Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

112. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын бұзу

ҚР-ның еңбек заңнамасын бұзу адамның және азаматтық әлеуметтік,экономикалық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар түріне жатады..ҚР-сы Конституциясына сәйкес Республика азаматының еңбек ету бостандығына,қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауына құқығы бар,сол әрбір адамның дербес өндіруші ретінде не/се еңбек шарты бо/ша өз қалауына,қабілетіне және арнаулы даярлығына сәйкес еркін еңбек етуге мүмкіндік алу құқығын қамтиды.Қылмыстың объ-сі болып азаматтардың еңбек құқығын бұзуға қатысты қоғамық қатынастар болып табылады.Объ-к жағынан алғанда еңбек жөніндегі заңды бұзу әрекет не/се әрекетсіздік арқылы жасалады. Бірінші: Қызметкермен еңбек шартын заңсыз тоқтату.Заңда көрсетілген негіздерден тысқары жағдайда қызметкерді жұмыстан шығару заңсыз б.т. Егер лауазымды адам заңсыз жұмыстан шығаруға негіз болмаса да өз жеке басының мүддесін көздеу ниетімен өзін сынағаны үшін кекшілдікпен, өзара ұрыс керістің салдарынан босаған жұмыс онына өз танысын немес туысын орналастыу мақсатын көздеп, адамды жұмыстан шығарса қылм. Жауаптылық көздееді. Екіншіден:Жұмысты қайта қалпына келтіру туралы соттың шешімін орындамауы. Яғни кінәлі адам қылмысты түрде әрекетсіздік жасап, соттың қайтадан жұмысқа алу туралы заңды күшіне енген шешімін орындамайды. Бұл жерде қылмыс екі бірдей объектіге енбек құқына және әділсоттылық мүддесіне қол сұғады. Үшіншіден: ҚРның еңбек туралы заңнамасын өзге де бұзу деп еңбекке дұрыс ақы төлемеуді жұмыс уақытының ұзақтығын дұрыс сақтамау демалыс беруден бас тарту жұмысқа алудан негізсіз бас тарту, жеңілдіктерді қолданудан бас тарту т.б.әрекеттер жатады. Қылмыс құрамы материалдық.Субъективті жағынан қылмыс қасақаналықпен істелінеді.Кінәлі адам өзінің әрекетімен еңбек жөніндегі заңды өрескел бұзғанын сезеді және осыны тілеп істейді.Бұл жерде қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін.Қыл-ң суб-і болып тек қана мем-к не/се мем-к емес аппаратқа жұмысқа алу не/се жұмыстан шығару құқы юар лауазымды адамдар танылады. Әйелмен оның жүктілігі себебі бойынша еңбек шартын жасаудан негізсіз бас тарту немесе онымен еңбек шартын негізсіз тоқтату немесе үш жасқа д\гі балалары бар әйелмен осы себептер бойынша жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тарту немесе негізсіз жұмыстан босату осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады.Бұл жерде қылмыстың жәб\і жүкті әйел немесе үш жасқа д\гі баласы бар әйел немесе кәмелетке толмағандар болады. Объ-кжағынан қылмыс заңда көрсетілген адамдарды:1)жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тарту;2)не/се негізсіз жұмыстан босату арқылы көрініс табады.Қылмыс осы әрекеттердің біреуін жасаған сәттен бастап аяқталған деп танылады.Қылмыс құрамы формалдьдық.Суб-к жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі.Кінәлі адам екіқабат не/се үш жасқа дейінгі баласы бар әйелді,кәмелетке толмағандарды негізсіз жұмысқа алудан бас тартады не/се осы адамдарды негізсіз жұмыстан босататынын сезеді және соны жүзеге асыруды тілейді.Қыл-қ ниет-мұндай адамдарға заңда белгіленген жеңілдіктер мен артықшылықтарды бергісі келмеу т.б. жатады.Қылмыстың суб-сі арнаулы-жұмысқа алу не/се одан босатуға құқығы бар лауазымда адамдар.

113)Басқыншылық соғысты жоспарлау,әзірлеу,тұтандыру не/се жүргізу. ҚР-ның ҚК-ның 156-бабына сәйкес аталған бап бейбітшілікке қарсы қылмыстар түріне жатады. 1. Басқыншылық соғысты жоспарлау, әзiрлеу немесе тұтандыру - жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Қылмыстың тікелей объ-сі-халықтар арасындағы бейбітшілік Мемлекеттердің бейбіт қатар өмір сүруі және достығы.Объ-к жағынан қылмыс басқыншылық соғысты жоспарлау,әзірлеу не/се тұтандыру арқылы жүзеге асырылады.Қылмыстың объ-к жағы бірнеше балама әрекеттерден тұрады.Оның біріншісі-басқыншылық соғысты жоспарлау.Жоспарлауға халықаралық құқық нормаларына қайшы түрде бейбіт тұрғындарға қарсы соғыс әрекеттерін жүргізудің арнаулы жоспарларын жасау,соғыс әрекеттерін жүргізуге бағытталған әр түрлі әдістемелік құралдар жасау,соғыс әрекеттерін жүргізуге бағытталған әр түрлі әдістемелік құралдар жасау,соғыстың құрбаны болатын мемлекетті белгілеу,басқыншылық соғыс әрекеттерін жүргізудің мерзімін және көлемін белгілеу әрекеттері жатады.Басқыншылық соғысты әзірлеуге жоспарланған ұрыс әрекеттерін жүзеге асыруға арналған нақты іс-қимылдарға көшулер жатады.Мысалы соғыс техникасын көштеп шығара бастау;қарулы күштердің санын күрт көбейту,азық-түлік не/се жағар-жанар май қорларын ұлғайту,соғыс жағдайына сай келетін жаттығуларды жүзеге асыру,тұрғындарды соғыс ісіне моральдық тұрғыдан бейімдеп дайындау т.с.с. әрекеттер жатады.Басқыншылық соғысты тұтандыруға осындай соғысты кез келген тұрғыда бастау жатады.Көрсетілген қылмыс формальдық құрамға жатады,сондықтан да заңда көрсетілген –басқыншылық соғысты жоспарлау,әзірлеу не/се тұтандыру әрекеттерінің біреуі іске асырылған уақыттан бастап қылмыс аяқталған деп саналады.Қылмыс суб-к жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.Қылмыстың суб-сі арнаулы.ҚР-ның жауапты мем-к қызмет атқаратын лауазымды адамдары,оынң түсінігі ҚК-тың 307-бабының ескертуінің 4-тармағында берілген.ҚК-тың 156-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын түрі-басқыншылық соғысты жүргізгені үшін жауаптылық белгіленген.Басқыншылық соғысты жүргізу деп тұтандырылған соғыс өртін аяғына дейін жеткізу,алға қойған мақсатқа толық жету әрекеттерін жалғастыруды айтамыз.

