Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

102. Жала жабу.

Жала жабу қылмысы Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар түріне жатады. Жала жабу, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн немесе оның беделiн түсiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер тарату.Қылмыстың тікелей обьектісі- адамның ар-намысы, қадір қасиеті мен беделі. Қылмыстың заты- көрінеу жалған мәліметтер. Қылмыстың жәбірленушісі болып кез келген адам, оған есі дұрыс емес, кәмелетке жасы толмаған, өлген адамдар да жатады. Обьективтік жағынан қылмыс белсенді әрекеттер арқылы басқа адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін, оның беделін түсіретін көрінеу жалған мәліметтер тарату жолымен жүзеге асырылады. Тарату деп осындай жалған мәліметтерді өзінен басқа кем дегенде бір адамға , бірнеше адамға, белгісіз адамдар тобына айтуын не баспасөзде жариялауды, радио, теледидар арқылы, сондай-ақ көпшілік алдында сөйлеген сөз арқылы жеткізуді айтамыз. Қылмыс құрамы формальдық.Қылмыс жалған мәліметтерді таратқан уақыттан бастап аяқталған деп танылады.Мұндай мәліметтер: біріншіден шындыққа жатпайтын жалған болуы; екіншіден адамның ар намысы мен қадір қасиетіне нұқсан келтіретін немесе оның беделін түсіретін болуы керек.Мысалы, жәбірленушіні соз ауруымен ауырады деп бөтен адамға айтса немесе ол үнемі притон ұйымдастырады деп көп адамның арасына сөз таратса. Субьективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адамның ар-намысы ж.е қадір-қасиетіне, беделіне тиетін көрінеу жалған мәліметтер тарататынын сезеді ж.е соны істеуді тілейді. Қылмыстық ниет сан қилы болуы мүмкін: кек алу, жек көрушілік, қызғаныш, мансапқорлық,т.с.с. Қылмыс субьектісі-16-ға толған кез келген адам.

Көпшілік алдында сөз сөйлегенде не көпшілікк таратылатын шығармада, не БАҚтажала жабу осы қылмыстың ауырлататын түріне жатады. Көпшілік деген термин қоғ орындарды көп адамның ортасында осындай мәліметтерді тарату дегенді білдіреді. Көпшілікке таратылатын шығармаға кітаптар фильмдер плакаттар картиналар фотольбомдаржатады.Ал жала жабу қылмысының аса ауырлататын түрі адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен ұштасқан жала жабу болып табылады.

103. Қорлау.

Қорлау қылмысы Жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар түріне жатады Қорлау, яғни басқа адамның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсіту. Қылмыстың тікелей обьектісі- адамдардың ар-намысы, қадір-қасиеті, беделі. Қылмыстың жәбірленушісі-кез келген адам. Обьективтік жағынан қорлау, басқа адамның ар-намысы мен қадңр қасиетіне әдепсіз түрде кемсіту арқылы жүз.асыр. Қылм.ң обьект.к жағынан міндетті белгілерінің бірі адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін әдепсіз түрде кемсіту болып табылады. Кемсітудің тәсілі сан алуан болуы мүмкін: ауызша, жазбаша, әрекет арқылы. Әдепсіз түрде кемсітуге моральға, адамгершілікке жатпайтын әдепсіз сөздермен, жаман, теріс қимылдар көрсетумен немесе бетіне түкірумен, ұрумен, балағат сөздермен тілдеу жатады. Қылмыс құрамы формальдық, ол жәбірленушіні қорлайтын әрекеттер орын алған сәттен бастап алған деп танылады. Субьек.к жағынан алғанда қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінәлі адам бөтен адамның ар-намысы, қадір –қасиетін әдепсіз түрде кемсітетінін сезеді және оны жүзеге асыруды тілейді. Қылмыстың субьек.-16-ға толған адам. Көпшілік алдында сөз сөйлегенде көпшілікке таратылатын шығармада, не БАҚ –да қорлау-осы қылмыс құрамының ауырлататын түріне жатады. қылмыстың ауырлататын бұл түрінің мазмұны жала жабу қылмысы құрамының ауырлататын түріне ұқсас.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]