Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

11. Қылмыстың түсінігі жəне белгілері.

Қылмыс қылмыстық құқықтың іргетастың категориясы болып табылады. Қылмыстық заңнамада негізгілерінің бірі болып қоғамға қауіпті әрекеттердің қайсысы қылмыс болып табылатындығын анықтау әрекетнің (процесінің) айтамыз. ҚР-ғы құқықтық реформа мемлекеттік бағдарламасында көрсетілгендей, заңмен қорғалатын ең жоғарғы әлеуметтік құндылықтар ретінде, табиғи құндылықтары мен бостандықтарының біріншілігі мен бөлінбейтіндігінен кейде қылмыс түсінігін деполитизациялау және дейдеологизациялау қажет. Сәйкесінше қылмысты топталуды оның қоғамдық қауіптілік деңгейіне сәйкес қайта қарастыру.Берілген ереже ҚР-ң 1997 жылғы ҚК-де көрініс тапты. ҚР-ң ҚК-ң 9-бабы: "Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (әрекет және әрекетсіздік) қылмыс деп танылады". Мұндай заңнамалық анықтамалар бізді дамыған әлем елдерінің ҚК-ң ұқсас ережелеріне және құқық қолданушылық қызмет қағидасының орындалуын қамтамасыз етеді. ҚР ҚК 9 б 1 б берілген қылмыс анықтамасында қылмыстың келесідей белгілері бөлініп көрсетілген: "Қоғамдық қауіптілік (қарсы әрекет) кінәлілік, жазаланушылық".Қоғамдық қауіптілік - әлеуметтік мәнін ашатын қылмыс белгісі, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиянын келтіретін немесе зиян келтіру қаупін туғызатын әрекет қоғамдық қауіпті деп танылады.Зиян әртүрлі болуы мүмкін: материалдық, психикалық, идеологиялық, физиологиялық, ұйымдық-басқармалық және т.б. ҚР ҚК 9-бабында қоғамдық қауіптілік кінәмен қатар әрекеттің объективтік заңдылығы ретінде анықталады.Қоғамдық қауіптілік тек қылмысқа ғана емес, басқа да құқық бұзушылықтарға тән. Қылмысқа қоғамдық қауіптіліктің жоғары деңгейі тән. Қылмыстың қоғамдық қауіптілігінің деңгейінің анықтауда - қылмыстық сандық сипаттамасы сот тәжірибесі нақты жасалған қылмыстық әрекеттің барлық жағдайларының жиынтығынан шығады (кінә нысаны, мақсаты, әдісі, жағдайы, қылмыс жасау сатысы, зардап ауырлығы, қылмыс қатысушылардың әрқайсысына қылмысқа қатысу деңгейі мен сипаты және т.б.). Қоғамдық қауіптілік сипаты ретінде қылмыстың сапалық жан-жақтылығы саналады. Қоғамдық қауіптілік сипатының анықталуы, ең алдымен қылмыс объектісінің мағынасымен қоғамдық қатынастарға келтірілген зиян мазмұны мен (материалдық, психикалық, физикалық, идеологиялық, ұйымдық-басқармалық) анықталады.Қылмыстық қоғамдық қауіптілік деңгейіне қарай бөлу, қылмыстық (классификация) тоқтауда көрініс тапқан. Қылмыстық әрекеттің екінші міндетті белгісі болып оның заңға қайшылығы табылады. Оның мәні қылмыстық заңмен жазалау қатерімен тыйым салынуы. Қалай болғанда да қоғамдық қауіпті әрекет егер ол үшін қылмыстық заңда жауапкершілік көзделмесе қылмыс болып табылмайды. Солай бола тұра әрбір қоғамдық қауіпті әрекет қылмыстық болып табылмайды, ол қоғамдық қауіптіліктің жеткілікті деңгейіне ие болу керек. Қылмыстық заңға қайшылық қоғамдық қауіптіліктің заңды көрінісі деген жалпы қабылданған көзғараспен келіскен жөн. Сонымен қатар қоғамдық қауіптілік түсінігін заңда қайшылық түсінігіне залал келтіре отырып абсолюттендірудің қажеттілігі жоқ. Бұл бір-бірінен салыстыруды қажет етпейтін өзара байланысты түсініктер. Қылмыстың келесі негізгі белгісі болып кінә табылады. Республикамыздың қылмыстық теориясымен тәжірибесі субъективтік қабілеттілікті қабылдайды және объективтік қабілеттілікті кінәсіз жауаптылықты көздемейді. Кінәсіз жасалған әрекет қылмыс болып табылмайды. Қылмыстың міндетті белгілері болып кінәлілік табылады, ол ҚК-ң Ерекше бөлімінің баптарының диспозициясында көрсетілген шектеулерді бұзғанда жаза қолдану қатерімен анықталады. Әрекет етіп жатқан қылмыстық заңнамада әртүрлі негіздермен қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату көзделген және бұл декримилизация еместігін көрсетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]