114)Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргізу және жария түрде шақыру. ҚР-ның ҚК-ның 157-бабына сәйкес аталған бап бейбітшілікке қарсы қылмыстар түріне жатады.1. Басқыншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргiзу және жария түрде шақыру - үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде немесе сотталған адамның үш айдан тоғыз айға дейiнгi кезеңдегi жалақысының немесе өзге табысының мөлшерiнде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Қыл-ң тікелей объ-сі мемлекеттердің өзара бейбіт өмір сүру және өзара тату қарым-қатынаста болу мүддесі б.т.Қылмыс объ-к жағынан басқаншылық соғысты тұтандыруға насихат жүргзу және жария түрде шақыру арқылы жүзеге асырылады.Басқыншылық соғысты тұтандыруға шақырулар ашық не/се көмескі түрде болуы мүмкін.Шақырулардың жүзеге асырудың нысандары сан алуан ауызша,жазбаша,белгі берулер арқылы болуы мүмкін.Ең бастысы осы шақырулар басқаншылық соғысты тұтандыруға қызмет етуі қажет.Мұндай шақырулар жария түрде болуы шарт.Жариялылыққа-кінәлінің үшінші бір адамның қатысқан алдында соғысты насихаттайтын іс-әрекеттерін жүзеге асыруы не/се байланыс құралдары,почта арқылы соғысқа шақырулар мәтінін жұртқа жіберу,листовкалар тарату,осындай мағынадағы үндеулерді,плакаттарды,суреттерді көрнекті жерлерге іліп қою сияқты әрекеттер жатады.Қылмыс құрамы жағынан формальдық құрамға жатады және осы баптың диспозициясында көрсетілген іс-әрекетті-басқыншылық соғысқа жария түрде шақырған сәттен бастап қылмыс аяқталған деп танылады.Қыл-ң суб-сі-16-ға толған есі дұрыс кез келген адам.Қылмыс суб-к жағынан тек тікелей қасақаналықпен істеледі.Бұқаралық ақпарат құралдарын пайдаланып жасалған не мем-к жауапты қызмет атқарып отырған лауазымды адам жасаған дәл сол әрекет-осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады.Бұқаралық ақпарат құралдарына-баспасөз құралдары,радио,теледидар т.с.с. жатады.Мем-к жауапты қызмет атқаратын лауазымды адамға мем-ң міндетін және мем-к міндетін және мем-к органдардың өкілеттілігін тікелей орындау үшін ҚР-ның Конс-да,ҚР-ның Конс-қ және өзге де заңдарында белгіленетін қызметтерді атқаратын адамдар,сол сияқты мем-к қызмет туралы заңдарда белгіленген мем-к қызметшілердің жоғары,бірінші және екінші лауазым санаттарына жататын лауазымда істейтін адамдар жатады.

115)Геноцид.ҚР-ның ҚК-ның 160-бабына сәйкес геноцид адамзатқа қарсы қылмыстар түріне жатады.1.Геноцид, яғни ұлттық, этникалық, нәсiлдiк немесе дiни топты осы топтың мүшелерiн өлтiру, олардың денсаулығына ауыр зардап келтiру, бала тууға күшпен бөгет жасау, балаларды мәжбүрлеп бiреуге беру, күштеп көшiру не осы топтың мүшелерiн қырып-жоюға есептелген өзге де тiршiлiк жағдайларын туғызу арқылы толық немесе iшiнара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер - он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Соғыс уақытында жасалған нақ сол әрекеттер - он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.Геноцид-халықаралық құқық нормасы арқылы белгіленген қылмыс.Қылм-ң тікелей объ-сі этникалық,ұлттық,нәсілдік не/се діни топтарлың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар.Объ-к жағынан қылмыс геноцид,яғни ұлттық,этникалық,нәсілдік не/се діни топты,осы топтың мүшелерін өлтіру,олардың денсаулығына ауыр зардап келтіру,бала тууға күшпен бөгет жасау,балаларды мәжбүрлеп біреуге беру,күштеп көшіру,не осы топтың мүшелерін қырып-жоюға есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызу арқылы,толық не/се ішінара жоюға бағытталған қасақана әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.Қылмыстың объ-к жағы бірнеше балама әрекеттреден көрініс табады:1)ұлттық,этникалық,нәсілдік не/се діни топтың мүшелерін осындай белгілері бо/ша өлтіру екі не/се одан дак өп өлтірудің түсінігі ҚК-тың 96-бабында берілген.2)олардың денсаулығына ауыр зиян келтіру;3)бала тууға күшпен бөгет жасау,бала көтеруге тыйым салу,жыныс мүшелеріне операция жасау арқылы оларды бала көтеру не/се ұрық шашу қабілетінен айыру;4)балаларды мәжбүрлеп біреуге беруге-ата-аналарынан балаларды тартып алып басқа топқа не/се басқа адамға беру не/се осындай күшпен алынған балаларды басқа біреуге сату,құлдыққа берулер жатады;5)күштеп көшіруге-тұрғылықты адмдарды жоғарыда көрсетілген белгілеріне қарай мекенінен жер аудару,басқа жаққа еріксіз көшірулер жатады;6)топтың мүшелерін қырып-жою.Есептелген өзге де тіршілік жағдайларын туғызу арқылы толық е/се ішінара қырып-жоюға бағытталған қасақана әрекеттер.Бұған мұндай топтың мүшелеріне мед-к,гуманитарлық,азық-түлік не/се басқадай көмек бермеу,соғыс не/се стихиялық апатқа ұшыраған осындай топқа көмек беруге тыйым салу т.б.Соғыс уақытында жасалған нақ осы әрекеттер осы қылмыс құрамының ауырлататын түрі болып табылады.Қылмыс суб-к жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.Қылмыстың суб-сі -16-ға толған кез келген адам.

