Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

163.Зансыз аншылык.

1.зансыз аншылык егер бул арекет :а)елеулі зиян келтіріп,б)механикалық колік құралын немесе әуе колігін жарылғыш заттарды ,газдарды және кустар мен андарды жаппай кырып жоюдын озге әдістерін колданып,в)аулауга толык тыйым салынған құстармен андарга катысты,г)ерекше коргалатын табиги аумактар мен тотенше колонялык ахуал аймактарда жасалса кылмыс болып табылады.Кылмыстын объектысы жануардар дуниесин козгау жане тиимды пайдалану жониндеги когамдык катынастар.Кылмыстын заты табиги бостандык жагдайында мекендейтин жануарлар дуниеси болп табылады.Кылмыс объективтик жагнан зансыз аншылык арекетин жасау аркылы коринис табады.Қылмыстык кодекстин 288бабынын брнши тармагынын А тармакшаснда корсетилген курам материалдык ,ал тармакшалардагы (б,в,г)кылмыс формалды курамга жатады.кылмыс субъективтік жагнан тікелей касаканалыкпен істеледы.Кылмыс субъектісі-16га толган адам .Қылмыстык кодекстин 288 бабынын екінші тармагында осы кылмыстын кауіптірек түрі:адам озінің қызмет бабын пайдаланып ,әлденеше реет немесе адамдар тобы алдын ала соз байласып немесе уйымдаскан топ жасаган двл сол арекеті ушін жауаптылык козделген.

164.Темір жол,әуе немесе су көлігі қозғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзу. 295 бапқа сәйкес. Темір жол,әуе немесе су көлігі қозғалысы немесе пайдалану ережелерін орындайтын жұмысына немесе атқаратын қызметіне байланысты осы ережелерді сақтауға міндетті адамның бұларды бұзуы,егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса- алты айдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына,не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге,не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға,не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып,немесе онсыз екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстың тікелей обьектісі:нақты көлік құралы түрінің жол қауіпсіздігі және пайдалану ережесі.Қылмыстың заты-Көліктің төрт түрі.темір жол,әуе,теңіз және су көліктері.Қылмыстың обьективтік жағы:Нақты көлік құралы түрінің жол қауіпсіздігі және пайдалану ережесін бұзатын іс әрекеттер;қылмыстың зардабы- адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру;іс әркетпен орын алған зардаптың арасындағы себепті байланыс арқылы сипатталады.Қылмыстың субьективтік жағы:жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережелерін бұзу жөнінде және одан туындайтын зардап жөніндегі тек абайсыздықпен істеледі.Субьектісі:есі дұрыс қылмыс істеген кезде он алтыға толған,орындайтын жұмысына,атқаратын қызметіне байланысты заңда көрсетілген ережелерді сақтауға міндетті адам.

165. Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы.Автомобильді, траллейбусты.трамвайды не басқада механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу,абайсызда адам денсаулыығына орташа ауырлықтағы зиян келтірсе қылмыс болып табылады.

Автомобильді, траллейбусты.трамвайды не басқада механикалық көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу,абайсызда адам денсаулыығына орташа ауырлықтағы зиян келтірсе кінәлі адам Қ.К 296 бабының 1-жауапқа тартылады.Қылмыстың тікелей обьектісі көлік құралдарының қозғалыс және пайдалану қауіпсіздігі,Қосымша обьектісі-жәбірленушнің денсаулығы.Қылмстың заты –автомобиль,траллейбус, трамвай және механикалық көлік құралдары. Қылмыстың обьективтік жағы:а)заңның диспозициясында көрсетілген көлік құралдарының жол қозғалысы және пайдалану ережелерін әрекет немесе әрекетсіздік арқылы бұзуы. Б)Жол қозғалысы немесе көлк құралдарын пайдалану ережелерін бұзудың абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе уырлығы орташа зиян келтірілуі.в) іс әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс.Қылмыстың субьективтик жағынан абайсыздыкпен (менмендік немесе немқұрайлық түрінде істеледі.)Қылмыстың субьектісі-арнаулы 18жасқа толған көлік құралын жүргізуші адам. Заң бойынша көлікті жүргізген адам қылмыс субьектісі деп танылады.

