Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
torgovyi.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
170.01 Кб
Скачать

12.Тарифтік емес реттеу шаралары.

Тарифтік емес реттеу шаралары-тауарлар мен көлік құралдарын ҚР-на әкелуге және ҚР-нан әкетуге тыйым салулар мен шектеулер,квоталау,лицензиялау,тауарлардың қауіпсіздігі бойынша стандарттар мен талаптарға(техникалық, формакологиялық, санитарлық, ветеринарлық,фито-санитарлық,радиациялық,экологиялық) сәйкестігін растау және ҚР-ның заң актілерімен немесе ҚР Үкіметінің нормативтік қаулыларымен белгіленетін өзге де талаптар саналады.

Мақсаты:

1)Ішкі нарықты қорғау үшін белгілі тауарддың түріне не санына уақытша шектеу қою;

2)мемлекеттің қауіпсіздігі,азаматтардың өмірі,денсалыққа зиян келтіру мүмкіндігі бар тауардың түріне рұқсат ету ретін қо;

3)арнайы,қорғаншылық ж/е компенсациялық,антидемпингтік шараларды қолдану т.б

Тарифтік емес реттеу шараларына жатады:

-Лицензиялау;

-квоталау;

-тыйм салу;

-экспортты ерікті түрде шектеу;

Сондай-ақ жасырын түрде әсер ететін шаралар:

-санитарлақ,

-әкімшілік-формальді,

-фито-санитарлық,

-экологиялық стандарттар.Бұл шаралар халықаралық саудадағы техникалық тосқауылдар деп аталады.

*Техникалық тосқауылдар-бұл мемлекеттің бақылау және шектеу бойынша барлық шаралары,олар шетелден тауарда кіргізуге кедергі жасаушы құрал ретінде қолданылуы мүмкін тауардың техникалық параметрлерінің талаптарымен байланысты болады.

*Мөлшерлік шектеулер-сауда айналымын тарифтік емес реттеу формасы,ол белгілі бір уақыт аралығындаэкспорт пен импортқа рұқсат етілген тауарлардың саны мен номенклатурасын анықтайды.Мөлшерлік шектеулер жүзеге асырылады:

*Лицензиялау-белгілі уақыт аралығында бекітілген мөлшермен тауарларды елге кіргізу н/е шығару мемлекеттің рұқсат ету тәртібі.Лицензия-экспорт/импорттың жекелеген тауарларына арнайы рұқсатты тиісті мемлекеттік органнан алуды көздейті.

Лицензияның түрлері:

-Бір реттік лицензия-тауарды елге кіргізу н/е шығаруға 1 жылға рұқсат етеді.

-Басты лицензия(генералды)-келісім шарт нысанына шектеу салынбайтын 1 жыл ішінде елге тауарды кіргізуге н/е шығаруға рұқсат етеді.

-Жаһаңдық лицензия-белгілі бір тауар түрін белгілі уақыт аралығанда саны мен бағасын шектемей,әлемнің кез келген еліне жіберуге рұқсат етеді.

*Квоталау(контингенттеу)-тауардың экспортын немесе импортын анықталған мөлшермен белгілі бір уақыт аралығында шектеудің мөлшерлік көлемі.Оның түрлері:

-экспорттық;-импорттық;-глобальды;-жекеше.

13.Халықаралық көлік тасымалы

ХКТ-Халықаралық келісім негізінде авто көлік транспорты арқылы-жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды айтады.Халықаралық келісім бойынша:жіберу орны-бір мемлекеттің территориясында ,ал жеткізілім орны тиісінше-екінші мемлекеттің территориясында,сондай-ақ транзиттік тасымалдау.

ХКТ-аясындағы халықаралық көпжақты келісімдер аймықтық сатыда қабылданады.Еуропада авто көлік тасымалдауын реттейтін халықаралық кеісімдер жүйесі қолданылады.

-1949жылғы Жол жүру туралы Конвенция,оған 1949 жылғы Жол белгілері мен сигналдар туралы Хаттамасы

-1968жылғы Жол жүру туралы Конвенция

-1968 жылғы Конвенцияны толықтыратын 1971 жылғы Еуропалық келісімі

-1957жылғы Қауіпті жүктерді халықаралық авто көлік тасымалдауы туралы Еуропалық келісім(ДОПОГ)

-1975жылғы Халықаралық автомагистралдар туралы Еуропалық Келісім(СМА) т.б

Аймақтық Еуропалық келісімдердің ішінде-халықаралық авто көлік тасымалын реттейтін ең негізгісі- 1956 жылғы Жүктерді халықаралық көлік тасымалдау шарты туралы Женева Конвенциясы және 1975жылғы TIR карнетін қолдана жүктерді х-қ тасымалдау туралы Женева Кеден Конвенциясы саналады.