116)Экоцид.ҚР-ның ҚК-ның 161-бабына сәйкес экоцид адамзатқа қарсы қылмыстар түріне жатады. Өсiмдiктер немесе жануарлар дүниесiн жаппай жою, атмосфера, жер немесе су ресурстарын улау, сондай-ақ экологиялық апатты туғызған немесе туғызуы мүмкiн өзге де iс-әрекеттердi жасау –он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Қыл-ң тікелей объ-сі –адамзаттың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар.Қылмыстың заты-өсімдіктер не/се жануарлар дүниесі,сондай-ақ атмосфера,жер не/се су ресцрстары.Қылмыс объ-к жағынанөсімдіктер не/се жануарлар дүниесін жаппай жою,атмосфера,жер не/се су ресурсатрын улау,сондай-ақ экологиялық апатты туғызған не-се иуғызуы мүмкін өзге де іс-әрекеттерді жасау арқылы жүзеге асырылады.Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін жаппай жоюға оларды түп-тамырымен жою,жер бетінен жоқ етіп жіберу,сөйтіп экол-қ жүйені бұзулар жатады.Атмосфера,жер не/се су ресурстарын улауға-тірі организмдердің улануына,өлуіне не/се ауыр зардапқа ұшырауына әкеліп соғатындай ауаны,суды не/се жерді уландыру әрекеттері жатады.Экологиялық апатқа-жер бетінде адамзаттың өмір сүруіне қауіп келтірген экол-қ жүйені бұзу әрекеттері жатады.Өзге де осындай әрекеттерге-өзендерді,көлдерді,ауаны ластандыру,былғау арқылы эколог-қ апат қаупін тудыру әрекеттері жатады.Қылмыс құрамы материалдық.Осыған орай,кәнілінің заңсыз іс-әрекеттері мен одан пайда болған зардаптың арасындағы себепті байланыс анықталуы тиіс.Суб-к жағынан қылмыс қасақаналықпен істеледі.Қылмыстың суб-сі-16-ға толған кез келген адам.

117)Жалдамалық. ҚР-ның ҚК-ның 162-бабына сәйкес жалдамалық Соғыс қылмыстары түріне жатады.1.Жалдамалыны жалдануға азғырып көндiру, оқытып-үйрету, қаржыландыру немесе өзге материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оны қарулы жанжалда немесе соғыс қимылдарында пайдалану - төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып немесе кәмелетке толмағанға қатысты жасаған дәл сол әрекеттер - мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жетi жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 3. Жалдамалының қарулы жанжалға немесе соғыс қимылдарына қатысуы - үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, адам қазасына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан iс-әрекеттер - мүлкi тәркiленiп он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не мүлкi тәркiленiп өлiм жазасына немесе мүлкi тәркiленiп өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстың тәкелей обьектісі халықаралық құқық нормалары белгілеген соғыс жүргізудің құралдары мен әдістерін қолдануды реттейтін қоғамдық қатынастар. Об-к жағынан қылмыс заң диспозициясында көрсетілген бірнеше тәсілдерді бірнеше тәсілдерді қолдану арқылы жүзеге асырылады. Атап айтқанда: 1. Жалдамалы жалдануға азғырып көндіру, яғни қарулы жанжалға н-се соғыс қимылдарына пайдалануға жалдау; 2. Оқып-үйрету, яғни жалданған адамды соғыс әрекетіне н-се қарулы жанжалға тікелей қатысуға әзірлеу; 3. Қаржыландыру – жалдамалыны ақша қаражатымен қамтамасыз ету; 4. Өзге де материалдық қамтамасыз ету – жалдамалыға киім-кешек, азық – түлік беру; 5. сондай-ақ оны қарулы жанжалға н-се соғыс қимылдарына пайдалану – тікелей осындай әрекеттерге қатыстырулар б.т. ҚК-ң 162-бабының ескертуіне сәйкес материалдық сыйақы алу н-се өзге де бас пайдасы мақсатында іс-әрекет жасайтын және қарулы қақтығысқа қатысушы тараптың азаматы болып табылмайтын, оның аумағында тұрақты тұрмайтын және ресми міндеттерді орындау үшін басқа мемлекет жібермеген адам жалдамалы деп танылады. Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көзделген әрекеттердің біреуін істеген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез-келген есі дұрыс адам. Субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам озінің қызмет бабын пайдаланып н-се кәмелетке толмағанға қатысты жасаған дәл сол әрекеттер – осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады. Кәмелетке толмағандарды жалдамалыққа тарту деп – жасы 18-ге толмағандарды кінәлі адамның біле тұра осы әрекетке тартуын айтамыз. Жалдамалының қарулы жанжалға н-се соғыс қимылдарына қатысуы осы қылмыстың өте ауырлататын түріне жатады.

