Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

12. Қылмыс санаттары.

Қылмыс санаттары деп оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. сипаты мен дәрежесі немесе қылмыс құрамының жекелеген элементтері негіз болады. Қылмыстық заңда қылмысты санаттаудың үш түрлі көрінісі қалыптасқан. Ол біріншіден, іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесіне қарап қылмысты төрт түрлі санатқа бөлу, екіншіден, қылмыстың объектісі бойынша санаттау. Осы белгі бойынша барлық қылмыстарды Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде бірнеше санатқа бөлініп, объектісінің маңыздылығына қарай бірінен соң бірі орын алған, мысалы адам өміріне қарсы, мемлекеттің егемендігіне, басқару тәртібіне, меншікке қарсы, әскери қылмыстар т.б. Үшіншіден, қоғамға қауіптілік дәрежесі бірдей қылмыстар, қоғамға қауіптілік сипаттарына қарай жай, күшейтілген артықшылық берілген болып бөлшектенеді. Қылмысты санаттауға іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің Қылмыстық кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа, ауыр және ерекше ауар қылмыстарға бөлінеді. Жасағаны үшін кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айыруға аспайтын қасақана жасалған әрекет, ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп аталады. Жасалғаны үшін қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай ай жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көззделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп аталады. Жасалғаны үшін кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп аталады. Жасалғаны үшін одексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза өлім жазасы көзделген қасақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп аталады.

13. Қылмыс құрамының түсінігі жəне оның мəні.

Кылмыстың құрамы түсінігі ортағасырлық қылмыстың құқық ғылымында пайда болды және сол кезде тек процессуалдық мағынасы болды. Қылмыстың құрамы түсінігі материалдық қылмыстық құқық тек 18 ғасырдың аяғы 19 ғасырдың басында аударылды. Бұның себебінде Ерекше бөлімінде жеке қылмыстар көрсетілген қылмыстық кодекстердің жасалуы болып табылады. Қылмыстың құрамы деп қылмыстық заңмен көрсетілген қылмыстық белгілерінің жиынтығын айтады.Қылмыс құрамы - бір қылмыстың заңға сәйкес қоғамға қауіпті әрекетін құратын және міндеттейтін объективті және субъективті элементтерінің және олардың белгілерінің жүйесі.Қылмыстық заңда "қылмыс құрамы" сирек қолданылады. ҚК-тің 3 бабында.Қылмыстың құрамына қылмыстық іс жүргізу заңы да осындай мағына береді.Бір қылмыстың белгілерінің жиынтығы қылмыстың нақты құрамын құрайды.Қылмыстың нақты құрамы - бұл бір қоғамға қауіпті іс әрекеттің қылмыс ретінде мінездейтін белгілерінің жтынтығы.Қылмыстың жалпы құрамы әр қылмыстың құрамында бар құрамды мінездейді. Бұлардың екеуінің арасында айырмашылық бар, әсіресе оларды тағайындауда.Қылмыстың құқықтық түсінігі яғни нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауапкершілікті дәлелдеу үшін маңызды роль ойнайды, өйткені тұлғаның әрекетінде нақты қылмыстың құрамы болғанда ғана бір қылмыстың бар екендігіне, қылмыстық жауапкершілікке тартуға болатын әрекетке көзіміз жетеді. Қылмыстың жалпы құрамы бұл рольді атқармайды және атқара алмайды.Қылмыстың құрамы әртүрлі түсініледі: қылмыстың заң шығарушы моделі ретінде ғылыми абстракция ретіндереалды қылмыстың мазмұны, ядросы ретінде. Құрамның бірінші мағынасы, ол өлшегіш ретінде роль атқарады, яғни іс әрекетте қоғамға қауіптіліктің деңгейінің оны қылмыскер деп тануға жеткілікті немесе жеткілікті еместігін анықтайды. Бұл заңдылықтың сақталуын, қылмыстық саясаттың бірқалыпты жүргізілуін, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына кепіл болады.Қылмыстың құрамының 2-ші мағынасы ол тек қана іс-әрекеттің қылмыс екендігін анықтап қана қоймай қылмысты қай категорияға, қылмыстар топтарына жататынын анықтайды, өйткені қылмыстың құрамының белгілерін анықтау қылмыстың түрін, қоғамдық қауіптілік деңгейін және мінез ерекшеліктерін анықтау болып табылады.Үшінші мағынасы - заңшығарушы қылмыс құрамымен қылмыстық жазалау шектерін байланыстырады. Сонымен қылмыс құрамының маңызы келесіде

ол қылмыстық жауапкершіліктің негізі болады

ол қылмысты жіктеу мақсаты ретінде қызмет етеді, яғни істелген іс-әрекет ішінде қылмыстың құрамын анықтайды

ол қылмыстық жазалау шектерін анықтайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]