Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

9. Қылмыстық заңның уақыттағы күші.

Қоғамдық қаіупті іс-әрекет жүзеге асырылға уақыт зардаптардың басталған уақытына қарамастан, қылмыс жасаған уақыт деп танылады.Қазақстанда заңдардың әрекеттің енуі мен жариялануының белгіленген тәртібі бар.Қабылданған заң ресми органда қабылданған күннен бастап 7 күннен кешіктірмей жариялану тиіс.Егер актілерде заңды күшіне енуінің өзге мерзімдері белгіленбесе заңдар мен өзге де актілер ресми органда жарияланған күннен 10 күннен кейін заңды күшіне енеді.Заңнамаларда қылмыстық заңның күшін жою туралы мәселе шешілмеген, көптеген ғалымдар заңды күшіне енген және әрекет етіп жатқан жоюының дұрыс деп тапқан жағдайларын көрсеткен: 1) күшін жою 2) басқа заңмен алмастыру 3) заңның әрекет ету мерзімі аяқталуы.Заңның уақыт бойынша қолданылуының жалпы анықтамасын жаңа заңның күшініе енген кезден бастап және қылмыстың аяқталу кезеңдерін салыстыру арқылы айқындаймыз. Егер қылмыс аяқталу мезетте жаңа заң қабылданған кезеңнен бұрын аяқталсы, онда ескі заң қолданылады. Егер қылмыстың аяқталуы мезетті жаңа заңның тұсында болса – жаңа заң қолданылады және ол қылмыстың ұзақтығына, жалғасымдылығына және бір реттігіне болмайды. Заңның кері күші – берілген заңның ол шығарылғанға дейін әрекетте таралған әрекеті, бұл мәселе ҚР ҚК 5 б қарастырылады.Жаңа заңның кері күші болады, егер ол: 1) әрекеттің қылмыстылығын немесе жазаланушылығын жоятын немесе 2) жауаптылықты немесе жазаны жеңілдетсе. Қылмыстық жауаптылықты қайта белгілейтін немесе жазаны күшейтетін заңның кері күші болмайды.Жаза жаңа заңмен жеңілдетіледі, егер: альтернативті санкциядан ең ауыр жазаны алынып тасталыну немесе оны жеңіл жазамен алмастыру; жоғарғы және төменгі жаза шектерін азайту; қосымша жазаны алып тастау, сакцияға жаңа, аса жеңіл жаза енгізу; соттың көзғарасы шаралары қолдану мүкіндігін регламенттеу; әрекетінің жазалануын жеңілдететін сапалық жағдайын ескеретін жаңа бөлім енгізу.

10. Қылмыстық заңды түсіндіру.

Қылмыстық заңға түсінік беру оның маңызын анықтау, оның мағынасын анықтау, заңнамада қолданылатын терминдерді түсіндіру және түсіну.Түсінік беру субъектілері болып мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар, сондай-ақ жеке азаматтар табылады. Заңды күшіне қарай түсінік беру заңды күші бар және заңды күші жоқ болып бөлінеді. Түсінік берудің әрекеттері болып грамматикалық, логикалық, жүйелік және тарихи әдістер табылады. Заң талдау мазмұнын грамматикалық түсінік беру заң мазмұнының мәтінін этимологиялық және синтаксистік талдау, сонымен қатар заңда қолданылатын сөздер, түсініктер мен терминдердің мәні мен мағынасын анықтау үшін қажет.Логикалық (талқылау) түсінік беру заң мәтінінде тура көрсетілмеген, заң шығарушы еркін әртүрлі әдістермен орнатуды өз мақсаты ретінде санайды. Жүйелік (систематикалық) түсінік беру мәні ҚК-ң ішіндегі әртүрлі қылмыстық құқықтық нормаларды ҚК еңбегін басқа да әрекет етіп жатқан қылмыстық құқықтық актілермен өзара салыстыру, сонымен қатар әртүрлі құқық салаларын салыстыру және заңнама жүйесінде осы нормаға оны белгілеу.Тарихи түсінік берудің мәні, әрекет етіп жатқан қылмыстық құқықтың нормаларды олардың ұқсастықтарымен салыстыруда. Көлемі (ауқымы) бойынша келесідей түсінік беру түрлері көрсетілген: таратылған және шектеуші.Шектеуші түсінік беруі болып, нәтижесінде қылмыстық заң барлық жағдайларға қолданылмай тек осы заңның, белгілі бір анықталған мәтіні ғана түсінік беруді айтамыз.Үйлестірмелі түсінік беру деп, заң мәтінінде тікелей көрсетілмейді, бірақ күдіктенетін жағдай болғанда қолданылатын түсінік беруді айтамыз.Субъектісіне қарай түсінік беру мәтіндік (жариялылы), соттық және ғылыми (доктринарлық).Жариялы (мәтіндік) түсінік беру деп, осы заңды қабылдаған органмен берілген түсінік беруді айтамыз.Соттық деп, сотпен қарастырылатын әрбір нақты іске түсінік беруді айтамыз.Ғылыми (доктринарлық) түсінік беру - бұл монографияларда, оқулықтарда мақалалар түріндегі ғылыми қызметкерлермен ғылыми мекемелермен берілетін түсініктеме.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]