
- •1. Халықаралық сауда құқығының түсінігі.
- •2. Халықаралық сауда құқығы тарихы.
- •3. Халықаралық сауда құқығы курсының жүйесі.
- •4. Халықаралық сауда құқығының басқа құқық салаларынан айырмашылығы.
- •6. Халықаралық-құқықтық шарттар Халықаралық сауда құқығының қайнар көзі ретінде.
- •7. Халықаралық сауда құқығындағы заңды тұлғалардың құқықтық мәртебесі
- •13. Сыртқыэкономикалық мәмілелер
- •15.Инкотермс-2010
- •16.Аккредитивтің құқықтық реттелуі
- •14. Аукциондар
- •17.Инкассоның құқықтық реттелуі
- •18.Хеджирование
- •19.Хекшер-Олин теориясы
- •20.Кедендік тариф
- •6.Франчайзинг түсінігі.
- •7. Сақтаныдру(кепілдік)
- •9. Мемлекеттік сауда саясаты.
- •10. Электрондық сауда.
- •11.Халықаралық әуе тасымалы.
- •12.Тарифтік емес реттеу шаралары.
- •13.Халықаралық көлік тасымалы
- •15.Сауда өкілдігі
- •8. Шетел инвестицияларының режимі.
- •2..Протекционизм саясаты
- •3.Евразэс аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •4.Нафта қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •8.Лаг аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •5.Еуропалық еркін сауда қауымдастығы
- •1992 Жылғы Еуро экономикалық Кеңестің келісіміне сәйкес еесқ-ның екі ұйымы құрылды:
- •6.Асеан аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •7.Меркосур-дың қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •9.Қайта құру және даму банкінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •10.Хвқ қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •11.Халықаралық қаржы корпорациясының қызметінің халықаралық құқықтық реттелуі
- •13.Ео аясындағы сауда ынтымақтастығы
- •14.Портер теориясы
- •9. Стратегией не являются:
- •10. Стратегия – это:
- •15.Рыбчинский теориясы
- •16.Халықаралық теңіз тасымалдауы.
- •1994 Жылы Қазақстан республикасы хтұ-на мүше болды. Қр-сы келесідей құжаттарды ратификациялады:
- •17.Теміржол көлігі арқылы тауар және жолаушыларды халықаралық құқықтық тасымалдау.
- •18.Факторинг қызметінің құқықтық реттелуі
- •19.Лизингтік қызметті реттеу
- •20.Тримс- саудаға қатысты инвестициялық саясат саласында шаралар бойынша келісім.
- •21. Трипс мазмұнына талдау
- •22. Гатс мазмұны
- •23. Еркін сауда аймағы
- •56. Адам Смит теориясы
- •57. ҚРның дсҰға кіру процесі
- •58. Хсқ арнайы субъектілері.
- •59. Хсқ арнайы субъектілері.
- •60.Хеджирование
15.Сауда өкілдігі
Сауда өкілдігі-мемлекеттің сыртқы-экономикалық қызметі бойыншамүдделерін шетел мемлекетінде қамтамасыз ететін/жүзеге асыратын мемлекеттің өкілдік ететін органы саналады.Сауда өкілдіктері-мемлекетаралық келісімдер негізінде ұйымдастырылады.сондай-ақ сауда өкілдіктері-мемлекеттің сыртқы органдарымен сәйкес есептеледі(арнайы миссия немесе елшілік)
Сауда өкілдігінің мақсты:
-қабылдаушымемлекетте өз мемлекетінің сыртқы сауда мәселері бойынша қызығушылықтары мен мүдделерін көрсеті,өкілдік ету;
-сауда қатынастарының дамуына ықпал ету;
-сыртқы экономикалық қызметтегі,қабылдаушы мемлекеттің экономикалық және құқықтық талаптары,нарықтық жағдайы туралы жалпы ақпараттарды анықтау;
-қабылдаушы мемлекетте болатын өз мемлекетінің кездесулерін ұйымдастыру;
-сырқы экономикалық қызметте басқа да жағдайлар бойынша қызмет етеді.
Құқықтық мәртебесі.
Сауда өкілдігі-тиісті мемлекеттің өкілдігі санала отырып,иммунитеттер және артықшылықтарды иеленеді.
Мысалы:мекемелерінің экстерриториялығы,сауда өкілдігін басқаратын тұлға және оның орын басары –дипломатиялық персонал құрамына кіреді.
Сауда өкілдігі-өзара саудамен, инвестициялармен және жаңа технологиялармен алмасу, екі ел аумағындағы ықтимал әріптестерді іздестіру бойынша өнеркәсіптерге жәрдемдесу арқылы мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық қатынастарын нығайту негізгі міндеті болып табылатын мемлекеттік мекеме.
8. Шетел инвестицияларының режимі.
Қазіргі уақытта капиталдың халықаралық қозғалысы, әлемдік шаруашылықтың және ұлттық экономикалардың дамуында маңызды роль атқарады.