-1956 жылғы жүкті халықаралық авто көлік тасымалдау шарты туралы женева конвенциясы(ол 1961 жылы 2 шілдеде күшіне енді.)

1956 жылғы конвенцияда қолданылмайды:

-халықаралық почта конвенциясы арқылы жүргізілетін тасымалдаулар,

-мәйітті тасымалдау,

-көшу-қону кезіндегі үй жиһаздарын тасымалдау т.б.

Тасымалдау шарты-накладной бойынша жүзеге асырылады.накладной – түп нұсқада болады,оған жүкті жіберуші және тасымалдаушы қол қоюы қажет немесе штемпель не мөр қойылуы мүмкін.накладнойдың бірінші данасы-жіберушіге беріледі,екіншісі жүк тасымалы кезінде болуы тиіс,ал үшінші данасы-тасымалдаушыда қалады.

Наладнойда келесідей мәліметтер болуы керек.

-онын жасалған орны,уақыты

-жіберушінің аты,мекен-жайы

-транспорттық агенттіктің аты,мекен-жайы

-жүкті қабылдап алу орны,уақыты

-қабылдап алушы аты,мекен-жайы

-жүк орындар саны,нөмірі,арнайы белгісі

-жүктің сипаттамасы,оның буып-тиюі туралы

-жүктің салмағы(бутто) немесе кг-ға салғандағы.

-жүкке қатысты шығындар т.б

14. БҰҰ-ның 1980 ж "Тауарларды халықаралық алып-сату шарттары туралы" Вена Конвенциясына жалпы сипаттама

Бұл Вена Конвенциясы-11 сәуір күні 1980жылы қабылданған.Конвенция-әмбебаптық сипатқа ие.Конвенцияның мақсаты- тауарларды халықаралық алып-сату шарттарының заман талаптарына сай,бірыңғайлы,және әділетті режимде болуын қамтамасыз ету.

Алып-сату шарты-барлық мемлекеттерде экономикалық даму деңгей және құқықтық әдеттеріне қарамастын,халықаралық сауданың негізі саналады.Сол себепті бұл конвенция-халықаралық сауда құқығы аясындағы ен негізгі конвенциялардың бірі саналады.

ХХғасырдан бастап нормативтік базалардың жасалуының жемісі болып табылады.Нәтижесінде пайда болған конвенция мазмұны-сатушы және сатып алушының мүдделерін теңдей көлемде қамтамасыз етеді.Бұл конвенция-тауарларды бірыңғай халықаралық алып-сатудың құқықтық базасын құрайды,келісуші мемлекеттерде орналасатын коммерциялық кәсіпорындар және келісуші басқа тараптар арасында жасалатын шарттың барлық кездерінде осы конвенция қолданылуы қажетті.

Конвенция-жеке коммерциялық кәсіпорындар арасында жасалатын тауарларды халықаралық алып-сату шарттарын реттейді.Жеке сату,қызметтерді сату, және белгілі бір тауарлардың түрін сатуды жатқызбаймыз.Конвенцияны-тауарды ХАС шартының тараптары (коммерциялық кәсіпорындар) әр түрлі келісуші мемлекеттердің территориясында орналасқан,немесе халықаралық жеке құқықтың нормалары келісуші мемлекеттің бірінің құқығын қолдануды көрсетсе қолданылады.Сондай ақ оны тараптар таңдауымен де қолданылуына болады.

Конвенция қарастырмайтын мәселелер:шарттың растылығы(действительность),оның сатылған тауарға құқығының салдары т.б.

Конвенцияның екінші бөлімі:шарттың аферта немесе акцепт арқылы жасалғандағы жағдайларды қарастырады.Үшінші бөлімі:шарт тараптарының міндеттерін қамтиды.

Сатушының міндеттеріне:шартта көрсетілген тиісті тауар,онын саны және оған қатысты құжаттарды сатып алушыға беру.Сатып алушының міндетіне:сатушыға шартта көзделген тауар үшін сомманы төлеп,тауарда қабылдап алу болып саналады.сондай-ақ конвенцияның бұл бөлімінде-шарттың бұзылуы жағдайында құқықтық қорғану шаралары көзделген.Зардап шеккет тарап-шарттың бұзылуын,зардаптың көлемін төлеуін талап етуге құқылы,немесе екінші тараптың мңндеттемесін орындауын талап етуге құқылы.Қосымша ережелер-зардаптың орнын толтыру,шартты орындау,қауіптің өту т.б қарастырады. Конвенция бойынша-шарттың жасалуы ерікті формада болғаныменде,мемлекет жазбаша шарт формасын талап етуге құқылы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]