Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
K_LM_S_ShPOR.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
308.86 Кб
Скачать

95. Заңсыз аборт жасау.

Аборт дегеніміз заңда белгіленген тәртіппен жасанды жолмен жүктілікті жою болып табылады. Аборт әйелдерді өтініші бойынша он екі аптаға дейінгі жүкілік кезінде, ал әлеуметтік көрсеткіш бойынша жиырма үш аптаға дейінгі жүктілік кезінде, ал мед. негіздер мен әйелдің келісімі бойынша жүктілік мерзіміне қарамастан ж.а.Абортты ж.а. осындай қызметті ж.а. лицензия алған арнаулы мекмелерде ж.а.Қылмысиың об. Әйелдің өмірі мен денсаулығы. Об.жағынан қылмыс тиісті бағдардағы жоғары медициналық білімі жоқ адамның аборт жасауы арқылы сараланады. Заң бойынша абортты жоғары мед.білімі бар хирург гинеколог, акушер гинекологж.а. Егер абортты жоғары мед. Білімі бар терапевт, невропатолог, медбике, фельдшер жасаса, онда олар осы қылмысты істегені үшін жауапты болады. Мұндай адамдар үшін тек аса қажеттілік жағдайында немесе орынды тәуекел ету арқылы әйелдің өмірін сақтап қалу мақсатымен ж.а. аборт үшін ғана қылм. Жауаптылық орын алмайды. Суб.жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істелінеді. Кінәлі адам өзіне тиісті бағдардағы жоғ.мед.білімі жоқ екенін және осыған байл.аборт жасау құқығы жоқ екенін сезеді, бірақ та соны тілеп әрекет істейді. Қылмыстың суб. Жалпы, он алтыға толған тиісті бағдардағы жоғ.мед.білімі жоқ адамдар.Егер аборт емдеу мекемесінен тысқары жерде ж.а. аборт жасалатын әйел ауру болса немесе медициналық, әлеуметтік көрсеткіштер бойынша оған аборт жасауға негіз болмаса, бұрынғы жасалған аборттан соң алты ай мерзім өтпесе, аборт заңсыз жасалған д.т. Қылмыс заңсыз аборт жасалған уақыттан басатап аяқталған б.т. Суб.жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен және әртүрлі ниеттермен, пайдакүнемдік, тұрмысқа ықпаған немесе некесіз жағдайда п.б. жүктіліктен арылудан өтінген әйелге аяушылық білдіру т.с.с. Қылмыстың суб. Он алтыға толған тиісті бағдарда жоғ мед. Білімі бар заңсыз аборт жасаған адам гинеколог, осы қылмыстың ауырлататын түрі осындай әрекеттерді бірнеше рет жасағаны үшін жауаптылық көзделген.Сонымен қоса, осы қылмыстың аса ауырлатаын түрі тиісті бағдардағы жоғары мед.білімі бар адамның, сондай ақ мұндай білімі жоқ адамның заңсыз аборт жасауы абайсызда жәбірленушінің өлуіне не оның денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққаны үшін жауаптылық көзднлген.

96. Зорлау.

Зорлаудың тікелей объектісі әйелдің жыныстық еркі және бостандығы ал қосымша тікелй об. Әйелдің денсаулығы, ар намыс б.т.Қылмыстың жәбірленушісі теке қана әйел жынысты адамдар болады.Об.жағынан алғанда зорлау жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау арқылы көрініс табады. Зорлау дегеніміз еркектің әйелдің еркінен тыс , оның келісімінсіз табиғи түрде жыныстық қатынас жасауы б.т. Бұдан басқа күш қолданылып жасалатын жыныстық актілер нәпсіқұмарлық сипаттағы басқадай іс әрекеттерге жатады.(мысалы табиғи емес түрде жыныстық қатынас жасау, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің зорлықпен жсалған жыныстық қатынастары т.с.с.) Зорлауды ж.а. тәсілдері заңда көрсетілген. Олар: жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолдану; немесе оны қолданбақшы болып қорқыту; жәбірленушінің дәрмесіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау деп тура көретілген.Күш қолдануға жәб. Қарсылғын басу үшін оны ұрып соғу, жарақаттау, басқа да тәнін ауыртаытн жарақаттаркелтіру, қол аяғын байлау,тұрғын жайға қамап ерекше ұстау, көмек шақыруға мүмкіндік бермеу әрекеттері жатады. Күш қолданбақшы болып қорқытуға кінәлінің жәб.ні оның балалары мен жақын туыстарын ұрып соғып сабайтындығын азаптайтынын т..с әрекеттер жатады.Жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалануға оның дене бітімі немес психикалық жай күйіне байланысты(өте жастығына, кемтарлығына, ақыл есінің кіресілі шығасылы болуына,)өзіне істелініп жатырған әрекеттердің сипаты мен мәнін түсінбеушіліктен немесе оны түінгенімен жәбнің оған қарсылық көрсетуге мастығынан, немесе басқадай негіздер бойынша шамасы келмегендігі жатады.Суб.жағынан зорлау тікелей қасақаналықпен ж.а.Кінәлі адам жәбірленушімен оның еркінен тысқары жағдайда заңда көрсетілген тәсілдерді қолданып жыныс қатынасын жасайтынын біледі,сезеді және соны ж.а. тілейді. Зорлаудың суб.он төртке толган ер адам ғана бола алады.Әйелдер осы қылмыстың ұйымдастырушысы,айдап салушысы немес көмектесушісі болуы мүмкін.Қылмыстық кодексте зорлаудың мынадай ауырлатытны түрлері көрсетілген: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған зорлау