118)Мемлекеттік опасыздық.ҚР-ның ҚК-ның 165-бабына сәйкес мемлекеттік опасыздық ҚР-ның сыртқы қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар түріне жатады.Мемлекеттiк опасыздық, яғни қарулы жанжал кезiнде жау жағына өтiп кетуден, сол сияқты шпиондық жасаудан, мемлекеттiк құпияларды жатқа беруден не ҚР-на қарсы дұшпандық әрекет жүргiзуден, шетелдiк мемлекетке, шетелдiк ұйымға немесе олардың өкiлдерiне өзге де көмек көрсетуден көрiнген, ҚР-сы азаматы ҚР-ның сыртқы қауiпсiздiгi мен егемендiгiне нұқсан келтiру немесе әлсiрету мақсатында жасаған қасақана әрекет -мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға, ал ұрыс жағдайында ауырлататын мән-жайлар кезiнде - он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не мүлкi тәркiленiп немесе онсыз өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.Мемлекетке опасыздық дегеніміз-қарулы жанжал кезінде жау жағына өтіп кетуден,сондай ақ шпиондық жасаудан,мем-к құпияларды жатқа беруден не ҚР-на қарсы дұшпандық әрекет жүргізуден,шетелдік мем-ке,шет-к ұйымға не/се олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсетуден көрінген,ҚР-ның азаматы ҚР-ның сыртқы қауіпсіздігі мен егемендігіне нұқсан келтіру не/се әлсірету мақсатында жасаған қасақана әрекет.МЕм-к опасыздықтың тікелей объ-сі –ҚР-ның мем-к қауіпсіздігі б.т.Мем-ң қауіпсіздігіне оның ең маңызды мүдделері-конс-қ құрылысы,егемендігі,аумақтық тұтастығы,сыртқы және ішкі қауіпсіздігі жатады.Мем-к опасыздықты жасаған адам басқа бір нақт мем-ң пайдасына іс-әрекеттер істейді.Конс-қ құрылыстың ұғымы ҚР-сы Конс-ң бірінші бөліміндегі жалпы ережелерде баянды етілген.Конс-ң осы бөлімінде конс-қ құрылыстың басты принциптері,экон-қ қатынастар,қоғамның саяси жүйелері нақтыланған.Мемлекеттік опасыздық бөлімінде Қр-ның мем-к құрылысы,республика қызметінің түбегейлі принциптері,республика егемендігінің түсінігі,мем-к биліктің бірден-бір бастауы халық екендігі,биліктің заң шығарушы,атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі,идеологиялық және саяси әр-алуындылықтың танылуы,меншіктің әр түрі және оның бірдей қорғалатыны т.б. мәселелері анықталған.Республиканың егемендігі дегенмі-ел ішіндегі мем-к өкімет билігінің үстемдігі және оның сыртқы саяси жағдайларға тәуелсіздігі б.т.Республиканың егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мем-ке опасыздықтың объ-к жағы-ҚК-тың 165-бабының диспозициясында көрсетілген.Оған жататындар:қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету;шпиондық жасау;мем-к құпияларды жатқа беру;ҚР-на дұшпандық әрекет жүргізу мақсатымен шетелдік мем-ке,шет- ұйымға не/се олардың өкілдеріне өзге де көмек көрсету.Осы іс-әрекеттердің біреуін істеу қылмыстың объ-к жағының орын алғандығын көрсетеді.Қарулы жанжал кезінде жау жағына шығып кету д/з-ҚР-сы азаматының жау басып алған аумақта орналасқан жау жағына өз еркімен өтуі,жауға көмек көрсетуі,жау жағынының тапсырмасымен өзі тұратын аумақта әр түрлі іс-әрекеттерді істеуі;жау жағына ерікті түрде шығып кетуі;тұтқын болуы сияқты әрекеттер жатады.Жау жағына өз еркімен өту қарулы жанжал кезінде ғана орын алады.Бейбіт кездегі мұндай іс-әреккеттер ҚК-иың 330-бабында көрсетілген-ҚР-ның күзетілетін мем-к шекарасынан әдейі заңсыз өтуі қылмыс құрамын құрайды.Мем-ке опасыздықтың бір түрі ҚР-сы азаматының шпиондық жасауы б.т.Мем-к опасыздық суб-к жағын тек қана тікелей қасақаналық арқылы жүзеге асырылады.Қыл-қ ниет әр түрлі көрініс алады,бірақта ол қылмысты саралуға әсер етпейді.Қыл-ң суб-сі болып 16-ға толған ҚР-ның азаматы ғана танылады.Соғыс уақытында жасалған мем-ке опасыздан осы құрамның ауырлататын түрі болып көрсетілген.

119)ҚР-сы Президентінің өміріне қастандық жасау.ҚР-ның ҚК-ның 166-1-бабына сәйкес ҚР-сы Президентінің өміріне қастандық жасау ҚР-ның саяси жүйесәне қарсы қылмыстар түріне жатады.Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентiнiң — Елбасының өмiрiне оның заңды қызметiне кедергi жасау не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған қол сұғушылық, -он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.ҚР-сы Тұңғыш Президенті-Елбасына ешкімнің тиісуіне болмайды.Елбасының өміріне қол сұғушылық аса ауыр қылмыс санатына жатады.Қылмыстың объ-сі ҚР-сы Тұңғыш Президентінің елбасының қызметін реттейтін қоғамдық қатынастар,қосымша тікелей объ-сі ҚР-сы Тұңғыш Президентінің-Елбасының өмірі б.т.Қылмыстық жәбірленушісі-ҚР-сы Тұңғыш Президенті-Елбасы.Қылмыс объ-к жағынан белсенді әрекет арқылы ҚР-сы Тұңғыш Президенті-Елбасының өміріне,оның заңды қызметіне кедергі жасау не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында жасалады.Қылмыс істтеу тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін,олар жаза тағайындау кезінде ескеріледі.Қылмыс кедергі жасау әрекетінің бірін істеген сәттен аяқталған деп танылады.Қылмыс суб-к жағынан тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.Қылмыстық ниет кек алуға бағытталған,ол туралы заңда тікелей көрсетіліп отыр.Қыл-ң суб-сі болып 16-ға толған,есі дұрыс азаматтар танылады.