166. Қызмет өкілеттігін теріс пайдалану.Қылмыстық кодекстің 13 тарауының 307бабына сәйкес мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның қызметтік өкілеттігін өзі немесе басқа да адамдар немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне кереғар пайдалану,егер бұл азаматтардың немесе ұйымдар құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның не мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса,бес жүзден бір мың айлық есеп корсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан төрт айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға,не төрт айға дейінгі мерзімге қамауға не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Қылмыс құрамы: Обьективті жағының белгілері міндетті белгілері мыналар болып табылады: мемелкеттік қызметтерді атқаруға өкілеттті адамның не оған теңестірілген адамның қызмет мүдделеріне қайшы келетін белгілі бір іс әрекет жасау;егер осы әрекет іс әрекет азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамдық немесе мемлекеттік заңмен қорғалатын мұдделеріне елеулі түрде нұқсан келтірсе.Азаматтардың ұйымдардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделеріне не қоғамның,мемлекетпен заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға ең алдымен заңмен қорғалатын обьектілерге елеулі түрде материалдық және моральдық зиян келтірілуі жатқызуы тиіс.Материалдық зиян мұліктік жеке бастық және ұйымдық зиян болып бөлінеді.Бұндай зияндар материалды түрде бағалауға келеді,ал моральдық зиянның дәрежесі ақшалай бағалауға келеді.Кінәлі адамдардың заңсыз әрекеттері мен пайда болған зардаптардың арасында келтірілген себептік байланыс болуы керек.Себептік байланыстың болмауы қылмыстық жауапкершілікті жоққа шығарады,және қылмыс құрамының болмауына байланысты істі тоқтатуға негіх болады.Субьективті жағы кінәнің қасақана нысанымен сипатталады,кінәнің зардаптарына қатысты ол тек қана тікелеі,сол сияқты жанама қасақана түрде жасалуы мүмкін.Субьектісі біріншіден тек қана мемлкетті қызметтер атқаруға уәкілетті адам,екіншіден лауазымды тұлға,үшіншіден жауапты мемлкеттік лауазым атқаратын адамдар. Тікелей обьектісі: мемлекеттік апараттың бір қалыпты заңды қызметі мен беделіне қол сұғу.

167. Биліктік не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану.13 тарау 308 бапқа сәйкес Билікті не лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану,яғни мемлкеттік қызметтер атқаруға у йкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзінің құқықтары мен өкілеттілігі шегінен көрінеу асып кететін және азаматтарды немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не өоғамның немесе мемлеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы екі жүзден бес жүз айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға,не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға,не төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазаланады.Қылмыс құрамы: Обьектісі: мемлкеттік апараттың қалыпты қызметі.Обьективті жағының белгілері:тұлғаның оған заңмен берілген құқығы мен өкілетінің шегіне ашықтан ашық асып кететін іс әрекеттер жасау;осы бапта келтірілген заң бұзушылық түріндегі қоғамға қауіпті зардаптар;тұлғаның өкілеттік шегінен асуы мен зардаптар арасында себептік байланыстың болуы. Субьектісі: Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам,лауазымды адам,жауапты мемлкеттік лауазым атқаратын адам.Субьективті жағы;Тек қана қасаналық түрімен жасаланады.