б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасып, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасалған зорлау;

в) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқтырған зорлау;

г) бірнеше рет жасалған. –

Қылмыстық кодексте зорлаудың өте ауырлатытын мына түрлері үшін :

а) абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соқтырғанб) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС-ын жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған;в) көрінеу кәмелетке толмаған балаға қатысты жасалған;г) қоғамдық зілзала жағдайларын пайдалана отырып немесе жаппай тәртіпсіздік барысында жасалғна;д) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаған зорлық әрекеттеріне жауаптылық көзделген.,

97. Нəпсіқұмарлық сипатындағы күш қолдану.

Қылмыстың объектісі жбірленушінің жыныстық бостандығы.қылмыс об.жағынан . Еркек пен еркектің жыныстық қатынасы, әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы немесе жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жасалған нәпсіқұмарлық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер арқылы сипатталады.Яғни бұл қылмыстың об.жағы мынадай өзіндік сапалық көрсеткіштер арқылы көрініс табады. Ол біріншіден нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттер. Екіншіден мұндай әрекеттер жәбге немесе басқа адамдарға күш қолдану немесе оны қолданбақшы болып қорқыу не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалану арқылы жж.а. Еркектің екінші бір еркекке зорлық әрекеттерін қолдан отырып, оның келісімінсіз жыныстық қатынасын жасау еркек пен еркектің жынысқатынасы деп танылады. Әйелдің екінші бір әйелге зорлық әрекеттерін қолдана отырып, оның келісімінсіз жыныстық қатынас жасауын әйел мен әйелдің жыныстық қатынасы деп танылады.Өзге де нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық әрекерттерге еркек пен еркектің, әйел мен әйедің жныстық қатынастарына жатпайтын басқа тұрғыдағы жыныстық құмарлықты қаағаттандыруға бағытталған әр түрлі әрекеттер жатады, оған еркектң әйелдермен немесе әелдің еркектермен нәпсіқұмарлық сипаттағы зорлық қатынастары жатады. Мсалы: табиғи түрге жатпайтын зорлық жыныстық қатынастары (жәбірленушінің жыныс органарыннан басқа дене мүшелерінен айыру арқылы жыныстық құмалықты қанағаттандыру, садистік тәсілдерді қолдану,жәбң жыныс органдарын күйдіру, мүйіз,таяқ тығу, әйелдің еркекті оның еркіне қарамастан жыныстық қатынас жасауға зорлауы )т.с.с. Некрофилия кінәлінің өзі өлтірген жәбмен зорлық қатынс жасауы б.т.Бұл әрекет адам өлтіру бабаымен сараланады.Қылмыс формальдық құрамға жатады.Қылмыс күш қолдану немес оны қолданбақшы болып қорқыту , нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттерді істеуді бастаған уақыттан бастап аяқталған д.т.Суб жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істелінеді. Кінәлі адам өз әрекеттерінің қоғамға қауіптілігін сезеді жәнесоны істеуді тіейді. Қылмыстың негізгі ниеті жыныстық құмарлықты қанағаттандыру б.т.Қылмыстың суб. он төртке толған еркектер менәйелдер.Ауырлатаын трлері: а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;

б) өлтіремін деп қорқытумен ұштасқан, сондай-ақ жәбірленушіге немесе басқа адамдарға қатысты аса қатыгездікпен жасаса;

в) жәбірленушінің соз ауруын жұқтырып алуына әкеп соқтырса;

г) бірнеше рет жасалса, -

Аса ауырлататын түрлері:

а) абайсызда жәбірленушінің қайтыс болуына әкеп соқтырса;

б) абайсызда жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіруге, оның АИТВ/ЖИТС-ын жұқтырып алуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырса;

в) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалса;

г) кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген ата-ана, педагог не өзге де адам кәмелетке толмаған балаға қатысты жасаса,- қылмыстық жауаптылық көзделген.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]