120)Диверсия.ҚР-ның ҚК-ның 171-бабына сәйкес диверсия ҚР-ның экономикалық қауіпсіздігімен қорғаныс қабілетіне қарсы қылмыстар түріне жатады.Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiне нұқсан келтiру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қиратуға, немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге iс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату -  мүлкi тәркiленiп немесе онсыз он жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өлiм жазасына немесе өмiр бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.ҚРсы ҚК-ның 171-бабына сәйкес ҚР-сы қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру мақсатында адамдарды жаппай қырып-жоюға, олардың денсаулығына зиян келтiруге, кәсiпорындарды, құрылыстарды, қатынас жолдары мен құралдарын, байланыс құралдарын, халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету объектiлерiн қиратуға, немесе зақымдауға бағытталған жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге iс-әрекеттер жасау, сол сияқты осы мақсатта жаппай улау немесе эпидемиялар мен эпизоотиялар тарату диверсия деп танылады.Диверсиняның тікелей обь-сі ҚР-ның қауіпсіздігі,қорғаныс қабілеті мен эко-қ күш қуаты б.т,өйткені диве-қ актілер мем-ң өзін әлсіретуге,бүлдіруге бағытталған.Объ-к жағынан диверсия бірнеше балама әрекеттердің жиынтығы бой/ша көрініс табады.ҚК-тың 171-бабына диспозициясында олар заң қорғайтын объ-ді қирату не/се зақымдауға бағытталған жарылыс жасау,өрт қою не-се өзге де іс-әрекеттер жасау,сол сияқты осы мақсатпен жаппай улау не/се эпидемиялармен эпизотиялар тарату деп көрсетілген.Осыған орай қирату дегеніміз-ҚК-тың 171-бабында көрсетілген объ-ді әр түрлі тәсәлдермен,мысалы жарылыс жасау,өрт қою не/се өзге де іс-әрекеттер арқылы түкке жарамсыз етіп тастау;-зақымдау деп-көрсетілген объ-дің қалпына келтірілу мүмкіндіктері сақтала отырып,олардың уақытша не/се ішінара істен шығып қалуы б.т.Кәсіпорындарға-зауыттар,фабрикалар басқа да өнеркәсіп объ-і жатады.Құрылыстарға-электростанциялар,су соратын қондырғылар,қойма,ғимараттар жатады.Қатынас жолдары мен құралдарына-көлік құралдарының барлық түрлері,мысалы теміржол,су,автокөліктері және көліктің басқа түрлері,көпірлер,тасжолдар және т.б.Байланыс құралдарына-телефон,телеграф байланысы,радиобайланысы,теледидар және т.б.Халықтың тіршілігін қамтамасыз ету объ-ріне-халықты нанмен,жылумен,дәрі-дәрімекпен қамтамасыз ететін объ-р,мед-қ қызмет көрсететін объ-р және т.б.,мысалы,нан заводтары,жылу станциялары,су қоймалары,дәріханалар,жедел-жәрдем көмегі және т.б.Суб-к жағынан диверсия тікелей қасақаналықпен істеледі.Кінәлі адам заңда көрсетілген объ-ге қол сұғу арқылы өз әрекетінің мәнін сезеді және заңда көрсетілген зардаптардың тікелей орны алуын тілейді.Қыл-ң суб-сі болып жасы 16-ға толған кез-келген азамат танылады.