- Шетелдік инвесторға беріліетін ең көп қолданылатын режим бұл – Қолайлылық режимі. Бұрын бұл режим тек мемлекеттер арасында сауда келісімдерінде қолданылған болатын. Аса қолайлылық режимі қолдануына байланысты заңды және жеке тұлғаға 2 типте қолданылады:
1) Үшінші мемлекетке байланысты шетел инвесторына кемсітушілік шарасын қолданбау.
2) Үшінші мемлекетке де берілетін, шетел инвесторына айрықша льгот немесе артықшылықтар беру.
- Аса қолайлылық режимі - келісімге байланысты бұл режим бойынша косымша артықшылықтар ұсыну.
- Өтемелі қолайлылық режимі - бұр режим бойынша мемлекеттер келісім арқылы кедендік салықтар, тарифтерді түсіру, теңдік қағидасын қолдану болып табылады.
- Абсолютты қолайлылық режимі - халықаралық саудада теңдік қағидасы ең басты қағиданың біріне жатады. Бірақ, бұл қағидаының толықтай қолдаылмайтындығы рас. Сол себептен, тараптар қздерінің мүддесі үшін, келісу арқылы абсолютты қолайлылық режимін ұстануға құқылы.
- Ұлттық режим. Бұл режим бойынша ұлттық заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар қандай құқықтарға ие болса шетелдік инвесторлар дәл сондай құқықтарға ие болады.
ГАТТ мәтініне байланысты :
• Шығындардан өз экономикасын қорғау шараларын қолдану
• Антидемпингтік шаралар мен компенсациялық пошлиндер қолдану құқығы;
• Кез келген шарада антидемпингті қолдану құқығы;
2..Протекционизм саясаты
Мемлекеттің халықаралық саудаға араласуының ауқымына қатысты сыртқы сауда саясатының келесі түрлері (типтері) ажыратылады:
1. Ырықтандыру немесе сауда еркіндігі — бұл сұраныс пен ұсыныстың еркін нарықтық күші кезінде дамитын, сыртқы саудаға мемлекеттің аздаған мөлшерде араласу саясаты.
2. Протекционизм — бұл сауда саясатының тарифтік және тарифсіз құралдарын пайдалану жолымен ішкі нарықты шетелдік бәсекеден қорғаудың мемлекеттік саясаты.
Еркін сауданың жақтастары, негізінен, халықаралық еңбек бөлінісінің (ХЕБ) неғұрлым тиімді нұсқаларын таңдауды қамтамасыз етудің және осы негізгі қатысушы елдер халқының өмір деңгейін көтерудің мемлекетпен реттелмейтін қабілетін атап өтеді.Протекционистік шаралардың жақтаушылары, негізінен, кез келген ұлттық өнеркәсіптің мүдделерін қорғауды, халықты жұмыспен қамтуды, жоғары өмір деңгейін және т.б. қамтамасыз етуді олардың қажеттілігі деп атап көрсетеді.
Протекционистік шаралардың қазіргі заманғы жүйесі әртүрлі бағыттарды қамтиды. Солардың ішінде ең маңыздылары:
1. Басқа елдерден әкелуді қиындату немесе ол елден өнімдердің белгілі бір түрлерін сыртқа шығаруды сирету. Кедендік салық салулар ( тарифтік кедергілер). Ұлттық өндірушілердің шетел фирмаларымен бәсекелестігін жеңілдету үшін, негізінен шетелдерден дайын өнімдерді, әсіресе, қымбат сән-салтанат заттарын әкелу кезінде жоғары кеден баж салықтары белгіленеді, ал шикізат пен материалдар импорты кезінде кеденнің баж салықтары неғұрылым төмен болады.
2. Тарифтік кедергілер, экономикалық саяси және әкімшілік әдістердің көмегімен СЭҚ-тің тікелей және жанама шектеулерінің жиынтығын білдіреді.
Қазіргі тәжірибедегі мемлекетаралық алмасудың кейбір таралуы сыртқы экономикалық операциялардың мөлшерленуі мен лицензиялануына ие болады. Мөлшерлену-бұл, соның шегінде сыртқы сауда операциялары салыстырмалы түрде еркін жүзеге асырылатын, жекелеген тауарлар мен тауарлардың топтарын сыртқа шығаруға ( экспортқа) белгілі бір квоталардың белгіленуі. Тәжірибе жүзінде оның құрамын белгілеу (контигирование) еркін әкелінуі немесе сыртқа шығарылуы мүмкін шектелген тауарлардың тізімі түрінде белгіленеді.
Лицензиялау, ұйымдардың сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыруға үкімет органдарынан рұқсат алу (лицензиясын) қажеттілігін болжайды. Салық жүйесі мен ұлттық шектеу жекелеген порттар мен темір жол станцияларының шетелдіктер үшін жабық болатын жанама шектеулеріне жатады.
Тәжірибеде мемлекеттердің сыртқы сауда саясаты, протекционизм мен ырықтандыру элементтерін ұштастыра отырып, алуан түрлілігімен өзгешеленеді. Халықаралақ сауданы жан-жақты реттеу, ең алдымен сауда жөніндегі бас келісім бағыты мен тарифтер (ГААТ) және оның мұрагері- бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) арқылы жүзеге асырылады.