168.Парақорлық:Түсінігі түрлері құқықтық талдау;Парақорлық қылмыстық құқықтың 311,312,313 баптарды қамтиды. Пара алудың обьектісі мемлекеттік апараттың дұрыс қызметі,беделі болып табылады.Қылмыстың қажетті белгілерінің бірі параның заты болып табылады:ақша,бағалы қағаз,материалдық игіліктер,өтеусіз төлемдер,қымбат заттар мен техника жеке коллекциялық заттар т.б. болып табылады. Обьективті жағы пара алу мемлкеттік қызмет атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның пара берушінің немесе оның өкілі болған адамның пайдасына жасалған іс әрекеті арқылы сипатталады.Пара алу формальдық қылмыс құрамға жатады.Субективтік жағы; тікелей қасақаналықпен пайда табу мақсатымен сипатталады.Субьектісі; : Мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам,лауазымды адам,жауапты мемлкеттік лауазым атқаратын адамдар. Пара беру; Обьективті жағы мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті адамға немесе делдал арқылы пара затын немесе мүлік сипатындағы өзгеде затты пайда беру;пара затын адам тікелей өзі немесе делдал арқылы беріледі,пара алған адам өз қызметін пара берушінің мүддесіне белгілі бір әрекеттә әстеуге немесе істемеуга пайдалануы арқылы сипатталады.Субьективті жағы ;пара беру тікелей қасақаналық арқылы істеледі.Субьектісі;он алты жасқа жеткен есі дұрыс тұлға. Обьектісі:мемлекеттік апараттың дұрыс қызметі,беделі болып табылады.Қылмыстың қажетті белгілерінің бірі параның заты болып табылады:ақша,бағалы қағаз,материалдық игіліктер,өтеусіз төлемдер,қымбат заттар мен техника жеке коллекциялық заттар т.б. болып табылады.

Делдал-екі негізгі субьектілердің байланыстырушы бөлігі және өзінің ниетімен емес,пара беруші мен алушының ниеттері мен келісімге жетуге және іске асуға көмектеседі.Субьективтік жағынан делдалдық тікелей қасақаналықпен жасалады.Субьектісі он алтыға толған кез келген есі дұрыс жай немесе лауазымды адам.Обьективтік жағы парақорлыққа делдал болу,яғни пара алушы мен пара берушіге пара алу мен беру туралы олардың арасындағы келісімге өол жеткізуге немесе іске асыруға қол жеткізу.Обьектісі: мемлекеттік апараттың дұрыс қызметі,беделі болып табылады.Қылмыстың қажетті белгілерінің бірі параның заты болып табылады:ақша,бағалы қағаз,материалдық игіліктер,өтеусіз төлемдер,қымбат заттар мен техника жеке коллекциялық заттар т.б. болып табылады.

169.Салақтық: Қылмыстық кодекстің 13тараудың 316 бапқа сәйкес Салақтық,яғни лауазымды адамның қызметіне адал қарамауы немесе ұқыпсыз қарауы салдарынан өз міндеттері орындамауы немесе лайықты орындамауы егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса-екі жүз айлық көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның бір айдан үш айға дейінгі кезеңдегі жалақысы немесе өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не үш айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.Субьективтік жағы:Менмендік немесе немқұрайлық тірңндегі абайсыздықпен сипатталады. Қылмыстың тікелей обьектісі адамның өмірі мен денсаулығы.Субьектісі он алты жасқа толған есі дұрыс адам.Обьективтік жағы жәбірленушінің денсаулығына абайсызда ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе қаза келтіру.Қызметтік міндеттерін тиісті дәрежеде атқармау деген-лауазымды тұлғаның тиісті,қызметтік талаптарға сәйкес қызметтік міндеттерді ешіктіріп белгіленген мерзімдерді бұзып орындау әрекеті.Заңға сәйкес салақтық қылмыстың материалдық құрамы болып табылады.Қдызметтік салақтың салдары көбінесе материалдық зиян келтіру түрінде көрінеді,бірақ салақтық нәтижесінде өзге де елеулі зияндар келтірілуі мүмкін.

170.Өзінше билік ету. Қылмыстық клдексінің 14 тарауының 327 бабына сәйкес.Өзінше билік ету,яғни заңмен белгіленген тәртіпке қарамастан,басқа тұлғаның немесе ұйымдардың таласын туғызатын,азаматтардың немесе үйымдардың құқықтарына,не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде зиян келтіретін өзінің нақты немесе болжамында өқөығын өз бетінше жүзеге асыруы- екі жүз айлыұ есептік есептік көрсеткіштен мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табыстың мөлшерінде айыппұл салуға,не бір жылдан екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына,не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға жазаланады.Қылмыстың тікелей обьектісі: талас туғызатын құқықты жүзеге асыру тәртібі.Қосымша тікелей обьектісі азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары немесе заңды мүдделері болуы мүмкін.Обьективтік жағынан қылмыс адамның талас туғызатын нақты немесе обьектвтік жағынан қылмыс адамның талас туғызатын нақты немесе жорамал құқығын заңда белгңленген тәртіппен тысқары өз бетімен жүзеге асырып,жәбірленушіге елеулі түрде зиян келтіру арқылы жасалады.Субьективтік жағы;Тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады.Субьектісі:Он алтыға толған адам.Күш қолдану кез келген тәсілмен өмірге қауіпті немесе қауіпсіз түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