121)Мемлекеттік құпияларды заңсыз алу,жария ету.ҚР-ның ҚК-ның 172-бабына сәйкес мемлекеттік құпияларды заңсыз алу,жария ету мем-т құпияларын сақтауға қол сұғатын қылмыстар түріне жатады.Құжаттарды ұрлау,мемлекеттік құпияларды білетін адамддарды не/се олардың жақындарын сатып лу не/се қоқыту,байланыс құралдары арқылы қолға түсіру,компьютерлік жүйеге не/се желіге заңсыз кіру,арнайы техникалық қралдарды пайдалану жолымен,сол сияқты өзге де заңсыз әдіспен мем-к құпияларды құрайтын мәліметтер жинаңы мемлекетке опасыздық не/се шпиондық белгілері болмаған жағдайда-төрт айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға не/се белгілі бір лауазымдарда боу не/се белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не/се онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Мем-т құпия болып табылатын мәліметтердің жария болмауын,оның заңда белгіленген тәртіппен сақталуын талап етеді.Мем-к құпияны заңсыз алу,жария ету ҚР-ның Қрғаныс және басқа да мүдделеріне ерекше қауіп туғызады.Осы қылмыстың затына мем-к құпияларды құрайтын мәліметтер жатады.Мем-к құпиялар болып табылатын мәліметтердің тізімі ҚР-ның 1999 жылғы 15 наурыздағы “ҚР-дағы мем-к құпиялар туралы” арнаулы заңында көрсетілген.172-бапта көрсетілген қылмыс құрамының объ-к жағы мем-к құпияларды құрайтын мәліметтерді заңсыз алу,жария ету бо/ша сипатталады.Арнайы заңмен,норматитвтік құқықтық актілермен белгіленген ережеге қайшы түрде мем-к құпияларды алу заңсыз деп танылады.Заңда заңсыз алуыдң тәсілдері:құжаттарды ұрлау,мем-к құпияларды білетін адамдарды,олардың туыстарын сатып алу оларды қорқыту,байланыс құралдары арқылы қолға түсіру,комп-к жүйеге не/се желіге заңсыз кіру,арнайы тех-к құралдарды пайдалану не/се өзге де заңсыз әдіс деп көрсетілген.Осы әдістердің кез-келгенін пайдаланып мем-к құпияларды заңсыз алу,жинау егер кінәлінің әрекетінде мем-ке опасыздық белгілері құрасы болмаса,онда ҚК-тың 172 бабының 1-тармағы бо/ша жауапты болады.Жария ету дегеніміз-өзіне сеніп тапсырылған не/се қызметі,жұмысы бо/ша белгілі болған адамның мем-к құпияны заңсыз іс-әрекеттер арқылы бөгде адамдарға мәлім ету б.т.Бөгде адамдар деп-өзінің атқаратын жұмысы не/се қызметі жөнінен мем-к құпия болып табылатын мәліметтерге ешқандай қатысы жоқтарды айтамыз.Мем-к құпия әр түрлі тәсілдермен-ауызша әңгімеде,баяндама арқылы,хат жазысу не/се басқадай баспа сөз беттерінде жрияланған материалдар арқылы не/се басқа адамдарға құпия құжаттарды көрсету,суретке салып алуға рұқсат беру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.Мұндай іс-әрекеттерді жасаған адам ҚК-тың 172-бабының 2-тармағы бо/ша жауапқа тартылады.Егер осындай іс-әрекеттерден ауыр зардаптың тууы орын алса,онда кінәлі осы баптың 3-тармағы бо/ша жауаптылықа тартылады.Сондай ақ мем-к құжаттарды заңсыз жинау,яғни 172-баптың 1-тармағына сәйкес осы мәліметтерді жария ету ауыр зардаптарға акеп соқса,онда кәнілінің іс-әрекеті осы баптың 4-тармағы бо/ша сараланады.Қылмыс мем-к құпия болып табылатын мәліметтер басқа адамға жария болғаннан бастап аяқталған деп табылады.Суб-к жағының бұл қылмыс тікелей не/се жанама қасақаналықпен істеледі.Егер бұл әрекетті істеген адам мемлекетке опасыздық істеу ниетін басшылыққа алса,онда бұл адамның әрекетінде ҚК-тың 165-бабында көрсетілген қылмыс құрамы орын алады.Қылмыстың суб-і болып мем-к құпияны құрайтын мәліметтер өзіне сеніп тапсырылған не/се мұндай мәліметтер өзіне қызметі не/се жұмысы бо/ша белгілі болған 16-ға толағн адамдар танылады.Ауыр зардаптың тізбегі заңда көрсетілмеген.Зардаптың ауырлық дәрежесін нақты дағдайларға бай-ы тергеу,сот органдары анықтайды.ҚК-тың 172-бабының 3,4-тармақтарындағы қылмыстар материалдық құрамға жатады.

122)Мемлекеттік құпиялары бар құжаттарды,заттарды жоғалту.ҚР-ның ҚК-ның 173-бабына сәйкес мем-к құпиялары бар құжаттарды,заттарды жоғалту мем-т құпияларын сақтауға қол сұғатын қылмыстары түріне жатады.Адамның өзіне қызмет н-се жұмыс бабаымен сеніп тапсырылған мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды,сол сияқты олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияны құрайтын заттарды жоғалтуы егер аталған құжаттар н-се заттар оларды пайдаланудың белгіленген ережелерін бұзудың салдарынан жоғалса және ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса.- бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде н-се соттвлған адамның он айға дейінгі кезеңдегі жалақысы н-се өзге де табысы мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш айдан алты айға дейінгі мерзімге қамауға алуға, үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымда болу н-се белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Мемлекеттік құпиясы бар құжаттарды, мемлекеттік құпиясы бар заттарды, сондай-ақ қызметтік құпиясы бар құжаттарды н-се қызметтік құпияны құрайтын заттарды жоғалтудың да қоғамға қауіптілігі орасан. Қылмыстың обьектісі болып мем-к құпияны және қызметтік құпияны сақтаудың заңда белгіленген тәртібіне қол сүғу болып табылады. Осы қылмыстың затына, біріншіден мем-к құпиясы бар құжаттар; екіншіден-мем-к құпияны құрайтын заттар, үшіншіден – қызметтік құпиясы бар құжаттар н-се қызметтік құпияны құрайтын заттар жатады. Мемлекеттік құпиясы бар құжаттардың түсінігі ҚК-тің 165-бабын талдағанда толық берілген. Мем-к құпияны құрайтын заттарға- қару-жарақтың, техниканың, құрал-жабдықтардың, шикізаттың жасырын үлгілері т.б жатады. Об-к жағынан қылмыс құрамы мына белгілермен сипатталады: а) мем-к құпиясы бар құжаттармен, сол сияқты олар туралы мәліметтер мем-к құпияны құрайтын заттармен, сондай-ақ қызметтік құпиясы бар құжаттармен, осындай құпияны құрайтын заттармен жұмыс істеудің белгіленген ережелерін бұзуы және, б)егер олардың абайсызда жоғалуына және ауыр зардаптарға әкеп соқтырса. Мем-к құпиясы бар құжаттармен, мем-к құпияны құрайтын заттармен жұмыс істеудің тәртібі ҚР-ң 1999 жылғы 15 наурыздағы “ҚР-ң мем-к құпиялары туралы” арнаулы заңында және басқа да нормативтік –құқықтық актілерінде көрсетілген. Ал қызметтік құпиялар мен қызметтік құпияны құрайтын заттардың түсінігі арнаулы нормативтік-құқықтық актілерімен белгіліенеді. Мем-к құпиясы бар құжаттарды н-се сондай құпияны құрайтын заттарды, сол сияқты қызметті құпиясы бар құжаттармен қызметтік құпияны құрайтын заттарды жоғалту деп мем-к құпиямен жұмыс істеуге рұқсаты бар адамнвң иелігіне осы көрсетілген заттардың кінәлі түрде шығып қалуын айтамыз.Көрсетілген құжаттар мен заттарды жою бұл қылмыстың құрамын түзбейді, өйткені мұндай ретте мем-к құпиямен бөтеннің танысуы орын алмайды. Мұндағы ауыр зардаптың түсінігі ҚР-сы ҚК-ң 172-бабында көрсетілген осындай түсінікпен бірдей. Сонда көрсетілген ауыр зардаптың түсінігі осы бапқа да қатысты.Қылмыс суб-к жағынан тек абайсыздық арқылы сипатталады.Егер бұл әрекет суб-к жағынан қасақана түрде істелсе,онда кінәлінің әрекеті іс-әрекеттің нақты жағдайларына бай-ы ҚК-тың 172-бабының не/се 165-бабымен сараланады.Қылмыстың суб-сі-мем-к құпиямен жұмыс істеуге рұқсаты бар 16ға толған адамдар б.т.

