі. Сонымен қатар келісімде 27 бағытта бірлесе қызмет ету қарастырылған. Келісімде қарастырылған бағыттарды жүзеге асырудың негізгі құралы "Тасис" бағдарламасы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]