Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

2.Қылмыстық құқықтың міндеттері.

Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері болып: Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мудделерін, қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, ҚР-ның конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстық кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді. Жаңа Қылмыстық кодексте қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде орын алған сапалық өзгерістер еске алынған. Яғни, азаматтардың жеке басы, олардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бірінші кезекке қойылған. Қылмыстық – құқылық қорғау объектісінің қатарына қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау, Республиканың конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету міндеттері енгізілген. Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі – қылмыстан сақтандыру болып табылады. Қылмыстық құқық жалпы және арнаулы сақтандыру функцияларын жүзеге асырады. Жалпы сақтандыру қылмыстық заң арқылы кез келген қылмысты істеуге тыйым салу, нақты қылмысты істеген адамдарға әділ жаза тағайындауды белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы сақтандыру қылмыстық заң тыйым салған әрекет және әрекетсіздіктерді істеген адамға қылмыстық-құқықтық нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдану ретімен іске асырылады. Қылмыстық құқыққа, сондай – ақ тәрбиелік функция да тән. Қажетті қылмыстық заңдардың болуы, оның іс жүзінде әділ қолданылуы, азаматтардың, олардың құқықтарымен бостандықтарының қорғалуы, азаматтарды заңды құрметтеуге тәрбиелейді және олардың заңға деген сенімділігін арттырады. Қылмыстық құқықта тағы бір функция бар. Ол - көтермелеу функциясы. Мұндай функция азаматтардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы белсенділігін арттырады.

3. Қылмыстық құқықтың қағидалары.

Қағида қандай да бір теория білім, ғылымның және т.б. негізгі бастапқы жағдайы. Қылмыстық құқық қағидаларына мыналар жатады:заңдылық,теңдік, жеке жауапкершілік, кінәлі жауапкершілік, әділдік, ізгілік гуманизм қағидасы.Заңдылық қағидасы. Қылмыстық заңда көзделген әрекеттер ғана қылмыс болып табылады. Осыған байланысты келесідей жағдайлармен басшылық ету керек А) қылмыстылық әрекеттің жазалануы және оны жасаудың өзге де қылмыстық құқықтық себептері тек қылмыстық заңмен анықталады Б) қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған тұлғаға міндеттер жүктеледі және заңмен белгіленген құқықтармен қолданады В) қылмыстық заңның мазмұнын нақты мәтініне сәйкес түсіну керек. Теңдік қағидасы қылмыс жасаған тұлғалар заң алдында тең және жауапкершілікке олардың тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, нәсілдік және ұлттық көзғарасына, жынысына, біліміне, тіліне, діни нанымына, айналысатын ісінің түрі мен сипатына, тұрғылықты жері және т.б. мән-жайларға тәуелсіз тартылады. Берілген ереже тікелей ҚР Конституциясының 14 – бабында белгіленген. Жеке жауапкершілік қағидасы. Қылмыс жасаған тұлға жеке өзі жасаған әрекеті үшін ғана жауапты. Қылмыстық жауапкершілік басқа тұлғаларға жүктелмейді. Қылмыстық құқық заңды тұлғалардың қылмыстық жауапкершілігін жоққа шығарады. Кінәлі жауапкершілік қағидасы. Қылмыстық жауапкершілікке оның кінәсі дәлелденген зардаптар мен әрекеттері үшін тартылады, яғни қасақана ой немесе абайсыздық. Конституцияның 77 – бабының 3 – тармағының 1 – тармақшасында келесідей қағидалар бекітілген: «адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімінен танылмағанша, ол жасаған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі». Әділдік қағидасы. Жаза немесе басқа да қылмыстық құқықтық әсер ету шаралары қылмыс жасаған тұлғаларға қолданылады және жаза қылмыс ауырлығының деңгейіне, кінәлілігінің деңгейіне және оның жеке басының ерекшеліктеріне байланысты қолданылады. Ізгілік қағидасы (гуманизм). Қылмыс жасаған тұлғаға байланысты оны түзеу мен жаңа қылмыстардың алдын алу мақсатында қажетті және жеткілікті ең аз шамадағы немесе өзге де қылмыстық құқықтық әсер ету шаралары адамдық қадір-қасиетін таптау немесе физикалық қасірет жәбір көрсетуді мақсат етпейді. Конституцияның 17 бабында «Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетінқорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды»деп анықталған.