123)Ұрлық.ҚР-ның ҚК-ның 175-бабына сәйкес ұрлық талан тараждың нысандары қылмыстары түріне жатады.Ұрлық,яғни бөтен мүлікті жасырын ұрлау-екі жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде не/се сотталған адамның екң айдан жеті айға дейінгі кезеңдегі жалақысының не/се өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға,не жүз сексеннен екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға,не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына,не/се үш жылға дейін бас бостандығын шектеуге,не алты айға дейінгі мерзімге қамауға,не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жзаланады.Ұрлық дегеніміз бөтен мүлікті жасырын алу,меншік иесінің еркінен тысқары жағдайда,заңсыз болып табылады.Объективтік жағынан ұрлық бөтеннің мүлкін жасырын түрде алумен ұштасады.Бөтен мүлікті жасырын алу екі түрлі-объ-к және суб-к белгілер бой-ша анықталады.Адамның ешкімге сездірмей ,білдірмей әрекет істеуі арқылы мүліті жасырын алуы-объ-к белгіге жатады.Ұрлық жасаған адамның мүлікті меншік иесіне не/се өзге иеленушіге сездірмей,жасырын алудамын деген сезімі және осы тәсілмен оны жүзеге асыруды тікелей тілейтіндігі суб-к белгісі.Яғни,кінәлінің бөтен мүлікті жасырын алуға бай-ы іс-әрекетке деген психикалық көзқарасын білдіреді.Заңдылық құрылысына қарай ұрлық материалдық құрамға жатады.Сондықтан да қылмыс құрамының объ-к жағының белгісі-қылмыстық қоғамға қауіпті зардабы мүліктік залал келтіру б.т.Осыған бай-ы кінәлінің бөтеннің мүлкін алумен бірге оған билік етуге нақты мүмкіндік алған уақыттан бастап аяқталған деп саналады.Осындай тәсілмен ұрланған заттарды күзетілетін объктілердің аумағынан алып кетуге қасақана көмектескен күзетшілер осы қылмысқа қатысушы ретінде танылады.Ұрлық суб-к жағынан тікелей қасақаналықпен жасалады.Кінәлі адам бөтеннің мүлкін жасырын түрде заңсыз тегін алу арқылы меншік иесінің не/се өзге иеленушіге материалдық залал келтіретінін біледі.Және сондай тәсілмен сол залалды келтіруді тілейді.Қылмыс пайда күнемдік ниет және сондай мақсатпен жүзеге асырылады.Қылмыстың суб-і болып-ке толған адам танылады.Қылмыстық заңда ұрлықтың ауырлататын және өте ауырлататын құрамдары көрсетіледі.Олар мыналар:адамдар тобының алдын-алы сөз байласуы бой/ша,бірнеше рет ірі мөлшерде,ұйымдасқан топ,ұрлық не қорқытып алушылық үшін бұрын екі не/се одан да көп сотталған адам жасаған ұрлық-өте ауырлататын ұрлық құрамдары б.т. Бірнеше рет жасалған ұрлық қылмыстың бірнеше мәрте жасалуының ҚК-ның 11-бабында берілген.Бұрын істелген қылмыстың аяқталғаны не/се қылмысқа даярланғандығы,оқталғандығы я болмаса қылмысқа кез-келген рөлді атқаруға бірлесіп қатысуды қылмысты бірнеше мәрте істелгендік деп танылады.Созылмалы,жалғаспалы қылмыстар бірнеше рет жасалған қылмыс деп саналмайды.Тұрғын қызметтік не/се өндірістік үй жайларға,қоймаға заңсыз кірумен жасалған ұрлық.Тұрған жай дегеніміз адамдардың тұрақты не/се уақытша тұруына арналған не/се олардың демалуға,үлікті сақтауға адамдардың басқа да мұқтаждықтарын өтеуге арналған құрылыстарды айитамыз.Қызметтік не/се өндірістік үй жай дегеніміз адамдардың не/се материалдық игіліктердің уақытша не/се тұрақты орналастыруға арналған құрылыстар б.т.Қоймаға-тұрақты не/се уақытша материалдық игіліктерді сақтайтын қоршалған не/се қоршалмаған күзетпен қамтамасыз етілген сондай-ақ осы мақсатқа қызмет ететін арнаулы сейф,вагон сияқты объ-р жатады.Ұрлықтың аса ауырлататын түрі ұйымдасқан топпен жасалған ұрлық б.т.Егер қылмысты бір не/се бірнеше қылмыс жасау үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса ол ұйымдасқан топ жасаған ұрлық деп танылады.Ұрлықтың аса ауырлататын тағы бір түрі бар-ірі мөлшердегі ұрлық б.т.Ірі мөлшердегі ұрлықтың түсінігі ҚК-ның 175-бабының 2-тармағында арнайы берілген.Осыған орай 6 тараудың баптарындағы ірі мөлшер не/се ірі залал деп қылмыс жасалу сәтінен ҚР заңдарымен белгіленген айлық есептік көрсеткіштен 500 есе асып түсетін мүліктің құнымен залалдың мөлшері танылады.

