Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

104. Кəмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту.

Аталмыш қылмыс Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдарының түріне жатады. Кәмелетке толмаған адамды он сегiз жасқа жеткен адамның қылмыстық iске тартуы. Кәмелетке толмаған адамды 18 жасқа толған адамның қылмыстық іске тартуы жеке қылмыс құрамы ретінде қарастырылады. Қылмыстың тікелей обьектісі- кәмелетке толмағандардың бірқалыпты дамуы және оларға дұрыс тәрбие берушарттары болып табылады. Қылмыстың жәбірленушісі- 18-ге толмаған адам, кәмелетке толмаған адам. Қылмыс обьективтік жағынан- әртүрлі әдістер қолдана отырып кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту арқылы жүзеге асырады. Кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту деп 18-ге толмағандарды қылмыстың тікелей орындаушысы немесе өзге де көмектесушісі болуға жігерлендіруге, ынтасын, шешімін қоздыруға бағытталған іс-әрекеттерді айтамыз. Қылмыстық іске тартудың әдісі заңда тікелей көрсетілмеген, әртүрлі жолмен жүзеге асады. Субьектінің болашақта кәмелетке толмағандарға белгілі бір жәрдем көрсетуге уәде беру деп танылады.Кәмелетке толмағандар үшін мәні бар мәліметтерді немесе мән жайларды қасақана айтпау немесе олар жөнінде үн қатпау арқылы олрды жаңылыстырып қоғамға қауіпті іс әрекетті істеуге тартуды алдау деп түсінген жөн. Мысалы, ересек адам кәмелетке толмаған адамға көрші үйден өзіне тиісті жүкті жол бойына жеткізуді өтінеді, нәтижесінде ол бөтеннің мүлкін ұрлауға көмектескенін бірақ біледі.Кәмелетке толмаған адамды басқа да тәсілмен қылмыс жасауға тартуға, оларды иландыру, сатып алу, оларды зұлымдық, қараниетті іс әрекеттерді істеуге жігерлендіпу т.с.с.әрекеттер жатады. Қылмыс формальды құрамға жатады. Ол кәмелетке толмағандарды қылмысқа тартқан уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Субь.к жағ.н көзделген қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен жасалады. Кінәлі адам әртүрлі тәслдерді қолдана отырып жасы 18-ге толмағаны өзіне анық адамды қылмыстық іске тартқанын сезеді, біледі жүзеге асуын тілей отырып іртүрлі әрекет жасайды. Қылмыс субьектісі- заңда тура атап көрсеткендей кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тартқан жасы 18-ге толған адам . Ата анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған наө сол әрекет осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады. Педагог деп тәрбие немес оқу процесімен айналысатын адамдар танылады.

105. Кəмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-əрекеттер жасауға тарту

Аталған қылмыс Отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстардың жеке құрамдарының түріне жатады..Қылмыстың тікелей обьек. Кәмелетке толмаған адамдардың дене және адамгершілік тұрғысынан дұрыс дамып, тәрбиеленуі болып табылады. Обьек. Жағынан қылмыс кәмелетке толмаған адамды есеңгірететін заттарлды тұтынуға не уытқұмарлыққа не спирттік ішімдіктерді қдайы тұтынуға, не жезөкшелік пен қаңғыбастықпен не қайыршылықпен айналысуға тарту арқылы сипатталады. Заң бойынша есеңгірететін затқа жататын, арнаулы тізім бойынша белгіленген осындай заттарды екі немесе одан да көп медициналық емес тұрғыда тұтынуға тарту кәмелетке толмаған адамды көрсетілген әрекетттерге ұдайы тарту деп танылады. Екі немеесе одан көп ретте кәмелетке толмағандарды үнемі спирт ішімдіктерін ішуге тартуды осы қылмыстың об. Жағының бір белгісін жүзеге асырғандық болып табылады. Кәмелетке толмаған адамды ақшаға немесе басқалай материалдық сыйақы үшін нәпсіқұмарлық қатынаста болуға жеткізу оларды жезөкшелікпен айналысуға тарту дүтү Кәмелетке толмаған адамды бір мекен жайдан екінші бір мекен жаға орын ауыстыруға тұрғылықты орынынң болмауына кездейсоқ табыстармен, ұсақ ұрлықпен, қайыр тілеумен, басқадай еңбексіз табыстармен күн көруге көндіріп тарту қаңғыбастыққа тарту д.т. Кәмелетке толмаған адамды қоғамға қарсы іс-рекеттер жасауға тарту формальдық қылмыс құрамына жатады. Және ол заңда кқрсетілген әрекеттердің біреуін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субьек. Жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам кәмелетке толмаған адамды есірткілік не басқа да есеңгірететін не басқа да есеңгірететін заттарды медициналық емес тұрғыда тұтынуға не спирт ішімдіктерін ұдайы тұтынуға не жезөкшелікпен, қаңғыбастықпен не қайыршылықпен айналысуға тартқанын сезеді ж.е осы әрекеттерді істеуді тілейді. Қылмыстың субьект. 18-ге толған есі дұрыс адам. Ата анасы, педагог не кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер өзіне заңмен жүктелген өзге адам жасаған наө сол әрекет осы қылмыстың ауырлататын түрі болып табылады. Педагог деп тәрбие немес оқу процесімен айналысатын адамдар танылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]