171. Коммерциялық сатып алуға не сыбайлас жемқорлық қылмысқа арандату.Коммерциялық және өзге ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарға ҚР ҚК –нің 8-тарауы арналған. Коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адамға заңсыз ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлік беру , сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесінде пайдалануы үшін оған мүліктік сипаттағы заңсыз қызмет көрсету – коммерциялық сатып алу (пара беру).Қылмыстың тікелей объектісі ҚР Заңдарына немесе құрылтайшы құжаттарға сай келетін коммерциялық және өзге де ұйымдардың басқару аппаратының бірқалыпта қызметі болып табылады. Коммерциялық сатып алу қылмысының затына ақша бағалы қағаз, басқа мүлік , сондай-ақ мүліктік сипаттағы қызметтер жатады.Объективтік жағынан сатып алу(пара беру) – коммерциялық немесе өзге ұйымда басқару қызметтерін атқаратын адамға ақша, бағалы қағаздар немесе басқа мүлік беру, сондай-ақ оның өз қызмет бабын сатып алушы адамның мүддесінде пайдалану үшін оған мүліктік сипаттағы заңсыз қызмет көрсету арқылы сипатталады. Қылмыс формальдық құрамға жатады. Қылмыс заңсыз сыйақының бір бөлігін берген уақыттан бастап ақ аяқталған деп саналады. Қылмысты аяқталған деп тану үшін заңсыз сыйақы алған субъектіні оның пайдасына белгілі бір әрекетті істеуі шарт емес. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен жасалады. Қылмыстың субъектісі – кез келген есі дұрыс, жасы 16-ға толған адам. Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстардың топтық объектісі – мемлекеттік аппараттың дұрыс, бірқалыпты қызметі, қосымша тікелей объектісіне - азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделері жатады.Объективтік жағынан материалдық құрам және формальдық құрам болып бөлінеді.Субъективтік жағынан бұл қылмыстар негізінен қасақана кінә нысанымен жасалады, тек қана салақтық абайсыздық түріндегі кінә нысаны арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстың субъектісі – мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адам не оған теңестірілген адам, лауазымды адам, жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адам.

172. ҚашқындықҚашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету, сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу - бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қызмет бойынша сеніп тапсырылған қарумен қашу, сол сияқты алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған қашқындық – 3жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Ұрыс жағдайында жасалған дәл сол әрекет – 7жылдан 20 жылға дейінгі бас бостандығынан айыруға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.Соғыс уақытында жасалған нақ сол әрекет – 10 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге басм бостандығынан айыруға не өлім жазасына немесе өмір бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық заңда қашқындық, яғни әскери қызметтен жалтару мақсатында әскери бөлімді немесе қызмет орнын тастап кету,сол сияқты осындай мақсатпен қызметке келмеу деп белгіленген. Қашқындық құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады және ол созылмалы қылмыс болып табылады. Қашқындық субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен және арнаулы мақсатпен – әскери қызметтен жалтару арқылы сипатталады. Қылмыстың субъектісі - әскери қызметші : шақыру немесе келісімшарт бойынша өтеп жүрген әскери қызметшілер.Қызмет бойыншп сеніп тапсырылған қарумен қашу, сол сияқты алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасалған қашқындық осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады.Қашқындық ұзаққа созылған қылмыс ретінде , әскери қызметші қызмет орнына өз еркімен оралған, кінәсін мойындап келген , оны ұстаған сәттен бастап тоқталды деп есептеледі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]