124.Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленін алу немесе ысырап ету.Иеленіп алу немесе ысырап ету,яғни кінәлі адамға сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ұрлау екіжүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан бес айға дейінгі кезендегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға,не жүз жиырмадан жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға,не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не алты айға дейінгі мерзімге қамауға,не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Иеленіп алуға немесе ысырап жету кінәлі адамға тапсырылған бөтен мүлікті талан таражға салудың бір нысаны болып табылады.Қылмыстың обьективтік жағы сеніп тапсырылған бөтен тапсырылған мүлікті иелену немесе ысырып ету белгілерімен сипатталады осыған байланысты бұл жерде талан тараждын екі нысыны: иеленіп алу немесе ысырап ету құрамдары туралы сөз болып отыр. Иеленіп алу д/з кінәлінің өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін өзінің пайдасына заңсыз айналдыруы мақсатымен оған заңсыз иелік етуі болып табылады.Мұндай ретте иеленген мүлік кінәлінің бейлігінде болады.Ол меншік иесіне негіссіз қайтарылмайды немесе бөтен адамға берілмейді.Мүліктің жоғалуы іріп шіріп кету,жойылуы,басқа адамның ұрлауы нәтежиесінде меншік иесіне қайтарылмаса онда бұл иеленіп кетуге жатпайды. Иеленіп кетуді бөтеннің мүлкін уақытша пайдалана тұруымен шатастыруга болмайды. Егер өзіне мөлік сеніп тапсырылған адам оны заңсыз пайдалана отырып оны заңды иесіне қайтаруға немесе оның құнын төлеуге деген ниетте болса, онда онын әрекеті иеленіп кету емес нақты жағдайларға қарай Қылмыстық кодекстің 228,307 немесе 327 –баптарымен саралануы мүмкін.Ысырап етуге кінәлі адамның өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүліктік заңсыз және тегін өзінің пайдаланылуы немесе басқа біреуге беруі,сыйлауы,сатуы,қарызға беруі және т.б әрекеттер жатады.Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену мен ысырап етудің негізгі айырмашылықтары мынадай:сеіп тапсырылған бөтен мүлікті иеленуде кінәлі адам бөтеннің мүлкін жөнсіз,негізсіз,заңға қайшы әрекеттермен ұстап тұрады,иесіне қайтарылмайды,ал ысырап етуге осы аталған мүлікті әртүрлі жолмен талан таражға салуы,пайдаланып кетуі,шашылып төгілуі,тегін немесе ақысын алып тарату жатады.Иеленіп алумен ысырап етудің ортақ белгісі екі қылмыс құрамы бойында да кінәлі адамға мүлік уақытша сеніп тапсырыдады.Қылмыстың субьективтік жағы тікелей қасақаналық нысаны арқылы сипатталады.Кінәлі адам өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленетін немесе ысырап ететінін сезеді және өз әрекеті арқылы меншік иесіне мүліктік залал келтірілгенін күні бұрын біледі және сол залалдың болуын тілейді.Қылмыстың субъектісі болып арнаулы субъект талан таражға түскен мүлік немесе өзіне заң,шарт,келісімшарт негізінде немесе қызметтік жағдайына байланыс ты сеніп тапсырылған мүлікке құзіретті адам табылады.Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап құрамының ауырлататын (176баптың 2тармағы)және аса ауырлататын түрлері (176баптың 3тармағы)алаяықтың ауырлататын және аса ауырлататын құрамдары ұқсас кел

125. Алаяқтық.Алаяқтық яғни бөтен мүлікті ұрлау немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу, екі жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотталған адамның екі айдан жеті айға дейінгі кезендегі жалақасынын немесе өзге табысынын мөлшерінде айыппұл салуға, не жүз сексеннен екі жүз қырық сағаттқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға,не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не алтайға дейінгі мерзімге қамауға не үш жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына не алты айға дейінгі мерзімге қамауға,не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.Нарықтық экономика жағдайына және кәсіпкерлік қызметін кең өрістеуіне байланысты талан тараждың ең көп тараған нысаны алаяқтық болып табылады.Қылмыстық заңда алаяқтық яғни бөтен мүлікті талан таражға салу немесе бөтен мүлікке құқықты алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы алу деп көрсетілген.Алаяқтың заты бөтеннің мүлкі немесе бөтен мүлікке құқық алу болып табылады.Объективтік жағынан алаяқтық бөтен мүлікті талан таражға салу немесе бөтен мүлікке құқықты алу заңда көрсетілген екі тәсіл арқылы,алдау немесе сенімге қиянат жасаумен жүзеге асырылады.Осы қылмысты жасағанда жәбірленуші мүлікті қылмыскерге сеніп өз қолымен тапсырады.алаяқтық жолмен алдау дегеніміз шындыққа жатпайтын фактлерді көрнеу бұрмалап,жалған хабар беру,мәлімдеме жасау,жалған құжаттар жасау арқылы өзін құқық қорғау органының қызметкері етіп көрсету.Басқа біреуге тиесілі қаражатты немесе мүлікке құқықты алу осындай әдіспен біреудің үйін,көлігігін басқа біреуге сатып айырбастап жіберу болып табылады.Алаяқтың құрамы материялдық. оның субъективтік жағының белгілерінің бірі қылмыстың зардабы меншік иесіне мүліктік залал келтіру болып табылады.Бұл қылмыс кінәлі адамның иелігіне мүліктің заңсыз өтуіне байланысты уақытынан бастап сараланады деп тағайындалады. Субъективтік жағынан алаяқтық тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі және қылмыс падакүнемдік ниет және мақсатпен орындалады.Алаяқтың аса ауырлататын түрлері де(КҚ 177баптың 3тармағы).Алаяқтың аса ауырлататын түрлері де (КҚ 177баптың 3тармағы) ұрлықтың аса ауырлататын түрімен(КҚ 175баптың 3тармағы)бірдей мазмұныда ұқсас.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]